Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.11.2020 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 1-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрінің | |
міндетін атқарушы | М.Құсайынов |
"КЕЛIСIЛГEH"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 25 қараша
"КЕЛIСIЛГEH"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
______________ Ж. Қасымбек
2015 жылғы 24 қараша
"КЕЛIСIЛГEH"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
___________ Ұ. Қарабалин
2015 жылғы 26 қараша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 710 бұйрығымен бекітілген |
Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыздар тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібі (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Ерекше тәртіп Заңның 13-бабы 1-тармағының 1-4) тармақшасында көзделген халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз тартатын және уәкілетті органның ведомствосы халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыздар тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъекті) қызметіне қолданылады.
3. Осы Ерекше тәртіппен реттелмеген Субъектілердің қызметі Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.
4. Ерекше тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) пайданың ауыспалы бөлігі – реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа, сенімділік және тиімділік өлшемшарттары ескеріле отырып қалыптастырылатын, тарифке енгізілген пайданың 30%-нан аспайтын пайданың бір бөлігі;
2) екі мөлшерлемелі тариф – тұтыну тарифінен және қызмет көрсету жүйесін ұстау тарифінен тұратын тариф;
3) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін Субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келісуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган.
4) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;
5) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары – халықаралық қаржы ұйымдарының қарыз шарты негізінде не векселдер, облигациялар, басқа бағалы қағаздар және өзге халықаралық қаржы ұйымдарының ақшалай міндеттемелері түрінде берген қарыздары.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2016 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Тарифтердің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін бекіту тәртібі
5. Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлері бес және одан көп жылға бекітіледі және жыл сайын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа, сенімділік пен тиімділік критерийлеріне қол жеткізбеген кезде пайданың ауыспалы бөлігі есебінен азайту жағына өзгертіледі.
6. Субъекті уәкілетті органның ведомствосына тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекітуге берілетін өтінімді еркін нысанда бес жылдық және одан асатын мерзімге оны қолданысқа енгізгенге дейін мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:
1) Салалық ерекшеліктерді ескере отырып прейскурантпен тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің жобасы;
2) Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8625 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларына (бұдан әрі – Тарифтердің шекті деңгейін бекіту қағидалары № 213) 3-қосымшаға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтік сметасының жобасы;
3) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазба;
4) Тарифтердің шекті деңгейін бекіту қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті кезеңдегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтік сметасының орындалуы туралы мәліметтерді, негіздеуші материалдар мен тарифтік сметаның әрбір бабы бойынша толық жазуларды қоса, алдыңғы жылғы шығындар туралы нақты деректері.
5) пайда мөлшерлемесінің есебі;
6) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырғанға дейін пайдаланылатын және ұзақ мерзімді кезеңде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезінде пайдалануға енгізілетін негізгі құралдарға амортизациялық аударымдардың жылдарға бөлінген есебі;
7) қарыз ресурстарын қаржыландыруды және өтеуді (кредиттер үшін пайыздар, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемдер, өтеу мерзімдері мен басқалар) растайтын құжаттар;
8) табиғи монополия субъектісінің жобалық қуаты туралы және оның іс жүзінде пайдаланылуы туралы деректер;
9) инвестициялық бағдарламаның (жобаның) жобасы қоса беріледі.
Тарифтердің шекті деңгейін бекіту қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті кезеңдердегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтік сметасын орындау туралы мәліметтерді Заңның 7-бабының 11) тармақшасында көзделген мерзімде ұсынбаған жағдайда, Субъекті:
1) негіздеуші материалдарды және тарифтік сметаның әрбір бабы бойынша таратылып жазуларын қоса, тиісті кезеңде тарифтік сметаның орындалуы туралы ақпаратты;
2) "Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес алдыңғы күнтізбелік жылдағы Субъектінің қаржы есептілігі;
3) "Еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 тіркелген "Еңбек бойынша есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын;
4) "Кәсіпорындардың қаржысы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 50 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10074 тіркелген "Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын ұсынады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2016 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Өтінімге қоса берілетін есептер мен негіздеуші материалдар мынадай рәсімдер сақтала отырып, ұсынылады:
1) өтiнiм материалдары тігіледі, нөмірленеді және Субъекті мөрімен және басшысының не оны ауыстыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлік есеп және қаржы мәселелері кіретін басшы орынбасарының қолымен расталады. Бұл ретте, қаржы құжаттарына Субъектінің басшысы және бас бухгалтері не оларды ауыстыратын адамдар қол қояды және Субъектінің мөрімен расталады;
2) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын есептеу кезінде негіз ретінде өткен күнтізбелік жыл ішіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдері бірінші жылға және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланған көлемдері – Қазақстан Республикасының даму басымдықтарын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, кейінгі жоспарланатын жылдарға алынады;
3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерi төмендеген кезде төмендеудi негiздейтін және растайтын материалдар ұсынылады;
4) табиғи монополия субъектiсi жүзеге асыратын қызметтердiң әрбiр түрiне жеке дайындалады.
8. Уәкілетті органның ведомствосы өтінім алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған негіздеуші материалдардың толықтығын тексереді және Субъектіні өтінімің қарауға қабылданғаны туралы немесе өтінімді қараудан бас тартылғаны туралы бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.
Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тарту себептері:
1) Субъектінің өтінімді ұсыну мерзімдерін бұзуы;
2) Субъектінің осы Ерекше тәртіптің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;
3) ұсынылған құжаттардың осы Ерекше тәртіптің 7-тармағына сәйкес келмеуі;
4) жобамен ұсынылатын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10459 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 194 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту, оларды түзету, сондай-ақ олардың орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу қағидаларыннда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.
9. Субъекті тарифтерінің (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметаларының жобасын уәкілетті органның ведомствосы өтінім берілген күннен бастап отыз жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
10. Егер тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) бекітілген шекті деңгейінің қолданысы және (немесе) бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде Субъекті халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын болса, онда Субъекті, егер тарифтің қолданыстағы бекітілген шекті деңгейі халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартуға байланысты шығыстарды жаппаса немесе халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары тартылатын мақсаттағы инвестициялық бағдарламаға енгізуге жоспарланған іс-шараларды ескермесе тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) жаңа деңгейін және (немесе) жаңа инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге жаңа өтінім береді.
Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) жаңа шекті деңгейі және (немесе) жаңа инвестициялық бағдарлама (жоба) бекітілген жағдайда, бұрын қолданыста болған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің және (немесе) жаңа инвестициялық бағдарламаның (жобаның) күші жойылады.
Егер бекітілген тарифтің қолданысы кезеңінде Субъекті бекітілген инвестициялық бағдарламада ескерілмеген халықаралық қаржы ұйымдарының қарыз қаражаттарын қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерін жасауға бағыттаса, осы қарыз қаражаты бойынша негізгі борыш және сыйақылар төлеуге арналған шығыстар расайтын негіздеуші құжаттар болған кезде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) жаңа шекті деңгейін бекіту кезінде ескеріледі.
11. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметалардың жобасына:
1) алдыңғы бір жылдағы тарифтік сметаның іс жүзінде орындалуы негізінде;
2) ол үшін тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін, жобаны ұсынған Субъектіні тарта отырып, сараптама жүргізеді.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2016 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Уәкілетті органның ведомствосы Субъекті ұсынған тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10742 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 219 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетілетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерiн бекiтуге арналған өтiнiмдерді қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу қағидаларында айқындалған тәртіппен жария тыңдауларды өткізу кезінде талқылауға шығарады.
13. Уәкілетті органның ведомствосы жария тыңдаулар өткізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарландыруды өзінің интернет-ресурсында орналастырады және Субъекті өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аптасына кемінде екі рет таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды.
14. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемлерінің) шекті деңгейлерін бекіту кезінде жария тыңдаулар шешім қабылданғанға дейін он жұмыс күні бұрын өткізіледі.
15. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту немесе реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекітуден бас тарту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешімі уәкілетті орган ведомствосы басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті органның ведомствосы Субъектіге шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолдайды.
Тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде уәкілетті орган ведомствосының шешімінде оны қолданысқа енгізу күні көрсетіледі.
16. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі бірінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
Тарифтердің қолданыс мерзімі Субъектінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңіне белгіленеді.
17. Субъекті тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейі енгізілетіні туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы ақпаратты Субъекті өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жолымен жеткізеді.
18. Субъекті уәкілетті органның ведомствосына тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейі енгізілетіні туралы тұтынушыларды хабардар еткені туралы ақпаратты осы хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
19. Егер Субъекті тұтынушыларды осы Ерекше тәртіпте көзделген мерзімде тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейі енгізілетіні туралы хабардар етпесе, онда тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) көрсетілген шекті деңгейі уәкілетті орган ведомствосының шешімінде көрсетілген күнінен бастап енгізілмейді. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) бекітілген шекті деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
20. Егер Субъекті тарифтің шекті деңгейінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін уәкілетті органның ведомствосына аяқталатын мерзімде тарифтің (бағаның, алымдар мөлшерлемесінің) тиісті шекті деңгейін бекітуге өтінім бермеген жағдайда, Субъекті реттеліп көрсетілетін қызметтерді инвестициялық бағдарламаны іске асыруға арналған тарифте алдында көзделген пайданы және амортизацияны шегере отырып, тарифтер бойынша көрсетеді (инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға тартылған қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуді қоспағанда).
21. Тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзетуді уәкілетті органның ведомствосы Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту қағидаларына сәйкес жүргізеді.
3. Инвестициялық бағдарламаны бекіту тәртібі
22. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту тәртібі осы Ерекше тәртіптің ерекшеліктері ескеріле отырып, Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту қағидаларында айқындалған
23. Субъектінің инвестициялық бағдарламасы:
1) қазіргі бар активтерді кеңейтуді, қалпына келтіруді, қолдауды, жаңартуды, негізгі құралдарды техникалық қайта жарақтандыруды;
2) субъектінің жаңа активтерін құруды көздейтін іс-шараларды қамтиды.
24. Субъектінің инвестициялық бағдарламасының іс-шаралары:
1) негізгі құралдардың технологиялық (нақты) тозуын төмендетуге;
2) ысыраптарды төмендетуге;
3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын, сенімділігі мен тиімділігін арттыруға;
4) энергия аудиттің қорытындысы бойынша әзірленген энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға бағытталады.
25. Инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру көздері:
1) меншікті қаражат:
Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтен алынатын пайдасының кемінде 70%;
амортизациялық аударымдар;
2) Субъекті тарифінің (бағасының, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін қалыптастыру кезінде ескерілетін қарыз қаражаты болып табылады.
26. Уәкілетті органның ведомствосы және құзыретті орган Субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) ұсынылған күнінен бастап отыз жұмыс ішінде қарайды.
27. Субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы:
шешім қабылданғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің қол қойылған жобасын инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қоса бере отырып жолдайды;
не субъектіні инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы, уәкілетті орган мен мемлекеттік орган қол қойған дәлелді қорытындыны қоса бере отфырып, хабардар етеді.
Инвестициялық жобаны бекітуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік органға уәкілетті органның ведомствосына оны ұсынған күнінен бастап жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей дәлелді қорытындыны жолдайды.
28. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік орган уәкілетті органның ведомствосына инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы қол қойылған шешімді жібереді не дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы хабарлайды.
Уәкілетті орган немесе құзыретті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы ақпаратты енгізген жағдайда, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау мерзімі бес жұмыс күніне ұзартылады.
29. Субъектінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті органның ведомствосы және тиісті мемлекеттік орган өздерінің интернет-ресурстарында уәкілетті органның ведомствосы мен мемлекеттік орган шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастырады.
30. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасын уәкілетті органның ведомствосы Субъектіге уәкілетті органның ведомствосы және мемлекеттік орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолдайды.
31. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту негіздері Заңның 15-3-бабының 4-тармағында белгіленген.
32. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекітуден бас тартуға негіз болып табылады.
33. Субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) түзетуді уәкілетті органның ведомствосы Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту қағидаларына сәйкес жүргізеді.
4. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін өзгерту
34. Осы Ерекше тәртіпке сәйкес бекітілген Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін өзгертуге негіздер тауарларды тасымалдау құнын қоса алғанда, стратегиялық тауарлар құнының және/немесе реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ағымдағы жылға болжанған тұтыну бағаларының индексінен асатын мөлшерде өзгеруі, сондай-ақ ағымдағы жылға ұлттық валюта бағамының қарыз туралы шарттың валютасына қатынасы бойынша өзгеруі болып табылады.
35. Тауарларды тасымалдау құнын қоса алғанда, стратегиялық тауарлардың құны тиісті ұлғайған немесе азайған, реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің, бір жылда бір реттен жиі емес ұлғайған немесе азайған жағдайларда, Субъект уәкілетті органның ведомствосына күнін көрсетіп және негіздеуші материалдармен қоса, алдағы тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) көтерілетіні немесе төмендейтіні туралы еркін нысандағы хабарламаны тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі көтерілетін күнге дейін көтерілетін тарифті көтеру күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын кешіктірмей жібереді.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2016 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Уәкілетті органның ведомствосы Субъектінің хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде хабарламаны және қоса берілген негіздеуші материалдарды қарайды.
Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің төмендеуі немесе көтерілуі туралы уәкілетті орган ведомствасының шешімі тарифтің шекті деңгейін енгізу күні көрсетіле отырып, бұйрық нысанында қабылданады.
Бұл ретте, тариф (баға, алым мөлшерлемесінің) деңгейі негізсіз көтерілген немесе негіздеуші материалдар ұсынылмаған жағдайда, Субъектіге тарифтің (бағаны, алым, мөлшерлемесінің) шекті деңгейін көтеруге дәлелді тыйым салу жіберіледі.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2016 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Егер Субъект, уәкілетті органның ведомствосына тауарларды тасымалдау құнын қоса алғанда, стратегиялық тауарлар құнының төмендеуі, нәтижесінде тарифтің шекті деңгейін төмендету туралы өтініш жасамаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау қорытындысы бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8472 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 115-НҚ бұйрығымен бекітілген Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі қағидаларға сәйкес уақытша өтемдік тарифті енгізеді.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2016 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2016 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
39. Субъект алынған тарифтің шекті деңгейін бекіту туралы шешімнің негізінде бұйрықта көрсетілген күннен бастап тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін қолданысқа енгізеді.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2016 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. Стратегиялық тауарлар құнының ұлғаюы немесе азаюы Субъектінің өткен кезеңдегі шығындарын айқындау кезінде пайдаланылатын бағаға қатысты, ал бұдан кейінгі жағдайларда - стратегиялық тауарлар құнының өзгерістері Субъекті немесе уәкілетті органның ведомствосы Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін өзгерту кезінде қолданатын бағаға қатысты айқындалады.
41. Субъекті көрсететін реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы немесе азаюы Субъектінің өткен кезеңдегі тарифтерін айқындау кезінде пайдаланылатын көрсетілетін қызметтердің көлеміне қатысты, ал бұдан кейінгі жағдайларда - реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің өзгерістері Субъекті немесе уәкілетті органның ведомствосы Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін өзгерту кезінде қолданатын көрсетілетін қызметтердің көлеміне қатысты айқындалады.
Ұлттық валютаның қарыз туралы шарттың валютасына қатынасы бойынша ұлғаюы немесе азаюы Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін өзгерту кезінде Субъекті немесе уәкілетті органның ведомствосы қолданатын тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін бекіту күніне ұлттық валюта бағамының қарыз туралы шарттың валютасына қатысы бойынша айқындалады.
Субъекті растаушы құжаттарды қоса реттеліп көрсетілген қызметтердің көлемдері туралы ақпаратты жыл сайын ұсынады.
42. Стратегиялық тауарлар құнының өзгеру фактісін белгілеу өнім берушілер шарттарының, хабарламаларының және Субъекті ұсынатын өзге де құжаттардың негізінде не стратегиялық тауарларды өндірушілердің бағаларын және (немесе) биржалық тауарлардың баға белгіленімдерін салыстырмалы талдау негізінде жүзеге асырылады.
43. Субъект уәкілетті орган ведомствосы мен тұтынушылардың назарына тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі өзгергені туралы ақпаратты, оны қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік жеті күн бұрын кешіктірмей жеткізеді.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2016 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын, сенімділігі мен тиімділігін ескере отырып, тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін түзету
44. Субъекті тарифтерінің (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін түзету Субъектінің жалпы пайдасының 30%-нан аспайтын пайдасының бір бөлігіне реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа, сенімділік және тиімділік коэффициентін қолдану жолымен жыл сайын жүзеге асырылады.
45. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа, сенімділік және тиімділік коэффициенті реттеліп көрсетілетін қызметтер сапасының, сенімділігінің және тиімділігінің жалпы және арнайы критерийлерінің негізінде айқындалады.
Реттеліп көрсетілетін қызметтер сапасының, сенімділігінің және тиімділігінің жалпы критерийлері осы Ерекше тәртіпке 1-қосымшада белгіленген.
Реттеліп көрсетілетін қызметтер сапасының, сенімділігінің және тиімділігінің арнайы критерийлері осы Ерекше тәртіпке 2-қосымшада белгіленген.
46. Субъекті уәкілетті органның ведомствосына реттеліп көрсетілетін қызметтер белгіленген сапа, сенімділігі мен тиімділігі критерийлерінің орындалуын растайтын материалдарды тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейі қолданысының соңғы он екі айынан кейінгі екі айдан кешіктірмей жыл сайын ұсынады:
1) тұтынушылардың көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанғаны туралы мәліметтер;
2) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді ұзақтығы үш күннен астам ұсынбау (ажырату) фактілерінің жоқ екені туралы мәліметтер; негізгі құралдардың 2 және одан астам %-ға тозуының төмендеуі немесе бұрынғы деңгейде сақталғаны туралы мәліметтер;
3) реттеліп көрсетілетін қызметтерді өндіруге энергетикалық ресурстар шығысының үлестік шамасының төмендеуі туралы мәліметтер; нормативтік техникалық ысыраптардың уәкілетті орган бекіткен деңгейге төмендеуі туралы мәліметтер; энергия тиімділігінің көтерілуі туралы мәліметтер (әкімшілік және өндірістік ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбының көтерілуі) реттеліп көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардан төлемдердің жиналу деңгейінің көтерілуі туралы мәліметтер.
47. Субъекті реттеліп көрсетілетін қызметтердің белгіленген сапа, сенімділік мен тиімділік критерийлерінің орындалуын растайтын материалдарды ұсынбаған жағдайда, Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтері сапасының, сенімділігі мен тиімділігінің коэффициенттері нөлдік мәнде қабылданады.
48. Уәкілетті органның ведомствосы Субъекті ұсынған материалдарды бір ай мерзімде қарайды және тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін түзету туралы шешім қабылдайды.
49. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады.
50. Субъекті тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) түзетілген шекті деңгейі енгізілетіні туралы ақпаратты тұтынушының назарына оны қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей Субъекті өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында осы ақпаратты орналастыру жолымен жеткізеді.
51. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа, сенімділік және тиімділік критерийлері ескеріле отырып түзетілген тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін түзету туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
52. Субъекті тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін түзету туралы уәкілетті орган ведомствосының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей Субъекті көрсеткен қызметтерге ақы төлеуге есептелген сомаларды қайта есептеуді жүзеге асырады.
6. Шығындарды айқындау
53. Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне шығындарды айқындау осы Ерекше тәртіптің ерекшеліктері ескеріле отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін, қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – № 130-НҚ Ерекше тәртібі) сәйкес жүзеге асырылады.
54. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін ұлттық немесе шетелдік валютада алынатын қарыз қаражаттары бойынша сыйақылар төлеуге шығыстар қарыз туралы шартқа сәйкес ескеріледі.
55. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып, Субъекті тарифінің (бағасының, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) сәйкес қабылданған соңғы жылдағы Субъектінің іс жүзіндегі шығындарының негізінде қалыптастырылады.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2016 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.56. Егер Субъекті реттеліп көрсетілетін қызметтерді бір жылдан кем көрсеткен жағдайда, оның шығындары салыстырмалы тауар нарығында осындай реттеліп көрсетілетін қызметтерді кемінде бір жылдан кем кезеңде көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің шығындарын салыстырмалы талдау нәтижелері бойынша айқындалады.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2016 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.57. Салыстырмалы талдау қызметі бойынша (көлемі, көрсетілетін қызметтердің түрлері, оларды көрсету орны және тағы басқалар бойынша) ұқсас көрсеткіштері бар салыстырмалы тауар нарығында ұқсас реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің шығындарын салыстыру және өндірістік шығындар мен кезең шығыстарының орташа арифметикалық мәнін тиісінше айқындау жолымен жүргізіледі.
7. Екі мөлшерлемелі тарифті қолдану
58. Тұтынуға арналған тарифтен және қызметтерді көрсету жүйесін ұстауға арналған тарифтен тұратын Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне екі мөлшерлемелі тарифті уәкілетті органның ведомствосы Субъектінің:
жылу энергиясымен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған еркін нысандағы өтінімінің;
Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың кемінде 3% есепке алу аспаптарымен жарақтандырылған жағдайда белгілейді.
59. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдарын және Субъектінің инвестициялық бағдарламасын іске асыруға пайдаланылмайтын пайданың бір бөлігін қоспағанда, тұтынуға арналған тариф № 130-НҚ Ерекше тәртібінде көзделген шығындардан тұратын ауыспалы шығындардан қалыптасады.
60. Қызметтерді көрсету жүйесін ұстауға арналған тариф негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдарынан және инвестициялық бағдарламаны іске асыруға бағытталатын пайданың бір бөлігінен тұратын Субъектінің тұрақты шығындарынан қалыптасады.
61. Қызметтерді көрсету жүйесін ұстауға арналған тариф екі мөлшерлемелі тарифтің 30%-нан аспауы тиіс.
62. Қызметтерді көрсету жүйесін ұстауға арналған тарифті екі мөлшерлемелі тарифтен 30% асырған жағдайда, тұрақты шығындардың тиісті бөлігі тұтынуға арналған тарифке енгізіледі.
63. Қызметтерді көрсету жүйесін ұстауға арналған тариф тұтынушылардан тең үлеспен ай сайын алынады.
8. Пайданы айқындау
64. Субъекті пайдасының жол берілетін деңгейі Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей тартылған активтердің бағалау құны және пайда мөлшерлемесі ескеріле отырып айқындалады.
65. Субъектінің ең жоғары пайдасы бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға қажетті пайданың кемінде 70% мөлшеріндегі қаражатын және пайданың жол берілетін деңгейінің шегінде инвестициялық бағдарламаны іске асыруға көзделген пайда сомасының 30% мөлшеріндегі пайданың ауыспалы бөлігін қамтиды.
66. Пайда Субъектіні ң бекітілген инвестициялық бағдарламасын іске асыруға бағытталатын пайданың және реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа, сенімділік және тиімділік критерийлері ескеріле отырып есептелетін пайданың ауыспалы бөлігінің қосындысы ретінде анықталады.
67. Пайданы есептеу осы Ерекше тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
68. Қарыз капиталын тарту құны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректерінің соңғы он екі ай ішіндегі орташа арифметикалық мәнінің негізінде айқындалады.
69. Жиынтық салынған капиталдағы қарыз капиталының (борыштың) шамасы қарыз (борыш) сомасы ретінде айқындалады.
70. Меншікті капиталдың шамасы қарыз капиталының шамасы ескерілместен, Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметіне тікелей тартылған активтердің теңгерімдік құнының негізінде айқындалады.
71. Корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
72. Капиталға инвестициялау тәуекелі үшін сыйлықақының тәуекелсіз кірістілік мөлшерлемесінің мәндері мен тиісті сала үшін (есепсіз борыштық жүктемелерді) есептемегенде, бета коэффициентін жыл сайын келесі жылға уәкілетті органның ведомствосы белгілейді.
Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2016 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.73. Тәуекелсіз кірістілік мөлшерлемесі ретінде уәкілетті орган нақты кірістілікті Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік евро облигациялары бойынша өтеуге қабылдайды.
74. Базалық құрал ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі 2014 жылғы қазанда жүзеге асырған 1,5 млрд. АҚШ доллары сомасындағы Қазақстан Республикасының он жылдық евро облигацияларының шығарылымы қабылданады.
75. Тәуекелсіз мөлшерлеменің қысқа мерзімді ауытқуларын реттеу үшін соңғы он екі айдағы (не ақпараттың қолжетімділігіне байланысты одан аз кезең) өтеуге кірістіліктің орташа арифметикалық мәні (күн сайынғы баға белгіленулер) қабылданады.
76. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік евро облигациялары бойынша өтеуге кірістіліктің белгіленімдері бойынша деректер осы бағалы қағаздың эмитенті болып табылатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен сұратылады.
77. Акционерлік (меншікті) капиталға инвестиция салу тәуекелі үшін сыйлықақы компанияның акционерлік (меншікті) капиталына инвесторлардың салудан тәуекелсіз кірістен тыс алатын қосымша кірісін білдіреді.
78. Акционерлік (меншікті) капиталға инвестиция салу тәуекелі үшін сыйлықақы мәніне 1928 жылдан басталатын кезеңдегі акциялар мен облигациялар арасындағы (Stocks - T.Bonds) сыйлықақы тәуекелінің орташа арифметикалық (Risk Premium) орташа ретінде:
http://pages.stern.nyu.edu/~adamodar/New_Home_Page/datafile/ histretSP.html сілтемесі бойынша Damodaran Online интернет-ресурсында жарияланған мән қабылданады.
79. Талданатын компания (табиғи монополия субъектісі) үшін акционерлік (меншікті) капиталдың бета-коэффициенті талданатын компания (табиғи монополия субъектісі) капиталының құрылымына және салық режиміне түзетуді ескере отырып, тиісті сала үшін борыштық жүктемесіз бета - коэффициент негізінде есептеледі.
80. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қолданысқа енгізілген активтердің бағалау құнын тәуелсіз бағалаушы шығын әдісін қолдана отырып және активтердің бағаланатын құнына салынған инвестицияларды ( бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес) және жинақталған амортизацияны қоса отырып айқындайды.
81. Негізгі құралдарды бағалау он екі айда бір реттен жиі емес және бес жылдан бір реттен сирек емес жүзеге асырылады.
82. Егер Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қолданысқа енгізілген активтердің құнын бағалау нәтижесінде 20% және одан көп пайызға ұлғайған жағдайда, онда осы қайта бағалау нәтижелерін уәкілетті органның ведомствосы пайда мөлшерлемесін есептеу кезінде кезең-кезеңмен жылдарға бөліп тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің қолданысы мерзімі ішінде инвестициялық бағдарламаны іске асыруға қажетті мөлшерде қолданады.
83. Тиісті салаға арналған (борыштық жүктемені ескерусіз) бета - коэффициенттің мәніне уәкілетті орган:
http://www.stern.nyu.edu/~adamodar/pc/datasets/betaemerg.xls. сілтемесі бойынша Damodaran Online интернет-ресурсында жарияланған мәнді қабылдайды.
84. Электр энергиясын беру және (немесе) тарату, сондай-ақ жылу энергиясын өндіру, беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін субъектілер үшін Power энергетика саласына арналған Unlevered beta мәні пайдаланылады.
85. Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері қызметтерін көрсететін субъектілер үшін Utility Water коммуналдық сумен жабдықтау саласына арналған Unlevered beta мәні пайдаланылады.
Әуежайлар мен Теңіз порттары саласындағы субъектілер үшін уәкілетті орган Transportation көлік саласына арналған Unlevered beta мәнін пайдаланады.
86. Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін есептеу осы Ерекше тәртіпке 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жүргізіледі.
87. Екі мөлшерлемелі тарифті есептеу осы Ерекше тәртіпке 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жүргізіледі.
Реттеліп көрсетілетін қызметтер сапасының, сенімділігі
мен тиімділігінің жалпы критерийлері
(ең жоғары мәні – 0,6):
№ | Критерийлер | Коэффициенттер |
1 | Сапа: | 0,2 |
көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанатын тұтынушылардың үлесін ұлғайту немесе бұрынғы деңгейде сақтау (Субъекті конкурстық негізде тартқан мамандандырылған ұйым): 1) егер тұтынушылардың жалпы саны 100000 астам болса, олардың кемінде 0,5 % - на; 2) егер тұтынушылардың жалпы саны 1000-нан асатын болса, олардың кемінде 1 % - на; 2) егер тұтынушылардың жалпы саны 1000 адамнан аспайтын болса, олардың кемінде 10 % - на сауалнама жүргізу жолымен жыл сайын жүргізеді. | 0,1 | |
уәкілетті органның ведомствосы тіркеген, тексеру нәтижелері бойынша расталған тұтынушылардың сапасыз көрсетілген қызметтер жөніндегі шағымдарының санын төмендету немесе бұрынғы деңгейде сақтау (оның ішінде болмауы) | 0,05 | |
уәкілетті органның ведомствосы тіркеген, тексеру нәтижелері бойынша расталған көрсетілетін қызметтерге қосудан немесе техникалық шарттарды беруден бас тартуға қатысты тұтынушылар шағымдарының санын төмендету немесе бұрынғы деңгейде сақтау (оның ішінде болмауы) | 0,05 | |
2 | Сенімділік: | 0,1 |
ұзақтығы үш күннен астам реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді ұсынбау (ажырату) фактілерінің болмауы | 0,05 | |
негізгі құралдардың тозуын 2 және одан астам %-ға төмендету немесе бұрынғы деңгейде сақтау | 0,05 | |
3 | Тиімділік: | 0,3 |
реттеліп көрсетілетін қызметтерді өндіруге энергетикалық ресурстар шығысының шартты шамасын төмендету. | 0,1 | |
нормативтік техникалық ысыраптарды уәкілетті органның ведомствосы бекіткен деңгейге төмендету | 0,05 | |
энергия тиімділігін арттыру (әкімшілік және өндірістік ғимараттардың энергия тиімділігінің сыныбын көтеру) | 0,05 | |
реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсеткені үшін тұтынушылардан төлемдердің жиналу деңгейін арттыру немесе бұрынғы деңгейде сақтау | 0,1 |
Реттеліп көрсетілетін қызметтер сапасының, сенімділігі мен тиімділігінің арнайы өлшемшарттар (ең жоғары мәні – 0,4):
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2016 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Арнайы өлшемшарттар | Коэффициенттер |
1 | жылу энергетикасы саласында | |
Сапа: | 0,15 | |
санитариялық нормаларға сәйкес келетін, тұрғын үй-жайлардағы ауаның температурасын айқындайтын жылу энергиясын беру – жылыту маусымы ішінде тәулік бойы | 0,15 | |
Сенімділік: | 0,15 | |
тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес келетін жылу энергиясын үздіксіз беру | 0,15 | |
Тиімділік: | 0,1 | |
жылу желілері беретін температуралық кестені орындау (энергия өндіруші станциялар мен жылу қазандықтары үшін) | 0,1 | |
2 | сумен жабдықтау және су бұру саласында | |
Сапа: | 0,15 | |
сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілерінің ұзындығына есептегенде, бір жылдағы авариялар санын төмендету | 0,15 | |
Сенімділік: | 0,15 | |
ауыстыруды қажет ететін магистральдық (тарату) желілерінің үлесін төмендету (пайызбен) | 0,15 | |
Тиімділік: | 0,10 | |
энергия үнемдейтін сорғы жабдықтарының үлесін ұлғайту | 0,10 | |
2.1 | суармалы егіншілікті сумен жабдықтау саласында | |
Сапа: | 0,15 | |
Суды пайдалану мен жылдың сулылығы лимитін ескере отырып әзірленген суды тарату жоспарына сәйкес су беру | 0,15 | |
Сенімділік: | 0,15 | |
Су шаруашылығы құрылыстарының, арналардың, құбыржолдарының пайдалану сенімділігін арттыру (қауіпсіз техникалық жай-күйге келтірілген құрылыстардың үлесін ұлғайту) | 0,15 | |
Тиімділік: | 0,10 | |
Су таратқыштың (арнаның және басқалардың) пайдалы әсер коэффициентін арттыру | 0,10 | |
3 | электр энергетикасы саласында | |
Сапа: | 0,15 | |
жоқ | - | |
Сенімділік: | 0,3 | |
толық жеткізілмеген электр энергиясы, үзілістің орташа уақыты | 0,15 | |
жүйе жұмысындағы үзілістер ұзақтығының орташа индексі; | 0,15 | |
Тиімділік: | 0,1 | |
энергия үнемдейтін жабдықтарды қолдану | 0,1 | |
4 | азаматтық авиация және порттар саласында | |
Сапа: | 0,2 | |
рейстердің негізді кідірістерінің саны | 0,05 | |
бір рейске кідірістердің орташа ұзақтығы | 0,05 | |
әуежайдың кінәсінен авиациялық оқиғалардың алғышарттары | 0,1 | |
Сенімділік: | 0,1 | |
бір мың ұшу-қону операцияларына ұшу-қону жолағындағы уақиғалар саны | 0,02 | |
бір мың ұшу-қону операцияларына өлімге әкеп соқтырған ұшу-қону жолағындағы уақиғалар саны | 0,02 | |
бір мың жұмыс сағатына болған уақиғалар саны | 0,02 | |
бір мың ұшу-қону операцияларына ұшу-қону жолағын санкциясыз алынған жағдайлар саны | 0,02 | |
ұшу-қону операцияларына құстармен соқтығысу саны | 0,02 | |
Тиімділік: | 0,1 | |
өткізу қабілеті мүмкіндігінің әуежайдың нақты өткізу қабілетіне арақатынасы (күн сайынғы ұшу-қону операциялар саны) | 0,05 | |
шығындарды қысқарту (оңтайландыру) бойынша іс-шаралар | 0,05 | |
5 | Газды таратушы құбыржолдары арқылы тасымалдау саласында | |
Сапа: | 0,15 | |
СН РК 4.03-01-2011 сәйкес өлшемдерді талап ететін тұтынушыларға жыл бойы жұмыс істейтін табиғи газды беру (қысым және жылу бөлу қабілеті) | 0,15 | |
Сенімділік: | 0,15 | |
тұтынушыларға үздіксіз табиғи газ беру | 0,15 | |
Тиімділік: | 0,1 | |
Газбен жабдықтайтын құрылыстарды пайдалану сенімділігін арттыру (техникалық жағдай қауіпсіздігіне алып келген құрылыстар үлесін өсіру) | 0,05 | |
жылына авариялардың санын желілердің ұзындығына есептеп төмендету | 0,05 | |
6 | Газды магистральды құбыржолдары арқылы тасымалдау саласында | |
Сапа: | 0,15 | |
СН РК 4.03-01-2011 сәйкес өлшемдерді талап ететін тұтынушыларға жыл бойы жұмыс істейтін табиғи газ беру (қысым және жылу бөлу қабілеті) | 0,15 | |
Сеніміділік: | 0,1 | |
Тұтынушыларға үздіксіз табиғи газ беру | 0,1 | |
Тиімділік: | 0,15 | |
газ тасымалдау жүйелерін өткізу қажеттілігін сақтау және (немесе) арттыру | 0,15 |
Пайданы есептеу
Пайданы есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Р = Р1+Р2,
мұндағы:
Р – пайда (теңге);
Р1 – Субъектінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын іске асыруға бағытталатын пайда (теңге);
Р2 – реттеліп көрсетілетін қызметтердың сапа, сенімділік және тиімділік критерийлері ескеріле отырып есептелетін пайданың ауыспалы бөлігі (теңге).
88. Субъектінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын іске асыруға бағытталатын пайда мынадай формула бойынша анықталады:
Р1 = АБҚ х ПМ х 70%,
мұндағы:
Р1– Субъектінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын іске асыруға бағытталатын пайда (теңге);
АБҚ – Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей тартылған активтерді бағалау құны (теңге);
ПМ – пайда мөлшерлемесі (%).
2. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа, сенімділік пен тиімділік критерийлері ескеріле отырып есептелетін пайда мынадай формула бойынша анықталады:
Р2 = АБҚ х ПМ х 30% х К,
мұндағы:
Р2– реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа, сенімділік пен тиімділік критерийлері ескеріле отырып есептелетін пайданың ауыспалы бөлігі (теңге);
АБҚ – Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей тартылған активтерді бағалау құны (теңге);
ПМ – пайда мөлшерлемесі (%);
К – реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа, сенімділік пен тиімділік коэффициенті.
Субъекті пайдасының мөлшерлемесі капиталдың орташа өлшенген құнын есептеу формуласы бойынша анықталады:
WACC = Re x E/(D + E) + Rd x D/(D + E) x (100% - T),
мұндағы:
WACC – пайда мөлшерлемесі;
Re – меншікті капиталдың құны;
Е – жиынтық салынған капиталдағы меншікті капиталдың шамасы;
D – жиынтық салынған капиталдағы қарыз капиталының (борыштың) шамасы;
Rd – қарыз капиталын тарту құны;
Т – корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі (%).
3. Меншік капиталының құны мынадай формула бойынша анықталады:
Re = Rf + ERP x Be,
мұндағы:
Re – меншікті капиталдың құны;
Rf – тәуекелсіз кірістілік мөлшерлемесі;
ERP – капиталға инвестициялау тәуекелі үшін сыйлықақы;
Be – акционерлік (меншікті) капиталдың бета коэффициенті.
4. Меншікті капиталдың жоғарыда алынған құнын ұлттық валютаға ауыстыру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
,
мұндағы:
Z – меншікті капиталдың алынған құнын ұлттық валютаға ауыстыру;
Re – жоғарыда сипатталған есептердің шеңберінде алынған меншікті капиталдың құны;
Infkz – ұлттық валютадағы инфляцияның ұзақ мерзімді болжанатын деңгейі;
Inffc – шетелдік валютадағы инфляцияның ұзақ мерзімді болжанатын деңгейі.
Акционерлік (меншікті) капиталдың бета-коэффициентін есептеу үшін талданатын компанияға мынадай формуланы пайдалану қажет:
,
мұндағы:
Ве – талданатын компанияның бета акционерлік (меншікті) капиталының бета-коэффициенті;
Ва – тиісті салаға арналған (борыштық жүктемені ескерусіз) бета - коэффициенті;
Т – Қазақстанда қолданылатын корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі;
– қаржы есептілігіне сәйкес қарыз және меншікті капиталдың ағымдағы арақатынасы.
Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін есептеу
Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:
РТ = (Ш + П)/К
мұндағы:
РТ – тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі;
Ш – № 130-НҚ Ерекше тәртібін және Субъектінің тарифтік сметаларды орындау туралы есебін талдау ескеріле отырып қабылданған, Субъектінің қызметтерді көрсетуге соңғы үш жылдағы орташа арифметикалық іс жүзіндегі шығындары, теңге;
П – пайда, теңге;
К – көрсетілген қызметтердің көлемі.
1. Көрсетілген қызметтер көлемі тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі қолданылуның өткен кезеңіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемін және реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің жоспарланған өзгерісін қосу жолымен есептеледі.
2. Абоненттерге жіберілетін (жіберуге жоспарланған) жылудың көлемі мынадай формула бойынша анықталады:
мұндағы:
Qi - бір жылда абоненттерге жіберілетін (жіберуге жоспарланған) жылудың көлемі, Гкал;
Ti – жылуды тұтынудың өзгеру (төмендеу) қарқыны. Егер өткен жылдары жылуды жіберу көлемі туралы деректерге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, жылуды тұтынудың өзгеру (төмендеу) қарқыны осы жылдар ескерілмей есептеледі. Жылуды тұтынудың өзгеру (төмендеу) қарқыны жылына 5%-дан аспауға тиіс;
- жылумен жабдықтау тоқтатылған (тоқтату жоспарланған) абоненттер тұтынған жылуды шегеріп, жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесіне бір жылда қосылған жаңа абоненттерге жіберілетін жылудың есептік көлемі, Гкал. Көрсетілген шама оң, сол сияқты теріс мәндерді де қабылдауы мүмкін;
- жылуды тұтыну нормативтерінің өзгеруіне байланысты жылына қатысты абоненттерге кепіл беруші ұйым жіберетін жылу көлемінің бір жылға жоспарланып отырған өзгеруі, Гкал. Көрсетілген шама оң, сол сияқты теріс те мәндерді де қабылдауы мүмкін.
Екі мөлшерлемелі тарифті есептеу
Екі мөлшерлемелі тариф мынадай формула бойынша анықталады:
ЕТ = ТТ + ҰТ х (1/к),
мұндағы:
ЕТ – екі мөлшерлемелі тариф;
ТТ – тұтынуға арналған тариф, теңге;
ҰТ – қызметтерді көрсету жүйесін ұстауға арналған тариф, теңге;
к – жеке тұтынушының көрсетілетін қызметті тұтыну көлемі.
3. Тұтынуға арналған тариф мынадай формула бойынша анықталады:
ТТ = АУШ + П2/К,
мұндағы:
ТТ – тұтынуға арналған тариф, теңге;
АУШ – ауыспалы шығындар, теңге;
П2 – сапа, сенімділік және тиімділік критерийлері ескеріле отырып, есептелетін пайда (теңге);
К – көрсетілген қызметтердің көлемі.
Қызметтерді көрсету жүйесін ұстауға арналған тариф мынадай формула бойынша анықталады:
ҰТ = (ТҰШ + П1)/Отұт,
мұндағы:
ҰТ – қызметтерді көрсету жүйесін ұстауға арналған тариф;
ТҰШ – тұрақты шығындар, теңге;
П1 - Субъектінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын іске асыруға бағытталатын пайда (теңге);
Отұт – Субъекті тұтынушыларының (халық, бюджеттік ұйымдар және өзгелер) саны.