Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызметке түсумен және бос лауазымдарға орналасумен байланысты кейбір мәселелер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 727 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12758 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-тармағына және 29-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың Ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидалары;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің web-порталында қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2015 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 727 бұйрығына
  1-қосымша

Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың Ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидалары

      Ескерту. Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың Ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастыруды және жұмыс тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. ЭТҚ-ға кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастыру және жұмыс істеу тәртібі

      2. Деректер банкін, оның толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетіндегі (бұдан әрі - Комитет) және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша Экономикалық тергеу департаменттеріндегі (бұдан әрі – аумақтық органдар) өткізеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Деректер банкі есептеу техника құралдарын пайдаланумен автоматтандырылған ақпараттық жүйе негізінде, сондай-ақ қағаз және электрондық тасымалдағыштарында құжаттамалық материалдарды жинақтау жолымен жұмыс істейді және олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін көрсетумен ақпаратын қамтиды.

      4. Деректер банкі қағаз тасымалдағышында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін көрсетумен қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызметке орналасатын кандидаттару туралы мәліметтерді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізу жолымен қалыптастырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Экономикалық тергеу қызметіндегі кандидаттар туралы ақпарат "е-Қаржымин" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кадрлық әлеуетін басқару, кадр құрамы бойынша есептерді қалыптастыру және ұсыну" кіші жүйесінде жинақталады, олар кандидатқа арналған есепті деректерде көрсетіледі және кандидаттың мынадай деректерін көрсетеді:

      1) кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      2) туған күні, айы, жылы;

      3) ұлты;

      4) бар біліктілік сыныбы/атағы (ол болған кезде);

      5) білімі, ғылыми дәрежесі;

      6) мемлекеттік органдардағы өтілі (өтілі болған кезде);

      7) еңбек сіңірген жылдары (басқа құқық қорғау органдарында еңбек сіңірген жылдары болған кезде);

      8) шет тілдерін білуі;

      9) экономикалық тергеу қызметіне кандидат тағайындалуға үміттеніп тұрған лауазымның санаты мен атауы;

      10) қызметкердің іріктеуге немесе кадр резервіне қойылу кезеңдері.

      6. Деректер банкінен кандидат туралы мәліметтердің жоюын кадр қызметі тағайындалған сәтінен бастап не қаржы мониторингі органының конкурсынан өткен сәтінен бастап бір жылдың өтуі бойынша жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қаржы мониторингі
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелерінде (экономикалық
тергеу қызметі) кандидаттардың
Ведомстволық деректер банкін
қалыптастырудың және онымен
жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


  Нысан

Олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін көрсете отырып қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке кандидаттар туралы мәліметтер

      Ескерту. Нысан тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (оның ішінде бұрынғы), туған күні, айы, жылы және жері
 


2. Жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжаттың деректері
 


3. Тұрғылықты және тіркеу орны бойынша мекенжай
 


4. Телефондардың (мобильді және үй), соның ішінде оның атына тіркелмегендердің нөмірлері
 


5. Әскери мiндеттiлер есебiне алынған және әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар (сериясы, нөмірі, берілген күні, әскери билетті, тіркеу куәлігін берген органның атауы)
 


4. Отбасы құрамы туралы
 


7. Қызметке жарамдылығын айқындау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден (оны өткен жағдайда) өткендігі туралы мәлімет
 


8. Кандидаттардың және олардың жақын туыстарының соттылығы туралы мәлімет
 


9. Аттестаттаудың (оны өткен жағдайда) нәтижелері
 


10. Білімі, біліктілігі туралы және арнаулы білімдердің және арнайы даярлықтың бар болуы туралы мәлімет (сериясы, нөмірі, дипломның берілген күні, білім беру мекеменің атауы мен орналасқан жері)
 


11. Біліктілікті арттыруы және қайта даярлығы (оны өткен жағдайда) туралы мәлімет (сериясы, нөмірі, біліктілікті арттыруы және қайта даярлығы туралы құжатты немесе сертификатты берген күні, білім беру мекеменің атауы мен орналасқан жері)
 


12. Қызметкерлердің мемлекеттік және ведомстволық наградалары, құрмет және арнаулы атақтары, көтермелеулері (оның ішінде награданың, атақтың немесе көтермелеудің атауы немесе аты, марапаттау туралы нормативтік актінің күні және түрі немесе көтермелеу күні), ғылыми дәрежесі немесе атағы туралы мәлімет
 



  Қаржы мониторингі
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелерінде (экономикалық
тергеу қызметі) кандидаттардың
Ведомстволық деректер банкін
қалыптастырудың және онымен
жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Еңбек қызметі туралы мәлімет

Күні
 

Лауазымы, жұмыс орны,
ұйымның орналасқан жері
 

келу
 

кету
 






















  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2015 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 727 бұйрығына
  2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің web-порталында қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтері

      Ескерту. Мәліметтердің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің web-порталында қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтері (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшы лауазымдары және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің web- порталында орналастыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер қолданылады:

      1) әкімші – web-порталдың барлық элементтеріне шектелмеген қол жетімділігі бар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қызметшісі;

      2) модератор – web-порталда ақпараттық материалдарды орналастыру құқығымен қол жетімділігі бар Комитеттің құрылымдық бөлімшенің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеу департаменттеріндегі (бұдан әрі – аумақтық органдар) қызметшісі;

      3) web-портал – Комитеттің ресми интернет – ресурсы, домендік атауы (мекенжайы) www.kfm.gov.kz.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қаржы мониторингі органдарының жедел – тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің web–порталында орналастыру тәртібі

      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мәліметтердің орналастыруын ақпараттық материалдарды web-порталда орналастыру үшін жауапты модераторлар жүргізеді.

      4. Комитеттің web-порталында бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді орналастыру үшін жауапты модераторды Комитеттің төрағасы, аумақтық органдардың басшысы айқындайды.

      5. Комитеттің және аумақтық органдардың кадр қызметі бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді дайындайды.

      6. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді кадр қызметінің қызметшісі Комитеттің web-порталында оларды орналастыру үшін жауапты модераторға жолдайды.

      7. Web-порталға ақпаратты орналастыру үшін жауапты модератор ауысқан жағдайда Комитеттің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық органдары модератордың құқықтарына қол жетімділікті беру үшін 5 жұмыс күні ішінде әкімшіге ақпараттандырады.

      8. Мәліметтерді орналастыру web-порталы бар басқару жүйесінде жүргізіледі.

      9. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтер "Біз туралы" деген 1-бөлімнің "Кадрлық қамтамасыз ету" деген бөлімшесінде орналастырылады.

      10. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтер бос басшы лауазымдар пайда болған кезде жаңартылады.

      11. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді орналастыру кезінде web-порталда бар барлық тілдік нұсқалардағы түпнұсқалылығы сақталады.

      12. Комитеттің және аумақтық органдарының кадр қызметтерінің басшылары бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтердің дұрыстығын, нақтылығын, өзектілігін, ұсынудың уақтылығын және жаңартылуын қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады