Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.11.2023 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Денсаулық сақтау | |
және әлеуметтік даму министрі | Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1023 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек
көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Стандарт амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде көру ағзасының аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттарының және штат нормативтеріне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.
4. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, "офтальмология" (ересектер мен балалар) мамандығы бойынша серификаты бар медицина қызметкері;
2) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) Емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі – Портал) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттердің стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
4) көз микрохирургиясы – мамандандырылған микроскопиялық жабдықтар мен аспаптарды пайдалана отырып көру ағзасына жүргізілетін хирургиялық араласулардың жиынтығы;
5) офтальмологиялық көмек – диагностиканы, емдеуді, профилактиканы және медициналық оңалтуды қамтитын көру ағзаларының аурулары бар пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтердің жиынтығы;
6) профилактика – аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) – Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер Кодекстің 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі.
2. Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсететін
ұйымдар қызметтерінің негізгі бағыттары мен құрылымы
5. Меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан офтальмологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың (бұдан әрі - МҰ) негізгі міндеттері, функциялары және құрылымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 120 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде айқындалған (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7505 болып тіркелген).
6. Меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігінің "Құрмет белгісі" орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – ҚазКҒЗИ) өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек
көрсетуді ұйымдастыру
7. Қазақстан Республикасында халыққа офтальмологиялық көмек "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген ТМККК шеңберінде көрсетіледі.
8. Офтальмологиялық көмек көрсету (ересектерге және балаларға) медициналық көмектің мынадай нысандарында жүзеге асырылады:
1) амбулаториялық-емханалық көмек, соның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК);
2) стационарлық;
3) стационарды алмастыратын көмек.
9. Көру ағзаларының аурулары бар пациенттерге МСАК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидалары және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) көрсетіледі.
10. Амбулаториялық-емханалық деңгейде офтальмологиялық көмек көрсету:
1) профилактикалық, соның ішінде скринингтік қарап-тексерулерді;
2) диагностикалық зерттеулер, соның ішінде МСАК маманының қарап-тексеруі, зертханалық және аспаптық зерттеулерді;
3) емдік іс-шаралар, соның ішінде шұғыл және кезек күттірмейтін көмек көрсетуді, клиникалық хаттамаларға (бұдан әрі – КХ) сәйкес емдеу амалдарды;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 болып тіркелген) көру ағзаларының аурулары бар пациенттерге дәрілік заттарға, соның ішінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша рецептілер беруді;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № 761 бұйрық) Стационарлық көмек көрсету қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген) Порталда жолдаманы тіркеу және пациенттің МҰ-ды еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін анықтау арқылы МҰ-ға жоспарлы емдеуге жатқызуға іріктеу және жіберуді;
6) офтальмологиялық патологиясы бар пациенттерді динамикалық байқауды;
7) офтальмологиялық патологиясы бар пациенттерді диспансерлеуді;
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (бұдан әрі – № 907 бұйрық) сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бастапқы медициналық құжаттаманы ресімдеу және жүргізуді;
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтама беру қағидаларына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізуді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген);
10) саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттауды қамтиды.
11. Көру ағзаларының аурулары бар пациенттерге КДК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығымен бекітілген Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген) жүзеге асырылады.
12. КДК дәрігер офтальмологтар жүзеге асырады және олар:
1) көру ағзаларының аурулары бар науқастарға консультациялық, диагностикалық, емдік және медициналық оңалту көмегін көрсетуді;
2) жедел медициналық араласуды талап ететін көздің, оның қосалқы аппаратының және ұясының жіті жай-күйлерінде және (немесе) аурулары кезінде (көздің, оның қосалқы аппаратының және ұясының жарақаттары, көздің және оның қосалқы аппаратының термиялық және химиялық күюі, көз тамырларының жіті аурулары, көру нервісінің жіті аурулары, қасаң қабықтың ойық жарасының тесілуі, жіті глаукома ұстамасы, көздің, оның қосалқы аппаратының және ұясының қабынған іріңді жіті аурулары) шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді, ал стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсетуді талап ететін жағдайлар кезінде пациенттер тәулік бойы кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсететін офтальмологиялық бөлімшеге жіберуді (шұғыл көмек көрсету бойынша МҰ таңдау қаланың, облыстың Денсаулық сақтау басқармасы белгілейтін ургенттік көмек көрсету кестесіне сәйкес жүзеге асырылады);
3) офтальмологиялық бейінде онкологиялық ауру анықталған кезде, аралас және (немесе) үйлескен емдеуді қажет етпейтін пациентті офтальмолог дәрігерідің емдеу мен байқауды;
4) дәрігердің байқауымен стационарлық жағдайдан шығарылған пациенттерге, соның ішінде операциялық араласулардан кейін, медиицналық ұйым жағдайында бірнеше сағат бойы медицина қызметкерінің байқауын талап ететін емдік іс-шараларды жүргізу қажет болғанда медициналық көмек көрсетуді;
5) емдеу курстарын қайта жүргізуді талап ететін созылмалы аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсетуді;
6) пациенттерді хирургиялық, соның ішінде лазерлік емдеуді;
7) пациенттерде қосалқы патологиялары болған кезде аралас мамандық дәрігерлерін тартуды;
8) көру ағзаларының аурулары бар пациенттерді динамикалық және диспансерлік байқау, соның ішінде қауіп тобындағы балаларды байқауды (ретинопатиясы дамымаған шала туғандар, регресі барлар және басқа.);
9) бекітілген халықты профилактикалық қарап-тексеруге қатысуды;
10) жойылған көру функцияларын қалпына келтіруге бағытталған медициналық оңалту жүргізуді;
11) қалпына келтіре емдеуді ұйымдастыру, балалардың алыстан көрмеуінің, соқырлықтың және бекітілген халық арасында нашар көрудің дамуын алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізуді;
12) мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық құжаттаманы дайындау және науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға уақтылы жіберуді;
13) № 907 бұйрыққа сәйкес бастапқы медициналық құжаттаманы ресімдеу және жүргізуді қамтиды.
13. Тәулік бойы медициналық байқаумен мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттілігі стационарға емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер болып табылады.
14. Стационарлық деңгейдегі офтальмологиялық көмек:
1) дәлелді медицина негізінде қажетті диагностикалық зерттеулерді қолдана отырып жоғары мамандандырылған, мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;
2) пациенттерді күнделікті қарап-тексеру, бөлім меңгерушісінің аралап қарап шығуына қатысуды;
3) КХ-сәйкес диагностика (зертханалық және аспаптық зерттеп-қарау) және емдеуді (консервативтік және хирургиялық);
4) аралас мамандықтар дәрігерлерінің пациенттерге консультациясын ұйымдастыруды, консилиумдар ұйымдастыруды;
5) медициналық босандыру ұйымдарында шала туғандардың ретинопатиясы бойынша қауіп тобындағы жаңа туған нәрестелердің уақтылы диагностикасы және мамандандырылған офтальмологиялық көмек көрсетуді. Медициналық босандыру ұйымдарында операциялық емдеу жүргізуге жағдайлар болмаған кезде балаларды қалалық, облыстық ауруханалардың балаларға арналған офтальмологиялық бөлімшелеріне, келісім бойынша ҚазКҒЗИ-ға емдеуге жатқызу жүзеге асырылады. Операциялық араласудан кейін бала тәулік бойы реанимация бөлімшесінде дәрігерлердің байқауында болады, бұл баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының міндетті шарты болып табылады. Стационардан шыққаннан кейін бала тұрғылықты жері бойынша емханада дәрігердің байқауында болады;
6) шала туғандардың ретинопатиясына скрининг, мониторинг жүргізуді және лазерлік емдеуді ұйымдастыру КХ сәйкес жүзеге асырылады;
7) медициналық ғылым мен практиканың жетістіктеріне негізделген емдеу, диагностика және профилактиканың заманауи әдістерін меңгеру және тәжірибеге енгізуді;
8) пациенттерге көрсетілетін емдеу-диагностикалық көмектің сапасын арттыруды;
9) медициналық көмек көрсетудің, пациенттерге күтімнің ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін дамыту және жетілдіруді;
10) емдеу-күзет режимін құру, противоэпидемияға қарсы іс-шараларды және ауруханаішілік инфекция профилактикасын жүргізуді;
11) санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу, халықты гигиеналық тұрғыдан тәрбиелеу және саламатты өмір салтын насихаттауды;
12) өз бейіні бойынша сырқаттанушылыққа талдау жасау және оны төмендету бойынша іс-шараларды жүргізуді;
13) № 907 бұйрыққа сәйкес медициналық құжаттаманы дұрыс ресімдеуді және жүргізуді қамтамасыз етуді қамтиды.
15. Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде диагнозды сәйкестендіру қиындығы туындаған жағдайда, жүргізілген емдеу тиімсіз, сондай-ақ басқа көрсетілімдер болған жағдайда басшының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары бөлімше меңгерушінің өтінімі бойынша консилиум (қажет болған жағдайда республикалық деңгейдегі консультантты қоса алғанда, қажетті (кемінде үш) мамандарды тарта отырып, пациентке қосымша зерттеп-қарауды, емдеу тактикасын нақтылау, белгілеу және аурудың болжамын жүргізе отырып) ұйымдастырады. Кешкі, түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері консилиумды кезекші дәрігердің өтінімі бойынша стационардың жауапты кезекші дәрігері ұйымдастырады.
16. Көру ағзаларының аурулары бар пациенттерге стационарлық көмек № 761 бұйрығымен бекітілген Стационарлық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
17. Стационарды алмастыратын көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығымен бекітілген Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) жүзеге асырылады.
18. ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын көмек ТМККК шеңберінде күндізгі стационар және үйдегі стационар жағдайында денсаулық сақтау ұйымының жоғары медициналық білімі бар қызметкердің жолдамасы бойынша ұсынылады.
19. Мамандандырылған медициналық көмекті бейінді мамандар көрсетеді және өзіне арнайы әдістер мен күрделі медициналық технологияларды, медициналық оңалтуды пайдалануды талап ететін аурулармен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, емдеуді қамтиды.
20. Жоғары мамандандырылған медициналық көмекті офтальмолог дәрігерлер көрсетеді және өзіне инновациялық, аз инвазивті, арнайы әдістерді және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды медициналық оңалтуды талап ететін аурулармен және жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, емдеуді қамтиды.
21. Офтальмологиялық көмек көрсету деңгейлері бойынша клиникалық-диагностикалық зерттеулердің көлемі осы Стандартқа қосымшаға сәйкес белгіленеді.
22. Стационарлық жағдайда мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету аяқталғаннан кейін пациентке стационарлық науқастың медициналық картасынан жүргізілген зерттеп-қараулар мен емдеу нәтижелері, амбулаториялық-емханалық деңгейде науқасты қадағалап қараудың одан арғы тактикасы бойынша ұсынымдары бар үзінді көшірме (№ 907 бұйрықпен бекітілген 027/е нысаны) беріледі және пациентте белсенді динамикалық байқауға көрсетілімдер болған жағдайда, олар туралы ақпарат бекітілген тұрғылықты жері бойынша МСАК ұйымына беріледі.
23. Көру ағзаларының аурулары бар пациенттерге жедел медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 269 бұйрығымен бекітілген Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11263 болып тіркелген) жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына қосымша |
Офтальмологиялық көмек көрсету деңгейлері бойынша
клиникалық-диагностикалық зерттеулердің көлемі
Медициналық көмек көрсету деңгейлері | Диагностикалық қызметтердің базалық пакеті | Орындауға берілетін күнтезбілік күндердің саны |
Отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың, аудандық, қалалық емханалардың құрылымындағы жалпы практика дәрігерінің, терапевттің, педиатордың кабинеттері | 1. Сауал жүргізу; 2. анамнезді жинау; 3. физикалық зерттеп-қарау; 4. көздің өткірілігін анықтау, қабақты, конъюнктиваны, жас бөлу мүшелерін бүйірлік жарықпен, өтпелі сәулелермен қарап-тексеру; 5. тонометрия, периметрия (бақылау әдісі); 6. көрсетілімдер болған жағдайда офтальмологтың кабинетіне, стационар жағдайында мамандандырылған көмек көрсету үшін емдеуге жатқызуға жіберу | 1 күнге дейін |
Аудандық, қалалық емханалардың құрылымындағы, оның ішінде жеке меншік нысанындағы көз кабинеті, оптометрия және тонометрия кабинеттері, мамандандырылған балабақшалар мен мектеп-интернаттарда көз кабинеті | 1. Сауал жүргізу; 2. анамнезді жинау; 3. көздің өткірлігін, көру шегін, жарықты және түсті көруді, көру сипатын зерттеу; қарашықтың жарыққа реакциясын анықтау, жарыққа байланысты қозғалыс реакциясын қадағалау, тіркеу; тәуліктік тонометрия; тура және кері офтальмоскопия; циклоскопия, гониоскопия; тонометрия; биомикроскопия; диафаноскопия; скиаскопия, кераторефрактометрия; көздің қозғалыс аппаратын зерттеу; офтальмохромоскопия; гиперметропия, миопия, астигматизм, афакия кезінде көзілдірік таңдау және түзету; жас жолдарын шаю; экзофтальмометрия; конъюктивалық қуыстан бакпосев алу; 4. бейінді мамандардың консультациясы; 5. көрсетілімдер болған жағдайда стационарлық емдеуге жіберу | 3 тәулікке дейін |
Облыстық офтальмологиялық ауруханалардың (орталықтардың), облыстық (қалалық) көп бейінді ауруханалардың, республикалық ауруханалардың, "Құрмет Белгісі" орденді Қазақ көз аурулары ғылыми зерттеу институты" (бұдан әрі - ҚазКҒЗИ) құрылымында лазерлік офтальмология бөлімшесі (кабинеті), көруді байланысты (контактілі) күрделі және арнайы түзету кабинеті | Когеренттік томографияны (ОСТ), ретиналдық томографияны (HRT), УДЗ, көз түбінің флюоресценттік ангиографиясын (КТФА), компьютерлік периметрияны, төзіміділікке сынамаларды және басқаларды қолдана отырып, көрсетілімдері бойынша тереңдетілген толық зерттеп-қарау | 3 тәулікке дейін |
Облыстық офтальмологиялық ауруханалардың (орталықтардың), облыстық (қалалық) көп бейінді ауруханалардың, республикалық ауруханалардың, ҚазКҒЗИ құрылымында көз микрохирургиясы стационарлық бөлімшелері, оның ішінде шұғыл офтальмологиялық және офтальмотравматологиялық көмек орталығы бар балалар бөлімшелері | Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда көздің ультрадыбыстық допплерографиясын, электрофизиологиялық, иммунологиялық зерттеулерді, көздің ультрабиомикроскопиясын, компьютерлік томографияны, пункциялық биопсияны және басқаларды пайдалана отырып, тереңдетілген толық зерттеп-қарау | 3 тәулікке дейін |