Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық "Әділет" жүйесінде 2015 жылғы 8 маусымында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға, және (немесе) 1 тоннаға)) (бұдан әрі – субсидиялар нормалары) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредитациясы бар аграрлық бейінді ғылыми ұйымдармен келісілгеннен кейін әрбір субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептерін қоса бере отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен екі данада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) ұсынылады.
Министрлік оң нәтижесі болған жағдайда, тиісті ілеспе хатпен басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесінің және (немесе) субсидиялар нормаларын бір данасын қайтарады.
Министрлік теріс нәтижесі болған жағдайда, бас тарту туралы хатпен басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесінің және (немесе) субсидиялар нормаларын екі данасын да қайтарады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және (немесе) субсидиялар нормалары облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің қаулысымен бекітіледі.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесіне және (немесе) субсидиялар нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші – төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қаулы интернет-ресурсқа орналастырылғаннан кейін, Министрлік екі жұмыс күні ішінде басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесінің және (немесе) субсидиялар нормаларының бүрын келісілген тізбеге және субсидиялар нормаларына сәйкестігін салыстырып тексереді.";
8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша – жылыжай типіне қарай сараланған және уәкілетті органның ғылыми-техникалық кеңесінің шешімімен мақұлданған көкөніс дақылдарын өсіруге жұмсалған шығын нормативтеріне сәйкес, алынған өскiн қорытындылары бойынша бiр гектарға көзделген субсидиялардың жылдық нормасы бойынша әрбiр дақыл айналымына жеке - 50 % (1 шаршы метрге өскен көшеттің кемiнде 95 %-ы).
Бұл ретте жалпы қорғалған топырақтағы көкөнiс дақылдарының екіден аспайтын дақыл айналымы субсидияланады: бiрiншiсi – ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 15 маусымға дейiн және екiншiсi – 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейiн (қысқы-көктемгi және күзгi-қысқы кезеңдер). Дақыл айналымының белгіленген басталу және аяқталу күндерінен 15 күнге ауытқуға жол беріледі.
Жылыжайлар типтері бойынша өнеркәсіптік жылыжай кешендері және фермерлік жылыжайлар болып бөлінеді.
Жарықты өнеркәсіптік жылыжай кешендері – механикаландыру құралдарын пайдалана отырып, жыл бойы жұмыс істейтін, жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны бар үй-жай түрінде орындалған, кемінде 0,5 гектар жалпы мүкәммалдық ауданы бар және жылыту (орталық немесе газбен немесе автономды), климаттық бақылау (оның ішінде ауаны қосымша ылғалдандырудың автоматтандырылған жүйесін), жарық беру, перделеу, тамшылатып суару жүйелерін қамтитын қорғалған топырақтың құрылыстар кешендері.
Жарықсыз өнеркәсіптік жылыжай кешендері – механикаландыру құралдарын пайдалана отырып, жыл бойы жұмыс істейтін, жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны бар үй-жай түрінде орындалған, кемінде 0,5 гектар жалпы мүкәммалдық ауданы бар және жылыту (орталық немесе газбен немесе автономды), климаттық бақылау (оның ішінде ауаны қосымша ылғалдандырудың автоматтандырылған жүйесін), тамшылатып суару жүйелерін қамтитын қорғалған топырақтың құрылыстар кешендері.
Фермерлік жылыжайлар – жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны, жылыту және тамшылатып суару жүйесі бар үй-жай түрінде орындалған, көкөніс дақылдарын, сондай-ақ, ашық топыраққа отырғызу үшін олардың көшеттерін жыл бойы немесе маусымдық өсіруге арналған және өнеркәсіптік жылыжай кешендері үшін көзделген жабдықтармен және техникалық құралдармен жарақтандырудың техникалық өлшемдері бойынша сәйкес келмейтін қорғалған топырақ құрылысы;".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз ететін болсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 6 тамыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2015 жылғы 14 шілде