"Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 192 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 желтоқсанда № 12346 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 тіркелген, 2012 жылы 27 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 852-856 (27927) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары»;
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібін айқындайды.»;
      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      5) ұлттық валютаның ресми бағамы – теңгенің Қағидаларға қосымшаға сәйкес шетел валюталарына Ұлттық Банк белгілейтін бағамы. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібіне ұқсас. Ұлттық валютаның ресми бағамын және валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалану мақсаттары 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексі), 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен белгіленеді.»;
      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «2. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібі»;
      23 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын қор биржасы шетел валюталары бойынша сауда-саттық жүргізетін жұмыс күндері күн сайын белгілейді.
      Ұлттық Банк оларға ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесі Қағидаларға қосымшада (бұдан әрі – Қағидаларға қосымша) айқындалған.
      3. Ұлттық валютаның АҚШ долларына Астана уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша қор биржасының екі таңертеңгі (негізгі) және күндізгі (қосымша) сессияларының қорытындысы бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ұлттық валютаның АҚШ долларына сауда-саттық жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күніндегі ресми бағамы ретінде белгіленеді.
      4. Қағидаларға қосымшада көрсетілген басқа шетел валюталары бойынша ұлттық валютаның шетел валютасына бағамын Ұлттық Банк қор биржасында сауда-саттық жүргізілген күнгі Астана уақытымен сағат 16-00-дегі жағдай бойынша ақпараттық агенттіктің арналары бойынша алынған сұраныстың баға белгіленімдеріне сәйкес қалыптасқан АҚШ долларына кросс-бағамды пайдалана отырып есептейді және ол келесі жұмыс күніне арналған ресми бағам ретінде белгіленеді.»;
      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «3. Ұлттық валютаның шетел валюталарына бағамдарын белгілеуді қамтамасыз ететін рәсімдер»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «7. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдарын Ұлттық Банктің көрсетілген валюталарды белгіленген бағам бойынша сатып алу немесе сату міндеттемесінсіз жариялайды.»;
      89 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамдарын Қағидаларға қосымшаға сәйкес ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамы белгіленген күні Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жариялайды.
      9. Уәкілетті бөлімше шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжатты Қағидаларға қосымшаның нысаны бойынша олардың қолданылу мерзімдерін көрсете отырып дайындайды. Құжатқа Ұлттық Банк басшылығы не шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжатқа қол қоюға уәкілетті адам қол қояды.
      10. Шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжат қол қойылған күні Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ге дейін Ұлттық Банктің бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және басқа да мүдделі ұйымдарға деректерді ресми байланыс арналары (орталық телетайп, телекс, ақпарат берудің және төлемдер жасаудың халықаралық банкаралық жүйесі (SWIFT)) және электрондық почта арқылы жіберу жолымен жеткізіледі.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «11. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамдары (шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары) туралы ақпарат белгіленген күні Астана уақытымен сағат 24.00-ге дейін ААЖ-ға енгізіледі.»;
      Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті (Молдабекова Ә.М.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Ж. Құсайыновқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 192 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы 
ұлттық валютасының шетел
валюталарына ресми бағамын
белгілеу қағидаларына 
қосымша          

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға ұлттық валютаның
ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шетел валюталарының Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына ____ жылғы «_____» ______ ресми бағамдары туралы хабарлайды

Австралия доллары (AUD)
Әзірбайжан манаты (AZN)
Армян драмы (AMD)
Белорусь рублі (BYR)
Бразилия реалы (BRL)
Венгер форинті (HUF)
Корея Республикасының вонасы (KRW)
Гонконг доллары (HKD)
Грузин лариі (GEL)
Дат кронасы (DKK)
БАӘ дирхамы (AED)
АҚШ доллары (USD)
Еуро (EUR)
Үндістан рупиясы (INR)
Иран риалы (IRR)
Канада доллары (CAD)
Қытай юані (CNY)
Қырғыз сомы (KGS)
Кувейт динары (KWD)
Малайзия ринггиті (MYR)
Мексика песосы (MXN)
Молдова леясы (MDL)
Норвегия кронасы (NOK)
Польша злотыйы (PLN)
Ресей рублі (RUB)
Сауд Арабиясының риалы (SAR)
СДР (XDR)
Cингапур доллары (SGD)
Тәжік сомониі (TJS)
Тайланд баты (THB)
Түрік лирасы (TRY)
Өзбек сумы (UZS)
Украина гривнасы (UAH)
Біріккен Корольдіктің
фунт стерлингі (GBP)
Чех кронасы (CZK)
Швед кронасы (SEK)
Швейцария франкі (CHF)
Оңтүстік Африка рэнді (ZAR)
Жапон йенасы (JPY)

теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге

құжатқа қол қойылған күн

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Төрағасы/Төрағасының орынбасары
(не қол қоюға уәкілетті адам)
_____________     ___________________________________
  лауазымы        тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады