Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында кадр жоспарлауды ескере отырып, кадрларға деген қажеттіліктерін өтеуге арналған мамандықтар тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12727 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 18 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 13.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында кадр жоспарлауды ескере отырып, кадрларға деген қажеттіліктерін өтеуге арналған мамандықтар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау қорында орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

А.Дауылбаев


  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 158
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында кадр жоспарлауды ескере отырып, кадрларға деген қажеттіліктерін
өтеуге арналған мамандықтар тізбесі

р/с

Мамандықтардың атаулары

1

Құқықтану

2

Халықаралық құқық

3

Құқық қорғау қызметі

4

Кеден ісі

5

Әлеуметтану

6

Саясаттану

7

Психология

8

Экономика

9

Менеджмент

10

Қаржы

11

Мемлекеттік және жергілікті басқару

12

Статистика

13

Әлемдік экономика

14

Еңбекті ұйымдастыру мен нормалау

15

Жұртшылықпен байланыс

16

Мұрағаттану, іс қағаздарын жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету

17

Ақпараттық жүйелер

18

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

19

Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі

20

Дінтану

21

Шығыстану

22

Теология

23

Аударма ісі

24

Халықаралық қатынастар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады