"Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 552 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 тамызда № 11908 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 740 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.11.2015 № 740 (01.01.2016 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10816 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан шығару қағидаларында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тізілімді қалыптастыру Заңның 39-бабының 14) тармақшасына сәйкес бекітілетін Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемелеріне сәйкес монополияға қарсы орган ведомствосы жүргізген тауар нарықтарын талдау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
      Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган ведомствосы төрағасының, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушының шешімі бойынша Тізілімге енгізу немесе шығару немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бәсекелес органның ведомствосы күнтізбелік он күн ішінде бұйрық шығарады.
      Егер нарық субъектісі Тізілімде тұратын көрсетілетін қызметтің атауы тиісті нормативтік құқықтық актінің негізінде өзгеретін болса, бірақ бұл ретте қызметті көрсетудің технологиялық процесі өзгеріске ұшырамаса, Тізілімде тұрған нарық субъектісінің көрсетілетін қызметінің атауына өзгеріс жаңа (қосымша) талдау жүргізілмей енгізіледі.».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады