Теңіз көлігі, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 664 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қыркүйекте № 12008 болып тіркелді.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағы 55-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Теңіз көлігі, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрінің

      міндетін атқарушы

      ________________ Т. Балықбаев

      2015 жылғы 5 тамыз



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 664 бұйрығымен
бекітілді

Теңіз көлігі, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау қағидалары

      1. Осы Теңіз көлігі мамандарын дайындауды (қайта дайындауды) және біліктіліктерін арттыруды жүзеге асыратын білім ұйымдарын, теңіз оқу-жаттығу орталығын куәландыру бойынша уәкілетті ұйыммен анықтау ережесі және оларға талаптар "Сауда мақсатындағы теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 3-тармағының 55-31 тармақшасына сәйкес әзірленген және Теңіз көлігі, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйымды (бұдан әрі – білім ұйымдары) айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Заңның 4-бабы 3-тармағының 55-7) тармақшасына сәйкес танылған шетелдік сыныптау ұйымы сауда мақсатындағы теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) теңіз көлігі, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйымның білім беру ұйымдарын, теңіз оқу-тренажер орталықтарын 2010 жылғы түзетулермен бірге Теңізшілерді даярлау мен оларға диплом беру және вахтада тұру туралы 1978 жылғы халықаралық конвенцияға (бұдан әрі – Конвенция) талаптарына сәйкестігін айқындау туралы келесі құжаттарды қоса сұрату жібереді,

      1) Теңіз көлігі, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыруды жүргізетін процедураларды сипаттайтын құжаттар;

      2) жоғары теңіз кәсіптік, техникалық білімі бар, Теңіз көлігі, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру саласында үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар мамандар тізімі;

      3) Теңіз көлігі, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру саласындағы мамандардың жұмыс өтілін растау;

      4) Теңіз көлігі, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жүргізген мемлекеттер теңіз әкімшіліктерінен ұсыным хаты.

      3. Уәкілетті орган сұратуды алғаннан кейін жиырма күнтізбелік күн ішінде ұсынылған құжаттарды талдайды және өкілеттікті беру туралы келісім жасайды.

      4. Теңіз көлігі, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйымдар туралы ақпарат бес күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады, сондай-ақ шешім және келісім көшірмелерін қоса тіркеп Халықаралық теңіз ұйымына жолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады