Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке қабылданумен және бос лауазымдарға орналасумен байланысты кейбір мәселелер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26496 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 7-бабының 6-тармағына және 29-бабының 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастыру және онымен жұмыс істеу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпараттық-анықтамалық жүйелерінде қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) бос басшы лауазымдар туралы мәліметтерді және оларға орналасатын кандидаттарға қойылатын талаптарды орналастыру қағидалары.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 7 Бұйрыққа
1 қосымша

Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 7-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың ведомстволық деректер банкін (бұдан әрі – Деректер банкі) қалыптастыруды және жұмыс тәртібін айқындайды.

2-бөлім. ЭТҚ-ға кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастыру және онымен жұмыс істеу тәртібі

      2. Деректер банкін Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінде (бұдан әрі – Агенттік) және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінде (бұдан әрі – аумақтық органдар) кадр қызметтері қалыптастырады, олар оның толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      3. Деректер банкі қағаз және электрондық тасымалдағыштарда құжаттық материалдарды жинақтау жолымен жұмыс істейді және олардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші көрсетілген ақпараттан тұрады.

      4. Қағаз және электрондық тасымалдағыштардағы деректер банкі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішін көрсете отырып, қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке кандидаттар туралы мәліметтерді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізу арқылы қалыптастырылады.

  Қаржылық мониторинг
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелерінде (экономикалық
тергеу қызметі) кандидаттардың
ведомстволық деректер банкін
қалыптастыру және онымен
жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке кандидаттар туралы бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері қоса көрсетілетін мәліметтері

1.Аты, әкесінің аты, тегі, (бар болған жағдайда), туған күні, айы, жылы және жері


2. Жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжаттың деректері


3. Тұрғылықты және тіркелген мекенжайы


4. Телефон (мобильді және үй) нөмірлері, соның ішінде оның атына тіркелмегендері


5. Әскери мiндеттiлер есебiне алынған және әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар (сериясы, нөмірі, берілген күні, әскери билетті, тіркеу куәлігін берген органның атауы)


4. Отбасы құрамы туралы


7. Қызметке жарамдылығын айқындау үшін медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде әскери-дәрігерлік комиссияларда, полиграфологиялық зерттеуден (оны өткен жағдайда) өткендігі туралы мәліметтер


8. Кандидаттардың және олардың жақын туыстарының соттылығы туралы мәлімет


9. Аттестаттау (одан өткен жағдайда) нәтижелері


10. Білімі, біліктілігі туралы және арнаулы білімдерінің және арнайы даярлығының бар болуы туралы мәлімет (сериясы, нөмірі, дипломның берілген күні, білім беру мекемесінің атауы мен орналасқан жері)


11. Біліктілікті арттыру және қайта даярлық (оны өткен жағдайда) туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, біліктілікті арттыруы және қайта даярлығы туралы құжатты немесе сертификат берілген күні, білім беру мекемесінің атауы мен орналасқан жері)


12. Қызметкерлердің мемлекеттік және ведомстволық наградалары, құрмет және арнаулы атақтары, көтермелеулері (оның ішінде награданың, атақтың немесе көтермелеудің атауы немесе аты, марапаттау туралы нормативтік актінің күні және түрі немесе көтермелеу күні), ғылыми дәрежесі немесе атағы туралы мәлімет 


  Қаржылық мониторинг
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелерінде (экономикалық
тергеу қызметі) кандидаттардың
ведомстволық деректер банкін
қалыптастыру және онымен
жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Еңбек қызметі туралы мәлімет

Күні

Лауазымы, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жері

қабылдау

босату






















  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторин
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 7 Бұйрыққа
2 қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпараттық-анықтамалық жүйелерінде қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) бос басшы лауазымдар туралы мәліметтерді және оларға орналасатын кандидаттарға қойылатын талаптарды орналастыру қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) бос басшы лауазымдар туралы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпараттық- анықтамалық жүйелеріндегі мәліметтері (бұдан әрі – мәліметтер) және оларды алмастыратын кандидаттарға қойылатын талаптарды орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 29-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) бос басшы лауазымдар туралы мәліметтерді және оларды алмастыратын кандидаттарға қойылатын талаптарды Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-порталында орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер қолданылады:

      1) әкімші –интернет-ресурстың барлық элементтеріне қол жетімділікке ие Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) қызметкері;

      2) интернет-ресурс – Агенттіктің ресми интернет-ресурсы, домендік атауы (мекенжайы) www.afmrk.gov.kz;

      3) модератор – интернет-ресурста ақпараттық материалдарды орналастыру құқығымен қол жетімділікке ие Агенттіктің құрылымдық бөлімшесінің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінің (бұдан әрі – аумақтық органдар) қызметшісі.

2-бөлім. Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыру тәртібі

      3. Мәліметтердің орналастырылуын ақпараттық материалдарды интернет-ресурсында орналастыру үшін жауапты модераторлар жүргізеді.

      4. Агенттіктің интернет-ресурсында бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді орналастыру үшін жауапты модераторды Агенттіктің төрағасы, аумақтық органдардың басшысы айқындайды.

      5. Агенттіктің және аумақтық органдардың кадр қызметі бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді дайындайды.

      6. Кадр қызметінің қызметшісі бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыру үшін жауапты модераторға жолдайды.

      7. Интернет-ресурсына ақпаратты орналастыру үшін жауапты модератор ауысқан жағдайда Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық органдары модератордың құқықтарына қол жетімділікті беру үшін 5 жұмыс күні ішінде әкімшіні хабарландырады.

      8. Мәліметтерді орналастыру интернет-ресурсында бар басқару жүйесінде жүргізіледі.

      9. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтер "Біз туралы" деп белгіленген 1-бөлімнің "Кадрлық қамтамасыз ету" деген бөлімшесінде орналастырылады.

      10. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтер бос басшы лауазымдар пайда болған кезде жаңартылады.

      11. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді орналастыру кезінде интернет-ресурсында бар барлық тілдік нұсқалардағы түпнұсқалылығы сақталады.

      12. Агенттіктің және аумақтық органдарының кадр қызметтерінің басшылары бос басшы лауазымдар мен оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтердің дұрыстығын, нақтылығын, өзектілігін, ұсынудың уақтылығын және жаңартылуын қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 7 Бұйрыққа
3 қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (Экономикалық тергеу қызметі) қызметке кіруге және бос лауазымдарға орналасуға байланысты кейбір мәселелер туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 727 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12758 болып тіркелген);

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қарашадағы № 966 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17714 болып тіркелген) өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 6-тармағы;

      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген) өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 11-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады