«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағалары белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
2015 жылғы 7 қазан
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 18-05/839 бұйрығына қосымша
Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасы
№ |
Өнімнің атауы |
Қосылған құн салығы есепке алынбай, 1-сортты өнімнің 1 (бір) килограмына баға (теңге) |
1 |
2 |
3 |
1 |
Мұздатылған бекіре тұқымдас балық (қортпа, бекіре, шоқыр, пілмай) |
1 555,8 |
2 |
Салқын ыспен ысталған бекіре тұқымдас балық (қортпа, бекіре, шоқыр, пілмай) |
5 290,7 |
3 |
Қортпаның уылдырығы |
164 181 |
4 |
Бекіренің уылдырығы |
140 661,5 |
5 |
Шоқырдың уылдырығы |
56 695,9 |