Уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 404 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12623 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 46 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 04.05.2018 № 46 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-1-бабының

      2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Мәдениет және спорт министрі

А. Мұхамедиұлы


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 404 бұйрығымен
бекітілген

Уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара

      іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1996 жылғы 31 мамырдағы "Қоғамдық бірлестіктер туралы", 2001 жылғы 16 қаңтардағы "Коммерциялық емес ұйымдар туралы", 2005 жылғы 12 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені басшылыққа алады.

2. Үйлестіру кеңесінің міндеттері және функциялары

      3. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:

      1) мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын жетілдіру;

      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту;

      3) азаматтық бастаманың өсуі үшін жағдай жасау;

      4) мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара

      іс-қимыл жасау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру болып табылады.

      4. Үйлестіру кеңесі жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында, мынадай функцияларды орындайды:

      1) үкіметтік емес ұйымдардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      2) үкіметтік емес ұйымдар үшін сыйлықақыларды тағайындау бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

      3) мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл жасаудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

      4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттарды бөлу және сыйлықақыларды тағайындау мәселелерін қарайды;

      5) Үйлестіру кеңесі отырыстарына мемлекеттік органдар және өзге ұйымдар өкілдерін шақырады және тыңдайды;

      6) Үйлестіру кеңесі құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мемлекеттік органдар және өзге ұйымдардан тиісті материалдар мен құжаттарды сұратады.

3. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру

      5. Үйлестіру кеңесінің құрамы төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатарынан қалыптастырылатын Үйлестіру кеңесінің мүшелерінен құралады.

      Үйлестіру кеңесіндегі үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің құрамына екі жылда бір реттен кем емес өзгерістер енгізіледі.

      6. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады.

      7. Төраға:

      1) Үйлестіру кеңесінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) Үйлестіру кеңесінің отырыстарында төрағалық етеді;

      3) Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарын бекітеді;

      4) Үйлестіру кеңесінің отырыс хаттамаларына қол қояды.

      Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары атқарады.

      8. Үйлестіру кеңесінің хатшысы Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыс хаттамасын ресімдейді. Хатшының дауыс беру құқығы жоқ.

      9. Үйлестіру кеңесінің отырыстары кемінде жартыжылда бір рет өткізіледі. Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Үйлестіру кеңесінің отырысы заңды болып саналады.

      10. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитеті Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.

      Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Үйлестіру кеңесінің хатшысымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне жіберіледі.

      11. Үйлестіру кеңесінің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға қатысып отырған Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      12. Үйлестіру кеңесінің шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

      13. Үйлестіру кеңесі мүшелері ерекше пікірлер айтқан жағдайда, оны жазбаша түрде жазады және Үйлестіру кеңесінің хаттамасына қоса береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады