"Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 384-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 472 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қыркүйекте № 12050 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі Заңының 14-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 384-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4060 нөмірмен тіркелді, 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 170 (1150) "Заң газеті" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесінде (бұдан әрі – Ереже):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген, 2013 жылы 24 мамырда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілеріне (бұдан әрі – Субъект) таратылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар:

      абсорбирленген өндiрiстiк шығындар – қызметтiң бiр түрiнiң қызмет көрсетулерiн ұсынуға қажеттi бiрiншi деңгейдегi жауапкершiлiк орталықтарының жалпы өндiрiстiк шығындарының жиынтығы;

      қызмет түрі – пайда алу мақсатында кешенді қызмет көрсетуге, жұмыстар орындауға және тауарлар өндiруге байланысты операциялық қызмет;

      қосылған шығыстар – аймақтық, желiлiк және корпоративтiк деңгейлердегi жауапкершiлiк орталықтарының және орталықтандырылған жабдықтаудың бiрiншi деңгейдегi жауапкершiлiк орталықтарының жалпы және әкiмшiлiк шығыстарын, сондай-ақ орталықтандырылған жабдықтаудың бiрiншi деңгейдегi жауапкершiлiк орталықтарының өндiрiстiк шығындарын қамтитын шығыстар;

      жанама операциялар – қызмет түрлерiнiң көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) өзiндiк құнына енгiзiлетiн бiрнеше негiзгi операцияларды жүзеге асыру yшiн орындалатын операциялар;

      операциялық қызмет – табыс алу бойынша Субъектiнiң негiзгі қызметi және инвестициялық пен қаржылықтан айырмашылығы бар қызмет;

      бөлектеп есепке алу – қызметтiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерiнiң өзiндiк құнын, қызметтерге арналған тарифтiк смета мен тарифтер есептеудi талдау мақсатында Субъектiнiң қызметi, қызмет көрсетулерi, операциялары бойынша бөлектеп шығындар, табыстар, қолданысқа енгiзiлген активтер және өндiрiстiк көрсеткiштер туралы ақпаратты жинау және қорытындылау жүйесi;

      қызметтiң реттелiп көрсетiлетiн түрi – Заңда айқындалған табиғи монополиялардың саласы;

      жауапкершiлiк орталығы – Субъектінің дербес құрылымдық бөлiмшесi. Жауапкершiлiк орталықтары Субъектiнiң салалық және географиялық сегменттерi мен ұйымдастыру деңгейлерi бойынша топтастырылады;

      бiрiншi деңгейдегi жауапкершiлiк орталығы – тұтынушыларға өнiмдi өндiрумен, жұмысты орындаумен және қызметтер көрсетумен тiкелей айналысатын жауапкершiлiк орталығы;

      аймақтық деңгейдегi жауапкершiлiк орталығы – бiрiншi деңгейдегi жауапкершiлiк орталықтарының тобын басқаратын жауапкершiлiк орталығы;

      желiлiк деңгейдегi жауапкершiлiк орталығы – аймақтық және бiрiншi деңгейлердегi жауапкершiлiк орталықтарын басқаратын жауапкершiлiк орталығы;

      корпоративтiк деңгейдегi жауапкершiлiк орталығы – желiлiк деңгейдегi жауапкершiлiк орталықтарын басқаратын жауапкершiлiк орталығы;

      уәкілетті орган – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.".

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Осы Ережеде белгiленген нысандар бойынша есептiлiктi Субъектi бiр күнтiзбелiк жылға тең кезеңге жасайды және осы Ереженің 46-тармағының 7) – 15) тармақшаларында және 47-тармақта көзделген, уәкілетті органның сұрауымен ұсынылатын есептілік нысандарды қоспағанда жылсайын есеп жылынан кейін 1 мамырдан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.";

      51 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Қағаз жеткiзгiшi түрiндегi есептiлiкке басшы немесе бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелеріне жетекшілік ететін басшының орынбасары, бас бухгалтер қол қояды және ол мөрмен расталады.

      52. Субъектi қағаз жеткiзгiшi түрiндегi есептiлiктi тiгiлген түрде, беттерiн нөмiрлеп ұсынады және соңғы бетiне басшы немесе бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелеріне жетекшілік ететін басшының орынбасары, бас бухгалтердiң қолдары болуға тиiс және Субъектiнiң мөрiмен расталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет–ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика жетекші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрінің


міндетін атқарушы

М. Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 11 тамыз



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады