ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Білімді растауды "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған ұйым (бұдан әрі – білімді растау жөніндегі ұйым) өткізеді.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білімді растау жөніндегі ұйым айқындалмаған жағдайда, білімді растауды Заңның 12-бабы 4-тармағының 8) тармақшасына және 14-бабының 5) тармақшасына сәйкес:
сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Жоғары аудиторлық палата;
ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұйымдастырады.
Білімді растау білімді растау жөніндегі ұйымдардың қаражаты есебінен "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Орталық) базасында компьютерлік техниканы қолдану арқылы біліктілік емтихандарын тапсыру жолымен өткізіледі.
Біліктілік емтихандары Орталықтың Бас директорының 2020 жылғы 28 ақпандағы №13-П бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасайтын тұлғаларды компьютерлік тестілеу қағидаларына" сәйкес жүргізіледі.";
мынадай редакциядағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Орталық білімді растау жөніндегі ұйымдардың өтінішіне қарай біліктілік емтиханын өткізеді.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Біліктілік емтиханын өткізуге арналған үй-жай емтихан процесінің барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио, бейнежазба құралдарымен жабдықталады. Аудио, бейнежазба деректерін сақтау мерзімі біліктілік емтиханын өткізген күннен бастап кемінде 6 (алты) айды құрайды.";
18-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Біліктілік емтиханынан өту кезінде кандидатқа басқа адамдармен сөйлесуіне, материалдармен алмасуына, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (соның ішінде дербес қалта компьютерлері мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдалануына, үй-жайдан қағаз және электрондық жеткізгіштердегі ақпаратты шығаруына, білімді растау жөніндегі ұйым өкілінің ілесіп жүруінсіз үй-жайдан шығуына жол берілмейді.";
21, 23-тармақтар алып тасталсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Орталық тестілеу нәтижелерін және кешенді ахуалдық тапсырмалар шешімінің қорытындыларын бір жұмыс күні ішінде білімді растау жөніндегі ұйымға ұсынады.
Тестілеу нәтижелері және кешенді ахуалдық тапсырмалардың шешімі ведомоспен ресімделеді және оған екі жұмыс күні ішінде біліктілік емтиханын өткізуді ұйымдастыруға жауапты білімді растау жөніндегі ұйымның өкілдері мен кандидат қол қояды.".
2. Жоғары аудитолық палатаның Сертификаттау және ұйымдастыру жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палата аппараты басшысының міндетін атқарушысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы |
Н. Годунова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі