"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 531 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21578 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12347 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссия тұрақты қызмет ететін орган болып табылады және жеті адамнан – жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысымен қоса екі жеке сот орындаушысынан, аумақтық әділет органының екі өкілінен, ғалым-құқықтанушыдан, мәслихат депутатынан және жұртшылық өкілінен тұрады. Комиссияның құрамы және оның жұмысының регламенті уәкілетті аумақтық органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады