Өсімдіктерді қорғау бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 15-02/607 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 533 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 тамызда № 11929 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 821 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту.  Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.12.2015 № 15-05/1135 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.12.2015 № 821 бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2001 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы, 1-тармағы, 2) тармақшасына және 15-бабы 1-тармағына және «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес өсімдіктерді қорғау бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі        Ұлттық экономика министрі
      ______________ А. Мамытбеков     _______________ Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ____________ С. Айтпаева
      2015 жылғы 20 шілде

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 2 шілдедегі  
№ 15-05/607 және     
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 17 шілдедегі  
№ 533 бірлескен бұйрықтарына
қосымша         

Нысан

Өсімдіктерді қорғау бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы
тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акт________________________________________
                                           (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН_____________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________

Р/с

Талаптардың тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты

1.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы





2.

Мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалану





3.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану регламенттеріне (шығыс нормасына, өңдеу тәсілі мен еселігіне, шектеулерге) сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалану





4.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі арнайы техниканың болуы





5.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі арнайы техника үшін пайдаланылатын көлік құралының болуы





6.

Өндірушінің (өнім берушінің) пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі ұсынымдарының болуы





7.

Пайдаланылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтау үшін арнайы бөлінген орындардың болуы





8.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде персоналда жеке қорғану құралдарының және арнайы киімнің болуы





9.

Пестицидті (улы химикатты) өндіруші әзірлеген пестицидтің (улы химикаттың) қауіпсіздік паспортының болуы





10.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алудың тігілген және нөмірленген кіріс-шығыс кітабының болуы





пестицидтерді (улы химикаттарды) авиациялық және жерүсті (аэрозольдік және фумигациялық тәсілдерді қоспағанда) тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты

1.

Мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалану





2.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану регламенттеріне (шығыс нормасына, өңдеу тәсілі мен еселігіне, шектеулерге) сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалану





3.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі арнайы техниканың болуы





4.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі арнайы техника үшін пайдаланылатын көлік құралының болуы





5.

Өндірушінің (өнім берушінің) пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі ұсынымдарының болуы





6.

Пайдаланылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтау үшін арнайы бөлінген орындардың болуы





7.

Ауыл шаруашылығы егістіктерін пестицидтермен (улы химикаттармен) химиялық өңдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде қауіптілік немесе ықтимал қауіптілік нысанасындағы ескерту белгілері мен таңбаларын пайдалану





8.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде персоналда жеке қорғану құралдарының және арнайы киімнің болуы





9.

Пестицидті (улы химикатты) өндіруші әзірлеген пестицидтің (улы химикаттың) кауіпсіздік паспортының болуы





10.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алудың тігілген және нөмірленген кіріс-шығыс кітабының болуы





пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты

1.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған, құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына, экологиялық талаптарға, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге жауап беретін қоймалық үй-жайлардың болуы





2.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі ұсынымдарда көзделген талаптарға сәйкес пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау шарттарын сақтау





3.

Сақталатын пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарындағы затбелгілерде көрсетілген талаптарға сәйкес пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау шарттарын сақтау





4.

Қойманың жобалық құжаттамасында көзделген қойма сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау





5.

Өздерінің физикалық-химиялық қасиеттері (ұшпалылығы, тотығуы), өрт қауіптілігі және жарылу қауіптілігі, реакциялық белсенділігі, сақтаудың температуралық режимдері бойынша сәйкес келмейтін пестицидтерді жеке-жеке сақтау шарттарын сақтау





6.

Қойманы құрғақ сүзгі элементтері бар ағымды және сорып шығару желдеткіштерімен жабдықтау





7.

Сақталатын пестицидтер (улы химикаттар) ыдыстарының затбелгілерінде көрсетілген пестицидтер (улы химикаттар) төгілген жағдайда, оларды бейтараптандыруға арналған қажетті мөлшердегі қатерсіздендіру құралдарының болуы





8.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде персоналда жеке қорғану құралдарының және арнайы киімнің болуы





9.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алудың тігілген және нөмірленген кіріс-шығыс кітабының болуы





пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты

1.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауға арналған көлік құралдарында тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік туралы ақпарат жүйесінің авариялық карточкаларының («Сақ бол – пестицидтер – (улы химикаттар)») болуын қоса алғанда, әртүрлі көлік түрлеріне қолданылатын қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкес арнайы жабдық пен тиісті таңбаның болуы





2.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасуға арналған көлік құралында тасымалданатын пестицидті бейтараптандыру құралдарының, сондай-ақ жүргізуші мен ілеспе персоналдың жеке қорғану құралдарының болуы





3.

Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері (ұшпалылығы, тотығуы және басқа қасиеттері), өрт және жарылу қауіптілігі бойынша сәйкес келмейтін пестицидтерді (улы химикаттарды) бірге тасымалдауға жол бермеу





4.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) тамақ өнімдерімен, жеммен және ауыз сумен бірге тасуға жол бермеу





5.

Пестицидтің (улы химикаттың) қауіпсіздік паспортында және пестицидті (улы химикатты) өндірушінің (өнім берушінің) пестицидті (улы химикатты) тасымалдау жөніндегі ұсынымдарында көзделген талаптарға сәйкес пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау шарттарын сақтау





пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды зарасыздандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты

1.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) жеткізушілер (өндірушілер, импортаушылар, сатушылар) әзірлеген және беретін жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды зарарсыздандыру әдістері мен технологияларының болуы





2.

Мақсаты бойынша әрі қарай пайдалануға жарамсыз болып қалған бірінші қауіптілік сыныбындағы пестицидтерді (улы химикаттарды) саңылаусыздықты қамтамасыз ететін және қоршаған ортаның пестицидтермен (улы химикаттармен) ластануы мүмкіндігін болдырмайтын сыйымдылықтарда сақтау шарттарын сақтау





3.

Екінші қауіптілік сыныбындағы пестицидтерді (улы химикаттарды), қажет болған жағдайда, арнайы ішпектері бар (пестицидтің (улы химикаттың) ерекшелігіне байланысты) полимер материалдардан жасалған көп қабатты ыдысқа салу шарттарын сақтау





4.

Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды тиеу, тасу және түсіру үшін механикаландыру құралдарының болуы





5.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде персоналда жеке қорғану құралдарының және арнайы киімнің болуы





пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеу және өндірістік сынақтар жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты

1.

Пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеу және өндірістік сынақтар жүргізу үшін тәжірибелік үлгілердің және сәйкестік сертификаты бар зауыттық орамдағы эталондық пестицидтердің (улы химикаттардың) және пестицидтердің (улы химикаттардың) әсер етуші заттарының талдамалық стандарттарының болуы





2.

Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеу және өндірістік сынақтар жүргізу жоспарларына сәйкес пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданудың мәлімделген регламенттерін сақтау





3.

Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеу және өндірістік сынақтар жүргізу жоспарларына сәйкес дақылдар өсірудің негізгі топырақтық-климаттық аймақтарында зиянды организмдердің ерекшеліктерін (таралу аймағын, экономикалық мәнін, ұрпақ санын, ауру қоздыратын қасиетін, төзімділігін) ескере отырып, пестицидтерге (улы химикаттарға) сынақтар жүргізу шарттарын сақтау





4.

Пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеу және өндірістік сынақтар жүргізу әдістемелері мен мерзімдерін сақтау





5.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде персоналда жеке қорғану құралдарының және арнайы киімнің болуы





6.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алудың тігілген және нөмірленген кіріс-шығыс кітабының болуы





Лауазымды адам (дар) ________ ______ ________________________________
                          (лауазымы)  (қолы )   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
                     ________ ______ ________________________________
                          (лауазымы)  (қолы )   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Тексерілетін субъектінің басшысы
                     ________ ______ ________________________________
                          (лауазымы)  (қолы )   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады