Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 749 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12528 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика


министрі

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 749
бұйрығымен бекітілген

Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтер) кағидалары және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 65-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бюджет қаражаты - мемлекеттік меншікке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттің ақшасы мен өзге де активтері;

      2) жобаны басқару - салынған бюджет пен мерзімдер шеңберінде инвестициялық жобаның мақсаттарына жету үшін тапсырыс берушімен не инвестормен жасалған шарттарға сәйкес объектілерді жобалауды, құрылысын салуды және оларды пайдалануға беруді ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау жөніндегі қызмет

      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету - оңтайлы жобалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін қызметтер кешені (техникалық және авторлық қадағалау, жобаны басқару).

2. Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету

      3. Техникалық жағынан күрделі объектілердің құрылысын, оның ішінде бірегей объектілердің құрылысын және ірі инвестициялық жобалардың құрылысын салу үшін жобаның (бағдарламаның) тапсырыс берушіге (инвесторы) жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарды (бұдан әрі - ұйым) тартуға жол беріледі.

      4. Қызметтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 71 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

      5. Қызметтер көрсету жөніндегі шарттық қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.

      6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу Заңның 20-бабының 23-24) тармақшасына сәйкес әзірленетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар

      7. Ұйымдарға мынадай талаптар қойылады:

      1) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша мынадай маманданулар бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшының болуы:

      тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде (кемінде бір сарапшы);

      инженерлік желілер бөлігінде (кемінде бір сарапшы);

      технологиялық жабдықтар бөлігінде (кемінде бір сарапшы);

      2) "Жобаның бас инженері" және/немесе "Бас инженер" деген маманданулар бойынша кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы;

      3) кемінде бір білікті смета инженері болуы;

      4) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы;

      5) материалдық-техникалық жарақтануының, атап айтқанда есептеулерді орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін орнатылған қамтамасыз етулері бар жұмыс станцияларының болуы.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 16.03.2017 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады