Ерiктi өрт сөндiрушiлердi бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 888 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 желтоқсанда № 12416 болып тіркелді.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 12-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған ерiктi өрт сөндiрушiлердi бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Ерiктi өрт сөндiрушiлердi бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 256 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9493 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 қарашадағы
№ 888 бұйрығымен
бекітілген

Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы

р/с №

Тақырыптың атауы

Сағат саны

барлығы

оның ішінде

аудитория

практикалық

1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық база

1

Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер.

1

1

-

Барлығы:

1

1

-

2. Өрт-техникалық дайындық

1

Жауынгерлік киім мен жарақ. Дабыл бойынша жиналу, жолға шығу және өрт орнына жету.

2

1

1

2

Өрт сөндіру автомобильдері мен өрт сөндіру мотопомпаларының тактикалық-техникалық сипаттамалары.

1

1

-

3

Өрт сөндіру автомобильдерімен шығарылатын өрт-техникалық жабдық.

1

1

-

4

Өрт жеңдері, жеңдік жабдық, өрт оқпандары.

1

1

-

5

Өрт сөндіргіштер.

2

1

1

6

Байланысты ұйымдастыру.

1

1

-

Барлығы:

8

6

2

3. Өрт сөндіру-құтқару дайындығы

1

Өрт жеңдерімен, оқпандарымен, жеңдік арматуралармен және керек-жарақтарымен жаттығу.

1

-

1

2

Өрт сатыларымен жаттығу.

1

-

1

3

Құтқару арқанымен жаттығу. Құтқару және өзін-өзі құтқару.

2

1

1

4

Өртте конструкцияларды ашу және құру.

2

1

1

5

Су көзіне өрт сөндіру автомобилін (мотопомпаны) қойып жауынгерлік өрістету. Жауынгерлік өрістету кезіндегі өрт сөндірушінің іс-қимылдары.

2

1

1

Барлығы:

8

3

5

4. Өрт-тактикалық дайындық

1

Жану және жанғыш заттар, өрт және оның өршуі туралы жалпы мәліметтер. Өртте жануды тоқтататын негіздер.

1

1

-

2

Өртті барлау. Өртті барлау кезіндегі іс-қимылдар.

1

1

-

3

Өрттегі іздеу-құтқару жұмыстары. Адамдарды құтқару және мүлікті көшіру кезіндегі іс-қимылдар.

1

1

-

4

Өртті сөндіру тактикасы. Өрт сөндіру кезіндегі іс-қимылдар.

1

1

-

5

Елді мекендер мен ұйымдарда өрттерді сөндірудің ерекшеліктері.

1

1

-

6

Дала өрттерін сөндіру ерекшеліктері.

1

1

-

Барлығы:

6

6

-

5. Өрттің алдын алу дайындығы

1

Елді мекендердің, ұйымдардың, дала алқаптарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары.

1

1

-

2

Құрылыс материалдарының түрлері және олардың жанғыштығы.

1

1

-

3

Елді мекендердегі, ұйымдардағы, дала алқаптардағы жалпы өрт қауіпсіздігі шаралары. Отпен байланысты және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі өртке қарсы іс-шаралар.

1

1

-

4

Сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау.

2

1

1

Барлығы:

5

4

1

6. Өртте зардап шеккендерге дәрігерге дейін көмек көрсету

1

Қан кетуді тоқтатудың негізгі қағидалары.

1

1

-

2

Жасанды тыныс алдыру мен жүректі сыртынан (тұсынан) уқалаудың негізгі қағидалары мен әдістері. Тамырдың соғуын анықтау.

2

1

1

3

Жарақат алғанда, шытынағанда, буын тайғанда, сынғанда алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдері.

2

1

1

4

Үсіген, термиялық және химиялық күйгенде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдері.

2

1

1

Барлығы:

7

4

3

7. Халықты өрт қауіпсіздігі шараларына және өрт шыққан кездегі іс-қимылдарға оқыту

1

Халықпен өртке қарсы нұсқама жүргізу және өрт-техникалық минимумды зерделеу.

1

1

-

Барлығы:

1

1

-

8. Қауіпсіздік техникасы

1

Өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

1

1

-

Барлығы:

1

1

-

9. Психологиялық дайындық

1

Қысылтаяң жағдайда іс-қимылдарға психологиялық дайындық.

1

1

-

Барлығы:

1

1

-


Сынақ тапсыру.

2

1

1

Барлық сағат

40

28

12

1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық база

      № 1 тақырып. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер.

      1-сабақ. "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 782 бұйрығының негізгі ережелері (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9931 болып тіркелген). Өртке қарсы ерікті құралымдардың мақсаттары мен міндеттері.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

2. Өрт-техникалық дайындық

      № 1 тақырып. Жауынгерлік киім мен жарақ. Дабыл бойынша жиналу, жолға шығу және өрт орнына жету.

      1-сабақ. Өрт сөндірушіні керек-жарақпен жарақтау, жеке тігісі, жинау, жауынгерлік киім-кешегі кию, жарағын асыну дағдысы. Дабыл бойынша жиналу, жолға шығу және өрт орнына жету кезінде ауысымның жеке құрамының әрекет ету тәртібі, қауіпсіздік техникасы.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық және практикалық сабақ.

      № 2 тақырып. Өрт сөндіру автомобильдері мен өрт сөндіру мотопомпаларының тактикалық-техникалық сипаттамалары.

      1, 2-сабақтар. Өрт сөндіру автомобильдерінің жіктелуі. Негізгі, арнайы және қосалқы өрт сөндіру автомобильдерінің мақсаты, түрлері, тактикалық-техникалық сипаттары.

      Өрт сөндіру мотопомпаларының мақсаты, түрлері және олардың қолданылу саласы. Мотопомпалардың негізгі техникалық сипаттары және құрылғысы.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 3 тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерімен шығарылатын өрт-техникалық жабдық.

      1-сабақ. Өрт сөндіру автомобилінде жабдықты орналастыру мен сақтау тәртібі. Автомобильдегі өрт жабдығының тиесілік табелі. Негізгі мақсаттағы өрт сөндіру автомобилінің жабдығы.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 4 тақырып. Өрт жеңдері, жеңдік жабдық, өрт оқпандары.

      1-сабақ. Өрт жеңдерінің және жеңдік арматуралардың, өрт оқпандарының мақсаты, құрылғысы, түрлері. Сорғыш және сорғыш-сору жеңдерді күту, пайдалану және сынағы. Өрт жеңдерімен, оқпандармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 5 тақырып. Өрт сөндіргіштер.

      1-сабақ. Көмірқышқыл, ұнтақты және ауа-көбікті өрт сөндіргіштердің жұмысының мақсаты, қолдану саласы және қағидаты.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық және практикалық сабақтар.

      № 6 тақырып. Байланысты ұйымдастыру.

      1-сабақ. Байланысты ұйымдастырудың мақсаты мен жалпы қағидаттары. Байланыс аппаратурасы. Стационарлық, тасымалданатын радиостанциялар, олардың құрылғысы мен жұмыс істеу тәртібі. Өрттегі байланысты ұйымдастыру. Радиоауысымды жүргізу қағидалары.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

3. Өрт сөндіру-құтқару дайындығы

      № 1 тақырып. Өрт жеңдерімен, оқпандарымен, жеңдік арматуралармен және керек-жарақтарымен жаттығу.

      1-сабақ. Өрт жеңдерімен, қол және лафеттік оқпандармен су беру жұмысы.

      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 2 тақырып. Өрт сатыларымен жаттығу.

      1-сабақ. Сатыларды өрт сөндіру автомобилінен түсіру, оны тасымалдау, орнату, қабаттарға көтеру, жинау және автомобильге орнату тәсілдерімен практикалық машықтану.

      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 3 тақырып. Құтқару арқанымен жаттығу. Құтқару және өзін-өзі құтқару.

      1-сабақ. Құтқару арқанын будаққа орау, құрылыстың төрт тәсілімен бекіту. Құтқару ілгектерін зардап шегушіге кигізу. Зардап шегушілерді құтқару және өзін-өзі құтқару.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық және практикалық сабақтар.

      № 4 тақырып. Өртте конструкцияларды ашу және құру.

      1-сабақ. Өртте зардап шегушілерді құтқару және түтінді шығару үшін конструкциялардың ашылатын орны мен көлемін анықтау. Конструкцияны ашу және құру үшін пайдаланылатын құрал.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық және практикалық сабақтар.

      № 5 тақырып. Су көзіне өрт сөндіру автомобилін (мотопомпаны) қойып жауынгерлік өрістету. Жауынгерлік өрістету кезіндегі өрт сөндірушінің іс-қимылдары.

      1-сабақ. Өрт сөндіру автомобилінің су көзіне орнатумен және орнатусыз бір (екі) оқпаннан 2-3 жеңге су берумен бөлімшені жауынгерлік өрістету.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық және практикалық сабақтар.

4. Өрт-тактикалық дайындық

      № 1 тақырып. Жану және жанғыш заттар, өрт және оның өршуі туралы жалпы мәліметтер. Өртте жануды тоқтататын негіздер.

      1-сабақ. Жану процесі туралы жалпы түсінік. Едәуір таралған жанғыш заттардың өрт қауіптілігі мен жану сипаты туралы қысқаша мәліметтер. Заттардың ұсақталуына байланысты тұтану температурасы, жану жылдамдығы, сумен дымқылдауы, жарылыс қауіпті қоспаны түзу қабілеті.

      Өрт сөндіргіш құралдарды жіктеу және таңдау. Негізгі өрт сөндіргіш заттар мен өрт сөндіру тәсілдері туралы жалпы мәліметтер.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 2 тақырып. Өртті барлау. Өртті барлау кезіндегі өрт сөндірушінің іс-қимылдары.

      1-сабақ. Өртті барлаудың мақсаты мен міндеттері. Барлауды ұйымдастыру және оны өткізу, барлауды өткізетін адамдардың міндеттері. Өртті барлау кезіндегі іс-қимылдары. Барлауды өткізудің әдістері. Көмекті қажет ететін адамдарды құтқару шараларын қабылдау. Өртті барлау кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 3 тақырып. Өрттегі іздеу-құтқару жұмыстары. Адамдарды құтқару және мүлікті көшіру кезіндегі өрт сөндірушінің іс-қимылдары.

      1-сабақ. Қандай жағдайларда іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіледі. Адамдарды іздеп табу тәсілдері, тәртібі, құтқару жолдары мен тәсілдері. Адамдарды құтқару және мүліктерді көшіру кезіндегі өрт сөндірушінің іс-қимылдары. Адамдарды құтқару және мүліктерді көшіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 4 тақырып. Өртті сөндіру тактикасы. Өрт сөндіру кезіндегі іс-қимылдар.

      1-сабақ. Өрт тактикасы туралы түсінік. Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы – өрт тактикасының негізі. Өрт сөндіру кезіндегі іс-қимылдар. Өрт сөндіру – өрттен қорғау жүйесінің құрамдас бөлігі және өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарының негізгі түрі. Өрт сөндіру міндеттері мен қағидаттары.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 5 тақырып. Елді мекендер мен ұйымдарда өрттерді сөндірудің ерекшеліктері.

      1-сабақ. Елді мекендер мен ұйымдарда өрттерді дамытудың және сөндірудің өрт-тактикалық сипаттамасы, ерекшеліктері.

      Өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 6 тақырып. Дала өрттерін сөндіру ерекшеліктері.

      1-сабақ. Дала өртінің дамуы мен оны сөндірудің өрт-тактикалық сипаттамасы, ерекшеліктері.

      Өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

5. Өрттің алдын алу дайындығы

      № 1 тақырып. Елді мекендердің, ұйымдардың, дала алқаптарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары.

      1-сабақ. Өрттің алдын алу міндеттері. Елді мекендерде, ұйымдарда, дала алқаптарында өрттердің шығуы мен таралуының негізгі себептері. "Өрт қауіптілігі" және "өрт қауіпсіздігі" түсініктері. Объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттары туралы түсінік. "Өрттің алдын алу жүйесі", "өрттен қорғау жүйесі", "өртке қарсы режим" түсініктері. Өрт қауіпсіздігін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 2 тақырып. Құрылыс материалдарының түрлері және олардың жанғыштығы.

      № 1-сабақ. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі қасиеттерінің сипаттамасы: жану тобы, тұтану температурасы, жалындау температурасы, өздігінен тұтану температурасы және өздігінен жану температурасы. Жалынның тұтануы мен таралуының концентрациялық және температуралық шегі. Заттар мен материалдарды қолдану кезіндегі өрт-жарылыс қауіпсіздігінің шарттары.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 3 тақырып. Елді мекендердегі, ұйымдардағы, дала алқаптарындағы жалпы өрт қауіпсіздігі шаралары. Отпен байланысты және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі өртке қарсы іс-шаралар.

      № 1, 2-сабақ. Елді мекендерде, ұйымдарда, дала алқаптарында болатын өрттердің негізгі себептері. Өртке қарсы нұсқаулықтар (жалпы объектілік, цехті және жекелеген өндірістік қондырғылар үшін). Кәсіпорындардың, жекелеген цехтердің өрт қауіпсіздігін сақтауға жауапты лауазымды адамдардың міндеттері.

      Отпен байланысты жұмыстардың түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Отпен байланысты жұмыстардың тұрақты және уақытша орындары. Отпен байланысты жұмыстарға қадағалауды ұйымдастыру. Отпен байланысты жұмысты жүргізуде басшылыққа алатын негізгі құжаттар. Отпен байланысты жұмыс орындарын жұмыс алдында және оның соңында қарау. Өрт жарылыс қаупі бар объектілерде, қондырғылар мен құрылыстарда отпен байланысты жұмысты ұйымдастыру және жүргізу.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 4 тақырып. Сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау.

      1, 2-сабақ. Шаруашылық жүргізу объектілерін сыртқы және ішкі сумен жабдықтау сызбалары. Өрт сөндіру су айдындары мен гидранттарын орнату және оларды пайдалану кезіндегі өртке қарсы талаптар. Ішкі өрт крандарын орналастыру мен жабдықтауға қойылатын талаптар, оларды өртте пайдалану.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық және практикалық сабақтар.

6. Өртте зардап шеккендерге дәрігерге дейін көмек көрсету.

      № 1 тақырып. Қан кетуді тоқтатудың негізгі қағидалары.

      1-сабақ. Таңғышты қойып, артерияны қысу, буындарды барынша бүгіп, жгут салу.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 2 тақырып. Жасанды тыныс алдыру мен жүректі сыртынан (тұсынан) уқалаудың негізгі қағидалары мен тәсілдері. Тамырдың соғуын анықтау.

      1-сабақ. Өмір мен өлімнің (биологиялық және клиникалық) белгілері. Жүректің тоқтау белгілері. Тамырдың жиі соғуын анықтау тәртібі. Бір және екі өрт сөндірушінің жүрек-өкпе реанимациясын жасау алгоритмдері. Жүрек-өкпе реанимациясының дағдысына машықтану.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық және практикалық сабақтар.

      № 3 тақырып. Жарақат алғанда, шытынағанда, буын тайғанда, сынғанда дәрігерге дейін көрсетілетін көмектің әдістері.

      1-сабақ. Бас сүйекті, кеудені, ішті тесіп өтетін жарақаттар. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету ерекшеліктері (жарақаттарды таңу, таңғыштар, жансыздандыру, жатқызу, тасымалдау). Бас, мойын, кеуде куысы жараланғанда дәрігерге дейінгі көмек (бас, мойын, бет, иек бөліктерін таңу). Кеуде мен іш жараланғанда өзара және өзіне көмек көрсету. Пневмоторакс. Өзіне және өзара көмек. Таңу, аяқ-қолды таңу дағдысына машықтану (иық, білек буыны, саусақтар).

      Жүргізу әдісі: аудиториялық және практикалық сабақтар.

      № 4 тақырып. Үсіген, химиялық және термиялық күйгенде дәрігерге дейін көрсетілетін көмектің әдістері.

      1-сабақ. Күйіктер, олардың түрлері, ауыртпалығы. Естен танудың алдын алу, дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің алгоритмдері. Үсіктің түрлері, алғашқы көмек көрсету. Гипотермия мен гипертермия, дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің ерекшеліктері.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық және практикалық сабақтар.

7. Халықты өрт қауіпсіздігі шараларына және өрт шыққан кездегі іс-қимылдарға оқыту

      № 1 тақырып. Халықпен және ұйымның қызметкерлерімен өртке қарсы нұсқама жүргізу және өрт-техникалық минимумды зерделеу.

      1-сабақ. Өртке қарсы нұсқама жүргізу немесе өрт-техникалық минимумға үйрету арқылы халықты және ұйымдардың қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына оқытуды ұйымдастыру тәртібі. Өртке қарсы нұсқама түрлері және оларды жүргізу мерзімділігі.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

8. Қауіпсіздік техникасы

      № 1 тақырып. Өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

      1-сабақ. Өрт техникасына, өрт-техникалық жабдығына, жауынгерлік киім-кешек пен жараққа қойылатын талаптар. Өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларының талаптары. Дабыл бойынша жиналу және жолға шығу, өртке (аварияға), дүлей зілзалаға жету кезіндегі қауіпсіздік техникасы, жауынгерлік өрістету және өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

9. Психологиялық дайындық.

      № 1 тақырып. Қысылтаяң жағдайда іс-қимылдарға психологиялық дайындық.

      1-сабақ. Қысылтаяң жағдайда өзін ұстау. Қысылтаяң жағдай туралы түсінік. Психоэмоциялық қызуды басу.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

Өртке қарсы ерікті құралымдардың өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушілерін бастапқы даярлаудың тақырыптық жоспары.

р/с №

Тақырыптың атауы

Сағат саны

барлығы

оның ішінде

аудитория

практикалық

1

Өрт сөндіру автомобильдерінің жіктелуі мен таңбалануы.

1

1

-

2

Негізгі мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері және негізгі тактикалық-техникалық деректер.

1

1

-

3

Арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері және негізгі тактикалық-техникалық деректер.

1

1

-

4

Қозғалтқышты қосымша салқындату жүйесі. Су мен көбік түзгішке арналған сыйымдылық. Су, көбік түзгіш, сорғыш бөлігі сыйымдылықтарын жылыту.

1

-

1

5

Өрт сөндіру сорғыштары.

3

1

2

6

Вакуумдық жүйе. Газ ағысты вакуум аппаратының және газ дабылының блогы.

1

-

1

7

Көбікпен сөндіру құралдары, аспаптары мен аппараттары.

2

1

1

8

Өрт сөндіру мотопомпалары.

1

-

1

9

Басқару органдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің бақылау-өлшеу құралдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің қосымша электр жабдығы. Жауынгерлік топтың кабинасына жылу беру.

1

-

1

10

Шанақ, өрт-техникалық жабдық.

1

-

1

11

Өрт сөндіру автомобильдері мен олардың арнайы агрегаттарының техникалық жай-күйін диагностикалау.

2

1

1

12

Өрт сөндіру автомобилі жүргізушісінің біліктілік сипаттамасы мен міндеттері.

1

1

-

13

Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

2

1

1

14

Техникалық құжаттама. Отын мен жанар-жағармай материалдары шығынының нормалары, есептен шығару тәртібі.

1

1

-

15

Өрт сөндірудің негізгі тактикалары.

1

1

-

16

Өрт-техникалық жабдық және олармен жұмыс істеу тәсілдері.

2

1

1

17

Өртке қарсы сумен жабдықтау. Су көзінен су алу.

3

1

2

18

Өрт сөндіру автомобильдері қозғалысының қауіпсіздік теориясының және негіздерінің элементтері. Арнайы жарық және дыбыс дабылдарымен жабдықталған автомобильдердің қозғалыс қағидалары.

1

1

-

19

Өрт сөндіру автомобильдерінде жұмыс.

4

-

4

20

Сынақ тапсыру.

4

1

3

Барлық сағат:

34

14

20


      № 1 тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерінің жіктелуі мен таңбалануы.

      1-сабақ. Орындалатын жұмыстардың, базалық шассидің түрі, жүк көтерімі бойынша өрт сөндіру автомобильдерінің жіктелуі. Өрт сөндіру автомобильдерінің үш топқа (негізгі, арнайы, қосалқы) бөлінуі. Өрт сөндіру автомобильдерін таңбалау – олардың жедел-тактикалық сипаттарының негізі.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 2 тақырып. Негізгі мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері және олардың негізгі тактикалық-техникалық деректері.

      1-сабақ. Автоцистерналар мен жеңді-сорғыш автомобильдердің қысқаша тактикалық-техникалық сипаттамасы, қолдану саласы. Негізгі агрегаттар мен арнайы мақсаттағы жүйелердің мақсаты, орналасуы, құрылғысы және өзара іс-қимыл жасасуы.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 3 тақырып. Арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері және негізгі тактикалық-техникалық деректері.

      1-сабақ. Арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері туралы жалпы мәліметтер. Мақсаты, жалпы құрылғысы, негізгі параметрлері, жұмыс қағидаты.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 4 тақырып. Қозғалтқышты қосымша салқындату жүйесі. Су мен көбік түзгішке арналған сыйымдылық. Су, көбік түзгіш, сорғыш бөлігі сыйымдылықтарын жылыту.

      1-сабақ. Қосымша салқындату жүйесінің құрылғысы және жұмысы. Салқындатылған сұйықтың температурасын бақылау және реттеу. Қосымша салқындату жүйесінің негізгі ақаулары. Ақаулардың белгілері мен себептері және оларды жою тәсілдері.

      Тетіктердің, түтікшенің, бақылау құбырының, сорғыш бөлігінің, жылыту құбырының мақсаты мен орналасуы. Цистерна мен бакты автомобиль рамасына бекіту. Су көбікті құрылымдарды қосу. Су сыйымдылықтары мен көбік түзгіштің негізгі ақаулары, оларды жою тәсілдері. Сыйымдылықтарға техникалық қызмет көрсету кезінде жұмыс және оларды орындау тәсілдері.

      Су сыйымдылықтарын, көбіктүзгішті және сорғыш бөлігін жылыту.

      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 5 тақырып. Өрт сөндіру сорғыштары.

      1, 2-сабақ. Жоғары қысымның сатысымен құрамдастырылған сыртқа тебуші өрт сөндіру сорғышының мақсаты және жұмыс істеу қағидаттары. Сорғыштардың құрылғысы. Сорғыштың негізгі тораптары мен бөлшектерінің мақсаты. Мақсаты және орналасуы:

      бақылау құралдары (мановакууметр, тахометр);

      клапан-вакуум;

      көбік араластырғыш;

      ысырмалар; құбырлар;

      бұрама;

      төгу краны және басқа да су-көбік коммуникациялары.

      Автомобильдің рамасына сорғышты бекіту. Ақаулардың белгілері мен себептері және оларды жою тәсілдері. Сорғыштың герметикалығын тексеру.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық және практикалық сабақтар.

      № 6 тақырып. Вакуумдық жүйе. Газ ағысты вакуум аппаратының және газ дабылының блогы.

      1-сабақ. Газ ағысты вакуум-аппаратының және газ дабылының мақсаты, орналасуы, құрылғысы және жұмысы. Блоктың жұмысын басқару органдары. Негізгі ақаулары және оларды жою тәсілдері.

      Вакуум жүйесі құралдарының мақсаты, орналасуы және өзара іс-қимыл жасасуы. Сорғыш вакуум клапанының іс-қимыл жасау құрылғысы және қағидаттары. Вакуум жүйесін қосу тәсілдері. Ақауларының себептері және оларды жою тәсілдері.

      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 7 тақырып. Көбікпен сөндірудің құралдары, жабдықтары және аппараттары.

      1, 2-сабақ. Көбік араластырғыш: мақсаты, түрлері, құрылғысы, іс-қимыл қағидаттары және техникалық сипаты. Сорғышта көбік араластырғышты орнату және құбырға қосу.

      Көбік төгу мен көбік түзгіштің құрылғысы: мақсаты, түрлері, құрылғысы. Ауа-көбік оқпанның, көбік генераторының жұмысы. Көбікпен сөндіру құралдары мен аппаратының негізгі ақаулары. Ақаулардың белгілері мен себептері және оларды жою тәсілдері.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық және практикалық сабақтар.

      № 8 тақырып. Өрт сөндіру мотопомпалары.

      1-сабақ. Өрт сөндіру мотопомпаларының мақсаты, түрлері, оларды қолдану. Мотопомпалардың негізгі техникалық сипаттары және құрылғысы. Мотопомпалардың өрт сөндіру жабдықтары. Негізгі ақаулар және оларды жою тәсілдері. Мотопомпаларды іске қосу, олардың жұмысы және күту. Техникалық қызмет көрсету кезіндегі жұмыстар. Жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік техникасы.

      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 9 тақырып. Басқару органдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің бақылау-өлшеу құралдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің қосымша электр жабдығы. Жауынгерлік есептоптың кабинасына жылу беру.

      1-сабақ. Тұтқалардың орналасуы мен мақсаты (ілініс, қуатты таңдау қорабы және т.б.). Басқару органдарымен іс-қимыл тәсілдері.

      Бақылау-өлшеу құралдары, олардың мақсаты, құрылғысы, іс-қимыл қағидаттары мен орналасуы.

      Жарық беру және дабыл құралдарының мақсаты және орналасуы. Ауыстырып қосқыш, ағытқыш және сақтандырғыштың іс-қимыл қағидаттары және орналасуы. Қосымша электр жабдығының сызбасы. Қосымша жарық беру және дабыл құралдарының негізгі ақаулары. Ақаулардың белгілері мен себептері және оларды жою тәсілдері.

      Бензоэлектрлік жылу беру жұмысының құрылғысы және жұмыс істеу қағидаттары. Жылу беру жұмысын басқару және бақылау.

      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 10 тақырып. Шанақ, өрт-техникалық жабдық.

      1-сабақ. Жауынгерлік есептоптың кабинасы және зерделенетін өрт сөндіру автомобильдерінің шанағы. Бөліктердің орналасуы мен мақсаты.

      Су көбікті жабдықтың, өрт сөндіру оқпандарының, өрт жеңдері мен керек-жарақтарының, өрт қол сатыларының, өрт сөндірушілердің қол құралдарының мақсаты, орналастыру және бекіту. Өрт сөндіру жабдығы тиісілігінің табелі.

      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

      № 11 тақырып. Өрт сөндіру автомобильдері мен олардың арнайы агрегаттарының техникалық жай-күйін диагностикалау.

      1, 2-сабақ. Техникалық диагностикалаудың мақсаты және міндеттері. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің технологиялық процесінде диагностиканың орны. Диагностикалау өлшемдерінің нормативтік мағыналары. Диагностикалық құралдар болмағанда өрт сөндіру автомобильдерінің арнайы агрегаттарын тексеру және сынау. Автомобильдерді диагностикалау кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық және практикалық сабақтар.

      № 12 тақырып. Өрт сөндіру автомобилі жүргізушісінің біліктілік сипаттамасы және міндеттері.

      1-сабақ. Өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісіне қойылатын қосымша кәсіби талаптар. Өрт сөндіру автомобилі жүргізушісінің міндеттері: өртте жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 13 тақырып. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

      1, 2-сабақ. Техникалық қызмет көрсетудің түрлері және мерзімділігі. Техникалық қызмет көрсету, маусымдық қызмет көрсету кезінде және автомобильді өрттен келгеннен кейін жауынгерлік есептопқа қоймас бұрын жұмыс істеудің мазмұны.

      Өрт сөндіру автомобильдерін жөндеудің жүйесі, түрлері және әдістері. Өрт сөндіру автомобильдерінің жөндеу арасындағы жүгіріс өлшемдері мен нормаларына ықпал ететін факторлар. Автомобильдерді жөндеуге тапсыру және жөндеуден алу. Жөндеу жүргізуді ұйымдастыру. Жөндеуден кейін өрт сөндіру автомобильдеріне қойылатын техникалық талаптар. Өрт сөндіру автомобильдерін жөндеуге техникалық құжаттама, жөндеуді есепке алу. Өрт сөндіру автомобильдерін жөндеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық және практикалық сабақтар.

      № 14 тақырып. Техникалық құжаттама. Отын мен жанар-жағармай материалдары шығынының нормалары, есептен шығару тәртібі.

      1, 2-сабақ. Өрт сөндіру автомобилінің техникалық төлқұжаты, формуляры және пайдалану карточкасы. Техникалық қызмет көрсету кестесі, өрт сөндіру автомобиліне техникалық қызмет көрсету журналы, автомобильдердің шиналары мен аккумулятор батареясы жұмысын есепке алу карточкасы. Оларды толтыру кезеңділігі мен қағидалары.

      Өрт сөндіру автомобильдеріне арналған сұйық отын мен майлау материалдарының шығын нормалары. Отынның жазғы және қысқы шығын нормалары. Жанармайды есептен шығару тәртібі. Автомобильдердің отынын үнемдеу және отын шығыны туралы түсінік. Автомобильдерді үнемді басқарудың әдістері мен тәсілдері. Отынды үнемдеп шығындауға автомобиль жүйесін реттеу. Шұғыл жағдайларда отынды пайдалану мен шығындаудың ерекшеліктері. Отын шығынына жүргізушінің біліктілігінің ықпалы.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 15 тақырып. Өрт сөндірудің негізгі тактикалары.

      1-сабақ. Өрт сөндіру тактикасы туралы жалпы түсінік. Өрт сөндіру барысында өртке қарсы қызмет бөліністерінің негізгі әрекеттері. Өртте жауынгерлік іс-қимылды жүргізу барысында жүргізушілер жұмысының мазмұны. Өрт сөндіру барысында жүргізушілер жіберетін сипатты қателіктері.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 16 тақырып. Өрт-техникалық жабдық және олармен жұмыс істеу тәсілдері.

      1, 2-сабақ. Өрт-техникалық құралдардың түрлері, мақсаты және құрылғысы. Сорғыш жеңдер, сорғыш торлар, олардың мақсаты, құрылғысы, қысқаша сипаты. Қосқыш, сорғыш және қысымды жеңдердің кілттері.

      Қысымды жең, олардың мақсаты және қысқаша сипаты. Өрт сөндіру жеңдеріне, жеңдерді қосу бастиектеріне, төсемдерге, тоқтатуларға, қысқыштарға, ер тұрмандарға, көпіршелерге арналған су жинағыш және оның мақсаты және жеңдік бағытпен төсеуде пайдалану.

      Су беруге арналған (жабатын, тозаңдатқыштар, құрамдастырылған, лафетті) өрт сөндіру оқпандары, саптамалар және олардың мақсаты. Судың шығыны мен ағыстардың ұзақтығы туралы түсінік. Олардың саптамадағы қысымына тәуелділігі. Гидроэлеватор және су жинайтын эжектор. Олардың мақсаты, құрылғысы, жұмыс тәртібі.

      Жеңдік тармақтау, олардың мақсаты мен құрылғысы. Жеңдермен, жеңдік орамдарымен жұмыс істеу, су толтыру үшін жеңдік бағытты жинау кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық және практикалық сабақтар.

      № 17 тақырып. Өртке қарсы сумен жабдықтау. Су көзінен су алу.

      1, 2-сабақ. Өрт сөндіру сумен жабдықтау туралы жалпы мәліметтер. Өрт сөндіру үшін пайдаланылатын су көздерінің түрлері мен орналасуы. Өрт сөндіру гидранты, оның мақсаты, құрылғысы, су құбырлары желісінде өрт сөндіру гидрантының орналасуы. Гидранттардың көрсеткіштері және пайдалану қағидалары. Жазғы, қысқы уақыттарда өрт сөндіру гидрантын пайдалану ерекшеліктері.

      Өрт сөндіру колонкасы, оның мақсаты мен құрылғысы. Колонкаларды гидрантқа орнату кезінде гидрант пен колонкалар бөлшектерінің өзара іс-қимылы, суды іске қосу және жабу.

      Өрт сөндіру колонкаларымен жұмыс істеу кезінде су көздеріне өрт сөндіру автомобильдеріне орнату кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Суаттан су толтыру үшін өрт сөндіру автомобиліне орнату.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық және практикалық сабақтар.

      № 18 тақырып. Өрт сөндіру автомобильдері қозғалысының қауіпсіздік теориясының және негіздерінің элементтері. Арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталған автомобильдердің қозғалыс қағидалары.

      1-сабақ. Автомобиль қозғалысы теориясының элементтері. Автомобильдерге әсер ететін күштер. Өрт сөндіру автомобильдерінің ауырлық ортасының орналасуы. Қозғалыстың орташа жылдамдығы. Автомобильді тежеу. Өрт сөндіру автомобилінің тұрақтылығы және басқарушылығы.

      Арнайы дыбыс және жарық сигналдарымен жарақталған автомобильдерді жүргізуге қойылатын қауіпсіздік талаптары. Автомобильді басқару кезінде жүргізушілер үшін міндетті талаптар.

      Жүргізу әдісі: аудиториялық сабақ.

      № 19 тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерінде жұмыс істеу.

      1, 2-сабақ. Су көздерінен су толтыру үшін автомобильді, мотопомпаларды орнатуға орын таңдау (гидрант немесе ашық суат).

      Сору және қысымды желінің желіге төсемі. Вакуум-аппаратын, сорғышты іске қосу және жұмыс істеуі және жеңдік желілерге су беру. Гидранттан, ашық суат пен цистернадан су толтыру.

      Сорудың практикалық шегін жоғарылататын гидроэлеватордың көмегімен терең және қашықтықтан сорғышпен су беру.

      Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

  Ерiктi өрт сөндiрушiлердi
бастапқы даярлаудың оқу
бағдарламасына
1-қосымша

      нысан

Бастапқы даярлаудың нәтижелері жөніндегі комиссия отырысының
№ ___хаттамасы ______________________________________________________

      (оқу орталығының толық атауы)

      ______________________________________________________

      20__ жылғы "___" _____ № ___ бұйрыққа (өкімге) сәйкес

      комиссия мынадай құрамда:

      төрағасы ______________________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      мүшелері:

       1.___________________________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

       2.___________________________________________________________

       3.___________________________________________________________

       4.___________________________________________________________

      20__ жылғы "___" _____ бастапқы даярлаудың нәтижелері бойынша білімді

      тексеруді өткізіп, мынадай нәтижелер анықталды:

р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымы

Белгі

Қолы

1





2






      Комиссия төрағасы ________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      Комиссия мүшелері:

      1. ___________________________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      2. ___________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________

      4. ___________________________________________________________

      М.О. 20__ жылғы "___" _____

  Ерiктi өрт сөндiрушiлердi
бастапқы даярлаудың оқу
бағдарламасына
2-қосымша

Ерікті өрт сөндірушілердің бастапқы даярлаудан өткені туралы сертификат

Оқу орталығының атауы (мемлекеттік тілде)

Нышан (болған жағдайда)

Наименование учебного центра, (на русском языке)

№ ______ СЕРТИФИКАТ

Выдан________________________________________________берілді

Ерікті өрт сөндірушінің бастапқы даярлаудан өткені туралы

О прохождении первоначальной подготовки добровольного пожарного

Білім алушының санаты_________________________________________

Категория обучаемого

Оқу ортылығының басшысы

Руководитель учебного центра_____(Т.А.Ә., Ф.И.О.)(егер бар болса)

 (қолы, подпись)

Мөр орны

Место печати

Берілген күні_____________

Дата выдачи



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады