Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 705 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 қазанда № 12160 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 81-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрі

Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі Төтенше

      жағдайлар комитетінің төрағасы

      ___________________ В. Петров

      2015 жылғы 9 қыркүйек



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 4 қыркүйетегі
№ 705 бұйрығына
қосымша

Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың қолданысы төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуді жүзеге асыратын медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарына (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) өтініш беруші – төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құрылымдары;

      2) жүкті алушы - төтенше жағдайларды жоюға арналған материалдық-техникалық құралдардың құрамында көмекті қабылдауға өкілеттілігі бар төтенше жағдай болған аумақтағы елдің сенімді адамы.

2. Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі

      4. Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 81-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшелері берген (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат беру құжатының негізінде (бұдан әрі – рұқсат беру құжаты) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат беру құжаты нысанда жүзеге асырылады.

      5. Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында көзделген көлікпен жүзеге асырылады.

      6. Өтініш беруші жүкті алушымен жүкті түсіру пунктін, төтенше жағдайларды жоюдың тиісті пунктін келіседі.

      7. Өтініш беруші жүктерді жеткізуді қамтамасыз етеді және бірінші кезекте қызмет көрсетуді және қысқартылған кедендік рәсімдерді пайдалануды қамтамасыз ету үшін шекарадан өту бекеттерінде кеден органдарына жүк туралы мәліметті хабарлайды.

      8. Рұқсат беру құжатын ресімдеу үшін өтініш беруші уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және электрондық жеткізгіштерде (CD-R, CD-RW, Flash, DVD-R, DVD-RW) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы әкетуге рұқсат беру құжатын беруге өтініш;

      2) медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі (дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы медицина ұйымы әкеткен жағдайда);

      3) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәліктің көшірмесі) (дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдары әкеткен жағдайда);

      4) ұсынылатын құжаттардың тізімдемесі.

      9. Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін белгіленген орнына дейін жүктің келуіне қарай медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдары жүкті алушыға жүктің құрамы, көлемдері (салмағы алатын орнының саны) туралы хабардар етеді.

      10. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар нөмірленіп, тігіліп, өтініш иесінің не оның өкілінің қолымен бекітіліп беріледі.

      11. Өтінішті қарау мерзімі екі жұмыс күнін құрайды.

      Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттарды одан әрі қарауда дәлелді бас тартуды шығарады.

      12. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды әкету "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) беретін есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкетуге рұқсаты болған жағдайда жүзеге асырылады.

      13. Көмек көрсетуге арналған құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды әкетуді жүзеге асыратын ұйымдар есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды есепке алу мен күзетуді қамтамасыз етеді.

      14. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешіміне сот тәртібінде шағым жасауға болады.

  Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін
Қазақстан Республикасының аумағынан кететін
медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен
құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының
құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы
Қазақстан Республикасының аумағынан әкету
қағидаларына 1-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасы тіркелген дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы әкетуге рұқсат қүжат

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы)

      _____________________________________________________________________

      (жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды

      тұлғаның толық атауы,

      _____________________________________________________________________

      сәйкестендіру нөмірі (БСН, ЖСН), мекенжайы, телефоны)

      __________________фирмасымен жасалған 20__жылғы "___" ________ №_____

      келісімшартқа (шартқа) 20__жылғы "___" ________ №__ өзіндік

      ерекшелікке сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар

      мен медициналық техниканың мынадай атауларын Қазақстан

      Республикасынан әкетуге (Қазақстан Республикасында тіркелгенін

      растайды) рұқсат етеді:

РР/с №

Дәрілік заттың (дәрілік нысан) атауы

Өлш бірл

Саны

Өндірушінің және өндіруші елдің атауы

Дәрілік затты Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі

Дәрілік затты Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің аяқталатын мерзімі

1

2

3

4

5

6

7


      Жоғарыда көрсетілген дәрілік заттар (атауларының саны) Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген.

      Уәкілетті адамның лауазымы _____________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Орындаушы: ___________________

      Телефон: _____________________

  Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін
Қазақстан Республикасының аумағынан кететін
медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен
құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының
құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы
Қазақстан Республикасының аумағынан әкету
қағидаларына 2-қосымша

      нысан

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы)

      Қазақстан Республикасы тіркелген дәрілік заттарды, медициналық

      мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат беруге

      өтініш

      _____ (әкелу мақсаты көрсетілсін) арналған дәрілік заттарды,

      медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан

      Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат етуді, келісуді сұраймын.

Көрсетілетін қызметті алушы


Көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайы


Көрсетілетін қызметті алушының телефоны, электрондық поштасы


Көрсетілетін қызметті алушының сәйкестендіру нөмірі (БСН, ЖСН) (болған кезде)


Жеткізуші


Жеткізушінің заңды мекенжайы


Жеткізушінің телефоны, электрондық поштасы


Жеткізушінің елі


Келісімшарттың (шарттың) нөмірі


Келісімшарт (шарт) жасалған күн


Ерекшеліктің (қосымшаның, инвойстың, жүкқұжаттың) нөмірі


Ерекшелік (қосымша, инвойс, жүкқұжат) жасалған күн


Фармацевтикалық қызметке лицензияның (лицензияға қосымшаның) нөмірі және берілген күні


Медициналық қызметке лицензияның (лицензияға қосымшаның) нөмірі және берілген күні


Мемлекеттік органның медициналық мақсаттағы бұйымды және медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге арналған хабарламаны қабылдағаны туралы талонның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының хабарламаны қабылданғаны туралы белгісі бар талонның нөмірі және берілген күні


Әкелу жүргізілетін кедендік орган


Төлем валютасы



КО СЭҚ ТН коды

Дәрілік заттың атауы

Концентрациясы

Дозасы

Өлшеп-орау (нөмірі)

Шығарылу нысаны

Өлшем бірлігі

Саны


















Төлем валютасында бір бірліктің бағасы

Төлем валютасындағы сомасы

Өндіруші

Өндіруші ел

Дәрілік затты Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі

Дәрілік затты Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің аяқталу мерзімі








      Өтініш берушінің қолы _________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      20____жылғы "________" ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады