Электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 671 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12585 болып тіркелді

      «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 30-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электрэнергетикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                   В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы
      ____________ С.Омаров
      2015 жылғы 26 қараша

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 30 қараша

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 671 бұйрығымен  
бекітілген     

Электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер
учаскелерінің көлемін айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 5-бабына 30-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау тәртібін айқындайды.

2. Электр беру әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер
учаскелерінің көлемін айқындаудың тәртібі

      2. Кернеуі 10 киловольтқа (бұдан әрі – кВ) дейінгі қоса алғанда электр берудің әуе желілерінің тіреулерін орналастыру жер учаскесінің ең аз көлемі жер бетінің деңгейінде тіреудің көлденең кесіндісіне тең контурдың ауданы ретінде анықталады.
      3. Кернеуі 10 кВ және одан жоғары электр берудің әуе желілерінің тіреулерін орнату үшін жер учаскесінің ең аз көлемі:
      1) жер бетіндегі тіреу кескінінің контурынан 1 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта тұрған контурдың ауданы (тартқыштағы тіреу үшін – тіреулерді қоса алғанда) – ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерімен шектесетін 0,8 м-ден аспайтын басқа жер санаттарының жер учаскелерімен шектесетін жер учаскелеріне арналған;
      2) жер бетіндегі тіреу кескінің контурынан 1,5 м қашықтықта тұрған контурдың ауданы (тартқыштағы тіреу үшін – тіреулерді қоса алғанда) – ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерімен шектесетін 0,8 м-ден аспайтын орналастыру тереңдігіндегі көлденең тосқауылдары бар тіреуді орнатуға арналғандардан басқа, жердің барлық санатындағы жер учаскелерімен шектесетін жер учаскелері үшін.
      4. Конструкцияда жерге бекітілген тіреу (тартқыш) пайдаланылатын кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр беру әуе желілерінің тіреуін орналастыру үшін, жер учаткелерінің ең аз көлемін:
      1) барлық санаттағы жердің жер учаскелерімен шектесетін жер учаскелері үшін (ауыл шаруашылық мақсатындағы жерден басқа) – әрбір тіреудің (тартқыштың) сыртқы контурынан жер бетінің деңгейінен 1 м;
      2) ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерімен шектесетін жер учаскелері үшін - әрбір тіреудің (тартқыштың) сыртқы контурынан жер бетінің деңгейінен 1,5 м қашықтықта тұрған ауданы ретінде анықтауға жол беріледі.
      5. Электр беру әуе желілерінің тіреулерін орнату үшін жер учаскелерінің нақты көлемі тіреуді жерге бекіту қажеттілігіне, тіреулердің көлемі мен түрлеріне, топыраққа салмақ түсу қабілетіне жіне оның тұрақтылығы мен қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында тіреу алаңын инженерлік абаттандыру қажеттілігіне байланысты анықталады.
      6. Электр берудің әуе желілерін жобалау кезінде инженерлік іздестіру жүргізу кезеңінде пайдаланатын жер учаскелерінің (жер учаскелерінің бөліктері) көлемі көрсетілген жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттамасында анықталады.
      7. Электр берудің әуе желілерін салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру және жөндеу кезеңінде пайдаланатын жер учаскелері (жер учаскелерінің бөліктері) ені шеткі фазалардың осьтері арасындағы қашықтықтан әр жағынан 2 м асатын электр беру әуе желілерінің жалпы ұзындығы бойынша жердің жолағын білдіреді.
      Фазалары көлденең орналасқан кернеуі 220, 500 және 1150 кВ электр берудің әуе желілеріне қатысты көрсетілген жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланатын жер учаскелері (жер учаскелерінің бөліктері) әр фаза үшін ені 5 м жердің жеке жолақтарын білдіреді.
      Көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің (жер учаскелері бөліктерінің) нақты көлемі электр берудің әуе желілерін құру жобалау құжаттамасына сәйкес монтаждау жұмыстарын жүргізудің қабылданған технологиясына құрылыс талаптары мен әдістері есебінен анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады