Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 қарашада № 16026 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қарым-қатынастарға таратылады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "____" _________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 411 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11540 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:

      "Ресей Федерациясы аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы темір жол учаскелері мен Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы темір жол учаскелері бойынша өтетін әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын субсидиялау тәртібі 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияландырылған 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Темір жол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамасына сәйкес бекітілетін теміржол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын субсидиялау қағидаларына сәйкес айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 13-1 тармақпен толықтырылсын:

      "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қаларалық) және қала маңындағы қатынастар бойынша тасымалдауды ұйымдастыру жағдайында жолсеріктердің, поезд локомотив бригадалары бастықтарының еңбекақысын төлеу қоры, әлеуметтік аударымдар, вагондарды сумен және отынмен жабдықтау, вагондарды дератизациялау, дезинсекциялау, дезинфекциялау, перрондарды жалға алу бойынша қызметтер, теміржол вокзалдарында анықтама-ақпараттық қызметтер, жұмсақ жиналмалы мүкәммалдарды жуу және химиялық тазалау, жолаушылар вагондары үшін мүкәммал және жабдықтарды сатып алу және күтіп-ұстау, медициналық қызметтер (жолсеріктердің, поездың және локомотив бригадалары), жалпы қолданыстағы вокзал үй-жайына кіру бойынша қызметтер ұзақ мерзімді субсидиялауға жатады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша олардың техникалық қызмет көрсету және жоспарлы жөндеу түрлерін енгізе отырып жолаушыларды тасымалдау кезінде тартылған вагондарды сатып алуға, жалға алуға және күтіп-ұстауға шығыстарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

      1) жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын вагондарға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 көлемінде вагондарға техникалық қызмет көрсету және (күрделі жөндеу жұмыстары, деполық жөндеу жұмыстары, тиімді пайдалану мерзімін ұзарту күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және күрделі қалпына келтіру жөндеу жұмыстары) жөндеу жұмыстары бойынша қызметтерді жүзеге асыратын тасымалдаушымен ұйымдар арасында есептік кезеңнің әр айға бірінші күніндегі жағдай бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;

      2) жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын вагондарды жалға алу бойынша қызметтерді ұсынатын тасымалдаушы мен ұйымдар арасында (есептік кезеңнің әр айға бірінші күніндегі жағдай бойынша) өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін;

      3) вагондарды сатып алу және күтіп ұстауға, жалға беру шығыстары бойынша шот-фактуралар, есептелген амортизация ведомосты және оны есептік кезеңіндегі шығыстарға жатуы, электроэнергия және дизельді жанармай шығыстары бойынша орындалған жұмыстар актісі және шот-фактуралар;

      4) вагондарды сатып алынған ұйымнан төлем шоттарын (субсидияланған сомасын тасымалдаушының есебіне аударылғаннан кейін) 7 банкт күн ішінде ұсынысы вагондарды сатып алу жөніндегі төлем тапсырмасының түпнұсқасы;

      5) кредит шарттарының көшірмелерін және қаржы лизинг туралы шарттарын сатып алынатын вагондарды ай сайынғы төлем кестесімен қоса беріліп отырған қосымшаларды жасауға шаралары бойынша ұсынылған қосымша шегінде куәләндырылған;

      6) осы Қағидалардың 13 және 13-1 тармақтарында көрсетілген шығыстарды растайтын өзге де құжаттар.";

      1 және 2-қосымшалар осы тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11541 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесінде:

      мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:

      "Ресей Федерациясы аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы темір жол учаскелері мен Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы темір жол учаскелері бойынша өтетін әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын субсидиялау көлемі 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияландырылған 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Темір жол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамасына сәйкес бекітілетін теміржол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалады.";

      6-тармақта:

      13) тармақша мынандай редакцияда жазылсын:

      "13) жұмсақ жиналмалы мүкәммалды жуу және жөндеу бойынша;";

      15) тармақша мынандай редакцияда жазылсын:

      "15) вагондарды жұмсақ және басқа да мүкәммалмен жабдықтау бойынша;";

      11- тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "11. Тасымалдаушының шығыстарын есептеу мынадай бөлімдерден тұрады:

      вагондардың түрлері бойынша жолаушы поезының нақты әрбір маршруты бойынша тасымалдаушының тура өндірістік шығындарын анықтау;

      вагон айналымынан үлес салмағы бойынша үстеме шығыстар және маршруттар бойынша кезең шығыстарын есептеу және бөлу.

      Магистралдық темір жол желісі қызметіне (бұдан әрі – МТЖ) шығыстарды есептеу мына формуламен анықталады:

      1) төмендететін коэффициентсіз:

      Rмтж = Vваг-км *Pмтж

      2) төмендететін коэффициентпен:

      Rмтж = Vваг-км *Pмтж *kмтж

      мұндағы:

      Rмтж – МТЖ пайдалану қызметі үшін шығыстар;

      Vваг-км – жоспарланған кезеңге вагон-км (ваг-км) көлемі;

      Pмтж– МТЖ пайдалану қызметі үшін тариф, теңге;

      kмтж – уақытша төмендететін коэффициент (бұдан әрі - УТК).

      Локомотивпен тартуды ұсыну қызметі үшін шығыстарды есептеу мынадай формулалар бойынша 2 кезеңмен анықталады:

      1-кезең: Поезд бойынша қызметтің құны

      Rлок= (Vтеп.лок.сағ *Pтеп.лок.сағ) + (Vэлек.лок.сағ *P лек.лок.сағ)

      мұндағы:

      Rлок – поезд бойынша локомотивпен тартуды ұсыну қызметі үшін шығыстар;

      Vтеп.лок.сағ – тепловозбен тарту жоспарланған локомотив-сағаттың саны;

      Pтеп.лок.сағ – тепловозбен тарту қызметі үшін тариф, теңге;

      Vэлек.лок.сағ – электровозбен тарту жоспарланған локомотив-сағаттың саны;
Pэлек.лок.сағ – электровозбен тарту қызметі үшін тариф, теңге.

      2-кезең: Вагон түрлері бойынша қызметтің құны

      Rваг.лок.= Rлок /VQi поездың вагон-км.* VQi вагонның вагон-км.

      мұндағы:

      Rваг.лок – поезд құрамында қатынайтын i–түрі немесе вагондар тобы бойынша қызмет құны, теңге

      Rлок – поезд бойынша қызмет құны, теңге

      VQi поезд ваг-км. – ҚР аумағы бойынша жоспарланған кезеңге поезд жүрісі, ваг/км.

      VQi ваг. ваг-км. – ҚР аумағы бойынша жоспарланған кезеңге поезд құрамында қатынайтын тиісті вагон жүрісі, ваг/км.

      Жылжымалы құрам жалға алынған парк шығыстарының есебі:

      Поездарды құру үшін жылжымалы құрам паркі есебі (резервте барды есепке ала отырып) мынадай формулалармен қажетті вагон түрі бойынша анықталады:

      Жолаушылар вагондарына:

      Rваг. жалға алу = (Nваг.* Nқұрам.* kрезерв* Nжалға алу күндері

      kпаркі* Pваг. жалға алу.)/ VWi dfu-rv* VQi dfu-rv

      Электрсекциялар және дизельді поездар вагондары:

      Rваг. жалға алу = [(Nваг+ kрезерв.)* Nқұрам. * Nжалға алу күндері *kпаркі* Pваг. жалға алу]/ / VW i ваг-км* VQ i ваг-км;

      мұндағы:

      Rваг. жалға алу – вагондарды жалға берген қызметіне шығыстар;

      Nваг – құрамдағы вагондар саны;

      Nқұрам – құрамдағы қажетті саны;

      kрезерв – вагондардың міндетті резервті коэффициенті: жолаушылар вагондары бойынша 1,07 тең (айналымдағы барлық вагондар санынан 7%); электросекция және дизельді поездар бойынша 3 вагонға тең (бас, моторлы және тіркелмелі);

      Nжалға алынған күндер – жоспарланған кезеңге жалға алынған күндер саны;

      kпаркі – жалға алынған жолаушылар жылжымалы құрамын пайдалану коэффициенті 0,7 мөлшерінде;

      VQi ваг-км – ҚР аумағы бойынша жоспарланған кезеңге поезд құрамында қатынайтын тиісті вагон жүрісі, ваг/км.;

      VWi ваг-км – бүкіл жол бойында жоспарланған кезеңге поезд құрамында қатынайтын тиісті вагон жүрісі;

      Pвагонды жалға алу – осы Әдістеменің 37-тармағымен орнатылған тәртіпте анықталатын тиісті үлгідегі бір вагонды жалға алу тарифі, ваг.тәулік үшін теңге.

      Nқұрам = Zn * Vқұрам

      мұндағы:
Nқұрам – қажетті құрам саны;

      Zn – тәулік ішінде жөнелтілетін поездар саны;

      Vқұрам – жолаушылар құрамының айналымы, тәулігіне.

      Vқұрам жолаушылар құрамы айналымының уақыты және поездарды жөнелту жиілігінің Zn коэффициенті бойынша нақты бағытқа қызмет көрсету үшін Nқұрам құрамының қажетті санын анықтауға болады:

      Поездардың күнделікті рейске жөнелтілуі кезінде Zn= 1 коэффициенті қолданылады, поездардың күн ара жөнелтілуі кезінде Zn = 0,5, және тағы сол сияқты.
Жолаушылар құрамының айналымы – бұл Vқұрам, құрамның құрылған пунктінен рейске жөнелтілген сәттен бастап құрылған пунктіне қайтып оралғанға дейін толық тәулікпен есептеледі.



      мұндағы:

      t1t2– құрамның құрылған пунктінде және айналым пунктінде тиісінше тұру уақыты, сағат;

      l – құрылу пунктінен айналым пунктіне дейінгі қашықтық, км;

      vm1vm2– тиісті құрылу пунктінен айналым пунктіне дейінгі және кері поезд жүруінің маршруттық жылдамдығы, км/сағат.

      Кезең шығыстарын қоса алғандағы жолаушыларды тасымалдаумен байланысты тасымалдаушы шығыстарының есебі.

      R жолауш. тасымал.= (RW тікелей + RW үстеме+RW кезең шығыстары )*



      мұндағы:

      Rжолауш. тасымал. – Қазақстан Республикасының шекарасындағы кезең шығыстарын қоса алғандағы жолаушыларды тасымалдауға байланысты тасымалдаушының шығыстары.

      RWтікелей – тасымалдаушының бүкіл жол бойында жұмсайтын өнім (поезд, вагон түрі) бірлігі үшін шығыстарды қоса алғандағы өндірістің негізгі тікелей шығыстары:

      жолаушылар поездарында вагондарға қызмет көрсету: жолсеріктердің, поезд, локомотив бригадалары бастықтарының (электр секция және дизельдік поездар бойынша) жалақысы, әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар;

      жеке жылжымалы құрамды күрделі және деполық жөндеу;

      техникалық қызмет көрсету (1, 2, 3, және тағы сол сияқты көлемінде);

      биоәжетханаларды ассенизаторлық тазалау;

      жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тікелей тартылған активтердің (вагондардың амортизациясы) амортизациялық аударымдары;

      жұмсақ жиналмалы мүкәммалды жуу және химиялық тазалау;

      жолаушылар вагондарын дезинфекциялау, дезинсекциялау дератизациялау;

      жолаушылар вагондары үшін мүкәммал мен жабдықтарды сатып алу және ұстау;

      өрт қауіпсіздігі (өрт сөндіргішті қуаттандыру);

      вагондардың басқа поездарда жүруі;

      нысанды киімді сатып алу;

      медициналық қызметтер;

      жолаушыларды, жұмысшыларды (жолсеріктерді) сақтандыру;

      электросекцилардың және дизелдік поездардың жұмысы;

      электросекциларды және дизелдік поездарды рейске даярлау және сүйемелдеу;

      RQ тікелей – тасымалдаушының тек қана Қазақстан Республикасының шекарасында ғана жұмсайтын өнім (поезд, вагон түрі) бірлігі үшін шығыстарды қоса алғандағы өндірістің негізгі тікелей шығыстары:

      жолаушыларға қызмет көрсету (анықтамалық-ақпараттық қызмет құны);

      тасымалдаумен байланысты өндірістік ғимараттарға, құрылыстарға және жолаушылар шаруашылығындағы жабдықтарға қызмет көрсету: жалпы қолданыстағы вокзал ғимараттарына кіру бойынша қызметтер;

      жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау;

      RW үстеме персоналға қызмет көрсетумен байланысты үстеме шығыстар.

      RW кезең шығыстары – кезең шығыстары: салықтарды есепке алғандағы өндірістік сипаттағы әкімшілік және жалпы шаруашылық шығыстар.";

      12-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "12. Бүкіл жол бойында тасымалдаушы жұмсайтын өндірістің негізгі тікелей шығыстары мынадай формула бойынша анықталады:

      RW тікелей= Rж.а.+ Rәлеу.ауд.+ Rжөнд.+ Rтқ+ Rбиоәжет+ R вагон тозуы+ Rси/сангиг+

      Rкір жуу/хим.тазалау + Rдезинфекция/дезинсекция/дератизация+ Rөрт сөнд. заряды+

      Rжүріс + Rшар.жүріс + Rнысанды киім + Rрейс алды.қарау/проф.қарау+ Rсақтан.+

      R элэнергия + R дизтопл.поезд

      мұндағы:

      RWтікелей – тасымалдаушының бүкіл жол бойында жұмсайтын өнім (поезд, вагон түрі) бірлігі үшін шығыстарды қоса алғандағы өндірістің негізгі тікелей шығыстары;

      Rж.а – еңбекті төлеу қоры;

      Rәлеу.ауд. – әлеуметтік аударымдар;

      Rжөнд. – жоспарлы кезеңдегі күрделі/деполық жөндеу шығыстары;

      Rтқ – жолаушылар вагондарына, электрсекцияларына және дизель поездарына техникалық қызмет көрсету шығыстары;

      Rбиоәжет – биоәжетханаларды ассенизаторлық тазалау шығыстары;

      R вагон тозуы – вагондарды амортизациялау шығыстары;

      Rси/сангиг – вагондарды (поездарды) экипировкалау үшін алмалы-салмалы мүліктер, санитарлық тазалық және санитарлық тазалау құралдарын сатып алу шығыстары;

      Rкір жуу/хим.тазалау – жұмсақ алмалы-салмалы мүліктерді жуу және химиялық тазалау шығыстары;

      Rдезинфекция/дезинсекция/дератизация – жолаушылар вагондарын, электрсекцияларды және дизель поездарды дезинфекция, дезинсекция және дератизациялау шығындары;

      Rөрт сөнд. заряды – жоспарлы кезеңдегі өрт сөндіргіштерді зарядтау шығыстары;

      Rжүріс – бөтен поездар құрамында вагоннын жүру шығыстары;

      Rшар.жүріс – электросекциялар мен дизель поездардың шаруашылық қажеттіліктеріне байланысты жүру шығыстары;

      Rнысанды киім – жолсеріктерді, поезд басшыларын, локомотив бригадаларын (электросекциялар мен дизель поездар үшін) формалық киіммен қамтамасыз ету шығыстары;

      Rрейс алды.қарау/проф.қарау – рейс алдында және профилактикалық медециналық байқау шығыстары;

      Rсақтан. – жұмыс берушінің жұмыскерлер алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шығыстары;

      R элэнергия – электросекциялардың жұмыс істеуіне қажетті электр энергиясына шығыстары;

      R дизтопл.поезд – поезд жұмысына қажетті дизель отынына шығыстар;

      Жолаушылар поезында вагондарға қызмет көрсету: жолсеріктердің, поезд, локомотив бригадалары бастықтарының жалақысы (электрсекциялар және дизельдік поездар бойынша), әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Жұмсақ жиналмалы мүкәммалдарын жуу және химиялық тазалауға жоспарланған шығыстар көлемі мынадай формула бойынша жұмсақ жиналмалы мүкәммалдарды жуу мен химиялық тазалаудың жоспарланған көлемін есептеу жолымен жүзеге асырылады:

      Rжуу/хим.тазалау = nси * Nваг. * Nжағд. * mмси * n-өңдеу * Nimec * Р жуу

      мұнда:

      R жуу/хим.тазалау – осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес жұмсақ жиналмалы мүкәммалдарын жуу және химиялық тазалауға арналған шығыстар;

      Pжуу – осы Әдістеменің 37-тармағымен орнатылған тәртіпте анықталатын өңдеу түріне сәйкес тариф, теңге/кг.";

      1, 2, 6-қосымшалар осы тізбеге 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12922 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес бекітілген редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1- қосымша
  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушының шығыстарын
ұзақ мерзімді субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды орындау туралы ай сайынғы есеп 20 __ жылғы _________

Кезең (ай)

Поездың

Қатынас

Ара қашықтық, км.

Қатынау жиілігі

Вагон типі

Вагондардың азаймайтын жүрген жолы
мың.ваг/км

Вагондардың жүрісі,
мың.ваг/км

Жолаушылар айналымы
мың.жол. км

Тасымалданған жолаушылар, мың. адам

Халық саны, адам/вагон

Тасымалдау шығыстары, мың.теңге

Шығыстардың барлығы
мың. теңге

МТЖЖ қызметі

локомотивпен тарту қызметі

вагондарды жалдау

вагондарды сатып алу

вагондарды ұстау

Басқа шығыстар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      Басшы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2- қосымша
  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушының шығыстарын
ұзақ мерзімді субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудың орындалуы туралы жыл басынан өсу бойынша есеп 20 __ жылғы ____________

Кезең

Пойыздың №

Қатынас

Ара қашықтық
км.

Қатынау жиілігі

Вагон типі

Вагондардың азаймайтын жүрген жолы мың.ваг/км

Вагондардың жүрген жолы,
мың.ваг/км

Жолаушылар айналымы
мың.жол.км

Жолаушылардың тасымалдануы, мың. адам

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      кестенің жалғасы

Тасымалдау жөніндегі шығыстар, мың.теңге

Шығыстардың барлығы
мың.теңге

Шығыстарды ұзақ мерзімді субсидиялау көлемі, мың.теңге

МТЖЖ қызметі

локомотивпен тарту қызметіне

вагондарды жалдау

вагондарды сатып алу 

вагондарды дұрыс ұстау

Басқа шығыстар

жыл басынан төленген субсидия

субсидиялауға жатады

11

12

13

14

      Басшы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушының шығыстарын
ұзақ мерзімді субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Вагондарды жұмсақ жиналмалы мүкәммалмен, жиналмалы, сигнал беретін жабдықпен, медициналық керек-жарақтармен және арнайы киіммен жабдықтау нормалары

Мүкәммал атауы

Атауы

Өлшегіш

Пайдалану мерзімі, айы

Бір вагонды (поезд) жабдықтау нормасы

Купе

Плацкарт

Жалпы

ҚХР-да шығарылған вагондар

Купе

Плацкарт

Жалпы

Жұмсақ жиналмалы мүкәммал

Таза төсекорынға арналған қап

дана

12

15

22

0

15

24

0

Кір төсекорынға арналған қап

дана

12

15

22

0

15

24

0

Терезе пердесі

жұп

12

21

0

2

21

0

2

Күн түсірмейтін перде

дана

12

46

46

46

46

46

46

Үстелге арналған майлық

дана

6

18

0

0

18

0

0

Кілем төсеніштеріне арналған тыс

дана

6

4

0

0

4

0

0

Кілем төсеніштері

дана

24

1

0

0

1

0

0

Купелік кілемше

дана

24

9

0

0

9

0

0

Жиналмалы жабдық

Терезе пердесіне гардина

дана

24

21

0

0

21

0

0

Пердеге арналған шыбық

дана

24

23

23

23

23

23

23

Маршрутты тақта

дана

12

2

2

2

2

2

2

Вагон логотипі

дана

36

2

2

2

2

2

2

Вагонның реттік нөмірі

дана

12

2

2

2

2

2

2

Балта*

дана

36

2

2

Білік-темір

дана

36

1

1

1

1

1

1

От жағуға арналған көсеу

дана

36

1

1

1

1

1

1

От жағуға арналған қалақ

дана

36

1

1

1

1

1

1

Титанға арналған көсеу

дана

36

1

1

1

1

1

1

Титанға арналған қалақ

дана

36

1

1

1

1

1

1

Сейф

дана

36

1

1

1

1

1

1

Әжетхана қағазын ұстағыш

дана

12

2

2

2

2

2

2

Қағаз сүлгісін ұстайтын диспенсер

дана

12

2

2

2

2

2

2

Сұйық сабынға арналған диспенсер

дана

12

2

2

2

2

2

2

Көрнекі ақпарат рамкасы

дана

24

10

10

10

10

10

10

Шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік

жиынт

36

1

1

1

1

1

1

Өртсөндіргіш

дана

36

3

3

3

3

3

3

Шаңсорғыш

дана

36

1

0

0

1

0

0

Күл салғыш

дана

36

2

2

2

2

2

2

Қоқыс жәшігі

дана

36

1

2

2

1

2

2

Жиналмалы мүкәммал

Ілгіш

дана

24

36

0

0

36

0

0

Шаруашылыққа арналған шелек

дана

24

4

4

4

4

4

4

Ыдысы бар түрпі

дана

12

2

2

2

2

2

2

Швабра

дана

12

1

1

1

1

1

1

Дезинфекциялау және жуу құралдарына арналған ыдыс

дана

24

2

2

2

2

2

2

Қалағы бар щетка

дана

6

1

1

1

1

1

1

Билеттерге арналған папка

дана

24

1

1

1

1

1

1

Ыдыс

Ыстық суға арналған шәйнек

дана

36

1

1

1

1

1

1

Шай шығаруға арналған шәйнек

дана

24

9

6

2

9

6

2

Ыдыстарға арналған таратқыш

дана

24

1

1

0

1

1

0

Стакан салғышы бар стакан

дана

24

36

20

10

36

20

10

Тәрелке

дана

24

20

20

0

20

20

0

Ас үй пышағы

дана

24

2

2

1

2

2

1

Ас үй шаңышқысы

дана

24

20

20

0

20

20

0

Шай қасық

дана

24

36

20

10

36

20

10

Әмбебап ашқыш

дана

24

2

2

1

2

2

1

Ыдыс жууға арналған леген

дана

24

1

1

1

1

1

1

Сигнал беретін жабдық

Қол шамы

дана

36

3

3

3

3

3

3

Жалаушалар

дана

24

1

1

1

1

1

1

Петарда*

дана

36

12

12

Медициналық керек-жара қтар

Зембілдер*

дана

36

1

1

Авариялық қобдиша

дана

12

1

1

1

1

1

1

Ағымды қобдиша

дана

12

1

1

1

1

1

1

Педикулезге қарсы төсем *

дана

12

1

1

Ф-30 төсемі*

дана

12

1

1

Бөлме термометрі

дана

12

1

1

1

1

1

1

Жасанды дем алуды жасауға арналған құрылғы

дана

24

1

1

Арнайы киім

Алжапқыш

дана

36

2

2

2

2

2

2

Халат

дана

12

2

2

2

2

2

2

Резеңке биялайлар

дана

1

2

2

2

2

2

2

Брезент қолғаптар

дана

12

2

2

2

2

2

2

Аралас қолғаптар

дана

12

1

1

1

1

1

1

      * - Есеп жалпы поезд бойынша жүргізіледі, вагондардың үлгілері бойынша бөлу поездағы вагондардың жүрісіне тең.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4- қосымша
  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушының шығыстарын
ұзақ мерзімді субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

"Тальго" вагондары өндірісінің вагондарын жұмсақ жиналмалы мүкәммалмен, жиналмалы, сигнал беру жабдығымен, медициналық жабдықпен және арнайы киіммен жабдықтау нормасы

Мүкәммал атауы

Атауы

Өлшеуіш

Пайдалану мерзімі, айы

Тальго өндірісі вагондарын жабдықтау нормасы

Гранд

Бизнес

Турист

Жалпы

Алмалы- салмалы жұмсақ мүлік

Таза төсек орынға арналған қап

дана

12

4

4,8

8

0

Кір төсек орынға арналған қап

дана

12

4

4,8

8

0

Терезе перделері

жұп

12

5

6

5

8

Кілемше төсеніштерге арналған тыс

дана

12

3

3

3

3

Кілем төсеніш

дана

36

1

1

1

1

Купеге арналған кілемше

дана

36

6

7

7

8

Душқа арналған перде

дана

6

5

0

0

0

Машруттық тақта

дана

30

2

2

2

2

Вагон логотипі

дана

36

2

2

2


Вагонның реттік саны

дана

36

2

2

2

2

Өрт сөндіргіш

дана

36

1

1

1

1

Шаңсорғыш

дана

72

0,5

0,5

0,5

0,5

Қауіпсіздік белбеуі

дана

36

5

6

10

12,5

Жиналма лы мүкәммал

Ілгіш

дана

24

20

24

20

0

Шаруашылыққа арналған шелек

дана

24

3

3

3

3

Ыдысы бар түрпі

дана

12

5

1

1

1

Швабра

дана

12





Жуу құралдарына және дезинфекциял ауға арналған ыдыс

дана

24

1

1

1

1

Қалағы бар шөтке

дана

6

1

1

1

1

Отыратын орындарды, ковраланды тазалауға арналған шөтке

дана

6

2

2

2

2

Билеттерге арналған папка

дана

24

1

1

1

1

Ыдыс

Ыдыстарға арналған таратқыш

дана

24

1

1

1

1

Сигнал беру жабдығы

Қол шамы

дана

36

3

3

3

3

Жалаушалар

дана

24

1

1

1

1

Петарда

дана

24

6

6

6

6

Медици налық жабдық тар

Тасығыштар

дана

36

1

1

1

1

Авариялық қобдиша

дана

12

1

1

1

1

Ағымдағы қобдиша

дана

12

1

1

1

1

Педикулезге қарсы төсеу

дана

12

1

1

1

1

Ф-30 төсемі

дана

12

1

1

1

1

Жасанды демалуды жүргізуге арналған құрылғы

дана

24

1

1

1

1

Арнайы киім

Алжапқыш

дана

36





Халат

дана

12

2

2

2

2

Резеңке қолғап

дана

1

2

2

2

2

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5- қосымша
  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушының шығыстарын
ұзақ мерзімді субсидиялау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Алмалы жұмсақ мүліктерді жууға және химиялық тазартуға шығындар нормасы

Rжуу/хим.тазалау
Өңдеу түрі

Атауы

mмси - салмағы, кг

n өңдеу - өңдеу нормасы

Химиялық тазалау

Кілем
төсеніш

23,63

жылына 2 рет

Купеге арналған кілемше

2,36

жылына 2 рет

Жуу

Таза төсек-орынға арналған қап

0,35

аптасына 1 рет

Кір төсек-орынға арналған қап

0,39

аптасына 1 рет

Терезе перделері

0,19

әр рейс сайын

Күн перделері

0.04

әр рейс сайын

Үстелге арналған салфетка

0,15

әр рейсте

Кілемше төсеніштерге арналған жапқыш

2,10

әр рейсте


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 186 бұйрығымен бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша
көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-22) тармақшасына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалдау қызметтеріне бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін айқындайды.

      2. Осы Әдістемені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістер – теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдаудан ақшалай түсімдер;

      2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдауға арналған қолданыстағы бағалар деңгейі – ағымдағы қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған заңнамаға сәйкес белгіленген бағалар;

      3) бюджеттік өтінім – шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттар жиынтығы;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс;

      5) есептік қаржы жылы – жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;

      6) жоспарлы кезең – ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;

      7) тасымалданған жолаушылар – тасымалдаудың орташа қашықтығын есепке ала отырып, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жөнелтілген жолаушылар санына сәйкес көрсеткіш;

      8) поездағы халық саны –жолаушылардың поздың барлық жол жүру бағыты бойынша вагондардағы орындарды пайдалану көрсеткіші;

      9) динамикалық баға белгілеу – сатып алу мерзіміне байланысты (поезд жөнелтілгенге дейін күн саны), тиелу деңгейінен (бос орындар саны), сұраныс пен сұраныстың біркелкі еместігі (апта күндерінен, келу және кету уақытына) байланысты жолаушылар поездарында жол жүру құнын саралау;

      10) жолаушылар жүру құны- жөнелту станциясынанмежелі станциясына дейін поездарда жолаушының жүріп өту құны;

      11) билет құны –жолаушыларды жол жүру барысында барлық теміржол маршруттары бойынша тасымалдағаны үшін есептелетін төлем сомасы ретінде белгіленген жол жүру құнының бір бөлігі;

      12) плацкарт құны – жолаушыларды тасымалдаудың жалпы қашықтығымен белгіленетін және вагонды пайдалану мен жол жүру барысында жолаушыларға қызмет көрсету ақысын қамтитын жол жүру құнының бір бөлігі.з орталық атқарушы орган.

      13) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      14) динамикалық баға белгілеу матрицасы – сатып алу мерзіміне және поездың тиелу деңгейіне байланысты базалық тарифіне қолданылатын төмендетуші/базалық/жоғарылатушы коэффициенттері көрсетілген кесте.

      3. Әдістеме:

      1) әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (облысішілік) және қала маңындағы қатынастары бойынша жолаушылардың поездарда жол жүру құнын есептеу кезінде қолданылады;

      2) уәкілетті органмен бюджеттік бағдарлама шеңберінде әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша бюджеттік өтінімді (бұдан әрі – уәкілетті органның бюджеттік өтінімі) дайындау кезінде қолданылады;

      3) жергілікті атқарушы органмен бюджеттік бағдарлама шеңберінде әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық, облысішілік), сондай-ақ қала маңы теміржол қатынасында бюджеттік өтінімді дайындау кезінде қолданылады (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органның бюджеттік өтінімі).

2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы қатынастары бойынша қатынайтын поездарда жолаушылардың жол жүру құнын анықтау

      4. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастары бойынша қатынайтын жолаушылар поездарында жолаушылардың негізгі жол жүру құны мынадай формуламен айқындалады:

      Pнегізгі жол жүру = (Pбил.*Rф.*Rққс.)+ (Pплац.*Rф.*Rққс.)

      мұндағы:

      Pнегізгі жол жүру – әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастары бойынша қатынайтын поездарда жолаушылардың негізгі жол жүру құны, жүру станциясынан жету станциясына дейін швейцарлық франкте айқындалады;

      Рбил. – Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 ақпандағы № 203 қаулысының 3-тармағына сәйкес жолаушы бағытынының арақашықтығы, поезд санаты, вагон типіне байланысты мемлекетаралық жолаушылар базалық тарифінің базалық мөлшерлемелері негізінде белгіленген билет құны;

      Рплац. – Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 ақпандағы № 203 қаулысының 3-тармағына сәйкес жолаушы бағытынының арақашықтығы, поезд санаты*, вагон типіне байланысты мемлекетаралық жолаушылар базалық тарифінің базалық мөлшерлемелері негізінде белгіленген плацкарт құны;

      Rф. – әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша қатынайтын поездарда жолаушылардың жүріп өту құнын анықтау үшін теңгедегі швейцар франкінің бағамы (мемлекетаралық жолаушылар тарифі валютасының (швейцар франкі) теңгеге есептелуі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2002 жылғы 1 қазандағы ресми бағамы бойынша жүргізіледі);

      Rққс. – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес белгіленген қосылған құн салығының мөлшерлемесі.

      * Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттарына сәйкес поездарға "фирмалық" санатын беру жағдайында Мемлекетаралық жолаушылардың базалық тарифтерінің тиісті базалық мөлшерлемелері қолданылады.

      5. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қала маңындағы қатынастарда және электро-, дизель поездарында жолаушылардың жол жүруінің базалық құны мынадай формуламен анықталады:

      Pжол жүру тариф= Pбазалықтариф*Rққскомф

      мұндағы:

      Pжол жүру тариф – әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қала маңындағы қатынастарда және электро-, дизель поездарында жолаушылардың жол жүру құны, жүру станциясынан жету станциясына дейін теңгеде анықталады;

      Pбазалық тариф – 1 километрге 4,64 теңге көлемінде әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қала маңындағы қатынастарда және электро-, дизель поездарда жолаушылардың жол жүруінің тарифі;

      Rққс – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес белгіленген қосымша құн салығының мөлшерлемесі;

      Ккомф -жоғарыланған жайлылық коэффициенті, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қала маңындағы қатынастарда және электро-, дизель поездарда бірінші класста 1,71, екіншіде – 1,59, үшіншіде – 1,33, облысаралық бірінші класста 1,56, екіншіде – 1,46, үшіншіде – 1,21.

      6. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы қатынастарда қатынайтын поездарда жүріп өтудің базалық құнына мынадай коэффициенттер белгіленеді:

      1) индексация коэффициенті, жоғарылату (төмендету) көлемі әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шартында көзделген;

      2) динамикалық баға белгілеу матрицасына сәйкес жоғарылатушы/төмендетуші коэффициенттер.

      7. Поездар үшін динамикалық баға белгілеу матрицасы:

      1) облысаралық қатынастардағы поездарға, осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес поездардағы халық саны 70%-дан астам поездарға динамикалық баға белгілеу матрицасына сәйкес және осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес поездардағы халық саны 70%-дан төмен поездарға динамикалық баға белгілеу матрицасына сәйкес;

      2) қала маңындағы поездары, оның ішінде жалпы вагондар, электр-, дизель поездарға, осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес қала маңындағы поездары, оның ішінде жалпы вагондар, электр-, дизель поездары үшін динамикалық баға белгілеу матрицасына сәйкес белгіленеді.

      8. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы қатынастарда қатынайтын поездарда жолаушылардың жүріп өту құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      Pжол жүру= Pжол жүру базасыинд.дбр

      мұнда:

      Pжол жүру– әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы қатынастарда қатынайтын поездарда жолаушылардың жүріп өту құны;

      Кинд.– индексация коэффициенті, жоғарылату (төмендету) көлемі әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шартында көзделген;

      Кдбр – динамикалық баға белгілеу матрицасына сәйкес жоғарылатушы/төмендетуші коэффициенттер.

3-тарау. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау

      9. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау келесі формула бойынша анықталады:

      Kшек. баға = ((Rтасымалдаушы – Dтасымалдау- Nбюдж.) / Dжол жүру)+1

      мұндағы:

      Kшек. баға – әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағаларды (тарифтерді) төмендетудің шекті деңгейі;

      Rтасымалдаушы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11541 болып тіркелген) сәйкес есептелген, тасымалдаушының шығыны.

      Dтасымалдау – Әдістемеге сәйкес есептелген жолаушылар тасымалынан түскен кіріс көлемі.

      Dжол жүру - Әдістемеге сәйкес есептелген әлеуметтік маңызы бар барлық қатынастар бойынша(облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қала маңындағы)) сәйкес типті поездардың,вагондардың теміржол жолаушылар тасымалынан түскен кіріс көлемі.

      Nбекітілген бюджет – "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдауды субсидиялау" бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттік комиссиясы және облыс бюджеттік комиссиялары, республикалық маңызы бар қалалар, елордалар, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша келісілген хаттама.

  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
көрсетілетін жолаушылар
тасымалы қызметтеріне
бағалардың (тарифтердің) шекті
деңгейін айқындау әдістемесіне
1- қосымша

Поездардағы халық саны 70%-дан астам поездарға динамикалық баға белгілеу матрицасы

Алынған орын %

Кезең шекарасы (шыққанға дейінгі күн)

44-30

29-15

14-10

9-5

4-2

1-0

0-10%

0,75

0,8

0,85

0,9

0,95

1

11-20%

0,8

0,85

0,9

0,95

1

1

21-30%

0,85

0,9

0,95

1

1

1

31-40%

0,9

0,95

1

1

1

1

41-50%

0,95

1

1

1

1

1

51-60%

1

1

1

1

1,05

1,05

61-70%

1

1

1

1,05

1,1

1,1

71-80%

1

1

1,05

1,1

1,15

1,15

81-90%

1

1,05

1,1

1,15

1,2

1,2

91-100%

1,05

1,1

1,15

1,2

1,25

1,25

  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
көрсетілетін жолаушылар
тасымалы қызметтеріне
бағалардың (тарифтердің) шекті
деңгейін айқындау әдістемесіне
2- қосымша

Поездардағы халық саны 70%-дан төмен поездарға динамикалық баға белгілеу матрицасы

Алынған орын %

Кезең шекарасы (шыққанға дейінгі күн)

44-30

29-15

14-10

9-5

4-2

1-0

0-10%

0,75

0,8

0,85

0,9

0,95

1

11-20%

0,8

0,85

0,9

0,95

1

1

21-30%

0,85

09

0,95

1

1

1

31-40%

0,9

0,95

1

1

1

1

41-50%

0,95

1

1

1

1

1

51-60%

1

1

1

1

1

1

61-70%

1

1

1

1

1,05

1,05

71-80%

1

1

1

1,05

1,1

1,1

81-90%

1

1

1,05

1,1

1,15

1,15

91-100%

1

1,05

1,1

1,15

1,2

1,2

  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
көрсетілетін жолаушылар
тасымалы қызметтеріне
бағалардың (тарифтердің) шекті
деңгейін айқындау әдістемесіне
3- қосымша

Қала маңындағы поездары, оның ішінде жалпы вагондар, электр-, дизель поездары үшін динамикалық баға белгілеу матрицасы

Алынған орын %

Кезең шекарасы (шыққанға дейінгі күн)

9-6

5-4

3

2

1

0

0-10%

0,85

0,9

0,90

0,95

0,95

1

11-20%

0,9

0,90

0,95

1

1

1

21-30%

0,90

0,95

1

1

1

1

31-40%

0,95

1

1

1

1

1

41-50%

1

1

1

1

1

1

51-60%

1

1

1

1

1,05

1,05

61-70%

1

1

1

1,05

1,1

1,1

71-80%

1

1

1,05

1,1

1,15

1,15

81-90%

1,05

1,05

1,1

1,15

1,2

1,2

91-100%

1,10

1,10

1,15

1,2

1,25

1,25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады