«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 387 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11728 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 8 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1131 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы № 387
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу туралы куәлiк – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi орган беретiн, заңды тұлғалардың энергия аудитiн немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу құқықтылығын куәландыратын ресми құжат;
2) бастапқы энергетикалық ресурстар – осы энергия көздеріндегі энергия өзгертілуінен бұрын, ілеспе тау жыныстарынан оларды бөлуді, тазалауды немесе сұрыптауды ескере отырып немесе ескертусіз өндіруді және түзілуді ғана қажет ететін энергиялық ресурстар;
3) қайталама энергетикалық ресурстар - бастапқы энергетикалық ресурстарын өзгерту нәтижесі болып табылатын энергетикалық ресурстар;
4) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi жүргiзу – Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты қызметі процесінде сақтайтын, Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру үшін қажетті барлық іс-қимылдар мен рәсімдер жиынтығы;
5) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері ұсынған деректер, жүргізілген талдаулар, Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтының қорытындылары мен есептері негізінде Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпаратты жинақтау үшін материалдар дайындау.
6) Мемлекеттік энергетикалық тізілім (бұдан әрі - МЭТ) – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығы;
7) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері (бұдан әрі – МЭТ субъектілері) – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор және табиғи монополиялар субъектілері;
8) МЭТ субъектісінің энергетикалық ресурстарды жылдық тұтынуы – бұл Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері өндірген және басқа заңды және жеке тұлғаларға берілген қайталама энергетикалық ресурстарда қоспағанда, бұл барлық ілеспе техникалық болмай қоймайтын, оның ішінде қолданылатын технологиялар мен жабдықтардың ерекшелігінен туындайтын шығындарды, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды тасымалдау қызметін көрсеткен кезде туындайтын шығындарды қоса алғанда, күнтізбелік жыл ішінде технологиялық және энергетикалық мақсаттарда, МЭТ субъектілерінің бастапқы және қайталама энергетикалық ресурстарды жалпы шығындауы;
9) энергетикалық аудит (энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) энергия-аудиторлық ұйым – энергия аудитін жүргізу құқығын аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға;
12) энергия-сервистік компания – меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен энергия-сервистік шарт шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде мердігер ұйымдарды тарта отырып орындайтын заңды тұлға.
2. Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру
және жүргізу тәртібі
3. МЭТ-ті қалыптастыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын бесінші қарашаға дейінгі мерзімде МЭТ субъектілері туралы ақпаратты Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына жібереді.
4. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған ақпарат негізінде МЭТ субъектілерінің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастырады;
2) МЭТ субъектілеріне Тізбеге енгізілген күнінен бастап он бес жұмыс күн ішінде Тізбеге енгізілгені туралы хабарламаны жібереді;
3) осындай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
МЭТ субъектілерінің Тізбесі Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтының интернет-ресурсында орналастырылады.
5. МЭТ субъектілері жыл сайын бірінші сәуірге дейінгі мерзімде Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына есептік кезең ішінде мынадай ақпаратты ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша МЭТ субъектілерінің атауы, мекенжайы мен олардың қызметінің негізгі түрлері;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша күнтізбелік бір жыл ішінде заттай және ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және жоғалту көлемдері;
3) «Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 391 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10958 болып тіркелген) сәйкес энергия аудитінің қорытындысы бойынша МЭТ субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілетін толықтырулар және (немесе) өзгерістер;
4) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша есептік кезең ішінде энергия аудитінің қорытындысы бойынша МЭТ субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелері;
5) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлер, ғимараттар, құрылыстар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстар шығынын;
6) энергия аудиті бойынша қорытындының көшірмесі;
7) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 5-нысан бойынша энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпарат.
6. Мемлекеттік мекемелер Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына осы Қағидалардың 5-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес ақпаратты ұсынады.
7. Осы Қағидалардың 5-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген ақпарат «Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген) сәйкес өткізілген энергия аудитінің қорытындысы бойынша МЭТ Субъектілерімен ұсынылады.
8. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген ақпарат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қағаз немесе электрондық тасығыштарда (PDF және Excel) ұсынылады.
9. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты отызыншы мамырға дейінгі мерзімде МЭТ субъектілері ұсынған ақпараттың толықтығын тексереді.
10. Ұсынылған ақпараттың толық емес екендігі анықталған жағдайда, Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген мерзімде МЭТ субъектiлерiнен және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 354 Бұйрығына сәйкес аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлғалардан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан жетіспейтін ақпаратты сұратады.
МЭТ субъектісі жетіспейтін ақпаратты Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтынан сұратуды алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
11. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты жыл сайын он бесінші маусымға дейінгі мерзімде уәкілетті органға ақпаратты ұсынудан бас тартқан немесе дәйексіз ақпаратты ұсынған МЭТ субъектілері туралы ақпаратты береді.
12. МЭТ субъектілері ұсынған ақпараттың негізінде жыл сайын бiрiншi қазанға дейінгі мерзімде Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты МЭТ субъектілері жүзеге асыратын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың тиімділігіне бағалау және талдау жүргізеді және атқарылған жұмыс туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады.
13. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты қызмет қорытындысы бойынша жыл сайын оныншы желтоқсанға дейінгі мерзімде уәкілетті органға мыналарды қамтитын ақпарат жиынтығын ұсынады:
1) МЭТ субъектілері жүзеге асыратын, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар тиімділігін бағалау мен талдауы;
2) МЭТ субъектiлерiнің энергетикалық ресурстарды тұтынуының талдауы;
3) МЭТ субъектiлерiнің энергетикалық ресурстарды тұтынуының өткен жылмен салыстырмалы талдауы;
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты МЭТ субъектiсiнің энергетикалық ресурстарды жылдық тұтынуын есептеген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес шартты отынға энергетикалық ресурстарды ауыстыру коэффициенттерін пайдаланады.
4) Қазақстан Республикасында жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы және энергия ресурстарын пайдаланудың тиімділігі бойынша талдамалық зерттеуді;
4) МЭТ субъектілерінің үлестік шығыстар және энергияны пайдалану нормативтері бойынша талдау.
14. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға дейiнгі мерзімде ағымдағы жылғы қызметінің қорытындыларын және МЭТ субъектілерінің коммерциялық құпиясын құрайтын ақпарат болмауға тиіс, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында жүргізілген жұмыс туралы қысқаша талдамалық есебін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
Мемлекеттік энергетикалық
тізілімді калыптастыру және жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
1-нысан
Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауы,
мекенжайы мен олардың қызметінің негізгі түрлері туралы ақпарат
№ |
МЭТ субъектісінің толық атауы |
МЭТ субъектісінің заңды мекенжайы |
МЭТ субъектісі бірінші басшысының А.Ж.Ә.А. (толықтай) |
МЭТ субъектісінің бірінші басшысының лауазымы |
Квазимемлекеттік сектор мекемесі (Иә/Жоқ) |
МЭТ субъктісінің негізгі қызмет түрлері* |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
* Ескертпе:
1) Егер МЭТ субъектісі бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын болса, ондай жағдайда барлық қызмет түрін көрсету.
2) Ұйым қызметінің түрлерін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеушіне сәйкес көрсету керек.
М.О.
А.Ж.Ә.А. толықтай, лауазымы, байланысы және жауапты тұлғаның қолы: |
|
А.Ж.Ә.А. толықтай, ұйым басшысының қолы: |
2-нысан
Күнтізбелік ____ жыл ішінде заттай және ақшалай көріністегі
энергетикалық ресурстарды өндіру, шығару, тұтыну, беру және
кему көлемдері туралы ақпарат
МЭТ субъектісінің атауы (толықтай):
№ |
Энергетикалық ресурстарының атауы |
Өлшем бірлігі |
Өндірілген/өңделген ОЭР көлемі |
Меншікті емес көздерден алынған энергетикалық ресурстарын тұтыну* |
оның ішінде: |
Меншікті көздерден алынған энергетикалық ресурстарын тұтыну |
Басқа заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға берілген (өткізілген) энергетикалық ресурстары |
Энергетикалық ресурстарын сатып алуға жұмсалған шығындар (5а+6 бағаналар сомасы), мың. теңге (ҚҚС есебімен) |
Ескертпе |
ОЭР тасымалдау кезіндегі кемулер* |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5а |
5б |
6 |
7 |
8 |
9 |
1 |
Электр энергиясы |
кВт*ч |
ГЭС** |
||||||
2 |
Жылу энергиясы |
Гкал |
|||||||
3 |
Ағаш |
тонна |
|||||||
4 |
Мотор бензині |
литр |
Маркасын көрсету |
||||||
5 |
Керосин |
литр |
|||||||
6 |
Дизель отыны (Газойлдер) |
литр |
Маркасын көрсету |
||||||
7 |
Жағатын мазут |
тонна |
|||||||
8 |
Тұрмыстық отын пеші |
тонна |
|||||||
9 |
Табиғи газ |
м3 |
Кен орынын көрсету |
||||||
10 |
Тас көмір |
тонна |
Кен орынын көрсету |
||||||
11 |
Сұйытылған газ (пропан және бутан) |
тонна |
|||||||
12 |
Текшелер, тас көмірдің түйіршігі |
тонна |
|||||||
13 |
Лигнит (қоңыр тас көмір) |
тонна |
Кен орынын көрсету |
||||||
14 |
Шикі мұнай |
тонна |
|||||||
15 |
Газ конденсаты |
тонна |
|||||||
16 |
Бензин типіндегі реактивті отын |
литр |
|||||||
17 |
Ілеспе мұнай газы |
м3 |
|||||||
18 |
Кокс және көмірдің жартылай коксы |
тонна |
|||||||
19 |
Ағаш үгінділері және қалдықтары |
тонна |
|||||||
20 |
Авиациялық бензин |
литр |
|||||||
21 |
Тазартылған газдар, этилен, пропилен, бутилен, бутадиен және басқа мұнай газдарын қоса алғанда |
тонна |
|||||||
22 |
Бензиннен ажыратылған газ |
м3 |
|||||||
23 |
Мұнай коксы және тақтатас |
тонна |
|||||||
24 |
Мұнай битумы және тақтатас |
тонна |
|||||||
25 |
Доменді газ |
м3 |
|||||||
26 |
Коксты газ |
м3 |
|||||||
27 |
Мұнай өңдеу зауыттарында айыру арқылы алынған газ |
м3 |
|||||||
28 |
Антрацит |
тонна |
|||||||
Барлығы: |
0 |
БӨЛІНГЕН ҰЯШЫҚТАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, НЫСАННЫҢ БАРЛЫҚ ҰЯШЫҚТАРЫНЫҢ ТОЛТЫРЫЛУЫ МІНДЕТТІ
* Ескертпе
1) Мұнай, газ және көмір өндіруші зауыттар және қайта өндеуге арналған шикізат ретінде келіп түсетін энергия ресурстарының бөлігі (үлесі) 5 және 6-бағаналарда көрсетілмейді;
2) егер МЭТ субъектісі энергия ресурстарын тасымалдау бойынша қызметтерді басқа заңды тұлғаларға көрсететін болса, 5б-бағанасында сондай-ақ тасымалдау бойынша осы қызметтерді көрсеткен кезде туындайтын энергия ресурстарының барлық кемулері көрсетіледі, («5б») бағанасының мәндері «5а» бағанасы мәндерінің құрауыш бөлігі болып табылады)
3) 7-бағанада тек қана заңды тұлғаның өзі өндірген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.
4) бір энергия ресурсының бірнеше түрі қолданылатын жағдайда, «9» бағанада, сонымен қатар санын көрсету қажет.
ГЭС** - егер МЭТ субъектісінің құрамында болатын болса, аталған ұяшықта ГЭС-тің өз қажеттіліктеріне тұтылған электр энергиясы көрсетеледі.
М.О.
А.Ж.Ә.А. толықтай, лауазымы, байланысы және жауапты тұлғаның қолы: |
|
А.Ж.Ә.А. толықтай, ұйым басшысының қолы: |
Күнтізбелік ____ жыл ішінде заттай және ақшалай көріністегі
суды тұтыну және кему көлемдері туралы ақпарат
МЭТ субъектісінің атауы (толықтай):
№ |
Энергетикалық ресурсының түрі |
Өлшем бірлігі |
Судың тұтынылуы* |
Тасымалдау кезіндегі судың кемуі** |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Суық су |
м3 |
||
теңге (ҚҚС есебімен) |
||||
2 |
Ыстық су |
м3 |
||
теңге (ҚҚС есебімен) |
||||
3 |
Техникалық су |
м3 |
||
теңге (ҚҚС есебімен) |
БАРЛЫҚ ҰЯШЫҚТАРДЫҢ ТОЛТЫРЫЛУЫ МІНДЕТТІ
*Ескертпе:
1) Судың есепке алу құралы болмаған жағдайда, тиісті бағанада «есепке алу жүргізілмейді» деп жазу керек;
2) Тұтынатын су көлемінің табиғи және оның ақшалай эквиваленті «4»-бағанада көрсетіледі;
3) Суды тасымалдауды жүзеге асыратын компаниялар ғана «5»-бағанада толықтырылады.
М.О.
А.Ж.Ә.А. толықтай, лауазымы, байланысы және жауапты тұлғаның қолы: |
|
А.Ж.Ә.А. толықтай, ұйым басшысының қолы: |
3-нысан
Күнтізбелік ____ жыл ішінде энергия аудитінің қорытындысы
бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелері туралы ақпарат
Таяқшаны қою: Х
- энергия аудиті жүргізілді – нысан одан әрі толтырылады |
- - энергия аудиті жүргізілмеді - кесте толтырылмайды |
Таяқшаны қою: Х
- Энергия менеджменті жүйесі енгізілді |
- Энергия менеджменті жүйесі енгізілген жоқ |
МЭТ субъектісінің атауы (толық):
р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі (айы, жылы) |
Есептік кезең ішіндегі инвестициялар (ҚҚС ескере отырып), теңге |
Есептеу кезеңіндегі жүзеге асу іс-шарасындағы нақты үнемдеу әсері* |
||
энергетикалық ресурстың атауы |
заттай түрінде |
ақшалай түрінде (ҚҚС ескере отырып), теңге |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
||||||
2 |
||||||
3 |
||||||
4 |
||||||
5 |
||||||
6 |
||||||
7 |
||||||
8 |
||||||
9 |
||||||
10 |
||||||
11 |
||||||
12 |
||||||
13 |
||||||
14 |
||||||
15 |
||||||
16 |
||||||
17 |
||||||
18 |
||||||
19 |
||||||
20 |
* Ескертпе:
1) 2-нысандағы энергетикалық ресурстардың атауы және өлшем бірліктері қолданылады;
2) Жүргізілген энергия аудитінің қорытындысы болмаған жағдайда, толтырылмайды;
3) Нысанға энерия аудиті қорытындысының көшірмесі, энергия аудитің қорытындылары бойынша әзірленген іс-шаралар жоспары, сондай-ақ ISO 50001 халықаралық стандартына сәйкестік серитификаты қоса беріледі.
Қажет болған жағдайда жолдарды қосыңыз.
М.О.
А.Ж.Ә.А. толықтай, лауазымы, байланысы және жауапты тұлғаның қолы: |
|
А.Ж.Ә.А. толықтай, ұйым басшысының қолы: |
4-нысан
Күнтізбелік ____ жыл ішінде өнім бірлігіне шаққанда нақты
энергия тұтыну және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар
ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық
ресурстардың шығыны туралы ақпарат
МЭТ субъектісінің атауы (толық):
р/с № |
Энергия тиімділігі көрсеткішінің атауы (мысалы: алюминий өндірісіндегі электр энергиясының меншікті шығыны; 1 ш.м. меншікті жылу тұтыну және т.б.) |
Өнім бірлігіне арналған регламенттелген нормативтік көрсеткіштер * |
Ұйымның пайдаланылған энергия тиімділігі коэффициенттерінің өлшем бірлігі (кВт*сағ/т., Гкал/м2 ш.о.г./кВт*сағ., ш.о.кг./Гкал және басқалары) |
Энергия тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу формуласы* |
Энергия тиімділігі көрсеткішінің мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
жылу өндірісіне ОЭР тұтынуы |
ш.о.кг./Гкал |
|||
2 |
электр энергиясы өндірісіне ОЭР тұтынуы |
ш.о.г./кВт*сағ |
|||
3 |
меншікті жылу тұтыну |
Гкал/м2 |
|||
4 |
өнім өндіруге жұмсалатын электр энергия шығыны |
кВт*сағ/т |
|||
5 |
жылытуға жұмсалатын энергетикалық ресурстар шығыны және т.б. |
ш.о.т./м2 |
|||
6 |
|||||
7 |
|||||
8 |
|||||
9 |
|||||
10 |
|||||
11 |
|||||
12 |
|||||
13 |
|||||
14 |
|||||
15 |
|||||
16 |
|||||
17 |
|||||
18 |
|||||
19 |
|||||
20 |
*әр сала немесе кәсіпорынның ерекшелігі ескеріліп толтырылады.
М.О.
А.Ж.Ә.А. толықтай, лауазымы, байланысы және жауапты тұлғаның қолы: |
|
А.Ж.Ә.А. толықтай, ұйым басшысының қолы: |
5-нысан
Энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен
жарақтандырылуы туралы ақпарат
МЭТ субъектісінің атауы (толық)
р/с № |
Ескерілетін энергетикалық ресурсы (электр, газ, жылу және басқасы) |
Аспаптар саны, дана |
Есепке алу аспаптарымен жарақталғандығының жалпы % |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
|||
2 |
|||
3 |
|||
4 |
|||
5 |
|||
6 |
|||
7 |
|||
8 |
|||
9 |
|||
10 |
|||
11 |
|||
12 |
|||
13 |
|||
14 |
|||
15 |
|||
16 |
|||
17 |
|||
18 |
|||
19 |
|||
20 |
М.П.
А.Ж.Ә.А. толықтай, лауазымы, байланысы және жауапты тұлғаның қолы: |
|
А.Ж.Ә.А. толықтай, ұйым басшысының қолы: |
Мемлекеттік энергетикалық
тізілімді қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
Энергетикалық ресурстарды шартты отынға тоннасы ауыстыру
коэффициентері
Энергетикалық ресурсының атауы |
Өлшем бiрлiгi |
Шартты отынды тоннаға аудару коэффициенті |
Тас көмiр |
тонна |
0,626 |
Текшелер, таскөмір түйіршіктері |
тонна |
0,8 |
Лигнит (қоңыр көмiр ) |
тонна |
0,408 |
Шикі мұнай |
тонна |
1,43 |
Газ конденсаты |
тонна |
1,43 |
Табиғи газ |
м3 |
0,00117 |
Ілеспе мұнай газы |
м3 |
0,00115 |
Кокс және көмiрден алынған жартылай кокс |
тонна |
0,990 |
Ағаш үгiндiлері және қалдықтары |
тонна |
0,361 |
Авиациялық бензин |
литр |
0,001093 |
Мотор бензині |
литр |
0,001103 |
Бензин типіндегі реактивтi отын |
литр |
0,001131 |
Керосин |
литр |
0,00119 |
Дизель отыны (газойль) |
литр |
0,001261 |
Жағатын мазут |
тонна |
1,379 |
Тұрмыстық пеш отыны |
тонна |
1,413 |
Сұйытылған газ (пропан және бутан) |
тонна |
1,570 |
Тазартылған газдар, этиленді пропиленді, бутилен, бутадиен және басқа мұнай газдарын қоса алғанда |
тонна |
1,570 |
Бензиннен ажыратылған газ |
м3 |
0,00157 |
Мұнай коксы және тақтатас |
тонна |
1,080 |
Мұнай битумдар және тақта тастық |
тонна |
0,544 |
Доменді газ |
м3 |
0,00014 |
Кокс газы |
м3 |
0,00057 |
Мұнай өңдеу зауыттарында айдамаланып алынған газ |
м3 |
0,00117 |
Электр энергиясы |
кВт*сағ |
0,000123 |
Жылу энергиясы |
Гкал |
0,143 |
Антрацит |
тонна |
0,9348 |