Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 ақпанда № 12959 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 437/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 15.11.2022 № 437/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.04.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазанындағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 250-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.04.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ осындай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 173 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11547 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде оның 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 17 желтоқсан


      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      _______________ М. Құсайынов

      2015 жылғы 30 желтоқсан


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Е. Досаев

      201__ жылғы "_____" ________



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1178 бұйрығымен
бекітілген

Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.04.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 14.08.2020 № 296/НҚ (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 250-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын құнын айқындау тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.04.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      1) жобаның өнімі – жобаны іске асыру процесінде технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін пайдалана отырып, өтініш беруші өндіруге жоспарлаған тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер;

      2) индустриялық-инновациялық жоба (бұдан әрі – жоба) – технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді құруға, технологияларға, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын, іс-шаралар кешені;

      3) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – инновациялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) көрсетілетін қызметтерді алушы – өтініші бойынша осы Қағидаларға сәйкес іріктеу нәтижесінде технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету туралы шешім қабылданған өтініш беруші;

      5) өтініш беруші – осы Қағидаларға сәйкес технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін алу үшін технологиялық паркке өтініш ұсынған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі;

      6) сараптамалық кеңес – технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсынуға арналған өтініштерді қарау үшін үйлестіруші жанында әрекет ететін консультативтік – кеңесші орган;

      7) сыртқы сараптама – сарапшылық кеңестің қарауы үшін өтініштерді іріктеу мақсатында үйлестіруші ұйымдастыратын, білімнің белгілі бір саласындағы мамандар өткізетін өтініштер сараптамасы;

      8) технологияларды коммерцияландыру орталығы – жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарларды, процестер мен көрсетiлетiн қызметтердi нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiн практикалық қолдануға байланысты, оң экономикалық әсер алуға бағытталған қызметті (технологияларды коммерцияландыруды) жүзеге асыратын заңды тұлға, ғылыми ұйымның, жоғары оқу орнының немесе дербес бiлiм беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлiмшесi;

      9) технологиялық бизнес-инкубациялау – технологиялық парктердің индустриялық - инновациялық қызмет субъектілеріне олардың жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде үй-жайлар, жабдықтар беру, бухгалтерлік есеп жүргізу, заңдық, ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін қажетті өзге де қызметтерді көрсету;

      10) технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы – осы Қағидаларға сәйкес технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсетуге байланысты іс-шаралар кешені;

      11) технологиялық болжау – игерілуі мемлекеттің орнықты индустриялық-инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып табылатын технологияларды анықтауға бағытталған талдамалық зерттеулер кешені;

      12) технологиялық парк (бұдан әрі – технопарк) – технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты немесе дербес білім беру ұйымы құрған, индустриялық-инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасалатын, бiрыңғай материалдық-техникалық кешенi бар аумаққа меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн заңды тұлға;

      13) үйлестіруші – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.04.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.08.2020 № 296/НҚ (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Үйлестіруші уәкілетті органмен жасалатын шарт негізінде осы Қағидаларға сәйкес технологиялық бизнес-инкубациялау (бұдан әрі – ТБИ) бағдарламасын басқаруды жүзеге асырады.

      Технологиялық парктер (бұдан әрі – технопарк) шарт негізінде осы Қағидаларға сәйкес ТБИ қызметтерін алушыларға қызмет көрсетеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 14.08.2020 № 296/НҚ (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. ТБИ қызметтерін көрсету кезеңі ТБИ қызметтерін көрсету басталған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауы тиіс. ТБИ қызметтерін көрсетудің басталған күні технопарктер мен қызметтерді алушы арасында ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасалған күн болып есептеледі. Әрбір нақты жоба бойынша ТБИ көрсету кезеңінің ұзақтығы жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспарымен анықталады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 14.08.2020 № 296/НҚ (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. ТБИ бағдарламасы шеңберінде қызметтерді алушылардың жобаларды іске асыру нәтижелері:

      1) заңды тұлғаны құру;

      2) жоба шеңберінде кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі бизнес-жоспар;

      3) өнімге арналған техникалық құжаттама;

      4) сынақ нәтижелерін және өнімнің қажетті параметрлерін растайтын құжаттар;

      5) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған қажетті рұқсат беру құжаттары;

      6) ТБИ қызметтерін көрсету кезеңінде өндірілген өнімдерді өткізу фактілері болып табылады.

      6. ТБИ бағдарламасына қатысу үшін өтініш берушінің жобасы мынадай өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:

      1) белгілі бір сандық және сапалық параметрлері бар өнім өндірісіне бағытталуы;

      2) тиісті сарапшылармен расталған және қосымша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап етпейтін өнім үлгісінің болуы;

      3) ТБИ қызметтерін көрсету шеңберінде жоспарланған осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген нәтижелерге сәйкес болуы.

2-тарау. ТБИ қызметтерін көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 14.08.2020 № 296/НҚ (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Жалпы талаптар

      7. ТБИ қызметтерін көрсету рәсімі мынадай он кезеңде жүргізіледі:

      1) өтініш берушілерден ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған өтініштерді қабылдау;

      2) технопарктердің өтініштерді алдын ала қарастыруы;

      3) үйлестіруші ұйымдастыратын алдын ала іріктеуден өткен өтініштердің сыртқы сараптамасы;

      4) өтініш беруші сұратқан ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау;

      5) сараптамалық кеңестің өтініштерді қарауы;

      6) үйлестірушінің сараптамалық кеңестің ұсынымдарына сәйкес ең көп балл алмаған өтініш берушілерге ТБИ қызметтерін көрсетуге және/немесе қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдауы;

      7) технопарк пен қызметтерді алушы арасындағы шарттың негізінде ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасасу;

      8) технопарктердің ТБИ қызметтерін көрсетуі;

      9) ТБИ бағдарламалары шеңберінде жобалардың іске асырылу мониторингі;

      10) ТБИ қызметтерін көрсету нәтижелерін бағалау.

      8. ТБИ қызметтерін көрсету шеңберінде алушыларға мынадай қызметтер көрсетіледі:

      1) инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – жобаны іске асыруға қажетті, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтеріне төлемді қоса алғанда әкімшілік, өндірістік, қосалқы мақсаттағы үй-жайларды, сондай-ақ қажетті жабдықтарды немесе осындай жабдықтарды пайдаланатын қызметтерді өтініш берушіге уақытша өтелімді пайдалануға беру;

      2) жобаны бухгалтерлік сүйемелдеу – бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша кәсіби қызметтер, бухгалтерлік есеппен байланысты әртүрлі мәселелер жөнінде өтініш берушіге консультация беру;

      3) жобаны заңды сүйемелдеу – жобаны іске асыру процесінде туындайтын мәселелер бойынша кәсіби заң қызметтері;

      4) жобаны консультациялық және инжинирингтік сүйемелдеу – тиісті біліктілігі, ресурстар болуына байланысты қатысуы ТБИ бойынша жекелеген іс-шараларды іске асыру үшін қажет бірлесіп орындаушыларды тарту арқылы көрсетілетін техникалық, технологиялық сипаттағы мамандандырылған қызметтер;

      5) жобалық менеджмент – серіктестерді іздеу және қаржыландыру, персоналды, бірлесіп орындаушыларды іріктеу бойынша жобаны іске асырумен байланысты басқарушылық шешімдерді дайындау және қабылдау кезіндегі консультациялық қызметтер;

      6) жобаны жалпы және әкімшілік сүйемелдеу – ақпараттық қолдау көрсету, кеңсе тауарларымен және керек-жарақтармен қамтамасыз ету, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын алу жөніндегі консультация, таныстыру материалдарын әзірлеу, іскерлік кездесулер ұйымдастыру, хатшылық қызметтері, осы тармақтың басқа да тармақшаларына енгізілмеген өзге де ілеспе қызметтер;

      7) жобаны экономикалық сүйемелдеу – экономикалық есептермен, жобаны іске асыру шеңберіндегі экономикалық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялармен байланысты кәсіби қызметтер;

      8) жобаны маркетингтік сүйемелдеу – нарықты бағалау, бәсекеге қабілеттілік критерийлерін айқындау, маркетингтік стратегияны әзірлеу, өнімді нарыққа жылжытумен байланысты өзге зерттеулер;

      9) бизнес-жоспар әзірлеу;

      10) техникалық құжаттама әзірлеу – өнімді жобалаудың заманауи технологияларын қолданумен, конструкторлық, технологиялық, техникалық, нормативтік құжаттамалар әзірлеумен байланысты кәсіби қызметтер;

      11) жобаны жылжыту – жобаның логотипін, таныстыру материалдарының дизайнын, өзге нышанын әзірлеу, қызметтерді алушының көрмелерге қатысуы, бұқаралық ақпарат құралдарында, технологиялар трансферті желілерінде, мамандандырылған ақпараттық жүйелерде жоба туралы ақпараттық материалдарды орналастыру, жоба бойынша ақпаратты таратуға байланысты өзге де қызметтер;

      12) жобаны аудармашылық сүйемелдеу;

      13) қызметтерді алушының жобаны іске асыруға байланысты іскерлік сапарларын ұйымдастыру;

      14) өндірісті игеру процесіндегі оның параметрлерін айқындау үшін өнімді сынау және сапасын анықтау;

      15) нарыққа енгізу мақсатында жоба өнімінің тәжірибелік партиясын шығаруға жәрдемдесу;

      16) Қазақстан Республикасының аумағында жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын зияткерлік меншік объектілерін патенттеуге жәрдем көрсету;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат беру құжаттарын алуға жәрдем көрсету.

      9. Өтініш берушінің жобасын іске асыру үшін қажетті ТБИ қызметтерінің тізбесі мен қызметтер көрсету көлемі өтінішті рәсімдеу кезінде өтініш беруші тарапынан осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ТБИ қызметтерінен анықталады.

      10. Көрсетілетін қызметтерді алушыға көрсетілуі тиіс ТБИ қызметтері, алдын ала іріктеу рәсімдерін өткізу процесінде жасалған түзетулерді ескере отырып, ТБИ қызметтерін көрсету туралы үйлестірушінің шешімімен анықталады және технопарк пен қызметтерді алушы арасында жасалатын ТБИ қызметтерін ұсынуға арналған шартпен белгіленеді.

2-параграф. Өтініш берушілерден ТБИ қызметтерін көрсетуге
арналған өтініштерді қабылдау

      11. Өтініштерді қабылдау процесінде технопарктер үйлестірушімен бірлесіп, ТБИ қызметтерін көрсетуді республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, өтініштерді қабылдау мекенжайларын, байланыстырушы адамдарды көрсете отырып, үйлестірушінің интернет-ресурсында жариялауды ұйымдастырады, сондай-ақ оларды ТБИ бағдарламаларына қатысуға тарту мақсатында әлеуетті өтініш берушілермен мәжілістер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізеді.

      12. Өтініш берушілер технопарктерге келесі құжаттарды қамтитын өтініш (бұдан әрі – Өтініш) береді:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның ТБИ қызметтерін алуға арналған өтініші;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның паспорты;

      3) жобаның қысқаша сипаттамасы (осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жобаның қысқаша сипаттамасына қойылатын талаптарға сәйкес ресімделеді);

      4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТБИ қызметтерін көрсетуге, есептермен немесе растайтын құжаттармен қоса шығындар сметасы;

      5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспар;

      6) өтініш берушінің құқықтық мәртебесін айқындайтын құжаттар:

      жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат;

      заңды тұлғалар үшін – жарғы, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік* немесе анықтама.

      Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

      13. Осы Қағидалардың 12-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген құжаттар бойынша өтініш беруші құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін ұсынады. Өтінішті қабылдайтын технопарктің қызметкері құжаттардың түпнұсқаларын көшірмелерімен салыстырады және өтініш берушіге түпнұсқаларды қайтарады.

      14. Өтініштер қабылдауды технопарктер ТБИ бағдарламаларын іске асыруды тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 1 қазанына дейінгі кезеңде жүргізеді.

      15. Тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 1 қазанына дейінгі кезеңде үйлестіруші өтініштер берудің кемінде үш мерзімін белгілейді, олардың арасы кемінде күнтізбелік 45 күнді құрайды. Бірінші мерзімде өтініш беруге үлгермеген өтініш берушілер оны үйлестіруші белгілеген келесі мерзімдерде ұсынады. Үйлестіруші белгілеген тиісті жылдың соңғы мерзімінен кейін қарауға түскен өтініштер келесі күнтізбелік жылы қаралады.

      16. Өтініш технопаркке мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз тасығышта екі данада – түпнұсқа және түпнұсқаның көшірмесі, сондай-ақ электрондық тасығышта ұсынылады.

      Өтініштің түпнұсқасы өтініш берушінің қолымен және мөрімен бекітіледі және материалдармен бірге беттері нөмірленіп, тігілген түрде бірыңғай папкаға салынады, соңғы беті өтініш берушінің қолымен және мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.

      Өтініш көшірмесін өтініш беруші тікпейді.

      17. Өтініштегі жолдар арасына жазбалар жазылмауы, өшірілмеуі немесе қоса жазылмауы тиіс.

      18. Өтінішті қабылдаған технопарк қызметкері оның тіркелуін жүзеге асырады. Өтініштің тіркелген күні өтініштің технопаркке түскен күні болып табылады.

      19. Өтініш беруші өтініште қамтылған тапсырылған құжаттардың, бастапқы мәліметтердің, есептердің, негіздемелердің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.

3-параграф. Технопарктердің өтініштерді алдын ала қарауы

      20. Технопарк өтініш тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оны Қағидаларға сәйкестік мәніне қажетті құжаттардың болуы мазмұнының және оның ақпаратты ашуының толықтығы бөлігінде қарайды, ескертулер болмаған жағдайда, өтініш тіркелген күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде үйлестірушіге жіберіледі.

      21. Өтініштер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, технопарк өтініштің тіркелген күнінен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей өтініште көрсетілген байланыс құралдарының бірі телефон, факсимильді байланыс, пошталық жөнелтілім немесе электрондық пошта арқылы өтініш берушіге хат-хабарламаны жібереді.

      Өтініш өтініш берушіге ескертулерді жою үшін қайтаруға жатады.

      22. Өтініш беруші анықталған ескертулерді жояды және осы Қағидаларға сәйкес келетін өтінішті қайта тапсырады. Өтініш берушінің технопаркке өтінішті қайта тапсыруы ескерту алған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

      Қажет болған жағдайда технопарк өтініш берушіге кемшіліктерін жою мәселелеріне қатысты консультациялық көмек көрсетеді.

      23. Технопарк көрсеткен ескертулерді жою арқылы өтінішті қайта тапсырудан өтініш беруші бас тартқан жағдайда, ескерту алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде өтініш беруші бұл туралы технопаркті хабардар етеді.

      24. Технопарк пысықталған өтініштерді алған күнінен бастап 2 жұмыс күні ішінде ескертулердің жойылғанын тексереді. Қайта ескертулер болмаған жағдайда, өтініштің көшірмесі қағаз тасығышта және электрондық пішімде қайталанған өтініштің қабылданған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде сыртқы сараптаманы ұйымдастыру үшін үйлестірушіге беріледі.

      Өтініштің түпнұсқасы технопаркте сақталады.

4-параграф. Үйлестіруші ұйымдастыратын алдын ала іріктеуден
өткен өтініштердің сыртқы сараптамасы

      25. Үйлестіруші өтініштердің технопарктерден түсуіне қарай олардың сыртқы сараптамасын ұйымдастырады. Осы Қағидалардың 12 тармағына сәйкес қажетті құжаттары бар өтініштерді сыртқы сараптамаға жіберуді үйлестіруші технопарктерден өтініштер түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      26. Технологияларды коммерцияландыру орталықтарының қатысуымен іске асырылған жобалар бойынша өтініштер сыртқы сараптамаға қарау үшін жіберілмейді, бірақ осы Қағидалардың 2-тарауы 5-параграфына сәйкес өтініш беруші сұраған ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалауға жіберіледі.

      27. Сыртқы сараптама өтініштерді екі тәуелсіз сарапшыға жіберу арқылы ұйымдастырылады:

      1) қаралатын өтініштің технологиялық бөлігіне;

      2) қаралатын өтініштің экономикалық бөлігіне.

      28. Өтініштердің технологиялық бөлігіне қатысты біліктілігі бар тәуелсіз сарапшы жобаның жаңалығын, технологиялық орындылығын және іске асырылуын анықтау мақсатында қарайды.

      29. Өтінішті экономикалық бөлігіне қатысты біліктілігі бар сарапшы жоба өнімінің бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ оның негізінде тәуелсіз кәсіпкерлік қызметті дамытудың экономикалық орындылығын анықтау мақсатында қарайды.

      30. Әр өтінішті қарау үшін тәуелсіз сарапшыларды іріктеуі үйлестіруші сарапшының біліктілігі мен тәжірибесіне байланысты жеке жүргізеді. Сыртқы сараптамаға отандық және (немесе) шетелдік сарапшылар тартылады.

      Сыртқы сараптаманы жүргізуге жұмсалатын шығыстарды үйлестіруші ТБИ қызметтерін көрсетуге уәкілетті органда көзделген қаражат есебінен қаржыландырады.

      31. Сыртқы сараптаманың ұзақтығы тәуелсіз сарапшы құжаттарды алған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайды.

      32. Үйлестіруші өтініште қамтылған ақпаратты пайдалану кезінде құпиялылықты, сондай-ақ өтініштерді қараудың объективтілігін:

      1) өтініш беруші мен тәуелсіз сарапшылар арасында байланыстарды болдырмау;

      2) бағалауды жүргізген тәуелсіз сарапшы туралы мәліметтерді таратпау;

      3) тәуелсіз сарапшыға өтініш беруші және оның өтініші туралы мәліметтерді таратпау арқылы қамтамасыз етеді.

      33. Тәуелсіз сарапшылар сыртқы сараптаманың нәтижесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жобаның мәлімделген мақсаттары мен нәтижесінің параметрлеріне қол жеткізе алмауына әкелетін ескертулер болмаған жағдайда - өтініш берушіге ТБИ қызметтерін көрсетуді ұсыну;

      2) жобаның мәлімделген мақсаттары мен нәтижесінің параметрлеріне қол жеткізе алмауына әкелетін ескертулер бар болған жағдайда, бірақ ТБИ қызметтерін көрсету процесінде түзетілетін ескертулерді ескере отырып, өтініш берушіге ТБИ қызметтерін көрсетуді ұсыну;

      3) ТБИ қызметтерін көрсету процесінде жою мүмкін болмайтын және жобаның мәлімделген мақсаттары мен нәтижесінің параметрлеріне қол жеткізе алмауына әкелетін ескертулер бар болған жағдайда – өтініш берушіге ТБИ қызметтерін көрсетуден бас тарту.

      34. Өлшемдердің әрқайсысы бойынша тәуелсіз сарапшының бағалауы нақты, қысқаша негізделуге жатады. Сыртқы сараптама нәтижелері бойынша тәуелсіз сарапшының жалпы қорытындысы шешімді негіздеген факторларды түсіндіру арқылы, оның ішінде осы Қағидалардың 33-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бағаланған жағдайда ескертулерді жою жөніндегі ұсыныстар арқылы нақты негіздеуге жатады.

      35. Тәуелсіз сарапшылардың ұсыныстары негізінде үйлестіруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) егер тәуелсіз сарапшылардың ұсыныстары осы Қағидалардың 33-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес келсе, өтініш берушінің сұраған ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау жүргізуге өтініш жіберу;

      2) егер тәуелсіз сарапшылардың бірі осы Қағидалардың 33-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өтінішті қайтарған жағдайда – өтінішті қабылдамау.

      36. Үйлестіруші сыртқы сараптама нәтижелерін алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 35-тармағының негізінде шешім қабылдайды және өтініш беруші мен сыртқы сараптама нәтижелеріне сілтеме бере отырып, технопаркке тиісті хабарлама жібереді.

5-параграф. Өтініш беруші сұратқан ТБИ қызметтері құнының
негізділігін бағалау

      37. Өтініш беруші сұратқан ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалауды үйлестіруші сыртқы сараптаманың нәтижелерін немесе технологияларды коммерцияландыру орталықтарының қатысуымен іске асырылған жоба бойынша өтінішті алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      38. ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау мақсаты жобаны іске асыру шеңберінде жоспарланған іс-шаралармен негізделген объективті қажеттіліктерді қаржыландырудың өтініш беруші сұратқан көлемге сәйкестігін бағалау арқылы шығыстардың оңтайлы мөлшерін айқындау болып табылады.

      39. ТБИ қызметтері құнының негізділігін тексеру үшін қосымша түсініктеме беру қажеттілігі туындаған жағдайда, үйлестіруші технопарк арқылы өтініш берушіден қажетті материалдарды сұратады.

      40. ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау нәтижелері бойынша үйлестіруші қорытындыны 10 жұмыс күні ішінде әзірлейді, ол әзірленген күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде технопаркке жеткізіледі. Қорытындыға сәйкес өтінішті түзетудің қажеттілігі болмаған жағдайда, өтініш сараптамалық кеңестің қарауына шығарылады.

      41. Технопарк қорытындыны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушімен бірлесіп ТБИ қызметтерінің құнына қажетті түзетулер енгізеді.

      42. Өтініш беруші үйлестірушінің қорытындысымен келіспеген және ТБИ қызметтерінің құнын негіздейтін сұраған түсініктемелерді бермеген жағдайда, ТБИ қызметтері құнының негізділігіне бағалау жүргізу осы Қағидалардың 37–тармағында көрсетілген мерзімнің ішінде өтініш үйлестіруші тарапынан кері қайтарылуға жатады.

      43. Пысықталған өтініш сараптамалық кеңестің қарауына шығару үшін үйлестірушіге жіберіледі.

6-параграф. Сараптамалық кеңестің өтініштерді қарауы

      44. Сараптамалық кеңесті құрамы 7-ден 11 мүшеден тұратын үйлестіруші құрады. Сараптамалық кеңес мүшелерінің бірі үйлестірушінің шешімімен сараптамалық кеңестің төрағасы болып тағайындалады.

      45. Сараптамалық кеңестің отырыстарын, бір отырыста кемінде бес өтінішті қарастырған жағдайда, ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау қорытындысының түсуіне қарай ұйымдастырады.

      46. Сараптамалық кеңестің мүшелерін үйлестіруші индустриялық және инновациялық қызмет саласындағы білікті мамандар қатарынан мыналардың:

      1) индустриялық-инновациялық саясатты іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың;

      2) салалық қауымдастықтардың, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын басқа да қоғамдық ұйымдардың;

      3) саяси партиялардың;

      4) ғылыми және ғылыми-зерттеу ұйымдарының;

      5) ұлттық компаниялардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, индустриялық-инновациялық қызметті іске асыратын басқа да ұйымдардың ұсыныстары бойынша тағайындайды.

      Ескерту. 46-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 14.08.2020 № 296/НҚ (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Сараптамалық кеңес өтініштерді қарауды мынадай бағыттар бойынша жүргізеді:

      1) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазанындағы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1 бабының 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жобаның Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының басым бағыттарына сәйкестігі;

      2) жобаның бірегейлігі;

      3) жоба өнімінің талап етілуі;

      4) өтініш берушінің жобаны іске асыруға қатысуы және мәлімделген параметрлерге сәйкес оның жобаны іске асыруға қабілеттілігі;

      5) жобаның әлеуетті экономикалық тиімділігі;

      6) жобаның әлеуетті әлеуметтік тиімділігі;

      7) мәлімделген шығындардың жоспарланған іс-шараларға, мақсаттарға және жоба нәтижелерінің ауқымына сәйкестігі.

      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 14.08.2020 № 296/НҚ (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Сараптамалық кеңестің отырысы өтініш берушілерді (заңды тұлға жағдайында – уәкілетті өкілі) жеке тыңдау арқылы немесе байланыс құралдарының (бейне конференция байланысы, конференция байланысы) көмегімен ашық түрде өткізіледі.

      49. Сараптамалық кеңес мүшелерінің әр өтініші бойынша шешімі әрбір бағыт бойынша балдық бағалау арқылы қабылданады. Балдық саралау ұлттық институтымен анықталады.

      50. Балдарды қаралған өтініштермен салыстыру кезінде мыналар назарға алынады:

      1) осы Қағидалардың 14-15-тармақтарына сәйкес бір кезең ішінде түскен өтініштер;

      2) алдыңғы кезеңде түскен және сыртқы сараптамадан ТБИ қызметтері құқының негізділігін бағалау кезеңдерінен өткен, бірақ осыдан бұрын қаралған басқа да өтініштермен салыстыра отырып, сараптамалық кеңестің қарау нәтижелері бойынша балдарының жетіспеуіне байланысты бас тартылған өтініштер.

      Соңғы кезең ішінде түскен өтініштерге қарағанда сараптамалық кеңес ең жоғары балмен бағалаған, осы Қағидалардың 50-тармағының 2) тармақшасында көзделген өтініштер бар болған жағдайда, нәтижелерді шығарған кезде алдыңғы кезеңдерде түскен өтініштер таңдап алынған болып есептеледі.

      51. Әр кезеңнің шеңберінде іріктеуге жататын өтініштердің саны ТБИ бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы іріктеуге жататын өтініштердің жалпы санынан жоспарланған кезеңдердің санына үйлесімді анықталады.

      52. Ең көп балл алған өтініштер ТБИ қызметтерін көрсету үшін үйлестірушіге ұсынылады.

      53. Сараптамалық кеңестің қарау нәтижелері бойынша ең жоғары мүмкін балдардың кемінде елу пайызын алған өтініштер ТБИ қызметтерін көрсету үшін үйлестірушіге ұсынылады.

      54. Әрбір өткізілген отырыс шеңберінде сараптамалық кеңестің шешімі отырыс өткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді.

      55. Мемлекеттік қызметкері болып табылмайтын сараптамалық кеңес мүшелерінің қызметіне үйлестіруші тиісті жылы ТБИ бағдарламасын іске асыруға уәкілетті орган бөлетін қаражаттан ақы төлейді.

7-параграф. Үйлестірушінің сараптамалық кеңестің ұсынымдарына
сәйкес ең көп балл алмаған өтініш берушілерге ТБИ қызметтерін
көрсетуге және/немесе қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы
шешім қабылдауы

      56. Сараптамалық кеңес ұсынымдарының негізінде үйлестіруші сараптамалық кеңесі отырысының хаттамасымен толтырылатын сараптамалық қорытындыны ұсынған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде сараптамалық кеңестің ұсынымдарына сәйкес ең көп балл алмаған өтініш берушілерге ТБИ қызметтерін көрсетуге және/немесе қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдауы;

      57. Үйлестірушінің шешімі қабылданған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде технопарк назарына жеткізіледі. Өтініштері сараптамалық кеңестің қарауына шығарылған өтініш берушілерге, үйлестірушіден хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде технопарктер үйлестірушінің шешімін жеткізеді.

8-параграф. Технопарк пен қызметтерді алушы арасындағы шарттың
негізінде ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасасу

      58. Технопарктер мен қызметтерді алушы арасында ТБИ қызметтерін көрсетуге шарт жасасу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      59. Мыналар:

      1) өтініш берушіге көрсетілуге жататын ТБИ қызметтерінің тізбесі мен көлемін қамтитын техникалық тапсырма;

      2) өтініш беруші сұратқан ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау нәтижелері бойынша түзетілген ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шығындар сметасы;

      3) әрбір кезеңнің және қол жеткізілуі жоспарланған нәтиженің құнын көрсету арқылы оның іске асырылу процесінің кезеңді сипаттамасын қамтитын жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары технопарк пен өтініш беруші арасындағы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

9-параграф. Технопарктердің ТБИ қызметтерін көрсетуі

      60. Технопарктің қызмет алушыға ТБИ қызметтерін көрсетуі осы Қағидалардың 5-қосымшаға сәйкес жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспарына сәйкес олардың арасында жасасқан шарттың негізінде жүргізіледі.

      61. ТБИ қызметтерін көрсету фактісі үйлестіруші алдында есептілікке қоса берілетін технопарк пен қызметтерді алушы арасында жасалатын көрсетілген қызметтердің тиісті актілерімен ресімделеді.

      62. Қызметтерді алушыға технопарктің көрсеткен ТБИ қызметтерінің төлемін жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуына қарай ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шығындар сметасы негізінде үйлестіруші төлейді. Технопарк көрсеткен ТБИ қызметтерінің төлем көзі тиісті қаржы жылына ТБИ бағдарламасын іске асыруға уәкілетті органға бюджеттен бөлінген ақшалай қаражат болып табылады.

      63. Технопарк өзі атқаратын іс-шаралардың қызметтерді алушы қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бұл ретте, технопарк бірлесе орындаушыларды таңдау кезінде бірлесіп орындаушының қажетті іс-шараларды тиісті сапада орындауға қабілеттілігі туралы өтініш берушінің пікірін ескереді.

      64. Егер жобаны іске асыру процесінде ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шығындар сметасын түзету қажеттілігі туындаған жағдайда, түзету қажеттілігінің нақты негіздемесімен бірге шығындар сметасын түзету жөніндегі ұсынысты технопарк өтініш берушімен бірлесіп, әзірлейді және үйлестірушінің қарауына кемінде 20 жұмыс күн өткен соң шығарылады.

      65. Үйлестіруші ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шығыстар сметасын түзету туралы ұсынысты алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде көрсетілген ұсыныстарды қарайды және түзетуді енгізудің орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны әзірлейді.

      66. Түзетулерді енгізудің орындылығы мойындалған жағдайда тиісті түзетулер технопарк пен қызметтерді алушы арасында жасалған ТБИ қызметтерін көрсетуге арналған шартқа қосымша келісім жасасу арқылы үйлестірушінің қорытындысы негізінде ресімделеді.

10-параграф. ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаларды
іске асыру мониторингі

      67. ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру мониторингінің мақсаты шартқа сәйкес жобаны іске асырудың нақты барысын көрсету болып табылады.

      68. ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру мониторингі әрбір жоба бойынша мынадай есептілікті ұсынуды қамтиды:

      1) жоба бойынша іске асырылған іс-шаралар және ұсынымдармен қоса қол жеткізілген нәтижелер туралы тоқсан сайынғы есеп;

      2) қол жеткізілген нәтижелердің талдауымен және оны одан әрі дамыту жөніндегі ұсынымдарымен қоса жобаның іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы есеп.

      69. Тоқсан сайынғы есепті технопарк үйлестірушіге ұлттық институттың көзделген нысаны бойынша, есептік кезеңнен кейінгі, айдың 25 күнінен кешіктірмей ұсынады. Есеп көрсетілетін қызметтерді алушымен келісіледі және технопарк көрсеткен қызметтерді үйлестіруші қабылдау негізі болып табылады.

      70. Тоқсандық есепке іске асырылған іс-шаралардың сипатын, қол жеткізілген нәтижелердің параметрлерін, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу деңгейін, жоспарланған көрсеткіштерді қабылдамау себептерін, өзекті және ортаға қойылған мәселелерді, оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды түсіндіретін тармақтардың әрқайсысы бойынша түсіндірме жазба қоса беріледі.

      71. Тоқсандық есеп есептік тоқсанның соңғы айынан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей үйлестірушіге тапсырылады. Тоқсандық есепті тапсыру нысанын үйлестіруші бекітеді.

      72. Технопарктердің тоқсандық есептері негізінде үйлестіруші есептілік кезеңнен кейінгі айдың ішінде уәкілетті органға ТБИ бағдарламасын іске асыру барысы туралы талдамалық ақпаратты әзірлейді.

      73. Жобаны іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есеп тоқсан сайын берілетін есепке ұқсас тәртіппен рәсімделеді және қосымша мыналарды қамтиды:

      1) іс-шараларды іске асыру фактілерін және фотографиялық материалдарды қоса алғанда, нәтижелерге қол жеткізілгендігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      2) жобаға қажетті түзетулер енгізу немесе іске асыруды тоқтату бойынша ТБИ бағдарламасы шегінде оның одан әрі іске асырылуы туралы ұсынымдарымен қоса, жобаның нәтижелілігін талдау.

      74. Үйлестіруші жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаны іске асыру туралы технопарктердің есептерін тыңдауды ұйымдастырады.

      75. Жобаның іске асырылу барысын нақты бағалау мақсатында үйлестіруші мониторингті жүзеге асыру шеңберінде технопаркті және қызметтерді алушыны аралап көруді жүзеге асырады.

11-параграф. ТБИ қызметтерін көрсету нәтижелерін бағалау

      76. ТБИ бағдарламасын іске асыру шеңберінде ТБИ қызметтерін көрсету нәтижелерін бағалаудың екі нысаны қолданылады:

      1) ағымдағы бағалау – тоқсан сайын, жоба бойынша іске асырылған іс-шаралар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы тоқсандық есептің негізінде;

      2) қорытынды бағалау – әрбір жоба бойынша ТБИ қызметтерін көрсетуді тоқсан сайын аяқтау бойынша.

      77. Ағымдағы бағалауды іске асырылған іс-шаралардың тиімділігін айқындау, ТБИ бағдарламасы шеңберінде технопарктердің нәтижелілігін бағалау және жобаны одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында үйлестіруші жүргізеді.

      78. Ағымдағы бағалауды жүргізу үшін негіз осы Қағидалардың 10-параграфында белгіленген тәртіппен технопарк тапсыратын тоқсандық есеп болып табылады.

      79. Қорытынды бағалауды қызметтерді алушыға ТБИ қызметтерін көрсетуді аяқтау бойынша үйлестіруші жүргізеді.

      80. Көрсетілетін қызметтерді алушыға ТБИ қызметтерін көрсетуді аяқтау жоспарлы немесе мерзімінен бұрын аяқталады.

      81. Көрсетілетін қызметтерді алушыға ТБИ қызметтерін көрсетудің жоспарлы аяқталуы деп осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ТБИ қызметтерін көрсету кезеңінің аяқталуы түсіндіріледі.

      82. Көрсетілетін қызметтерді алушыға ТБИ қызметтерін көрсетуді мерзімінен бұрын аяқтауды үйлестіруші мынадай жағдайларда жүзеге асырады:

      1) ағымдағы бағалау нәтижелері жөніндегі ТБИ бағдарламасы шеңберіндегі жобаны одан әрі іске асырудың орынсыздығы туралы шешімнің осы Қағидалардың 70-тармағына сәйкес қабылдануы;

      2) жоспарланған нәтижелерге мерзімінен бұрын қол жеткізу және одан әрі ТБИ қызметтерінің қажеттілігінің болмауы;

      3) қызметтерді алушының ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаны одан әрі іске асырудан бас тартуы.

      83. Ұсынылған ұсынымдардың негіздемесімен қоса, үйлестірушінің технопаркті таныстыру бойынша қабылдаған шешімі осы Қағидалардың 82-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес ТБИ қызметтерін көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылады.

3-тарау. ТБИ қызметтерінің құнын айқындау тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 14.08.2020 № 296/НҚ (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      84. Бір жобаны іске асыруға арналған ТБИ қызметтерінің жалпы құны нақты жобаның ерекшеліктеріне сәйкес белгіленеді, бірақ тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңнамасында белгіленген жылына сегіз мың еселенген ең төменгі есептілік көрсеткіштен аспауы тиіс.

      85. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ТБИ қызметтерінің құны технопарк әзірлеген және үйлестіруші бекіткен бірыңғай сағаттық тарифке сүйеніп белгіленеді. Бұл ретте тарифтер ұқсас қызметтер үшін нарықтағы орташа нарықтық тарифтен аспауы тиіс.

      86. ТБИ қызметтеріне деген қажеттіліктің есебі осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мынадай шектеулерді ескере отырып жүргізіледі:

      1) бухгалтерлік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер - бір жобаға аптасына он сағаттан астам емес;

      2) жобаны заңды сүйемелдеу жөніндегі қызметтер - бір жобаға аптасына он сағаттан астам емес;

      3) жоба менеджерінің қызметі – бір жобаға аптасына қырық сағаттан астам емес;

      4) жобаны жалпы және әкімшілік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер – бір жобаға аптасына жиырма сағаттан астам емес;

      5) жобаны экономикалық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер – бір жобаға аптасына он сағаттан астам емес;

      6) жобаны маркетингтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер – бір жобаға аптасына жиырма сағаттан көп емес, бірақ екі жүз жетпіс сағаттан астам емес.

      Жалпы және әкімшілік сүйемелдеу бойынша қызметтер құнын анықтау кезінде кеңсе тауарларымен және керек-жарақтармен, сыртқы ақпарат ресурстарына қол жеткізумен қамтамасыз ету құны ескерілмейді.

      Кеңсе тауарларымен және керек-жарақтармен қамтамасыз етуге кететін шығындар тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңнамасында белгіленген ең аз есептік көрсеткіштің отыз еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

      Сыртқы ақпарат ресурстарына қол жеткізуде жұмсалатын шығындар тиісті ақпараттың ресурстардың иелері белгілеген нақты құны бойынша айқындалады.

      87. Жобаның күрделілігіне және бастапқы мәліметтердің болуына байланысты осы Қағидалардың 8-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі қызметтер құны тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңнамасында белгіленген ең аз есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

      88. Осы Қағидалардың 8-тармағының 14), 15) тармақшаларында көзделген ТБИ қызметтерін көрсету шеңберінде әрбір жоба бойынша сатып алынатын жабдықтың жалпы құны тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңнамасында белгіленген ең аз есептік көрсеткіштің екі мың есе мөлшерінен аспайтын шарттарда, осы қызметтерді тиісінше көрсету үшін қажетті жабдықтарда сатып алуға жол беріледі.

      89. ТБИ қызметтерін көрсету шеңберінде жабдықтарды сатып алған жағдайда, сондай-ақ ТБИ қызметтерін көрсету нәтижесінде басқа мүліктер пайда болған жағдайда көрсетілген активтер технопарктің меншігі болып табылады. Оларды пайдалануды жобаны іске асыру мақсатында қызметтерді алушылар жүзеге асырады. Көрсетілген активтерді пайдаланумен байланысты туындайтын шығындар тиісті жоба шеңберінде қызмет алушыға ТБИ қызметтерін көрсетуге бөлінген қаражаттан қаржыландырылады.

      90. Технопаркке тиесілі сатып алынған немесе пайда болған активтер жоба бойынша ТБИ қызметтерін көрсету кезеңі аяқталған бойда технопарк мына тәсілдердің бірін пайдаланады:

      1) технопарктің қосқан үлесі ретінде жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді алушы құрған заңды тұлғаның жарғылық капиталына салынады;

      2) іске асыру кезінде теңгерімдік құнынан төмен емес құн бойынша өтініш берушіге өткізіледі;

      3) ТБИ кызметтерін көрсету аяқталған кезде теңгерімдік құнынан төмен емес құн бойынша үшінші тұлғаларға өткізіледі.

      Активтерді пайдалану тәсілі туралы шешімді технопарктің басқару органдары технопарк жарғысына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тәртіппен қабылдайды.

      91. Осы Қағидалардың 90, 91-тармақтарында көрсетілген талаптар зияткерлік меншік объектілеріне және көрсетілетін қызметтерді алушының меншігі болып табылатын ТБИ қызметтерін көрсету шеңберінде алынған рұқсат беру құжаттарына қолданылмайды.

      92. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген басқа қызметтер құнын өтініштегі өтініш беруші беретін тиісті есептері мен баға ұсыныстарымен расталатын нақты құнға сүйене отырып, ТБИ қызметтері құнының негізділігін бағалау процесінде үйлестіруші айқындайды.

      93. Осы қағидалар халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп іске асырылатын жобаларға қолданылмайды.

  Технологиялық бизнес-
инкубациялау қызметтерін
көрсету, сондай-ақ
"Астана Хаб" халықаралық
технологиялық паркі көрсететін
қызметтерді қоспағанда,
осындай қызметтер құнын
айқындау қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.04.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Жобаның технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін
алуға арналған өтініш

      __________________________

      (технопарктің атауы)

      Бірінші басшы

      __________________________

      (директордың Т.А.Ә.А.)

Өтініш

      Осымен ________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.А. толығымен - жеке тұлға үшін, ұйымның толық атауы –

      заңды тұлға үшін)

      технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасына қатысуға арналған өтінішпен жүгінеді және оны белгіленген тәртіппен қарауды сұрайды.

      Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету және олардың құнын айқындау қағидаларымен таныстық және келісеміз, ескертулер мен қарсылықтарымыз жоқ.

      Өтініште берілген мәліметтердің дұрыстығына кепілдік береміз.

      Қосымша: өтініштің құжаттары, атап айтқанда:

      1) жоба паспорты, ___ п.;

      2) жобаның қысқаша сипаттамасы, ____ п.;

      3) технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсетуге арналған шығындар сметасы, ____ п.;

      4) жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары, ____ п.;

      5) құқықтық мәртебесiн растайтын құжаттар, ___ п.:

      жеке тұлғалар үшін – жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) анықтамасы және жарғысының көшірмесі;

      жеке кәсіпкерлер үшін – жеке кәсіпкердің заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі.

      6) өтініште берілген мәліметтердің дұрыстығын растайтын материалдар, ____ п.

      _____________________________ _______________________

      (лауазымы - заңды тұлға үшін) (қолы) (Т.А.Ә.А.)

      _________________

      1 - өтініш берушілер үшін – заңды тұлғалар үшін өтініш заңды тұлғаның фирмалық бланкісінде ресімделеді және заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі.

  Технологиялық бизнес-
инкубациялау қызметтерін
көрсету, сондай-ақ
"Астана Хаб" халықаралық
технологиялық паркі көрсететін
қызметтерді қоспағанда,
осындай қызметтер құнын
айқындау қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.04.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

      Жобаның паспорты № _______________________________

      (технопарк қызметкерімен беріледі)

      Тіркелген күні _______________________

      (күні) (айы) (жылы)

      1. Жобаның атауы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жобаның саласы ______________________________________________________

      Жобаның кіші саласы _________________________________________________

      2. Өтініш беруші

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.А. толығымен - жеке тұлғалар үшін, толық атауы - заңды

      тұлғалар үшін)

      3. Өтініш берушінің уәкілетті өкілі

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғалар үшін)

      3.1. Лауазымы _______________________________________________________

      3.2. Т.А.Ә.А.________________________________________________________

      3.3. Негіздемесі ____________________________________________________

      (құжаттың деректемелері, оның негізінде өкіл өтініш берушінің атынан уәкілетті болады, құжаттың көшірмесі өтініште қамтылған ақпараттың дұрыстығын растайтын материалдарда қоса беріледі)

      4. Өтініш берушінің мекенжайы _______________________________________

      (өтініш берушінің мекенжайы толығымен, заңды тұлғалар үшін -

      заңды мекенжайы)

      5. Жоба іске асырылатын орын: _______________________________________

      (қала, аудан, облыс)

      6. Жобаның жетекшісі

      Т.А.Ә.А. ____________________________________________________________

      Жұмыс орны: _________________________ Лауазымы: _____________________

      Мамандығы: __________________________________________________________

      Мамандануы __________________________________________________________

      Ғылыми дәрежесі _____________________ Ғылыми атағы __________________

      7. Өтінішке сәйкес ТБИ қызметінің құны, мың теңге:

      _____________________________________________________________________

      (цифрлармен, жазбаша)

      8. Бірлесіп қаржыландыру көлемі, мың теңге:__________________________

      (цифрлармен, жазбаша)

      9. Жобаның өнімі ____________________________________________________

      10. ТБИ қызмет көрсету ұзақтығы ___________________ апта

      1 - кезең ___________________ апта

      2 - кезең ___________________ апта

      ...кезең ___________________ апта

      N кезең ___________________ апта

      11. Жобаның түпкілікті нәтижесі:

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

1 -кезең

2 -кезең

...кезең

N кезең







1 көрсеткіш












2 көрсеткіш












...












N көрсеткіш

























      12. Өтініш берушінің байланыс ақпараты ______________________________

      (телефоны) (факс) (электронды поштасының мекенжайы)

      13. Әлеуетті бірлесіп орындаушылар

      1. ______________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________

      ... _____________________________________________________________

      N _______________________________________________________________

      (жеке тұлғалар үшін - Т.А.Ә.А., мамандығы, заңды тұлғалар үшін

      - толық атауы, қызметтің негізгі түрі)

      14. Жағымсыз сарапшылар:

      1. ______________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________

      (Т.А.Ә.А., сарапшының өңірі, оны тарту өтініштің сараптамасы

      үшін жеке немесе өзге де субъективті себептер бойынша қажет емес)

      Өтініш беруші _______________________________________________________

      (өтініш берушінің немесе оның уәкілеттітұлғасының қолы)

      (Т.А.Ә.А. толығымен)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ______________________

  Технологиялық бизнес-
инкубациялау қызметтерін
көрсету, сондай-ақ
"Астана Хаб" халықаралық
технологиялық паркі көрсететін
қызметтерді қоспағанда,
осындай қызметтер құнын
айқындау қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.04.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жобаның қысқаша сипаттамасына қойылатын
талаптар

      1. Жобаның қысқаша сипаттамасын өтініш беруші мынадай құрылымға сәйкес ресімдейді:

      1) жобаның атауы;

      2) жоба тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы;

      3) жобаның өнімі;

      4) жоба өнімінің нарығы;

      5) жобаны іске асыру орнының негіздемесі;

      6) жобаның іске асырылуының дайындық деңгейі;

      7) жоба шеңберінде кәсіпкерлік қызметті дамыту пайымы;

      8) жобаның экономикалық тиімділігі;

      9) жобаның командасы;

      10) технологиялық бизнес-инкубациялаудың талап етілетін қызметтері;

      11) өтініш берушінің жобаны іске асыруға қатысуы;

      12) жобаны іске асырудан жоспарланатын нәтижелер.

      Мүмкіндігіне қарай өтініш беруші қысқаша сипаттаманы дайындау кезінде оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді тікелей көрсетуден сақтануы қажет.

      Барлық ақпарат нақты, түсінікті нысанда баяндалуы, жобаның іске асырылуына қатысты өтініш беруші ұсынатын тәсілдерді негіздейтін және негізгі іс-шаралардың мазмұнын ашатын нақты деректерді қамтитын екі ойды білдірмеуі тиіс.

      Өтініш беруші – жеке тұлға немесе заңды тұлғаның басшысы - өтініш беруші тарапынан жобаның қысқаша сипаттамасының әрбір бетіне қол қойылады. Электрондық пішімдегі жобаның қысқаша сипаттамасы әрбір бетіне қол қойылмай тапсырылады.

      2. "Жоба тұжырымдамасының жалпы сипаттамасы" деген бөлім мыналарды қамтуы тиіс:

      1) қолданылатын технологияның 1 беттен аспайтын көлемдегі қысқаша сипаттамасы;

      2) жоба өзектілігінің негіздемесі – жобаның іске асырылуы орынды болып табылатын нақты себептер, жоба арқылы шешілетін мәселелер, көлемі 1беттен артық емес;

      3) жобаның жаңашылдығы - 1 беттен аспайтын көлемде жасалған қорытындаларды негіздей отырып, шешімдерді іске асыру барысында қолданатын жаңашылдықты, жобаның бірегейлігін анықтайтын нақты айғақтар;

      4) жобаның мақсаты - 0,5 беттен аспайтын көлемдегі ТБИ бағдарламасына қатысу шеңберінде мүмкіндіктерге қол жеткізуге болатын жобаны іске асырудың нақты қалыптасқан, өлшенетін, қол жеткізілетін мақсаты;

      5) жобаны іске асырыу кезеңдері –іс-шараларды және әр кезеңінің күтілетін нәтижелерін іске асыруға ұсынылатын апталарға жалғасатындығы көрсетілген, қажеттілігінің негіздемесі бар жобаны іске асырудың негізгі кезеңдерінің 2 беттен аспайтын көлемдегі қысқаша сипаттамасы.

      3. "Жоба өнімі" бөлімінде жоба шеңберінде өндірілуі жоспарланатын өнімнің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі, оның ішінде:

      1) өнімнің ассортименті;

      2) өнімнің қолдану аясы;

      3) өнімнің техникалық параметрлері;

      4) өнімнің экономикалық параметрлері;

      5) бәсекелестердің өнімімен салыстырғанда өнімнің басымдылығы;

      6) жоспарланатын өнімнің, оның ішінде ТБИ бағдарламасы шегінде игеруге жоспарланған өндіріс көлемі;

      7) өнімді өндірудің бұрын жүзеге асырылған нәтижелері, өнім сатылымдары туралы болған кезде өнімнің бұрын өткізілген сынағының нәтижелері туралы мәліметтер.

      "Жоба өнімдері" деген бөлім көлемі бойынша 2 беттен аспауы тиіс.

      4. "Жоба өнімінің нарығы" деген бөлім өтініш берушінің өнімді нарыққа жылжыту бойынша көрінісін, оның ішінде:

      1) жоба өнімінің іске асырылу бағыты: өңірлік, ұлттық немесе сыртқы нарықтар;

      2) нарықтағы жоба өнімінің өндіріс және тұтынукөлемі;

      3) жоба өнімінің әлеуетті тұтынушылары;

      4) нарықтағы жоба өнімінің өндірушілері мен жеткізушілері;

      5) нарықтағы бағаның деңгейі, өтініш берушінің басқа да ақпараты;

      6) бастапқы уағдаластықтар, келісімдер, ниет туралы хаттамалар, жобаның іске асырылуы үшін жоба өнімінің тұтынушыларымен шарттар туралы мәліметтерді қамтиды.

      "Өнім жобасының нарығы" деген бөлім көлемі бойынша 2 беттен аспауы тиіс.

      5. "Жобаны іске асыру негіздемесі" деген бөлім көлемі бойынша 1 беттен аспауы тиіс және оның таңдауын, басымдылықтарын және кемшіліктерін негіздейтін факторларды көрсете отырып, жобаны іске асыру орнын сипаттауды қамтиды.

      6. "Жобаның іске асырылу дайындығының деңгейі" деген бөлім одан әрі іске асырылу барысында пайдаланылатын жоба бойынша қолда бар әзірлемелер сипаттамасын, оның ішінде:

      1) жоба бойынша олардың нәтижелері, көрсетілген жұмыстардың қаржыландыру көздерін көрсетеотырып бұрын орындалған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар туралы ақпаратты;

      2) жобаны іске асыру процесінде пайдалануға жоспарланатын зияткерлік меншік нысандарының өтініш берушіде бар болуы туралы ақпаратты;

      3) жобаның бұрын қаржыландырылды ма, егер қаржыландырылса, қандай көздерден, қандай көлемде, қандай нәтижелерге қол жеткізілгендігі туралы мәліметтерді;

      4) жобаның пысықталуының қазіргі жай-күйін сипаттайтын басқа да ақпараттар қамтиды.

      "Жобаның іске асырылу дайындығының деңгейі" деген бөлім көлемі бойынша 2 беттен аспауы тиіс.

      7. "Жоба шеңберінде кәсіпкерлік қызметтің даму көрінісі" деген бөлім табысты бизнесті құру үшін жобаның одан әрі даму бағыттарын, оның ішіндеТБИ қызметін көрсету аяқталғаннан кейін де өтініш берушінің түсінуін көрсетуі тиіс, және көлемі бойынша 1 беттен аспауы тиіс.

      8. "Жобаның экономикалық тиімділігі" деген бөлімде өтініш берушінің өзінде бар деректер негізінде өндірілген жобаның экономикалық тиімділігін бағалау көрсетіледі. ТБИ бағдарламасы шеңберінде мәлімделген мақсаттарға қол жеткізу үшін қосымша инвестицияларды тарту қажет болса, онда қосымша инвестицияларға қажеттілікті бағалау жүргізіледі және инвестициялардың әлеуетті көздері көрсетіледі.

      "Жобаның экономикалық тиімділігі" деген бөлімнің көлемі 1 беттен аспауы тиіс.

      9. "Жоба командасы" деген бөлімде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) мамандығы, мамандануы, жұмыс тәжірибесі, біліктілігін растайтын басқа да ақпарат көрсетілген қысқаша түйіндемені қоса бере отырып, жоба жетекшісі туралы;

      2) жобаны іске асырудағы рөлін, қатысу қажеттілігінің негіздемесімен, мамандығы, мамандануы, жұмыс тәжірибесі, біліктілігін растайтын басқа да ақпаратты көрсете отырып (жеке тұлғалар үшін), олардың орындалуын жоспарлайтын іс-шараларды бірлесе орындаушы ретінде ұсынылған заңды тұлғаларды, атап айтқанда оларды, тарту орындылығын негіздей отырып (заңды тұлғалар үшін), бірлесе орындаушылар туралы.

      Тиісті қосымшалары бар "Жобаның командасы" деген бөлім жобаны сыртқы сараптамаға жіберу барысында қысқаша сипаттамадан алу мақсатында қысқаша қалған мәтінінен бөлек қалыптастырылады.

      "Жобаның командасы" деген бөлім көлемі бойынша 2 беттен аспауы тиіс.

      10. "Технологиялық бизнес-инкубациялаудың талап ететін қызметтері" деген бөлім жобаның іске асырылуы мақсатында мыналарды көрсете отырып, өтініш берушіге қажетті ТБИ қызметтерін қысқаша сипатын қамтуы тиіс:

      1) қажетті көрсетілетін қызметтердің көлемі;

      2) көрсетілетін қызметтердің мәлімделген көлемінің есептері бар қызметтерді көрсетудің түрлері мен кезеңдері бөлінісінде қажетті көрсетілетін қызметтер көлемінің негіздемесі;

      3) негіздемемен бірге көрсетілетін қызметтер құнының есептері;

      4) әрбір қызмет көрсету түрлерінің, оның ішінде кезеңдер бөлінісінде күтілетін нәтижелер.

      "Технологиялық бизнес-инкубациялаудың талап ететін қызметтері" деген бөлімнің көлемі 4 беттен аспауы тиіс.

      11. "Жобаның іске асырылуына өтініш берушінің қатысуы" деген бөлімде ТБИ бағдарламасы шеңберінде жобаны іске асыру мақсатында өтініш берушінің қолданатын нақты ресурстары көрсетіледі. Өтініш берушінің ресурсы ретінде мыналар көрсетіледі:

      1) үй-жайлар мен жабдықтары көрсетілген ТБИ бағдарламалары шеңберінде жобаны іске асыру процесінде өтініш берушінің пайдаланатын үй-жай, жабдықтар;

      2) қаражаттардың жұмсалу кезеңдері мен бағдарларын, күтілетін нәтижелерді көрсете отырып, жобаны іске асыру шеңберінде өтініш берушінің жұмсайтын ақшалай қаражаттар;

      3) өтініш берушілердің өз қаражаттары есебінен өндірілетін жобаның іске асырылуына тартылатын бірлесіп орындаушылар қызметтері үшін ақы төлеу шығыстары;

      4) жобаны іске асыру кезіңде пайдаланатын зияткерлік меншік объектілері;

      5) технопарк тарапынан ешбір шығынсыз тиісті мақсаттары үшін жобаның және өтініш беруші пайдаланатын жүзеге асырылу процесінде талап етілетін басқа да ресурстар.

      Бұдан басқа, жобаны іске асыру процесінде өтініш беруші жұмсалатын ресурстардың құнын көрсетеді. Ұсынылған бағаның негіздемесі бар өтініш берушінің өзіндік бағасы негізінде өтініш беруші тарапынан жобаны қоса қаржыландыру ретінде көрсетілген ресурстардың құны көрсетіледі.

      "Өтініш берушінің жобаны іске асыруға қатысуы" деген бөлімнің көлемі 2 беттен аспауы тиіс.

      12. "Жобаны іске асырудан жоспарланатын нәтижелер" деген бөлімде ТБИ қызметтерін көрсетуді аяқтау бойынша жобаны іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетінэкономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да оңтайлы тиімділікті сипаттайтын, нақты сандық және сапалық көрсеткіштер көрсетіледі. Атап айтқанда, жобаны іске асыру бөлінісінде мыналар көрсетілуі тиіс:

      1) жоба өнімі өндірісінің көлемі;

      2) сатылым көлемі және сатудан түскен жоспарланатын табыстар;

      3) жобаны іске асыру үшін қызметтерді алушы құрған заңды тұлғадағы жұмыс орындарының саны;

      4) жобаның салалық және өзге де ерекшелігімен анықталатын басқа да көрсеткіштер.

      "Жобаны іске асырудан жоспарланатын нәтижелер" деген бөлім 2 беттен аспауы тиіс, көрсеткіштерді оңай және қолайлы жазу үшін кесте нысанында берілуі мүмкін:

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

Көрсеткіштің мәні

1 кезең

2 кезең

N кезең








      Қажеттілік туындаған жағдайда, өтініш беруші әрбір бөлімде осы талаптарда көрсетілген материалдың көлемі бойынша шектеулердің сақталуы шартымен олардың тақырыпқа сәйкес қосымша ақпаратын көрсетуі мүмкін.

      Жобаның қысқаша сипаттамасының жалпы көлемі 25 беттен аспауы тиіс. Жобаның қысқаша сипаттамасында баяндалған негіздейтін тәсілдер қажетті есептемелер және басқа да көлемді ақпарат (кестелер, иллюстрациялар, басқалары) өтініште ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растайтын материалдарға қосымшалар ретінде шығарылуы мүмкін. Бұл ретте, жобаның қысқаша сипаттамасының мәтінінде оларға міндетті түрде сілтеме көрсетіледі.

      Жобаның қысқаша сипаттамасына жеке тұлғалар үшін - өтініш беруші қол қояды, заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы қол қояды және мөрмен бекітіледі.

  Технологиялық бизнес-
инкубациялау қызметтерін
көрсету, сондай-ақ
"Астана Хаб" халықаралық
технологиялық паркі көрсететін
қызметтерді қоспағанда,
осындай қызметтер құнын
айқындау қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.04.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсетуге
арналған шығыстар сметасы

      Жобаның атауы: ________________________________________________

      Технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы шеңберінде жобаны дамыту үшін мынадай қызметтер көрсетілуі қажет:

Қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

Бірлік саны

Құны, теңге

бірлік үшін

Барлығы

1-кезең

2-кезең

…кезең

N кезең

1.

Жобаны бухгалтерлік сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер

сағат








2.

Жобаны заңдық сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер

сағат








3.

Жобалау менеджерінің көрсетілетін қызметтері

сағат








4.

Жобаны жалпы және әкімшілік сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер

сағат








5.

Ақпараттың сыртқы көздеріне қол жеткізу









6.

Кеңсе тауарларымен және керек-жарақтармен қамтамасыз ету









7.

Жобаны экономикалық сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер

сағат








8.

Жобаны маркетингтік сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер

сағат








9.

Бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер









10.

Техникалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер









11.

Инфрақұрылымның қызметтері









1)

әкімшілік мақсатта үй-жайларды жалдау

шаршы.м.








2)

өндірістік мақсатта үй-жайларды жалдау

шаршы.м.








3)

қосалқы қызмет көрсету мақсатында үй-жайларды жалдау

шаршы.м.








4)

Инфрақұрылымның өзге де көрсетілетін қызметтер









12.

Жобаны жылжыту жөніндегі көрсетілетін қызметтер









13.

Аудармашының көрсетілетін қызметтері

бет








14.

Консультациялық және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер









15.

Іссапарларды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер









16.

Өндірісті игеру процесінде оның параметрлерін айқындау үшін өнімді сынау және апробациялау жөніндегі көрсетілетін қызметтер









17.

Нарықта іске асырылуы мақсатында жоба өнімінің тәжірибелік партиясын шығару жөніндегі көрсетілетін қызметтер









1)

оның ішінде шикізаттар мен материалдар









2)

оның ішінде жабдықтар









18.

Патенттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер









19.

Рұқсат беру құжаттарын алу жөніндегі көрсетілетін қызметтер









20.

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер









Жиыны:






  Технологиялық бизнес-
инкубациялау қызметтерін
көрсету, сондай-ақ
"Астана Хаб" халықаралық
технологиялық паркі көрсететін
қызметтерді қоспағанда,
осындай қызметтер құнын
айқындау қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.04.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

      Жобаның атауы:_________________________________________________

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асырылу кезеңі

Күтілетін нәтиже

Аяқталу нысаны

басталуы

аяқталуы

1

2

3

4

5

6

1.

1-кезең





1.1.






1.2.











2.

2-кезең





2.1.






2.2.

















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады