"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 тамызда № 11946 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 24 шілде



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі
№ 4-4/679 бұйрығымен
бекітілген

"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.12.2018 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 3 (үш) жұмыс күні.

      Өтпелі өтінім берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету тоқтатылатұрады және отандық тыңайтқыштарды өндіруші өтпелі өтінімге күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді енгізгеннен кейін қайта басталады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - субсидияны аудару туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. Тиесілі субсидиялар:

      1) ағымдағы жылы және (немесе) алдыңғы жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі - ауылшартауарөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі - ауылшаркооперативі);

      2) ағымдағы жылы және (немесе) алдыңғы жылдың 4 (төртінші) тоқсанында ауылшартауарөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін отандық тыңайтқыштарды өндірушілердің шоттарына аударылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Мыналардың:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      2) порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алуға арналған өтінімді немесе 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынады.

      Өтінімнің (өтпелі өтінімнің) қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.

      Субсидиялар көлемі жеке қаржыландыру жоспарында көзделген тиісті айға арналған бюджет қаражаты көлемінен асатын өтінімдер (өтпелі өтінімдер) бойынша субсидиялар төлеу келесі айда жүзеге асырылады.

      10. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша нысанда жұмыс күндері почтамен не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.

      Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, шағымға жауап алу мерзімі мен орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.

      Портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы "жеке кабинетінен" арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қараудың нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

      2) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары" деген кіші бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" және Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Тыңайтқыштар
(органикалықтарды
қоспағанда) құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан

Хабарлама

      Құрметті

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз (өтпелі өтініміңіз)

      бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден ______________________ себепті бас тартылды.

  "Тыңайтқыштар
(органикалықтарды
қоспағанда) құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан

Хабарлама

      Құрметті

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз (өтпелі өтініміңіз) бойынша Сіздің №____________ шотыңызға 20___ жылғы "__" _________ төлем тапсырмасымен ____________ теңге мөлшерінде субсидия аударылды.

  "Тыңайтқыштар
(органикалықтарды
қоспағанда) құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
Нысан

Толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтiнiм

      (кімге) ______________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

      ________________________________________________________________________________

      (облыстың жергілікті атқарушы органының толық атауы)

      (кімнен) ________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Тыңайтқыштарды сатушыдан __________ тонна (килограмм, литр) көлемiнде сатып

      алынған _____________________________________________________________ тыңайтқышы

      (тыңайтқыш түрi)

      үшiн маған ___________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді

      (сома санмен және жазбаша)

      сұраймын.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы _____________________________________________________________________

      БСН______________________________________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________________

      мекенжайы: _______________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________________

      ЖСН_____________________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ____________________________________________________________________

      кім берді __________________________________________________________________

      берілген күні ______________________________________________________________

      мекенжайы:________________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:_______________________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама - жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері ____________________________________________________________

      хабардар етілген күні________________________________________________________

      2. Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелері туралы мәліметтер*:

Р/с

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ЖСН-сы

1

2

3




      3. Жер учаскесi туралы мәліметтер*:

Р/с

Кадастрлық нөмірі

Барлық алаңы, гектар

оның ішінде егістік

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы

Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың болуы мен жұмыс алаңы туралы техникалық паспорттың нөмірі (қорғалған топырақта ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп өсіретін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерi үшін)

1

2

3

4

5

6

7








      4. Екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта операторындағы ауыл

      шаруашылығы тауарын өндірушінің (ауыл шаруашылығы кооперативінің) ағымдағы шотының мәліметтері*:

      ЖСН/БСН ________________________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________________________

      Банктің немесе почта операторының деректемелері______________________________

      Банктің немесе почта операторының атауы _____________________________________

      БСК ______________________________________________________________________

      ЖСК _____________________________________________________________________

      БСН ______________________________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________________________

      5. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) мен

      тыңайтқыштарды сатушының арасындағы сатып алу-сату шартының мәліметтері*:

      тыңайтқыштарды сатушы (отандық өндіруші немесе жеткізуші не шетелдік өндіруші)

      __________________________________________________________________________

      шарттың нөмірі ____________________________________________________________

      шарттың жасалған күні ______________________________________________________

      ҚҚС-сыз бағасы (теңге)______________________________________________________

      тыңайтқыштарды сатушының атауы мен БСН-сы ________________________________

      тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы _____________________

      тыңайтқыштың атауы _______________________________________________________

      тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр) _________________________________

      төлеу мерзімі ______________________________________________________________

      межелі (босату) пункті ______________________________________________________

      6. Тыңайтқыштарды сатып алу үшін шеккен шығындарды растайтын (өтінім берген

      сәтте) төлем құжаттары, шот-фактуралар, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) мәліметтері*:

      төлем құжатының нөмірі ____________________________________________________

      төлем құжатының берілген күні _______________________________________________

      шот-фактура нөмірі _________________________________________________________

      берілген күні ______________________________________________________________

      тауар-көлік жүкқұжатының нөмірі (шетелдік өндіріс тыңайтқыштары үшін)

      __________________________________________________________________________

      тауарды қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі (отандық өндіріс тыңайтқыштары үшін)

      __________________________________________________________________________

      7. Тауарларға арналған кедендік декларациядан алынған мәліметтер (Еуразиялық

      экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы

      тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі үшін):

      тауарларға арналған кедендік декларацияның нөмірі _____________________________

      берілген күні ______________________________________________________________

      тыңайтқыштың атауы _______________________________________________________

      өлшем бірлігі ______________________________________________________________

      мөлшері (көлемі)**_________________________________________________________

      ҚҚС-сыз бағасы (теңге)**____________________________________________________

      өткізу құны, барлығы**______________________________________________________

      шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің атауы __________________________________

      шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      8. Мемлекеттік кірістер органы берген, тауардың Еуразиялық экономикалық одақ

      елдерінен әкелінгенін растайтын құжаттың мәліметтері:

      құжаттың нөмірі ___________________________________________________________

      берілген күні ______________________________________________________________

      шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің атауы __________________________________

      шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      мөлшері (көлемі)**_________________________________________________________

      ҚҚС-сыз бағасы (теңге)**____________________________________________________

      өткізу құны, барлығы**______________________________________________________

      9. Сатып алынған тыңайтқыштарға арналған сәйкестiк сертификатының мәліметтері:

      сертификаттың нөмірі_______________________________________________________

      сертификаттың қолданылу мерзімі ____________________________________________

      сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)___________________________________

      өтінім беруші (атауы, мекенжайы) _____________________________________________

      кім берді __________________________________________________________________

      10. Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың немесе тауардың шығарылуы туралы

      декларацияның мәліметтері (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден

      тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы

      кооперативі үшін):

      нөмірі мен берілген күні _____________________________________________________

      тауардың атауы ____________________________________________________________

      экспорттаушы/жүк жөнелтуші ________________________________________________

      импорттаушы/жүк алушы____________________________________________________

      11. Химиялық өнімді тіркеу туралы куәліктің мәліметтері:

      куәлік нөмірі ______________________________________________________________

      химиялық өнімнің толық атауы _______________________________________________

      өндіруші фирма ____________________________________________________________

      куәліктің қолданылу мерзімі _________________________________________________

      тіркелген күні ______________________________________________________________

      кім берді __________________________________________________________________

      12. Тиесілі субсидиялар есептемесі:

Ауыл шаруашылығы дақылының, сүрі жердің атауы

Тыңайтқыштың атауы

Танаптың кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар

1 гектарға тыңайтқыш енгізу нормалары (тәлімі жерде немесе суармалы жерде) (килограмм, литр)

1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы

Тыңайтылатын алаң, гектар

Енгізуге арналған тыңайтқыштың нақты көлемі (килограмм, литр)

1 гектарға арналған тыңайтқыштардың нақты көлемі (килограмм, литр)

1 тоннаның (килограмм, литр) бағасы, теңге

1 тоннаға (килограмға, литрге) арналған субсидиялар нормасы, теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге

6

7

8

9

10

11







      Ескертпе: тыңайтқыштарды енгізу нормаларынан төмен сатып алған кезде субсидиялар сомасы 6-баған х 8-баған х 10-баған формуласы бойынша есептеледі, енгізу нормаларынан асқан жағдайда, субсидиялар сомасы 5-баған х 6-баған х 10-баған формуласы бойынша есептеледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Ауыл шаруашылығы дақылдарына (cүрі жерге) сатып алынған тыңайтқыштарды енгізуді қамтамасыз етуге міндеттенемін.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні және уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Облыс басқармасы (қала басқармасы) 20__ жылғы "__" _____сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні және уақыты

      Ескертпе:

      *Ауыл шаруашылығы кооперативі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидиялар алуына арналған осы өтінімді берген жағдайда, өтінімнің 2, 3, 4, 5 және 6-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

      ** 7 және 8-жолдарда көрсетілген мәліметтерді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (ауыл шаруашылығы кооперативі) тыңайтқыштарды тікелей шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден сатып алған кезде толтырады.

      Толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған осы өтінім тыңайтқыштың әр түріне толтырады.

  "Тыңайтқыштар (органикалықтарды
қоспағанда) құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
Нысан

Тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінім

      (кімге) ______________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

      __________________________________________________________________________

      (облыстың жергілікті атқарушы органының толық атауы)

      (кімнен)___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің (бар болса), тегі

      Осымен ____________________________________ арзандатылған құны бойынша

      (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)

      _____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде ____________________ тыңайтқышын

      (тыңайтқыш түрi)

      сатып алу-сату шартын жасасқанымды мәлімдеймін және отандық тыңайтқыштарды

      өндіруші ________________________________________________________________________

      (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)

      нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді субсидиялауға арналған

      өтінімдердің электрондық тізіліміне енгізгеннен кейін маған тиесілі

      __________________________ теңге мөлшеріндегі субсидияны

      (сома санмен және жазбаша)

      отандық тыңайтқыштарды өндіруші ___________________________________________

      (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)

      аударуды сұраймын.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы _____________________________________________________________________

      БСН______________________________________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________________

      мекенжайы: _______________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________________

      ЖСН_____________________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ____________________________________________________________________

      кім берді __________________________________________________________________

      берілген күні ______________________________________________________________

      мекенжайы:________________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:_______________________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама - жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері ____________________________________________________________

      хабардар етілген күні________________________________________________________

      2. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәліметтер*:

Р/с

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ЖСН-сы

1

2

3




      3. Жер учаскесi туралы мәліметтер*:

Р/с

Кадастрлық нөмірі

Барлық алаңы, гектар

оның ішінде егістік

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы

Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың болуы мен жұмыс алаңы туралы техникалық паспорттың нөмірі (қорғалған топырақта ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп өсіретін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерi үшін)

1

2

3

4

5

6

7








      4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) мен

      тыңайтқыштарды өндірушінің арасындағы сатып алу-сату шарты*:

      шарттың нөмірі ____________________________________________________________

      шарттың жасалған күні ______________________________________________________

      ҚҚС-сыз бағасы (теңге)______________________________________________________

      тыңайтқыштарды өндірушінің атауы мен БСН-сы _______________________________

      тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы _____________________

      тыңайтқыштың атауы _______________________________________________________

      тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр) _________________________________

      төлеу мерзімі ______________________________________________________________

      межелі (босату) пункті ______________________________________________________

      5. Екінші деңгейдегі банктегі тыңайтқыштарды өндірушінің ағымдағы шоты туралы мәліметтер:

      Банктің атауы ______________________________________________________________

      БСК ______________________________________________________________________

      ЖСК _____________________________________________________________________

      БСН ______________________________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________________________

      6.Тиесілі субсидиялар есептемесі:

Р/с

Ауыл шаруашылығы дақылының, сүрі жердің атауы

Тыңайтқыштың атауы

Танаптың кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар

1 гектарға (тәлімі жерде немесе суармалы жерде) тыңайтқыш енгізу нормалары (килограмм, литр)


2

3

4

5






      кестенің жалғасы

Тыңайтылатын алаң, гектар

Енгізуге арналған тыңайтқыштың нақты көлемі (килограмм, литр)

1 гектарға арналған тыңайтқыштардың нақты көлемі (килограмм, литр)

1 тоннаның (килограмм, литр) бағасы, теңге

1 тоннаға (килограммға, литрге) арналған субсидиялар нормасы, теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге

6

7

8

9

10

11







      Ескертпе: тыңайтқыштарды енгізу нормаларынан төмен сатып алған кезде субсидиялар сомасы 6-баған х 8-баған х 10-баған формуласы бойынша есептеледі, енгізу нормаларынан асқан жағдайда, субсидиялар сомасы 5-баған х 6-баған х 10-баған формуласы бойынша есептеледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Ауыл шаруашылығы дақылдарына (cүрі жерге) сатып алынған тыңайтқыштарды енгізуді қамтамасыз етуге міндеттенемін.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні және уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Облыс басқармасы (қала басқармасы) 20__ жылғы "__" _____ сағат 00:00-де қабылдады

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні және уақыты

      Ескертпе:

      * Ауыл шаруашылығы кооперативі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидия алуға арналған осы өтінімді берген жағдайда, өтпелі өтінімнің 2, 3 және 4-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

      Осы тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда, тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінім әрбір тыңайтқыш түріне толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады