Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 612 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 желтоқсанда № 12409 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1648 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесін телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Заңнама институты" мемлекеттік мекемесін телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.

      2. Бекітілген заттай нормаларды іске асыру "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы" және "Қазақстан Республикасы Заңнама институты" мемлекеттік мекемелері үшін тиісті қаржы жылына республикалық бюджеттен көзделген қаржы шегінде жүзеге асырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мерзімдік басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды;

      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарыларына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Имашев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 8 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 612 бұйрығының
1-қосымшасы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесін телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 29.12.2018 № 1648 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 612 бұйрығының
2-қосымшасы

"Қазақстан Республикасының Заңнама институты" мемлекеттік
мекемесін телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай
нормалары

р/р

Телефон байланысы түрлерінің атауы

Пайдаланушылар

1

2

3

1

Республика ішіндегі қалааралық телефон байланысы

Директор, директордың орынбасарлары, директордың қабылдау бөлмесі

2

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен және алыс шет елдермен халықаралық телефон байланысы

Директор

3

Қалалық нөмірлермен телефон байланысы

Директор, директордың орынбасарлары, директордың қабылдау бөлмесі, бас бухгалтер, құрылымдық бөлімдердің басшылары – бір нөмірден, бас, жетекші, аға, кіші ғылыми қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, бас, жетекші, аға сарапшылар, сарапшылар – төртеуіне бір нөмір


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады