Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 631 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 тамызда № 11975 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.07.2019 № 387 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 12.08.2022 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мынадай:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Айлық жалақының ең төмен мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Ең төмен зейнетақы мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі" ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.07.2019 № 387 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің міндетін атқарушы
Б. Нұрымбетов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 1-қосымша

Ең төмен әлеуметтік стандарты "Айлық жалақының ең төмен мөлшері"

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 12.08.2022 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

      2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:

      жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:

№ р/с

Норманың/нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

2

3

4

1

Айлық жалақының ең төмен мөлшері

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 103-бабы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

ЕТДШ жыл сайын инфляцияның болжамдық деңгейі ескеріле отырып айқындалатын және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің нормативін қамтиды және мыналарды: 1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін; 2) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны;
3) күтімді жүзеге асыратын адамға арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны белгілеу үшін негіз болып табылады. ЕТДШ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган азық-түлік себетінің құны (бұдан әрі - АСҚ) мен азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстарын (бұдан әрі - АЕТҚ) қосып мынадай формула бойынша есептейді: ЕТКД = АСҚ + АЕТҚ.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 2-қосымша

"Еңбекке ақы төлеудің ең төмен стандарты" ең төмен әлеуметтік стандарты

      Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.07.2019 № 387 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 3-қосымша

Ең төмен әлеуметтік стандарты "Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы"

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 12.08.2022 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

      2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:

      жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар;

      жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және ауысымдық кесте бойынша жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар;

      он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер;

      ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер;

      бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жұмыскерлер.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:

№ р/с

Норманың/нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

2

3

4

1

Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 103-бабы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

Күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан аспайды.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 73-бабы

Жұмыс беруші бекіткен ауысым кестелеріне сәйкес

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 69-бабы

Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін - аптасына 24 сағаттан аспайтын;
он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 69-бабы

Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 69-бабы

Аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жұмыскердің күнделік жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы 7 сағаттан аспауға тиіс

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 4-қосымша

Ең төмен әлеуметтік стандарты "Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы"

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 12.08.2022 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

      2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:

      жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:

№ р/с

Норманың/нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

2

3

4

1

Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 88-бабы

Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 5-қосымша

Ең төмен әлеуметтік стандарты "Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы"

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 12.08.2022 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

      2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:

      жеке тұлғалар.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:

№ р/с

Норманың/нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

2

3

4

1

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы (бұдан әрі - ЕТДШ)

"Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

ЕТДШ жыл сайын инфляцияның болжамдық деңгейі ескеріле отырып айқындалатын және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің нормативін қамтиды және мыналарды:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;
2) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды белгілеу үшін негіз болып табылады.
ЕТДШ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган азық-түлік себетінің құны (бұдан әрі - АСҚ) мен азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстарын (бұдан әрі - АЕТҚ) қосып мынадай формула бойынша есептейді:
ЕТКД = АСҚ + АЕТҚ.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 6-қосымша

Ең төмен әлеуметтік стандарты "Ең төмен зейнетақы мөлшері"

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 12.08.2022 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

      2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:

      Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:

№ р/с

Норманың/нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

2

3

4

1

Ең төмен зейнетақы мөлшері

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Ең төмен зейнетақының мөлшері жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленеді

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 7-қосымша

Ең төмен әлеуметтік стандарты "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі"

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 12.08.2022 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

      2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:

      өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы).

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:

№ р/с

Норманың/нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

2

3

4

1

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі

"Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 21 бабы

1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі қызмет алушылардың мынадай:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға;
2) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға;
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар;
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдар;
6) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар;
7) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар).
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы №330 қаулысымен айқындалған және
1) әлеуметтік-тұрмыстық;
2) әлеуметтік-медициналық;
3) әлеуметтік-психологиялық;
4) әлеуметтік-педагогикалық;
5) әлеуметтік-еңбек;
6) әлеуметтік-мәдени;
7) әлеуметтік-экономикалық;
8) әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамтиды.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 8-қосымша

"Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi" ең төмен әлеуметтік стандарты

      Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.07.2019 № 387 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 9-қосымша

"Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын
қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты

      Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.07.2019 № 387 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады