"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңының 25) тармақшасына 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағида (бұдан әрі – Қағида) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған адамдарға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 6481 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 249 жарияланған) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 16 тамыздағы № 356 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері, дербес басқармаларының бастықтары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің бастықтары ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін және оның талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
6. Қолданысқа 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап енетін қоса беріліп отырған Қағиданың 2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | |
полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 432 бұйрығымен бекітілген |
Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының "Ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі, "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" 2009 жылғы 4 желтоқсандағы, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және профилактикалық есепте тұрған адамдар үшін профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Профилактикалық бақылауға:
1) қорғау нұсқамасы шығарылған адамдар;
2) бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар қою туралы шешім қабылданған адамдар;
3) қылмыстық жауапкершілікке тартуға жататын жасқа жетпеуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартуға жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтитын әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандар;
4) қамауға алумен байланысты емес жазалау шарасы таңдалғанға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталушы немесе күдікті кәмелетке толмағандар;
5) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған кәмелетке толмағандар;
6) арнайы білім беру және ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарының түлектері;
7) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) ұстау бойынша өз міндеттерін орындамайтын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері жатады.
3. Қорғау нұсқамасы шығарылған адамға қатысты профилактикалық бақылау оған қорғау нұсқамасы ұсынылған сәттен бастап және әрекет ету мерзімі өткенге дейін жүзеге асырылады.
4. Бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған адамдар үшін профилактикалық бақылау сот айқындайтын құқық бұзушының мінез-құлқына қойылған шектеулер мен ерекше талаптардың әрекет ету мерзімі өткенге дейін соттың шешімі (қаулысы) шыққан сәттен бастап жүзеге асырылады.
5. Арнайы білім беру ұйымдарынан және ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарынан келген қылмыстық жауапкершілікке тартуға жататын жасқа жетпеуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартуға жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтитын әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандар үшін профилактикалық бақылау 12 ай ішінде, бірақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады.
6. Қамауға алумен байланысты емес жазалау шарасы таңдалғанға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталушы немесе күдікті кәмелетке толмағандар үшін профилактикалық бақылау қылмыстық істі тергеу кезеңі ішінде, бірақ кәмелетке толғанға дейін жүзеге асырылады;
7. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған кәмелетке толмағандар үшін профилактикалық бақылау соттылығы өтелгенге немесе алынып тасталғанға дейін, бірақ кәмелетке толғанға дейін жүзеге асырылады.
8. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) ұстау бойынша өз міндеттерін орындамайтын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдеріне профилактикалық бақылау тоқсанда бір реттен кем емес жүзеге асырылады.
Ішкі істер органы бастығының не оның орынбасарының шешімімен профилактикалық есепке қою мерзімі бір жылға ұзартылған жағдайда профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезеңі тиісінше көрсетілген мерзімге ұзартылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.04.2017 № 288 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.9. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты профилактикалық бақылауды жүзеге асыру туралы шешімді ішкі істер органдарының бастығы немесе оның орынбасары учаскелік полиция инспекторының (кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор) дәлелді баянаты негізінде қабылдайды.
10. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепте тұрған адамның белгіленген шектеулерді сақтауы және жүктелген міндеттемелерді орындауы үшін жүйелі бақылаумен қорытындыланады.
2-тарау. Профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген адамдарға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша профилактикалық іс жүргізіледі.
12. Аумақтық полиция органының, ішкі істер органы жергілікті полиция қызметінің бастықтары, олардың орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға қатысты қорғау нұсқамасын шығарады.
Бұл ретте, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында көзделген шектеулер оның пікірін ескере отырып, белгіленеді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Қорғау нұсқамасын осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны шығару сәтінде ақыл-есі дұрыс, он алты жасқа толған адамға қатысты толтырады.
Бұл ретте жәбірленушіге оның құқықтары және құқық бұзушы қорғау нұсқамасын бұзған жағдайда құқықтық салдары түсіндіріледі.
14. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам қорғау нұсқамасының түпнұсқасына қол қою арқылы танысады (қорғау нұсқамасының түпнұсқасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, ол туралы жазылады). Содан кейін түпнұсқадан үш көшірме түсіріледі. Көшірменің бірінші және екінші данасы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға және жәбірленушіге тұпнұсқаға қол қою арқылы табыс етіледі. Көшірменің үшінші данасы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға оны ұсынған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жолданады. Қорғау нұсқамасының түпнұсқасы профилактикалық іске тігіледі.
15. Ерекше талаптар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты қойылады.
16. Кәмелетке толмағанның бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар қою белгілі орындарға баруға, механикалық көлік құралдарын басқаруға байланысты белгілі бос уақыт нысандарын пайдалануға, тәуліктің белгілі бір уақытында тұрғын үй-жайдан тыс шығуға, арнайы мемлекеттік органдардың немесе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз өзге де орындарға шығуына тыйым салуды көздеуі мүмкін.
Кәмелетке толмағандарға білім беру ұйымдарына оралу, оқуын жалғастыру немесе аяқтау не болмаса арнайы мемлекеттік органдар немесе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көмегімен жұмысқа орналасу талаптары қойылуы мүмкін.
Осы Қағиданың 2-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қатысты профилактикалық бақылау Осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке профилактикалық жұмыс жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.
17. Осы Қағиданың 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдарға қатысты профилактикалық бақылау Осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Жоспарлар профилактикалық есепке қойғаннан кейін үш күндік мерзімде жасалып, ішкі істер органдарының бастығы немесе оның орынбасары бекітеді.
18. Профилактикалық есепте тұрған адамға белгіленген шектеулерді сақтауды және жүктелген міндеттерді орындауды бақылау мақсатында учаскелік полиция инспекторы не болмаса тұрғылықты, жұмыс және оқу орны бойынша тексеруді жүзеге асырады.
19. Қорғау нұсқамасы шығарылған, бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған адамдарды тексеру кезеңділігі күнтізбелік жеті күнде кемінде бір ретті құрайды.
20. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген адамдар үшін профилактикалық бақылауды тоқтату үшін негіздер:
1) профилактикалық есепте болу мерзімінің өтуі;
2) психикалық, мінез-құлық ауытқулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жіберу;
3) қылмыстық жазаға сотталу;
4) адамның кәмелеттік жасқа толуы;
5) есепте тұратын адамның өлімі;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа мән-жайлардың туындауы болып табылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2020 № 839 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі айқындаған тәртіппен Ақпараттық-аналитикалық орталықтың аумақтық бөліністеріне ұсынылады.
|
№ _______Профилактикалық іс
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_______________________________________
(ішкі істер органының атауы)
20____ жылғы "____" _________ басталды
20____ жылғы "____" ________ аяқталды
Жалпы жинақталған іс мұқабаның ішкі жағына басылады
Профилактикалық істе тұрған құжаттардың тізбесі
1. Істегі құжаттардың тізімдемесі.
2. Тексерушінің парағы.
3. Профилактикалық есепке қою туралы баянат.
4. Есепке қою негіздемесін растайтын материалдар (сот қаулысының, қорғау нұсқамасының көшірмелері).
5. Жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
6. Сипаттайтын материалдар.
7. Адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту, оларды денсаулық сақтау органдарының наркологиялық, психоневрологиялық мекемелеріне орналастыру туралы қаулылардың көшірмелері.
8. Біріктірілген деректер банкінің есебі мен "Информ сервис" АІЖ есептері бойынша сұрау салуларды шығару.
9. Есепте тұрған адамды бақылауды жүзеге асыру барысында жиналған анықтамалар, баянаттар және басқа материалдар.
Ескертпе: Осы Қағидалардың 2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қатысты құжаттардың көрсетілген тізбесіне қосымша жеке профилактикалық жұмыс жоспары, шолу анықтама (осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда), байланыс сызбасы, есепке қою және профилактикалық есептен шығару туралы хабарламалар көшірмелері салынады.
нысан |
Қорғау нұсқамасы
___ сағат ____ минут 20___ жылғы "____"_____________
____________________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, ауылдық округ)
"Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабын басшылыққа ала отырып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында азамат (ша)_________________________________
(жәбірленушінің Т.А.Ә.)
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азамат (ша)_______________________
(құқық бұзушының Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________
Туған жылы, күні, айы ________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________
азамат(ша)____________________________ қатысты мынадай: жәбірленушінің
(жәбірленушінің Т.А.Ә.)
еркінен тыс кәмелетке толмағандарды және немесе оның әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерін қоса алғанда іздестіруге, қудалауға, баруға, ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және онымен өзге де тәсілдер арқылы байланыс жасауға, сондай-ақ қасақана құқыққа қарсы (әрекет немесе әрекетсіздік), денсаулыққа зиян келтіретін немесе дене күшін және (немесе) психикалық залал келтіретін әрекеттер жасауға тыйым салынады.
Азамат___________________________отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас
(құқық бұзушының Т.А.Ә.)
саласында құқық бұзушылық жасауы қорғау нұсқамасын енгізу үшін негіз болып табылады, атап айтқанда: ________________________________________ ____________________________________________________________________
(отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтың уақыты, орны, фабуласы)
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Осы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
Қорғау нұсқамасы 30 тәулік мерзімге шығарылады.
Қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзімі ол азамат ___________________
(құқық бұзушының Т.А.Ә.)
________________________________________ тапсырылған сәттен басталады.
(лаузымы, ІІО атауы)
М.О.______________________________
(атағы, қорғау нұсқамасын шығарған адамның Т.А.Ә. )
Қорғау нұсқамасымен таныстым: __________________________________
(құқық бұзушының қолы және Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
20___ жылғы "____"_______________
Алғаны туралы қолхат:
Қорғау нұсқамасының көшірмесін алдым, қорғау нұсқамасын бұзған жағдайдағы құқықтармен және құқықтық салдарымен таныстым:___________________________________________________________
(құқық бұзушының қолы және Т.А.Ә.)
20___ жылғы "____"_______________
___________________________________________________________
(жәбірленушінің қолы және Т.А.Ә.)
20___ жылғы "____"_______________
|
БЕКІТЕМІН
ҚАІІО бастығы (орынбасары)
Атығы _________________________
Тегі, аты, әкесінің аты ___________
Күні, айы, жылы "____" __________
Кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыстың үлгі жоспары
(Т.А.Ә., туған күні)
р/с№ | Жоспарланған іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Аяқтау нысаны |
Міндетті профилактикалық іс-шаралар | |||
1 | Кәмелетке толмағанның және оның ата-аналарымен тұрғылықты жері бойынша профилактикалық әңгіме жүргізеді. | Айына бір реттен кем емес | Түсініктеме |
2 | Тұрғылықты жері бойынша сипаттайтын материалдар жинайды (көршілерден сұрау) | Жарты жылда бір рет | Түсініктеме (жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда баянат жасалады) |
3 | Білім беру ұйымдарынан сипаттайтын материалдар сұратады | Жарты жылда бір рет | Мінездеме |
4 | Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды зерттеуді жүзеге асырады | Жарты жылда бір рет | Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың актісі |
5 | Жағымды және жағымсыз байланыстардың сызбасы жасалады | Есепке қойылған сәтте | Байланыс сызбасы |
6 | ІІМ-нің біріктірілген деректер базасы (бұдан әрі – БДБ) бойынша тексеруді жүзеге асырады | Тоқсанына бір рет | БДБ анықтамасы |
Жұмысқа орналастыру, демалысты, бос уақытты ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар | |||
7 | Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына (бұдан әрі – КІжҚҚК) жұмысқа орналастыру бойынша көмек көрсету туралы өтініш жолдайды. | Есепке қойылған сәттен бастап 4-тен 6 айға дейін | Өтініш |
8 | Мүдделі мемлекеттік органдарға және үкіметтік емес ұйымдарға кәмелетке толмағандардың демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша өтініш жолдайды. | Есепке қойылған сәттен бастап 4-тен 6 айға дейін | Өтініш |
Жеке профилактиканың алдын алу (соңғы) шаралары | |||
9 | Кәмелетке толмағанның мінез-құлқын қарау үшін КІжҚҚК-ге өтініш жолдайды | Есепке қойылған сәттен бастап 7-тен 11 айға дейін | КІжҚҚК-нің шешімі |
10 | Балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке кәмелетке толмағандардың ата-аналарын не заңды өкілдерін тарту туралы сотқа материалдарды жасайды және жолдайды. | Есепке қойылған сәттен бастап 7-тен 11 айға дейін | Соттың шешімі |
11 | КІжҚҚК-нің алдында кәмелетке толмағанды арнайы білім беру ұйымына не ерекше ұстау режимімен білім беру ұйымына жіберу туралы өтініш жасайды. | Есепке қойылған сәттен бастап 7-тен 11 айға дейін | КІжҚҚК-нің шешімі |
12 | Сотқа кәмелетке толмағанды арнайы білім беру ұйымына не ерекше ұстау режимімен білім беру ұйымына орналастыру туралы материалдарды жолдайды. | Есепке қойылған сәттен бастап 7-тен 11 айға дейін | Соттың шешімі |
Жеке профилактикалық жұмыстың қорытындысын шығару | |||
13 | Түзету немесе кәмелетке толмағанға қатысты жеке профилактика шараларын одан әрі жүргізу қажеттілігі туралы қорытындымен осы жоспардың тармақтарын орындау туралы анықтама жасалады. | Тоқсан сайын | Анықтама |
Ескертпе: Жоспарда көзделген іс-шаралармен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауға, құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандардың арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған өзге де шараларды жүзеге асыруға жол беріледі.
КЕЛІСІЛДІ
ҚАІІб кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі бөлініс бастығы
Атағы ____________________
Тегі, аты, әкесінің аты _______
күні, айы, жылы "___" _____
ҚАІІб кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы
Атағы ____________________
Тегі, аты, әкесінің аты _______
күні, айы, жылы "___" _____
|
БЕКІТЕМІН
ҚАІІО бастығы (орынбасары)
Атығы _________________________
Тегі, аты, әкесінің аты ___________
Күні, айы, жылы "____" __________
Ескерту. 4-қосымшаға орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Ішкі істер министрінің 09.06.2015 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) ұстау бойынша өз міндеттерін орындамайтын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдерімен жеке профилактикалық жұмыстың
үлгі жоспары
(Т.А.Ә., туған күні)
р/с № | Жоспарланған іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Аяқтау нысаны |
Міндетті профилактикалық іс-шаралар | |||
1 | Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) ұстау бойынша өз міндеттерін орындамайтын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдерімен тұрғылықты жері бойынша профилактикалық әңгіме жүргізеді. | Ай сайын | Түсініктеме |
2 | Тұрғылықты жері (көршілерден сұрау) және жұмыс орны бойынша сипаттайтын материалдар жинайды | Жарты жылда бір рет | Түсініктеме (жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда баянат жасалады) |
3 | Кәмелетке толмаған балалары оқитын білім беру ұйымдарынан сипаттайтын материалдарды сұратады | Жарты жылда бір рет | Мінездеме |
4 | Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды зерттеуді жүзеге асырады | Жарты жылда бір рет | Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың актісі |
5 | Жағымды және жағымсыз байланыстардың сызбасы жасалады | Есепке қойылған сәтте | Байланыс сызбасы |
6 | ІІМ-нің біріктірілген деректер базасы (бұдан әрі – БДБ) бойынша тексеруді жүзеге асырады | Тоқсанына бір рет | БДБ анықтамасы |
Жұмысқа орналастыру, демалысты, бос уақытты ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар | |||
7 | Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына (бұдан әрі – КІжҚҚК) ата-аналарды жұмысқа орналастыру бойынша көмек көрсету туралы өтініш жолдайды. | Есепке қойылған сәттен бастап 4-тен 6 айға дейін | Өтініш |
8 | Мүдделі мемлекеттік органдарға және үкіметтік емес ұйымдарға кәмелетке толмағандардың демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша өтініш жолдайды. | Есепке қойылған сәттен бастап 4-тен 6 айға дейін | Өтініш |
Жеке профилактиканың алдын алу (соңғы) шаралары | |||
9 | Кәмелетке толмағанның ата-анасының не заңды өкілдерінің мінез-құлқын қарау үшін КІжҚҚК-ге өтініш жолдайды | Есепке қойылған сәттен бастап 7-ден 9 айға дейін | КІжҚҚК-нің шешімі |
10 | Балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке кәмелетке толмағандардың ата-аналарын не заңды өкілдерін тарту туралы сотқа материалдарды жасайды және жолдайды. | Есепке қойылған сәттен бастап 7-ден 9 айға дейін | Соттың шешімі |
11 | КІжҚҚК алдында ата-аналар құқығынан айыру (шектеу) туралы өтініш жасайды. | Есепке қойылған сәттен бастап 7-ден 9 айға дейін | КІжҚҚК-нің шешімі |
12 | Сотқа ата-аналардың құқықтарынан айыру (шектеу) бойынша материалдарды жолдайды. | Есепке қойылған сәттен бастап 10-нан 11 айға дейін | Соттың шешімі |
Жеке профилактикалық жұмыстың қорытындысын шығару | |||
13 | Түзету немесе кәмелетке толмағанның ата-анасына не заңды өкілдеріне қатысты жеке профилактика шараларын одан әрі жүргізу қажеттілігі туралы қорытындымен осы жоспардың тармақтарын орындау туралы анықтама жасалады. | Тоқсан сайын | Анықтама |
Ескертпе: Жоспарда көзделген іс-шаралармен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауға, құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандардың арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған өзге де шараларды жүзеге асыруға жол беріледі.