"Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 572 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 тамызда № 11955 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 5 ақпандағы № 47 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 05.02.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларына сәйкес

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы" Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7785 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда № 282-283 (27101-27102) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді:

      уәкілетті органның бірінші басшысы (орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда);

      жауапты хатшы (орталық мемлекеттік органдарда);

      уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасарлары (жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық мемлекеттік органдарда);

      заң қызметінің басшысы (болған жағдайда);

      қаржы қызметінің басшысы;

      кадр қызметінің басшы;

      Тұрғын үй комиссиясының хатшысы;

      кәсіподақ ұйымының өкілдері (болған жағдайда);

      уәкілетті орган қызметкерлерінің ішінен өкілдер.".

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй комиссиясын - уәкілетті органның бірінші басшысы басқарады.

      Орталық мемлекеттік органдарда Тұрғын үй комиссиясын жауапты хатшы басқарады.

      Жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық мемлекеттік органдарда Тұрғын үй комиссиясын уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасарлары басқарады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тұрғын үй комиссиясы отырысты қажеттілігіне қарай өткізетін орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда, дауыс беру құқығы бар барлық мүшелер болған кезде айына кемінде бір рет отырыс өткізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрінің


міндетін атқарушы

К. Ускенбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады