"Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 634 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12612 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 27.02.2018 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараұңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 5446 болып тіркелген, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 ж. № 3 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелерінде:

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Осы Ережелерге 18-қосымшаға сәйкес Салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер (бұдан әрі - Берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер) салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік кірістер органына "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы арқылы, "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорация арқылы жіберілген сұрау салуы бойынша электронды түрде осы Ережелерге 18-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі.

      Берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерді беруге сұрау салуларды есепке алу үшін осы Ережелерге 20-қосымшаға сәйкес салық өтініштерін тіркеу және салық берешегі, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарнасы бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтамаларды беру журналы жүргізіледі.

      21. Берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы арқылы, "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен сұрау салуды алған күні салық төлеушінің тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органдарында ашық дербес шоттардың деректері бойынша жасалады.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Осы Ереженің 84-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген хабарлама табыс етілген сәттен бастап және (немесе) хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша жоғары тұрған мемлекеттік кіріс органының шешімі шығарылған сәттен бастап отыз жұмыс күні өткен соң салық төлеушінің шағымы болмаған жағдайда мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүри өндіріп алу шаралары қолданылады. Бұл ретте өсімақы салық тексеруі аяқталған күннен бастап есептеледі.";

      143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Бюджетті орындау бойынша уәкілетті органнан төлем құжаттарын алғаннан кейін есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлға келесі жұмыс күнінен кешіктірмей салық агентінің дербес шотына аударылған табыс салығының сомасы бойынша "Төленді" бағанына және банктік сыйақылар сомасын "Өсімақы төленді (қайтарылды)" бағанына есепке алу жазбасын жүргізеді. Сонымен бір уақытта "Өсімақы есептелді (азайтылды)" бағанында банк мемлекеттік кіріс органына жіберген Бюджетке аударғанға дейін шартты банк салымына резидент еместердің кірістерінен табыс салығын орналастыру сәтінен бастап есептелген банктік сыйақылар сомалары туралы мәлімет негізінде бюджетке аударылған банктік сыйақылар сомасы көрсетіледі.";

      170-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "170. Кеден төлемдері мен салықтардың, өсімақылардың артық төленген сомасын есепке жатқызу немесе қайтару үшін төлеуші Салық кодексінің 599, 601 және 602-баптарында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кеден төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару жүргізуге салықтық өтінішпен кедендік декларациялау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру жүзеге асырылған, алдын ала шешім қабылданған мемлекеттік кірістер органының тіркеу орны бойынша бенефициар мемлекеттік кірістер органына жүгінеді.";

      171-тармақ алып тасталсын;

      196-тармақта 4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;

      204, 205 және 206-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "204. Салық кодексінің 273-бабы 3 тармағының 1) тармақшасында көзделген салықтық тексеру актісіне не бюджеттен қайтаруға жататын есептелген ҚҚС сомасынан есепке жатқызылуы тиіс ҚҚС артық сомасының дұрыстығын растау бойынша актіге қорытындыға қол қойылғаннан кейін не болмаса Салық кодексінің 274-бабы 2-тармағында көзделген салық міндеттемесінің орындалғаны туралы жауаптар алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде салықтық тексеру нәтижелеріне жауапты лауазымды тұлға "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот" ақпараттық жүйесінде есеп айырысулар сальдосы бойынша есеп қалыптастырады.

      205. Егер ҚҚС төлеуші құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға болып табылған жағдайда есеп айырысулар сальдосы бойынша есеп құрылымдық бөлімшелерінің салық берешектері ескеріле отырып қалыптастырылады.

      Есеп айырысулар сальдосы бойынша есеп осы Ережеге 35-қосымшаға сәйкес (№ 1 нысан) Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының есептелген салықтан асып кетуін қайтаруға өкім (бұдан әрі - өкім) жасалған күні қалыптастырылады.

      206. Есеп айырысулар сальдосы бойынша есеп салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша;

      орналасқан орны бойынша;

      салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан орны бойынша;

      салық төлеушінің құрылымдық бөлімшелерінің орналасқан орны бойынша мемлекеттік кіріс органдарында ашық дербес шоттардың деректері бойынша қалыптастырылады.";

      207-тармақ алып тасталсын;

      208-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208. Есеп айырысулар сальдосы бойынша есеп қалыптастырылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей және есепке жатқызуға өтініштің негізінде салық тексеруін жүргізетін лауазымды тұлға екі данада өкім жасайды.

      ҚҚС төлеушілердің әрқайсысына бөлек өкім жасалады.";

      251-тармақ алып тасталсын;

      252-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "252. Дербес шоттар сальдосы электрондық түрде беріледі.";

      361-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "361. Салық Кодексінің 609-бабы 3-1-тармағына сәйкес сот банкроттық туралы іс бойынша іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап және борышкерді банкрот деп тану туралы, сондай-ақ оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бересі сомасына өсімпұл есептеу жүргізілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының


Қаржы Министрі

Б. Сұлтанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады