"Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 8-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 шiлдеде № 28709 болып тіркелді

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге:

      1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде мемлекеттік аудитор ретінде немесе аудит жүргізумен байланысты бағыттар бойынша (талдамалық, әдіснамалық, сапа бақылауы, заңдық сүйемелдеу) кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

      2) мемлекеттік аудитор сертификаты;

      3) мына халықаралық кәсіби ұйымдардың бірі: ICAEW (Institute of Chartered Accountants in England and Wales) (Англия мен Уэльстің алқа бухгалтерлер институты), АССА (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы), CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом), IIA (Institute of Internal Auditors) (Ішкі аудиторлар институты) берген мына кәсіби біліктіліктердің бірі: ACA (Associated Chartered Accountant) (Қауымдастырылған дипломы бар бухгалтер), ACCA (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы), CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом), CIPFA DipIPSAS-пен (Diploma in international public sector accounting standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша диплом) бірге CIPFA public auditor (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy Public Auditor) (Дипломды мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп институты мемлекеттік аудитор), CIA (Certified Internal Auditor) (Дипломы бар ішкі аудитор), АССА F8 (Audit and Assurance) не АССА F8-пен (Аудит және анықтықтв растау) бірге IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша сертификат) (орыс тілінде) бар екенін растайтын құжаты;

      4) Қаржы министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп әзірлеген, ішкі мемлекет аудит және қаржылық бақылау органдары үшін қолданылатын сертификатпен (Public Audit and Assurance) (Мемлекеттік аудит және анықтықты растау) IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша сертификат) кәсіби біліктілігінің бар екенін растайтын құжаты;

      5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде соңғы екі жыл ішінде мемлекеттік аудиторлар қызметінің тиімділігін бағалаудың оң нәтижесі бар;

      6) алынбаған тәртіптік жазалары жоқ кандидат жіберіледі.

      Өтініш берген сәтте мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүйесінде кемінде бес жыл мемлекеттік аудитор болып жұмыс істейтін кандидатқа жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігі әңгімелесуден өтпей, Ұлттық комиссияның шешімімен беріледі.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Жұмыс органы ұсынылған құжаттардың толықтығын және кандидаттың осы Қағидалардың 38, 39, 40-тармақтарында, 41-тармақтың бірінші бөлігінде, 42 және 43-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді ұйымдастырады.";

      49-тармақ алып тасталсын.

      2. Есеп комитетінің Сертификаттау және ұйымдастыру жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрайымы
Н. Годунова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады