Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің қызметкерлері және олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 желтоқсанда № 12340 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 69/қе бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 22.06.2021 № 69/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 73-бабының 5-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің (бұдан әрі – "Сырбар" қызметі) қызметкерлері және олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу нормалары бекітілсін.

      2. "Cырбар" қызметінің қызметкерлері және олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындары "Сырбар" қызметіне әрбір тиісті жылға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебі мен шеңберінде жүзеге асырылсын.

      3. "Сырбар" қызметінің Шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде және мерзімді баспа басылымда ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың "Сырбар" қызметінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қызмет директоры

Ғ. Байжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы "___"___________



  Қазахстан Республикасы
"Сырбар" Сыртқы барлау
қызметі директорының
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 4 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің
қызметкерлері мен олармен үнемі бірге тұратын отбасы
мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен
жол жүру шығындарын өтеу нормалары

      1. Қызметкерлер және олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары:

      1) темір жолмен жол жүру кезінде - купелі вагон (жұмсақ дивандары, бірнеше күйге келтіретін құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолары төменде орналасқан екі орынды купесі бар вагондарын (бұдан әрі – ҰВ), сондай-ақ "Турист" және "Бизнес" класты жүрдек поездардың қоспағанда) тарифі бойынша;

      2) су жолдарымен су көлігі арқылы, тас және топырақ жолдарымен автомобиль көлігі арқылы жол жүру кезінде – сол жергілікті жердегі қолданыстағы жол жүру құны бойынша;

      3) ерекше жағдайларда директордың немесе оның бірінші орынбасарының рұқсатымен – әуе көлігі арқылы, ҰВ вагондардың, сондай-ақ "Турист" және "Бизнес" класты жүрдек поездардың тарифі бойынша темір жол көлігі арқылы жол жүру кезінде:

      стационарлық емделуге – дәрігерлік-кеңес комиссия төрағасының жазбаша растау хаты бойынша;

      қызметкердің қызмет бойынша жедел ауысуы қажет болған жағдайда – директордың немесе оның бірінші орынбасарының жазбаша рұқсаты бойынша;

      4) темір жол станциясына, айлаққа, әуежайға автокөлік арқылы (таксиден басқа) жол жүру кезінде, егер олар елді мекеннен тыс жерде орналасқан болса;

      5) броньдалған жол жүру билеттерінің, пайдаланған төсек жабдықтарының құнын растайтын құжаттары негізінде өтеледі.

      2. Жол жүру құжаттары болмаған жағдайда шығындар жолаушының өтініші бойынша тасымалдаушы берген құжат негізінде, осы нормалардың 2-тармағының 1), 2)-тармақшаларында көрсетілген көлікпен (әуе көлігінен басқа) жол жүрудің ең төменгі құны бойынша өтеледі.

      3. Жеке мүліктерді тасымалдау темір жол, су жолы немесе автомобиль көлігі арқылы, сол кезеңдегі қолданыстағы тарифтер бойынша, салықтарды қоса есептегенде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте шығындар келесі қызмет түрлері үшін өтеледі:

      контейнерді беру;

      құжаттарды бағалау мен ресімдеу;

      контейнерді тиеу және түсіру бойынша кранның жұмысы;

      контейнерді пломбалау;

      контейнерді қызмет орнынан (мекен жайдан) станцияға (кемежайға) дейін және станциядан (кемежайдан) қызмет орнына (мекен жайына) дейін жеткізу;

      контейнер алаңына кіру;

      контейнерді жинау;

      экспедиторлық қызмет;

      есеп айырысу операциялары;

      контейнерді желімдеу;

      автокөлік беру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады