Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 186 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 ақпанда № 12992 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2016 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2016 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 30 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 17 қараша



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 186 бұйрығымен бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша
көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесі

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-22) тармақшасына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалдау қызметтеріне бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін айқындайды.

      2. Осы Әдістемені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістер – теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдаудан ақшалай түсімдер;

      2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдауға арналған қолданыстағы бағалар деңгейі – ағымдағы қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған заңнамаға сәйкес белгіленген бағалар;

      3) бюджеттік өтінім – шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттар жиынтығы;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс;

      5) есептік қаржы жылы – жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;

      6) жоспарлы кезең – ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;

      7) тасымалданған жолаушылар – тасымалдаудың орташа қашықтығын есепке ала отырып, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жөнелтілген жолаушылар санына сәйкес көрсеткіш;

      8) поездағы халық саны – жолаушылардың поздың барлық жол жүру бағыты бойынша вагондардағы орындарды пайдалану көрсеткіші;

      9) динамикалық баға белгілеу – сатып алу мерзіміне байланысты (поезд жөнелтілгенге дейін күн саны), тиелу деңгейінен (бос орындар саны), сұраныс пен сұраныстың біркелкі еместігі (апта күндерінен, келу және кету уақытына) байланысты жолаушылар поездарында жол жүру құнын саралау;

      10) жолаушылар жүру құны - жөнелту станциясынанмежелі станциясына дейін поездарда жолаушының жүріп өту құны;

      11) билет құны – жолаушыларды жол жүру барысында барлық теміржол маршруттары бойынша тасымалдағаны үшін есептелетін төлем сомасы ретінде белгіленген жол жүру құнының бір бөлігі;

      12) плацкарт құны – жолаушыларды тасымалдаудың жалпы қашықтығымен белгіленетін және вагонды пайдалану мен жол жүру барысында жолаушыларға қызмет көрсету ақысын қамтитын жол жүру құнының бір бөлігі.з орталық атқарушы орган.

      13) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      14) динамикалық баға белгілеу матрицасы – сатып алу мерзіміне және поездың тиелу деңгейіне байланысты базалық тарифіне қолданылатын төмендетуші/базалық/жоғарылатушы коэффициенттері көрсетілген кесте.

      3. Әдістеме:

      1) әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (облысішілік) және қала маңындағы қатынастары бойынша жолаушылардың поездарда жол жүру құнын есептеу кезінде қолданылады;

      2) уәкілетті органмен бюджеттік бағдарлама шеңберінде әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша бюджеттік өтінімді (бұдан әрі – уәкілетті органның бюджеттік өтінімі) дайындау кезінде қолданылады;

      3) жергілікті атқарушы органмен бюджеттік бағдарлама шеңберінде әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық, облысішілік), сондай-ақ қала маңы теміржол қатынасында бюджеттік өтінімді дайындау кезінде қолданылады (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органның бюджеттік өтінімі).

2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы қатынастары бойынша қатынайтын поездарда жолаушылардың жол жүру құнын анықтау

      4. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастары бойынша қатынайтын жолаушылар поездарында жолаушылардың негізгі жол жүру құны мынадай формуламен айқындалады:

      Pнегізгі жол жүру = (Pбил.*Rф.*Rққс.)+ (Pплац.*Rф.*Rққс.)

      мұндағы:

      Pнегізгі жол жүру – әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастары бойынша қатынайтын поездарда жолаушылардың негізгі жол жүру құны, жүру станциясынан жету станциясына дейін швейцарлық франкте айқындалады;

      Рбил. – Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 ақпандағы № 203 қаулысының 3-тармағына сәйкес жолаушы бағытынының арақашықтығы, поезд санаты, вагон типіне байланысты мемлекетаралық жолаушылар базалық тарифінің базалық мөлшерлемелері негізінде белгіленген билет құны;

      Рплац. – Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 ақпандағы № 203 қаулысының 3-тармағына сәйкес жолаушы бағытынының арақашықтығы, поезд санаты*, вагон типіне байланысты мемлекетаралық жолаушылар базалық тарифінің базалық мөлшерлемелері негізінде белгіленген плацкарт құны;

      Rф. – әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша қатынайтын поездарда жолаушылардың жүріп өту құнын анықтау үшін теңгедегі швейцар франкінің бағамы (мемлекетаралық жолаушылар тарифі валютасының (швейцар франкі) теңгеге есептелуі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2002 жылғы 1 қазандағы ресми бағамы бойынша жүргізіледі);

      Rққс. – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес белгіленген қосылған құн салығының мөлшерлемесі.

      * Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттарына сәйкес поездарға "фирмалық" санатын беру жағдайында Мемлекетаралық жолаушылардың базалық тарифтерінің тиісті базалық мөлшерлемелері қолданылады.

      5. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қала маңындағы қатынастарда және электро-, дизель поездарында жолаушылардың жол жүруінің базалық құны мынадай формуламен анықталады:

      Pжол жүру тариф= Pбазалықтариф*Rққскомф

      мұндағы:

      Pжол жүру тариф – әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қала маңындағы қатынастарда және электро-, дизель поездарында жолаушылардың жол жүру құны, жүру станциясынан жету станциясына дейін теңгеде анықталады;

      Pбазалық тариф – 1 километрге 4,64 теңге көлемінде әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қала маңындағы қатынастарда және электро-, дизель поездарда жолаушылардың жол жүруінің тарифі;

      Rққс – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес белгіленген қосымша құн салығының мөлшерлемесі;

      Ккомф -жоғарыланған жайлылық коэффициенті, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қала маңындағы қатынастарда және электро-, дизель поездарда бірінші класста 1,71, екіншіде – 1,59, үшіншіде – 1,33, облысаралық бірінші класста 1,56, екіншіде – 1,46, үшіншіде – 1,21.

      6. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы қатынастарда қатынайтын поездарда жүріп өтудің базалық құнына мынадай коэффициенттер белгіленеді:

      1) индексация коэффициенті, жоғарылату (төмендету) көлемі әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шартында көзделген;

      2) динамикалық баға белгілеу матрицасына сәйкес жоғарылатушы/төмендетуші коэффициенттер.

      7. Поездар үшін динамикалық баға белгілеу матрицасы:

      1) облысаралық қатынастардағы поездарға, осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес поездардағы халық саны 70%-дан астам поездарға динамикалық баға белгілеу матрицасына сәйкес және осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес поездардағы халық саны 70%-дан төмен поездарға динамикалық баға белгілеу матрицасына сәйкес;

      2) қала маңындағы поездары, оның ішінде жалпы вагондар, электр-, дизель поездарға, осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес қала маңындағы поездары, оның ішінде жалпы вагондар, электр-, дизель поездары үшін динамикалық баға белгілеу матрицасына сәйкес белгіленеді.

      8. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы қатынастарда қатынайтын поездарда жолаушылардың жүріп өту құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      Pжол жүру= Pжол жүру базасыинд.дбр

      мұнда:

      Pжол жүру– әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы қатынастарда қатынайтын поездарда жолаушылардың жүріп өту құны;

      Кинд.– индексация коэффициенті, жоғарылату (төмендету) көлемі әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шартында көзделген;

      Кдбр – динамикалық баға белгілеу матрицасына сәйкес жоғарылатушы/төмендетуші коэффициенттер.

3-тарау. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау

      9. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау келесі формула бойынша анықталады:

      Kшек. баға = ((Rтасымалдаушы – Dтасымалдау- Nбюдж.) / Dжол жүру)+1

      мұндағы:

      Kшек. баға – әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағаларды (тарифтерді) төмендетудің шекті деңгейі;

      Rтасымалдаушы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11541 болып тіркелген) сәйкес есептелген, тасымалдаушының шығыны.

      Dтасымалдау – Әдістемеге сәйкес есептелген жолаушылар тасымалынан түскен кіріс көлемі.

      Dжол жүру - Әдістемеге сәйкес есептелген әлеуметтік маңызы бар барлық қатынастар бойынша(облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қала маңындағы)) сәйкес типті поездардың,вагондардың теміржол жолаушылар тасымалынан түскен кіріс көлемі.

      Nбекітілген бюджет – "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдауды субсидиялау" бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттік комиссиясы және облыс бюджеттік комиссиялары, республикалық маңызы бар қалалар, елордалар, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша келісілген хаттама.

  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
көрсетілетін жолаушылар
тасымалы қызметтеріне
бағалардың (тарифтердің) шекті
деңгейін айқындау әдістемесіне
1- қосымша

Поездардағы халық саны 70%-дан астам поездарға динамикалық баға белгілеу матрицасы

Алынған орын %

Кезең шекарасы (шыққанға дейінгі күн)

44-30

29-15

14-10

9-5

4-2

1-0

0-10%

0,75

0,8

0,85

0,9

0,95

1

11-20%

0,8

0,85

0,9

0,95

1

1

21-30%

0,85

0,9

0,95

1

1

1

31-40%

0,9

0,95

1

1

1

1

41-50%

0,95

1

1

1

1

1

51-60%

1

1

1

1

1,05

1,05

61-70%

1

1

1

1,05

1,1

1,1

71-80%

1

1

1,05

1,1

1,15

1,15

81-90%

1

1,05

1,1

1,15

1,2

1,2

91-100%

1,05

1,1

1,15

1,2

1,25

1,25

  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
көрсетілетін жолаушылар
тасымалы қызметтеріне
бағалардың (тарифтердің) шекті
деңгейін айқындау әдістемесіне
2- қосымша

Поездардағы халық саны 70%-дан төмен поездарға динамикалық баға белгілеу матрицасы

Алынған орын %

Кезең шекарасы (шыққанға дейінгі күн)

44-30

29-15

14-10

9-5

4-2

1-0

0-10%

0,75

0,8

0,85

0,9

0,95

1

11-20%

0,8

0,85

0,9

0,95

1

1

21-30%

0,85

09

0,95

1

1

1

31-40%

0,9

0,95

1

1

1

1

41-50%

0,95

1

1

1

1

1

51-60%

1

1

1

1

1

1

61-70%

1

1

1

1

1,05

1,05

71-80%

1

1

1

1,05

1,1

1,1

81-90%

1

1

1,05

1,1

1,15

1,15

91-100%

1

1,05

1,1

1,15

1,2

1,2

  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
көрсетілетін жолаушылар
тасымалы қызметтеріне
бағалардың (тарифтердің) шекті
деңгейін айқындау әдістемесіне
3- қосымша

Қала маңындағы поездары, оның ішінде жалпы вагондар, электр-, дизель поездары үшін динамикалық баға белгілеу матрицасы

Алынған орын %

Кезең шекарасы (шыққанға дейінгі күн)

9-6

5-4

3

2

1

0

0-10%

0,85

0,9

0,90

0,95

0,95

1

11-20%

0,9

0,90

0,95

1

1

1

21-30%

0,90

0,95

1

1

1

1

31-40%

0,95

1

1

1

1

1

41-50%

1

1

1

1

1

1

51-60%

1

1

1

1

1,05

1,05

61-70%

1

1

1

1,05

1,1

1,1

71-80%

1

1

1,05

1,1

1,15

1,15

81-90%

1,05

1,05

1,1

1,15

1,2

1,2

91-100%

1,10

1,10

1,15

1,2

1,25

1,25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады