Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 69/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 шiлдеде № 23341 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің қызметкерлері және олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 4 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12339 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің қызметкерлерін арнаулы нысандағы киіммен және басқада заттық мүлікпен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 5 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12340 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыртқы барлау қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Масимов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2020 жылғы "___" ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады