Жеке сот орындаушыларының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысуы туралы келісім нысанын, жеке сот орындаушылары көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы есептің және жинақтық есептің нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 606 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 желтоқсанда № 12436 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 103-1-бабының 3, 4 және 5-тармақтарына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мына:
      1) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) көрсетілген мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы есеп нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
      3) жеке сот орындаушылары көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы жинақтық есеп нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі                                   Б.Имашев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитетінің төрағасы
      _________________Ә. Смайылов
      2015 жылғы «___» ___________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Жеке сот орындаушыларының
      республикалық палатасы
      Басқармасының төрағасы
      _________________С. Ли
      2015 жылғы «___» __________

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 606 бұйрығына     
1-қосымша         

Нысан

Жеке сот орындаушыларының
мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысуы туралы
келісім

_________________________                 20___ж. «____» ___________
      жасасқан орны

      Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға ____________________
                            (лицензияның нөмірі және берілген күні)
лицензиясы бар, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатаның
мүшесі болып табылатын, одан әрі «Жеке сот орындаушысы» деп аталатын
жеке сот орындаушысы _____________________________ бір тараптан және
                (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
бюджеттік қаражат есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасымен
көзделген жағдайларда және тәртіпте мемлекет кепілдік берген заң
көмегін алуға құқығы бар азаматтар мүддесінде әрекет ететін, одан әрі
«Әкімші» деп аталатын _____________________________________________
___________________________________________________________________
(осы келісімге қол қоюға уәкілетті әділет органының өкілінің аты,
               әкесінің аты (бар болса), тегі)
әділет департаменті атынан екінші тараптан «Атқарушылық іс жүргізу
және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының (бұдан әрі - Заң) 103-1-бабының 4-тармағын басшылыққа алып,
мыналар туралы осы Келісімді жасасты:
      1. Жеке сот орындаушысы істердің әлеуметтік маңызды
санаттарының атқарушылық құжаттарын орындау бойынша мәжбүрлеп
орындату шараларын қабылдау түрінде мемлекет кепілдік берген заң
көмегін көрсетуге міндеттеледі. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі
азаматқа тегін көрсетіледі. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы
төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      2. Жеке сот орындаушысы істердің әлеуметтік маңызды
санаттарының атқарушылық құжаттарын орындау бойынша мәжбүрлеп
орындату шараларын қабылдау түрінде мемлекет кепілдік берген заң
көмегін көрсетуден мынадай шарттардың бірі болған кезде бас тартады:
      1) атқарушылық іс жүргізу өндіріп алушының өтінішінсіз
қозғалуға жататын жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжат өндіріп
алушының өтінішінсіз ұсынылса не өтінішке өндіріп алушы немесе
оның өкілі қол қоймаса;
      2) атқарушылық құжат атқарушылық әрекеттерді жасау орны бойынша
ұсынылмаса;
      3) атқарушылық құжатты орындауға ұсыну мерзімі өтсе және сот
қалпына келтірмесе;
      4) құжат атқарушылық болмаса не атқарушылық құжаттарға
қойылатын талаптарға сәйкес келмесе;
      5) атқарушылық құжат бұрын орындауға ұсынылып, ол бойынша
атқарушылық іс жүргізу Заңның 47-бабының 1-тармағымен көзделген
негіздер бойынша тоқтатылса;
      6) атқарушылық құжатқа судьяның қолымен және соттың мөрімен
расталған, заңды күшіне енгендігі туралы белгісімен сот актісінің
көшірмесі қоса берілмесе.
      3. Әкімші істердің әлеуметтік маңызды санаттарының атқарушылық
құжаттарын орындау бойынша мәжбүрлеу шараларын қабылдау шеңберінде
көрсетілген қызметтің ақысына бюджеттік қаражатты жеке сот
орындаушысының шотына уақтылы аударуға міндеттеледі.
      4. Осы Келісім екі данада (Тараптардың әрқайсысы үшін)
жасалған, қол қойылған кезінен бастап күшіне енеді және келесі жылдың
15 желтоқсанына дейін қолданыста болады.
      Осы Келісімнің куәландырылған көшірмесін Әкімші мәлімет үшін
жеке тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың
Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.

Әкімші:                              Жеке сот орындаушысы:
__________ (____________)            __________(________________)
(қолы, тегі, аты-жөні)               (қолы, тегі, аты-жөні)

____________________________         ___________________________
(Әділет органының мекенжайы,        (кеңсенің орналасқан жерінің
почталық индексі)                   мекенжайы)

____________________________
(жеке сот орындаушысының банк
деректемелері)

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің    
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 606 бұйрығына     
2-қосымша        

Әкімшілік деректерді жинақтау
үшін арналған нысан

Жеке сот орындаушысы көрсеткен
мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы
есебі

Есептік кезеңі 20___ж. ________ ай

Индекс: ЖСО-1

Кезеңділігі: ай сайын

Ұсынады: атқару округының жеке сот орындаушысы

Нысан ұсынылатын орын: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына

Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-ші күніне 

р/р

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезіндегі істердің әлеуметтік маңызды санаттарының түрлері

Азаматтардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету үшін есептік кезеңінің басына қалған өтініштері

Есептік кезеңде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге жүгінген азаматтар

Жеке сот орындаушысының қарауында болған мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы өтініштер (1б.+ 2б.- =3б.)

Жеке сот орындаушысы көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегінің жалпы саны

олардың ішінде

Азаматтардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету үшін есептік кезеңінің соңына қалған өтініштері (3б.- 4б.- = 6б.)

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 38-б. көзделген негіздер бойынша бас тартылғаны





1

2

3

4

5

6

1

Алиментті өндіріп алу







2

Жалақыны өндіріп алу







3

Зейнетақы мен жәрдемақыны өндіріп алу







4

Өмірі мен денсаулығына келтірілген залалды өтеу







5

БАРЛЫҒЫ:
5 жол = 1+2+3+4







      Жеке сот орындаушысы _______________________
                           (тегі, аты-жөні, қолы)     м.о.

      Жасалған күні 20__ж. «____»__________

      Телефондары: жұмыс ____________мобильдік_____________

Әкімшілік деректерді жинақтау үшін арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

«Жеке сот орындаушысы көрсеткен
мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы
есебі»

      1. Жеке сот орындаушысы мемлекет кепілдік берген заң көмегі тегін көрсетілген істердің әлеуметтік маңызды санаттарының түрін көрсетумен «Жеке сот орындаушысы көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы есебі» әкімшілік деректерді жинақтау үшін арналған нысанды ұсынады:
      алиментті өндіріп алу бойынша;
      жалақыны өндіріп алу бойынша;
      зейнетақы мен жәрдемақыны өндіріп алу бойынша;
      өмірі мен денсаулығына келтірілген залалды өтеу бойынша.
      2. Көрсеткіштері ағымдағы жылдың 5 күніне нақты деректер бойынша жасалады.
      3. Әкімшілік деректерді жинақтау үшін арналған нысанға жеке сот орындаушысы қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. 1-ші бағанда азаматтардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету үшін есептік кезеңінің басына қалған өтініштері көрсетіледі.
      5. 2-ші бағанда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге жүгінген барлық азаматтар көрсетіледі.
      6. 3-ші бағанда жеке сот орындаушысының қарауында болған мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы барлық өтініштер (1 баған + 2 баған = 3 баған) көрсетіледі.
      7. 4-ші бағанда жеке сот орындаушысы көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегінің жалпы саны, оның ішінде 5-ші бағанда «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген негіздер бойынша бас тартылғаны көрсетіледі.
      8. 6-шы бағанда азаматтардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету үшін есептік кезеңінің соңына қалған өтініштері көрсетіледі. Бұл ретте, 6-шы баған мынадай формула бойынша есептеледі (3 баған – 4 баған = 6 баған).

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің    
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 606 бұйрығына     
3-қосымша         

      Әкімшілік деректерді жинақтау
үшін арналған нысан

Жеке сот орындаушылары көрсеткен
мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы
жинақтық есебі

Есептік кезеңі 20___ж. ________ ай

Индекс: ЖСО-2

Кезеңділігі: жылдық

Ұсынады: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Нысан ұсынылатын орын: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттеріне

Ұсыну мерзімі: жарты жылдық 20 қаңтардан және 20 маусымнан кешіктірмей 

р/р

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезіндегі істердің әлеуметтік маңызды санаттарының түрлері

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің е септік кезеңінің басына қалғаны

Есептік кезеңде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге жүгінгендер саны

Жеке сот орындаушыларының қарауында болған кепілдік берілген заң көмегін көрсету туралы өтініштер (1б.+2б.- =3б.)

Жеке сот орындаушылары көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегінің жалпы саны

олардың ішінде

Азаматтардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету үшін есептік кезеңінің соңына қалған өтініштері (3б.- 4б.- = 6б.)

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 38-б. көзделген негіздер бойынша бас тартылғаны





1

2

3

4

5

6

1

Алиментті өндіріп алу







2

Жалақыны өндіріп алу







3

Зейнетақы мен жәрдемақыны өндіріп алу







4

Өмірі мен денсаулығына келтірілген залалды өтеу







5

БАРЛЫҒЫ: 5 жол= 1+2+3+4







      Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы
      ________________                         __________
         (т.а.ә.)                                қолы        м.о.

      Жасалған күні 20__ж. «____»__________

      Телефондары: жұмыс ____________мобильдік_____________

Әкімшілік деректерді жинақтау үшін арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме «Жеке сот орындаушылары көрсеткен
мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы
жинақтық есебі»

1. Жалпы ереже

      1. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы мемлекет кепілдік берген заң көмегі тегін көрсетілген істердің әлеуметтік маңызды санаттарының түрін көрсетумен «Жеке сот орындаушысы көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы жинақтық есебі» әкімшілік деректерді жинақтау үшін арналған нысанды ұсынады:
      алиментті өндіріп алу бойынша;
      жалақыны өндіріп алу бойынша;
      зейнетақы мен жәрдемақыны өндіріп алу бойынша;
      өмірі мен денсаулығына келтірілген залалды өтеу бойынша.
      2. Көрсеткіштері 20 қаңтарға және 20 шілдеге нақты деректер бойынша жасалады.
      3. Әкімшілік деректерді жинақтау үшін арналған нысанға Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. 1-ші бағанда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің есептік кезеңінің басына қалғаны көрсетіледі.
      5. 2-ші бағанда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге жүгінген барлық азаматтар көрсетіледі.
      6. 3-ші бағанда жеке сот орындаушыларының қарауында болған мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы барлық өтініштер (1 баған + 2 баған = 3 баған) көрсетіледі.
      7. 4-ші бағанда жеке сот орындаушылар көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегінің жалпы саны, оның ішінде 5-ші бағанда «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген негіздер бойынша бас тартылғаны көрсетіледі.
      8. 6-шы бағанда азаматтардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің есептік кезеңінің соңына қалғаны көрсетіледі. Бұл ретте, 6-шы баған мынадай формула бойынша есептеледі (3 баған – 4 баған = 6 баған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады