Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.04.2019 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-2 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес фильмге прокаттау куәлігінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;
3) осы бұйрықты оның ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат ұсынуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Министр | А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 366 бұйрығына қосымша |
нысан
Фильмге прокаттау куәлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Фильмнің атауы: _____________________________________________________
Шығарушы ел: ________________________________________________________
Шығарушы студия: ____________________________________________________
Шыққан жылы: ________________________________________________________
Фильмнің форматы: ___________________________________________________
Фильмнің хронометражы: ______________________________________________
Сценарий авторы (лары): _____________________________________________
Қоюшы-режиссер (лер): _______________________________________________
Қоюшы-оператор (лар): _______________________________________________
Қоюшы-суретші (лер): ________________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы (лары): _________________________________
Продюсер (лер): _____________________________________________________
Фильмнің сериялар саны: _____________________________________________
Фильмнің жанры: _____________________________________________________
Фильмнің тілі, фильмнің дубляждау тілдері (бар болса): ______________
Шығарушы ел берген көрермендердің жас шегі (индексі):
_______________Түрі:_________________________________________________
_____________________________________________________________________
аумағында фильмге құқық
_____________________________________________________________ тиесілі
Фильмді пайдалану құқығының санаты: _________________________________
Фильмді пайдалану құқығының қолданылу мерзімі: ______________________
Көрермендердің жас шегіне қарай фильмнің индексі:____________________
____________________________________
(уәкілетті адамның тегі мен инициалдары)
Уәкілетті адамның электрондық қолтаңбасы
_______________________________________