Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5-бабының 70-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық оператордың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика министрі | В. Школьник |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 689 бұйрығымен бекітілген |
Ұлттық оператордың жұмыс істеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық оператордың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидаар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 70-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұлттық оператордың негізгі міндеттері мен функцияларын, сондай-ақ оның жұмыс істеу тәртібін анықтайды.
2. Ұлттық оператор өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңын (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
3. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) ұлттық оператор – жүйелік оператор жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сатуды қоспағанда электр энергиясының орталықтандырылған экспорты мен импортын, сондай-ақ осы Заңмен көзделген функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) электр энергиясы көтерме нарығының субъектілері (бұдан әрі – көтерме нарық субъектісі) – энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы, жаңартылатын энергия көздеріне қолдау көрсету жөніндегі есеп-қаржы орталығы, ұлттық оператор;
3) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарла жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігін ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
4) электр энергиясының орталықтандырылған экспорты және импорты – ұлттық оператор жүзеге асыратын ерікті негізде жасалған экспортталатын және импортталатын электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес электр энергиясының көтерме нарығының субъектілерінде сатып алынған электр энергиясын (қуатты) экспорттау және импорттау;
5) электр энергиясын жеткізуші – ұлттық оператор электр энегиясының экспортын жүзеге асыруы үшін соңғысына электр энергиясын сатуды (жеткізуді) жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) электр энергиясын сатып алушы – ұлттық оператор электр энергиясының импортын жүзеге асырған кезде соңғысынан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолданылады.
4. Ұлттық оператор:
1) жүйелік оператор жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сатуды қоспағанда, электр энергиясының орталықтандырылған экспорты мен импортын жүзеге асырады;
2) тендерлер өтпеген жағдайда, жылу мен электр энергиясын аралас өндіретін әлеуметтік маңызы бар электр станцияларын салады;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде электр энергетикасы объектілерін салуға қатысады.
2. Ұлттық оператордың жұмыс істеу тәртібі
5. Ұлттық оператор арқылы Қазақстан Республикасының шегінен тыс электр энергиясын (қуатты) сатуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс өндірілген (жеткізілген) электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыруға ниет білдірген көтерме нарық субъектісі ұлттық оператормен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасау жолымен электр энергиясын (қуатты) экспорттайды немесе импорттайды.
6. Электр энергиясының экспорты және импорты электр энергиясын (қуатын) сатып алу-сату шарттары негізінде жүзеге асырылады.
7. Көтерме нарық субъектілерінің ұлттық операторға электр энергиясын сатып алуды және оны сатуды Қазақстан Республикасы шекарасында жүзеге асырады.
8. Көтерме нарық субъектісі Жүйелік оператормен, сондай-ақ өңірлік деңгейдегі электр тораптарын пайдаланатын энергия табыстаушы ұйымдарымен бөлек жасаған шарттар негізінде Қазақстан Республикасының шекарасына дейін (Қазақстан Республикасының шекарасынан оны тұтыну пунктеріне дейін) электр энергиясын табыстауды дербес қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде электр энергияны өндіру/тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді және электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де қызметтерді төлейді.
9. Көтерме нарық субъектісі ұлттық оператормен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасау үшін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес ұлттық операторға жабаша өтінімді жолдайды.
10. Жазбаша өтініш ұлттық оператордың жүйесінде құжаттың ресми тіркеу күнінен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде қарастырылады. Қосымша ақпаратты сұрау немесе өзге мемлекеттердің ұйымдарымен мәселені пысықтау үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайда ұлттық оператор өтінімді қарастыру мерзімдерін күнтізбелік 15 күнге ұзартады.
11. Осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынбаған немесе сұратылған қосымша ақпаратты ұсынбаған жағдайда ұлттық оператор көтерме нарық субъектісінің өтінімін қарастырудан бас тартады.
12. Ұлттық оператор электр энергиясын экспорттаудың/импорттаудың техникалық мүмкіндігін анықтау үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге (ден) жеткізу көлемдері мен мерзімдерін Жүйелік оператормен келіседі.
13. Жүйелік оператормен келісу қорытындалары бойынша Ұлттық оператор:
1) өзге мемлекеттердің ұйымдарымен;
2) Қазақстан Республикасының көтерме нарық субъектілерімен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасайды.
Қажет болған жағдайда Жүйелік оператормен импортталатын электр энергиясын техникалық диспетчерлендіру бойынша қызмет көрсету шартын, сондай-ақ электр энергиясының экспортын/импортын жүзеге асыруға қажетті өзге шарттарды жасайды.
14. Ұлттық оператор мен электр энергиясын жеткізуші/сатып алушы арасында жасалған электр энергиясын жеткізу және есепке алу шарттары электр энергиясы үшін баға қалыптасуы мен төлеу мерзімдерін қоспағанда, ұлттық оператор мен өзге мемлекеттердің ұйымдары арасында жасалған шарттардың талаптарына ұқсайды.
15. Ұлттық оператор мен көтерме нарық субъектісі арасындағы электр энергиясын (қуатты) экспорттау-импорттау бағасы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес анықталады.
16. Электр энергиясын экспорттаған кездегі ұлттық оператордың электр энергиясын жеткізушіге төлейтін төлемі ұлттық оператор экспортталатын электр энергиясының көлемдері үшін төлемдерді алғаннан кейін, экспорт шарты бойынша Ұлттық оператордың есептік шотына ақшалай қаражаттың түсу күнінен 10 жұмыс күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
17. Электр энергиясы импортқа шығарылған кезде, егер электр энергиясын сатып алу-сату келісім-шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, электр энергиясын сатып алушы ұлттық оператордың атына электр энергиясын импортқа шығарған сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей төлемді жүзеге асырады.
18. Ұлттық оператор әлеуметтік маңызы бар жылу және электр энергиясын өндіретін электр станциясын салуды Заңның 15-1 бабына сәйкес тендер болмаған жағдайда жүзеге асырады.
3. Қорытынды ережелер
19. Осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес Ұлттық оператор тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін электр энергиясының (қуатының) экспорты мен импорты, туралы, талдау нәтижелері және Қазақстан Республикасының электр энергиясының (қуатының) экспорты мен импортын реттейтін заңнамасын жетілдіру, энергетикалық қуаттың әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану туралы ақпаратты құзыретті органға ұсынады.
Ұлттық оператордың жұмыс істеу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Ұлттық оператормен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасуға өтінім
1. көтерме нарық субъектісі - өтініш берушінің құқық белгілейтін құжаттары;
2. ұлттық оператор арқылы электр энергиясын экспорттайтын / импорттайтын елдің, нарық субъектісінің атауы;
3. жүйелік оператормен шарттардың көшірмелері:
1) ұлттық электр желiсi арқылы электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсетуге;
2) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын өндіру / тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге;
3) теңгерімді электр энергиясының сатып алу / сату;
4) электр беруші, соның ішінде электр энергиясын тұтынушы қосылған өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланылатын ұйыммен тарату бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарттар;
5) электр энергиясының көтерме нарығында өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті басқа да шарттар;
4. күні, ай және жыл бөлінісінде көрсетілген, жоспарланған электр энергиясын сатып алу-сату көлемі мен жүктеме профилі (кВтс, МВт);
5. электр энергиясын сатып алу / сату кезеңі;
6. электр энергиясын сатып алу / сатудың жоспарланған бағасы;
7. электр энергиясын сатып алу / сату жоспарланып отырған мемлекетаралық электр жеткізу желілерінің атауы.
Ұлттық оператордың жұмыс істеу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
млрд.кВтс
№ п/п | Импорттаушы/экспорттаушының атауы | Импорттаушы/экспорттаушы ел | Өткен жылдың фактісі | Осы жылдың жоспары | Ағымдағы кезеңнің фактісі |
Импорт | |||||
1. | |||||
Экспорт | |||||
1. |