Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 981 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12538 болып тіркелді.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамада бекітілген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді:

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға бұйрық жобасын жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интерент-ресурсына орнластыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2), 3) және 4) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Әкімшілік полиция комитетіне (Лепеха И.В.) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      ____________ А.Қ. Даулбаев

      2015 жылғы 2 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсанда
№ бұйрыққа қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесін, олардың нысандары мен түрлерiн бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердіні мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3326 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесінде, олардың нысандары мен түрлерiнде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ереженің 6-және 8-тармақтарында көрсетілген іс-шаралардың алдында, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтармен учаскелік полиция пункттерінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жүзеге асыратын құқықтық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, оған:

      1) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;

      2) криминогендік жағдайдың жай-күйі және іздестірудегі адамдар туралы хабарлау;

      3) есепте тұрған адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізудің тәртібі мен ережелері туралы нұсқама;

      4) қажетті қорғану құқығын түсіндіру, құқыққа қарсы қол сұғушылықтардың жолын кесу, құқық бұзушыны ұстау және оны ішкі істер органдарына жеткізу үшін қажетті шаралардың тәртібі мен шегі, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік заңнаманың өзге де нормалары;

      5) төтенше оқиғалардың, қайғылы оқиғалардың салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсіз күйде жатқан азаматтарға көмек көрсетудің тәртібі мен ережесі туралы нұсқама;

      6) жол қозғалысы ережесін бұзу мен құқық бұзушылықтардың алдын алу кіреді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға олардың құқық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерін түсіндіру азаматтар осы мәселе бойынша көмек көрсетуге ниет білдірген жергілікті полиция қызметі бөлімшесіне жүктеледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуға ниет білдірген азамат ішкі істер органына еркін нысанда өтініш береді, оған Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің не паспортының көшірмесін, өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы келісімшарт болған жағдайда оның көшірмесін қоса береді. Азаматтың өтінішінде ол қатысуға ниет білдірген қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласы және тиісті жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің атауы көрсетіледі.";

      14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмек көрсетуге ниет білдірген азаматтың өтінішін өндірісіне қабылдаған ішкі істер органының басшысы және жергілікті полиция қызметі бөлімшесі тексеру іс-шараларын уақтылы жүргізуді және жинақталған материалдарды жергілікті атқарушы органға жіберуді қамтамасыз етеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Азаматтың тіркелгені туралы ақпаратты алғаннан кейін жергілікті полиция қызметі бөлімшесі оған есепке алу ісін ашады, ол Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есепке алу істерін тіркеу журналында есепке алынады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар ұжымына бір бақылау ісі ашылады, ол Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық өзінше қызмет көрсету бірлестіктерін қадағалау істерін тіркеу журналында есепке алынады.

      Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерді жалпы есепке алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы олардың қызметін үйлестіруді жергілікті полиция қызметінің басшысы жүзеге асырады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Ереженің 20-тармағында аталған мән-жайлар туындаған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы тиісті ішкі істер органының ұсынымы бойынша бұл азаматты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар есебінен шығарады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтың қатысуын тоқтату туралы материалдарды дайындауды ол есепте тұрған жергілікті полиция қызметі бөлімшесі қамтамасыз етеді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды есепке алуды, тіркеуді және куәліктер мен омырау белгілерін беруді Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық, қаладағы аудандық) ішкі істер органының жергілікті полиция қызметі бөлімшелері жүзеге асырады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды есепке алу істерін жүргізетін жергілікті полиция қызметі бөлімшелері ай сайын жұмыс қорытындысын шығарады, талдау анықтамасын ресімдеп, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көтермелеу шараларын қолдану мақсатқа сай екендігі туралы дәлелденген ұсынысты ішкі істер органдарының басшылығына ұсынады.";

      28-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қорытындыланған талдау анықтамалары жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің өкілдері мен көтермелеуге ұсынылған азаматтар шақырыла отырып, қалалық, аудандық ішкі істер органы басшылығының кеңесінде қаралады. Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органға қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда, жолын кесуде және ашуда, қылмыстарды жасаған адамдарды іздестіру мен ұстауда белсенді түрде көмек көрсеткені жөнінде ұсынымхат әзірлеу туралы шешім шығарылады.";

      мынадай мазмұндағы 29 және 30-тармақтармен толықтырылсын:

      "29. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарында тіркелмеген азаматтар, егер олар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге, ашуға немесе оларды жасаған адамдарды ұстауға көмек көрсетсе, көтермелеуге ұсынылады;

      30. Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге немесе ашуға, оларды жасаған адамдарды ұстауға белсенді көмек көрсеткен азаматтар аудандық, қалалық, облыстық ішкі істер органы бастығының құқықтарымен көтермеленуі мүмкін.";

      2. "Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердіні мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3505 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2005 жылғы 4 қарашадағы № 204-205 (938-939) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесінде:

      4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік қадағалау істері ішкі істер органының қызметтік үй-жайында сақталады, ал оларды жүргізу учаскелік полиция инспекторларының басшылығымен бөлімше инспекторларының біріне жүктеледі. Аудандық (қалалық, қаладағы аудандық) ішкі істер органы (бұдан әрі - ҚАІІО) жергілікті полиция қызметі бастығының бұйрығы бойынша әкімшілік қадағалау істері тиісті сақталу жағдайларындағы учаскелік полиция инспекторының (бұдан әрі - учаскелік инспектор) қызметтік үй-жайында сақталады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Есепте тұрғандармен профилактикалық жұмыс жүргізу барысын ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы және оның орынбасары бақылайды, олар тоқсан сайын әкімшілік қадағалау істерінің жүргізілуін тексереді.";

      7-тармақтың бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Учаскелік инспектор мекемеден хабарлама, сондай-ақ әкімшілік қадағалау орнату туралы қаулыны алған сәттен бастап тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізу үшін тапсырма жоспарын толтырады (Ережеге 2-қосымша) және "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті полиция қызметінің бастығына жолдайды.

      Таңдаған тұрғылықты жеріне келгеннен және қадағалаудағыны есепке қойғаннан кейін учаскелік инспектор оған тұрғылықты жері бойынша тіркеу ережесін сақтау туралы ескертеді және олардың сот орнатқан шектеуді сақтауын бақылайды, бас бостандығынан айыру орындарынан жіберілген ақпараттық-іздеу картасында (бұдан әрі – Т-АІК) көрсетілген деректердің шынайылығын тексереді, Заңның 7-бабында көзделген шектеулерді орнату туралы өз ұсыныстарын ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығына баяндайды, қадағалаудағыға байланыс сызбасын (3-қосымша) толтырады.";

      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңның 7-бабына сәйкес жергілікті полиция қызметінің бастығы қадағаланушыға шектеу орнату туралы ұсыныс жасайды (5-қосымша) және оны үш күн ішінде сотқа жібереді. Жергілікті полиция қызметінің бастығы соттың шектеу орнату туралы қаулысын алып, учаскелік инспектордың қатысуымен қадағаланушыға әкімшілік қадағалаудың тәртібін, оның міндеттерін және орнатылған қадағалаудың тәртібі мен шектеулерін бұзғаны үшін жауапкершілігін түсіндіреді.";

      8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шектеулер тізбесін қысқарту немесе оны толықтыру туралы ұсынысты әкімшілік қадағалауды жүзеге асыратын учаскелік инспектор дайындайды және оған ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы қол қойғаннан кейін сотқа жібереді. Судьяның шектеулерді өзгерту туралы қаулысы алынғаннан кейін үш күн мерзім ішінде қадағаланушыға қол қойғызып жарияланады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әкімшілік қадағалау қадағаланушының тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады. Егер қадағаланушы дәлелді себептер бойынша аталған мекенжайда тұра алмаса, ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы (оның міндетін атқаратын адам) учаскелік инспектордың баянатына және қадағаланушының арызына сәйкес оған қалалық, аудандық органдар қызмет көрсететін аумақтың шегіндегі басқа жерде уақытша тұруға рұқсат беруі мүмкін.";

      20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Егер соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдардың бір жылдың ішінде екі рет қоғамдық тәртіпті, басқа да азаматтардың құқықтарын бұзса немесе әкімшілік жазаның шараларына тартылған өзге де құқық бұзушылықтар жасаған болса, құқыққа қарсы өмір салтын жалғастырған жағдайда учаскелік инспектор оған әкімшілік қадағалау орнатудың мақсатқа сай екендігі туралы ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығына баянат арқылы баяндайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы ұсынылған материалдарды қарап, әкімшілік қадағалауды мұндай адамға орнатудың қажеттігі туралы дәлелі ұсынымға (8-қосымша) осы Ереженің 20-тармағының екінші абзацында көрсетілген материалдарды қосып, сотқа жібереді. Ұсынымда әкімшілік қадағалау орнатудың негізі, оны қолданудың ұсынылып отырған мерзімі және Заңның 7-бабына сәйкес шектеулер көрсетіледі.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Учаскелік инспектор қадағаланушымен тұрғылықты жері бойынша әкімшілік қадағалаудан жалтару және құқық бұзушылықтар жасау оқиғаларына жол бермеуі жөнінде ескерту жұмысын жүргізуге міндетті. Мұндай адамның әкімшілік қадағалаудан жалтару ниеті туралы мәліметтер алған кезде жағдайда ол шектеулерді өзгерту жөнінде сотқа ұсыныс жіберу туралы (9-қосымша) ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығына ұсыныс жасайды.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Қадағаланушының тәртібі және орнатылған шектеулерді сақтауын бақылау мақсатында жүзеге асырылған әрбір тұрған жеріне бару нәтижелері бойынша учаскелік инспектор немесе қадағаланушыны тұрғылықты жері бойынша тексерген полиция қызметкері бақылау парағына (10-қосымша) тиісті белгі қояды.";

      31-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Қадағаланушыға тіркелу үшін ішкі істер органына келу түріндегі шектеу белгіленген жағдайларда ҚАІІО жергілікті полиция қызметі бастығының нұсқауы бойынша мұндай тіркеуді учаскелік инспекторларға басшылық жасау жөніндегі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің уәкілетті қызметкері, учаскелік инспектор жүзеге асырады, бұл туралы арнайы тіркеу парағына (11-қосымша) белгі қойылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Қадағаланушының тұрақты тұратын жерден ауданнан (қаладан) тысқары шығуы туралы мәселелерді ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы қадағаланушының жазбаша арызы және учаскелік инспектордың адамның әкімшілік қадағалау кезіндегі мінез-құлқын сипаттайтын деректерді көрсете отырып, шығу себебі туралы жазбаша баяндамасы негізінде қарайды. Қабылданған шешім туралы арызға тиісті жазба жазылады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Қадағаланушы басқа ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа келісімен жергілікті полиция қызметінің уәкілетті қызметкері, ал ол болмаған жағдайда учаскелік инспектор әкімшілік қадағалау істерін және ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа уақытша тұру үшін келген қадағаланушыларды тіркеу журналының екінші бөліміне тіркейді, бір тәулік ішінде бұл адам тұратын аумаққа қызмет көрсететін учаскелік инспекторға қадағаланушының келгені және кеткені туралы хабарлайды, бағыттық парағына тиісті белгілер қояды, оларды ішкі істер органының мөрімен (мөртабанымен) растайды.";

      43-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Әкімшілік қадағалаудан жалтару мақсатында қадағаланушы өз еркімен тұрғылықты жерінен кетіп қалған немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жағдайларда таңдап алған тұрғылықты жеріне белгіленген уақытта келмеген жағдайда ішкі істер органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен оны іздестіруге шаралар қабылдайды.";

      46-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл жағдайда ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы сотқа әкімшілік қадағалау мерзімін ұзарту туралы ұсыным жібереді (19-қосымша). Әкімшілік қадағалау мерзімін ұзарту туралы судьяның қаулысын алғаннан кейін үш күн мерзім ішінде қадағаланушыға қол қойғызу арқылы хабарланады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Заңның 14-бабының а), в), г), д) және е) тармақшаларында көзделген әкімшілік қадағалау тоқтатылған жағдайда әкімшілік қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органының қызметкері қаулы шығарады (20-қосымша), оны ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы бекітеді.

      Егер қадағаланушының мінез-құлқы мен өмір сүру салты, оған қоса жедел-анықтамалық есептер бойынша тексерулердің нәтижелері оның түзелу жолына түскендігін куәландырса, учаскелік инспектор қадағалауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығына баянат арқылы баяндайды. Материалдарды зерделеу нәтижелері бойынша ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы сотқа әкімшілік қадағалауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы дәлелді ұсынымхат жолдайды (19-қосымша).

      Судияның немесе ішкі істер органының әкімшілік қадағалауды тоқтату туралы қаулысы қадағаланушыға қол қойғызу арқылы хабарланады.";

      3. "Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 383 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердіні мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9635 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 132 (2526); 2014 жылғы 5 қыркүйектегі № 133 (2527) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Автомобиль жолының учаскесін пайдаланудың тәуекел дәрежесі:

      1) егер автомобиль жолының он километрі бойында топырақ жабыны, жол киімі мен төсемі, жасанды жол құрылыстары, автомобиль жолдарын жайғастыру элементтері және қыста күтіп ұстау бойынша қоса алғанда оннан астам дефекті болса, екі баллмен;

      2) егер автомобиль жолының он километрі бойында топырақ жабыны, жол киімі мен төсемі, жасанды жол құрылыстары, автомобиль жолдарын жайғастыру элементтері және қыста күтіп ұстау бойынша қоса алғанда бестен онға дейін дефекті болса, үш баллмен;

      3) егер дефектінің/дефектілердің болуы немесе ауқымы көлік құралының қозғалыс жылдамдығын төмендетуге әкеп соқпаса және жол жүрісі қауіпсіздігіне ықпал етпесе, төрт баллмен;

      4) дефектілері жоқ жолдар бес баллмен бағаланады.";

      4. "Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 432 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9695 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағидада:

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органы жергілікті полиция қызметі бастығының немесе оның орынбасарының шешімімен профилактикалық есепке қою мерзімін бір жылға ұзартқан жағдайда профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезеңі ұзартылады, тиісінше көрсетілген мерзімге ұзартылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Ішкі істер органы жергілікті полиция қызметінің бастығы немесе оның орынбасары, учаскелік полиция инспекторы не кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға қатысты қорғау нұсқамасын шығарады, бұл ретте жәбірленушінің пікірін, құқық бұзушының жеке басын, оның жеке мінез-құлық ерекшеліктерін, жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығын және тұрмыстық зорлық-зомбылықты қайта жасауға ықпал етуі мүмкін басқа да факторларды ескереді.";

      5. "Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9737 болып тіркелген, 2014 жылы 14 қазанда "Әділет" ақапараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін.

      көрсетелген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасында,:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметтері мен пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөлімшелерінің, жергілікті полиция қызметінің ақпараттық-талдау бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібін айқындайды.;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Есепке алынған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасы мәселелері бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (бұдан әрі – ҚАЖД) пробация қызметтері мен ішкі істер департаменттерінің қалалық, аудандық ішкі істер органдарының (басқармаларының) (бұдан әрі - ҚАІІБ(Б)) әкімшілік полиция бөлімшелерінің, жергілікті полиция қызметінің өзара іс-қимыл жасасуы:

      1) оларға белгілі болған дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыс фактілері туралы ақпаратпен алмасу;

      2) олардың өмір салтын және тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру;

      3) есепке алынған адамдарға қатысты профилактикалық сипаттағы іс-шараларды бірлесіп жоспарлау және кемінде тоқсанына бір рет өткізу;

      4) бірлескен кеңестер өткізу арқылы жүзеге асырылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Есепке алынған адамның мекенжайы аудан не облыс шегінен тыс кетуіне байланысты ауысқан жағдайда пробация қызметі хабарламаны жергілікті полиция қызметіне және ҚАІББ(Б) әкімшілік полиция инспекторына (ӘПБ) есептен алу үшін жолдайды";

      8-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жергілікті полиция қызметіне учаскелік полиция және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларын хабардар ету үшін есепте тұрған және пробация қызметінің есебінен алынған есепте тұрған адамдардың тізімдерін жолдайды";

      9-тармақтың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жергілікті полиция қызметі мен АТБ осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепте тұрған және есептен алынған есепте тұрған адамдардың саны бойынша салыстыра тексеру жүргізеді, олардың қорытындылары бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың саны бойынша пробация, жергілікті полиция қызметі, ҚАІІБ(Б)-ның ӘПИ және АТБ арасында салыстыра тексеру актісін жасайды";

      10-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметінің бастығына өзара іс-қимыл жасасудың жай-күйі туралы ақпарат ұсынады;";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. ҚАІІБ(Б) пробация қызметінің сұрау салуы бойынша қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы материалдардың көшірмесін ұсынады, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жасаған құқық бұзушылықтар фактілері туралы ай сайын хабардар етеді";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті полиция қызметі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды, сотпен әкімшілік қадағалау белгіленген адамды есепке қойғаннан кейін:

      1) әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін пробация қызметіне оның келуін қамтамасыз етеді;

      2) сот қаулысының көшірмесін пробация қызметіне жолдайды.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пробация қызметі жергілікті полиция қызметінен әкімшілік қадағалау белгіленген және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға арналған соттың қаулысының көшірмесін алғаннан кейін өз есебіне қояды және мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) есепке алынған адамның денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмысқа орналастыру, тұрғылықты мекенжайының бар-жоғын айқындай отырып, оның жеке басын зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ берілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;

      2) адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін түсіндіреді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жергілікті полиция қызметі пробация қызметіне сотпен әкімшілік қадағалау белгіленген және қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың есептен шешілгендігі туралы хабарлама жолдайды.";

      Көрсетілген қағиданың 1-қосымшасы осы тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша редакцияда жазылсын.

      6. "Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамызында № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 17 қыркүйекте № 9738 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпандағы № 38 (27914) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасында:

      5-тармақтың 8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және учаскелік полиция инспекторларын хабардар болуын арттыру үшін пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандар тізімін ай сайын жергілікті полиция қызметі бөліністеріне жолдайды;".

      7. "Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 қазанда № 9839 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 197 (28073) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасында:

      6, 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдармен профилактикалық жұмыстың жүзеге асырылуын бақылау аудандық (қалалық, қаладағы аудандық) ішкі істер органы (бұдан әрі - ҚАІІО) жергілікті полиция қызметінің бастығына және оның орынбасарына жүктеледі.

      7. ҚАІІО-ның бастығы қылмыстық-атқару жүйесінің бөліністерінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты хабарлама алған соң жергілікті полиция қызметінің бастығына шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұрғылықты жеріне келуін бақылауды жүзеге асыруды тапсырады.

      8. Учаскелік полиция инспекторы немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (бұдан әрі – УПИ) мекемеден хабарлама алған сәттен бастап тәулік ішінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) енгізу үшін тапсырма толтырады. Тапсырма жоспар "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметінің бастығына жолданады.";

      9. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тұрақты тұрғылықты жеріне келгеннен кейін ҚАІІО-ның бастығы:

      1) жергілікті полиция қызметінің бастығына:

      профилактикалық есепке алуды және адамға арналған ақпараттық-іздеу картасын (бұдан әрі – Адам-АІК) ақпараттық-аналитикалық орталықтың (бұдан әрі – ААО) аумақтық бөліністеріне, сондай-ақ ақпаратты кезекші бөлімге, арнайы мекемеге және полицияның кешенді күштеріне жіберуді;

      қылмыстық-атқару жүйесі бөліністеріне хабарлауды;

      шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның қасақана қылмыс жасауының әрбір фактісі бойынша анықталған кемшіліктерді жою және ішкі істер органдарының профилактикалық жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдай отырып, қызметтік тексеріс жүргізуді;

      2) ҚАІІО криминалдық полиция бөлінісіне шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды жедел есепке алуды;

      3) ҚАІІО-ның криминалдық полициясына, кезекші бөлімдеріне, арнайы мекемелеріне және полицияның кешенді күштеріне шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың тарапынан құқық бұзушылық және сотпен оларға жүктелген міндеттерді орындаудан жалтару фактілері туралы ҚАІІО-ның жергілікті полиция қызметінің бөліністеріне ақпарат ұсынуды тапсырады.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тұрғылықты жеріне келгеннен кейін УПИ үш жұмыс күні ішінде ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығына Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабына сәйкес оларға сот жүктеген міндеттер бойынша шектеулер белгілеу туралы осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаулы енгізеді.

      18. Тұрғылықты жерін тастап кетпеуге тыйым салуға қатысты Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндеттер бойынша белгіленген шектеулерді ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы жұмыс, оқу режиміне байланысты өзгерте алады.";

      21-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Тұрғылықты жері бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам дәлелсіз себептер бойынша 5 жұмыс күні ішінде тұрғылықты жеріне келмеген не болмаған және міндеттерін орындаудан қасақана жалтару фактілері анықталған жағдайда, УПИ бұл туралы ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығына баянатпен баяндайды және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жүрген жері және келмеу себептерін анықтау бойынша алғашқы іс-шараларды жүргізеді.";

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік қамауға тартылатын құқық бұзушылық жасаған және міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған жағдайда ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы материалдарды және бақылау ісін қоса отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазаның қалған өтелмеген бөлігін орындау мүмкіндігі туралы осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес дәлелді ұсынымды сотқа жолдайды.

      23. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды бақылау олардың тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады. Егер шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам дәлелді себептер бойынша аталған мекенжайда тұра алмаса, ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы оның өтінішіне сәйкес оған ҚАІІО қызмет көрсететін аумақтың шегіндегі басқа жерде уақытша тұруға рұқсат береді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұрғын үйіне әрбір келу нәтижелері бойынша учаскелік полиция инспекторы немесе оны тексеретін полиция қызметкері бақылау парағына осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті белгі қояды.";

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның ішкі істер органына келуін тіркеу ҚАІІО жергілікті полиция қызметі бөліністерінде не учаскелік полиция пункттерінде жүзеге асырылады, бұл туралы арнайы тіркеу парағына осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі қойылады.

      29. УПИ сот белгілеген міндеттерді бұзудың әрбір фактісі бойынша осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат толтырады және ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығына баяндайды.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұрғылықты жерінен ауданнан (қаладан, облыстан) тысқары шығуы туралы мәселелерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жазбаша арызының шығу себебін профилактикалық есепте тұрған кезеңдегі мінез-құлқын сипаттайтын деректер көрсетілген учаскелік инспектордың баянаты негізінде ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы қарайды. Қабылданған шешім туралы арызға тиісті жазба жазылады.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам басқа ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа келісімен, жергілікті полиция қызметі бөлінісінің қызметкері немесе УПИ келген адамды жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа уақытша тұру үшін келген адамдарды тіркеу журналының екінші бөліміне тіркейді, оның бағыттық парағына тиісті белгілер қойып, оларды ішкі істер органының мөрімен (мөртаңбасымен) куәландырады.";

      8. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 13 қазанда № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті туралы ереже) 4 қосымшада:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік пен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және жолын кесу, қылмыстарды ашу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, өз құзыреті шегінде әйелдерге қатысты құқыққа қарсы қол сұғушылықтарға қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік өндірісті жүзеге асыру салаларында басшылық жасайтын ведомствосы болып табылады.".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тармақ Функциялары:

      1) әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша профилактикалық жұмысты жүзеге асырады;

      1-1) жергілікті полиция қызметінің жұмысын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) заңнамаға сәйкес лицензиялар мен рұқсаттар беруді жүзеге асырады;

      3) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялау және рұқсаттар беру саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      4) лицензиаттардың қызметіне, оның ішінде олардың қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;

      5) күзет қызметімен, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждаумен, ретке келтірумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерді және жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;

      5-1) ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру құқығын келісуді жүзеге асырады;

      6) мемлекеттік күзетуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді ұйымдастырады;

      7) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету кезінде адамдарды, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеріп қарауды ұйымдастырады;

      8) күзет қызметі субъектілерінен олардың "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы ақпаратты сұратады;

      9) ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырады;

      10) күдіктілер мен айыпталушыларды, сотталғандарды күзетуді және айдауылдауды бақылауды жүзеге асырады;

      11) күзету халықаралық шарттарға сәйкес мемлекетке жүктелген объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласында айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      13) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен:

      жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға;

      заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдамалар;

      жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге;

      заңды тұлғаларға:

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге арналған қорытындылар;

      жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;

      заңды тұлғаларға:

      жарылғыш материалдар сатып алуға, сақтауға;

      азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды сақтауға;

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау және алып жүруге, тасымалдауға;

      атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттар беруді;

      14) әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтарды ескерту жөніндегі профилактикалық қызметті жүзеге асырады;

      15) қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасады;

      16) белгіленген тәртіппен көлік құралдарына ілесіп жүруді жүзеге асырады;

      17) жүргізушілер куәліктерін беруді, сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді және оларды есепке алуды, көлік құралдарын сенімхат бойынша пайдаланатын адамдарды тіркеуді жүзеге асырады;

      18) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ұйымдастыруға қатысады;

      19) автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, қалалық электрлік көлік желілерін, тұрғын үй кешендерін және жекелеген ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жаңа көлік құралдары үлгілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссияларға қатысады;

      20) жол жүрісін реттеуді қамтамасыз етеді;

      21) мүгедектерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында олардың қажеттіліктерін ескере отырып, жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келіседі;

      22) жол жүрісі қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады және оны орындау үшін міндетті түрде ұйғарымдар береді;

      23) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі білім беру ұйымдарының тізілімін жүргізеді;

      24) оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша білім беру процесі уақытында көлік жүргізуге оқыту шеберлерінің тізілімін жүргізеді;

      25) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру бойынша құжаттаманы белгіленген тәртіппен келіседі;

      26) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелер құрады және пайдаланады;

      27) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін, педагогтарды, тәрбиешілерді, кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оқу, тәрбие және өзге де мекеменің басқа да қызметкерлерін анықтайды және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды;

      28) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштер мен хабарламаларды белгіленген тәртіппен қарайды және оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсынымдар шығарады, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      29) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік мекемелерге жіберуге немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресімдеуге жәрдемдеседі;

      30) арнайы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;

      31) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға қарсы іс-әрекеттері, оған ықпал еткен себептер мен жағдайлар туралы мүдделі органдар мен мекемелерді хабардар етеді;

      32) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкілдерін құқықтық тәрбиелеуде білім беру органдарына жәрдемдеседі;

      33) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарына нашақорлыққа және уытқұмарлыққа шалдыққан адамдарға медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыруға жәрдемдеседі және оны көрсету кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті қамтамасыз етеді;

      34) сот шешімімен тағайындалған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан жалтарып жүрген адамдарды іздеуді, оларды ұстауды және арнайы медициналық мекемелерге жеткізуді жүзеге асырады;

      35) өз құзыреті шегінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, алдын алуды және ашуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      36) қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдіктілер мен айыптаушыларды, белгілі тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарды, әкімшілік қамаудағыларды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстауды, күдіктілер мен айыптаушыларды айдауылдауды, қылмыстық (әкімшілік) процесті жүргізуші органдардың оларға қатысты қаулыларының, ұйғарымдарының және үкімдерінің атқарылуын ұйымдастырады";

      37) жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесуге қатысады;

      38) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

      39) ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде режимдік талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      40) заңнамада бекітілген жағдайларда кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін анықтайды, есепке алуын жүргізеді және оларға қатысты жеке профилактика шараларын жүргізеді;

      41) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегіз жасқа дейінгі және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспірімдерді кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізеді;

      42) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судья талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, тергеушінің, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындайды;

      43) карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысады;

      44) төменгі бөліністердің үлгі ережелерін және қызметкерлер мен жұмыскерлердің үлгі лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Төменгі бөліністердегі тиісті ережелердің және лауазымдық нұсқаулықтардың әзірленуін және бекітілуін, сондай-ақ оларды қызметкерлер мен жұмыскерлердің зерделеуін бақылауды жүзеге асырады;

      45) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тартылған еңбекті нормалау жөніндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасасады, басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің ғылыми-негізделген жүктеме нормативтерін әзірлеу үшін талап етілетін материалдар мен мәліметтерді дайындауды және оларды ұсынуды қамтамасыз етеді, әзірленген жүктеме нормативтерінің сапасына, сондай-ақ олардың негізділігіне және практикада қолдану мүмкіндігіне жауап береді;

      46) ғылыми-негізделген нормативтерге сәйкес басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің нақты жүктемесіне талдау жүргізеді, оның негізінде олардың нормативтік штаттық санын анықтайды және оны қайта бөлу бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      47) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенттің және Үкімет актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      19-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Комитеттің қызметкерлерін белгіленген тәртіппен әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметтерінің жұмысына тексеріс жүргізуге және практикалық көмек көрсету, басқа да қызметтік мәселелер шешу үшін қызметтік іссапарларға жолдайды".

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
20 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 981 бұйрығына қосымша
  Пробация қызметтерінің
есебінде тұрған адамдардың
мінез-құлқына бақылау жасау
жөніндегі пробация қызметтері
мен полиция бөлімшелерінің
өзара іс-қимыл жасасу
қағидасына
1-қосымша

      Нысан

20___ жылғы ______ тоқсанында пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдардың саны бойынша пробация, жергілікті полиция
қызметтерінің және АТБ арасындағы салыстыра тексеру
АКТІСІ


Жыл басынан бастап пробация қызметіне есепке қойылған адамдардың саны

Жыл басынан бастап есептен шығарылған адамдардың саны

Есеп беру кезеңінің соңында пробация қызметіне есепке алынған адамдар

Пробация қызметі




ЖПҚ




ААБ





      Салыстыра тексеру жүргізгендер:

      Пробация қызметінің бастығы__________________________________________

      (органның атауы)

      ___________________________________________________ ________

      (атағы, тегі, аты-жөні (болған жағдайда – Т.А.Ә.)) (қолы)

      20__ жылғы "___" _____________

      __________________Жергілікті полиция қызметінің бастығы

      (ҚАІІБ(Б) атауы)

      _______________________ ____________

       (атағы, Т.А.Ә.) (қолы)

      20__ жылғы "___" _____________________________ААБ бастығы

       (ҚАІІБ(Б) атауы)

      _______________________ _________________

       (атағы, Т.А.Ә.) (қолы)

      20__ жылғы "___" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады