Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 31.10.2018 № 455 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.10.2018 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы бекiтiлсiн.
2. "Телерадио хабарларын тарату саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 741 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 542 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11980 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 қазанда және 2015 жылғы 5 қарашада № 212 (28690) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
_________________ С.Айтпаева
2015 жылғы 31 желтоқсан
Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы
заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежелерін бағалау
өлшемшарттары
1. Жалпы қағидалар
1. Осы Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – өлшемшарттары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Осы Өлшемшарттарында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттары) – телерадио хабарларын тарату саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттары) – нақты тексерілетін субъектінің қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
елеулі бұзушылық – телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманың және телерадио хабарларын тарату саласындағы Қазақстан Республикасы аумағында қабылданған техникалық пайдалану қағидалары мен ұлттық стандарттардың талаптарының бұзылуы;
телерадио хабарларын тарату саласында тексерілетін субъектілер – телерадио хабарларын тарату операторлары, теле-радио бағдарламаларын шығарушылар және теле- радиокомпаниялар – құқық иеленушілер.
3. Ішінара тексерулер жоғары тәуекел деңгейге жататын бақылау субъектілеріне қатысты қолданылады.
4. Ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттары арқылы қалыптастырылады.
2. Объективті өлшемшарттары
5. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекелді анықтау тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы байланысты, заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсiлдермен еркiн ақпарат алу және тарату құқықтарына, сөз бен шығармашылық бостандығына, телерадио хабарларын тарату қызметтерін пайдалану кезінде адамның, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігіне конституциялық кепілдіктерді қамтамасыз етулеумен байланысты жүзеге асырылады.
6. Объективті өлшемшарттары бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне мынадай бақылау субъектілері жатады: теле-радиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары және теле-радиобағдарламар шығарушылар.
7. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерне қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілерне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
3. Субъективті өлшемшарттары
8. Субъективті өлшемшарттарын айқындау:
дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;
ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
9. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманысын бұзатын бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.
Ақпаратты талдау және субъективті өлшемшарттарын бағалау бақылау субъектісіне қатысты тексерулерді ең жоғары әлеуетті тәуекелмен шоғырландырады. Бұл ретте, талдау мен бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттарының деректері қолданылмайды.
Субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланады:
бақылау субъектілерін бұрынғы тексерулер нәтижелері (ішінара, жоспарда тыс және өзге де тексеру нысандары). Бұл ретте, бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі және елеулі емес) тексеру парақтарында көрсетілген заңнаманың талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;
Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мониторинг нәтижесі;
тексеру субъектілеріне жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен және расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.
10. Ақпарат көздерінің негізінде олар бойынша субъективті өлшемшарттары анықталады осы өлшемшарттары 1 және 2-қосымшаларға сәйкес тәуекел дәрежесі беріледі.
11. Субъективті өлшемшарттары Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының негізінде әзірленіп, тексеру парақтарында атап өтілген елеулі емес дәрежегесі бар.
Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды елеулі емес дәрежесін анықтау осы критерийлерге қосымшада келтірілген.
12. Елеулі емес бұзушылық – Қазақстан Республикасының "Телерадио хабарларын тарату туралы" және "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңдарының талаптарын орындамау.
13. Елеулі емес дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
– елеулі емес дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
– тексеруге ұсынылатын тексерілетін субъектіге (объектіге) елеулі емес дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
– елеулі емес дәрежедегі талаптарды бұзушылықтар саны.
14. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъекті мыналарға жатқызылады:
жоғарғы тәуекел дәрежесіне – 60 тан 100 дейінгі көрсеткіші кезінде оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
жоғарғы тәуекел дәрежесіне – 0 дан 60 дейінгі көрсеткіші кезінде ішінара тексеру жүргізілмейді.
4. Қорытынды ережелер
15. Ішінара тексеру жүргізу еселігі бір жылда бір ретті құрайды.
16. Ішінара тексерулер тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмейтін мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі бойынша уәкілетті органға жіберілетін ақпаратты талдау және бұрынғы жылдың ұқсас кезеңінің жартыжылдық деректерімен салыстырғанда соңғы есептік кезеңнің жартыжылдық деректерді бағалау нәтижелері бойынша (жартыжылдыққа) қалыптастыратын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
17. Ішінара тексерулердің тізімдері:
субъективті өлшемшарттары бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар бақылау субъектілерінің басымдығын;
ең жоғарғы тексерілмейтін кезеңді ескере отырып, жасалады.
Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемдеріне 1-қосымша |
Бұрын тексерулер нәтижелері бойынша субъективті критерийлер
(ішінара, жоспардан тыс және өзге де тексеру нысандары)
р/с № | Критерийлер (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды сақталмаған кезде белгіленеді) | Бұзушылық дәрежесі |
1. | Кабельді телерадио хабарларын тарату операторларымен және теле-, радиокомпаниямен өзара есептесу негізінде міндетті теле-, радиоарналарын трансляциялау және (не) ретрансляциялау бойынша талаптарды сақтау | елеулі |
2. | Трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламалардың жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы талаптың болуы | елеулі |
3. | Телерадио хабарларын тарату операторлары теле-, радиокомпаниялармен еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды таратуға шарттың болуы | елеулі |
4. | Теле-, радиоарнаның меншiк иесiнiң кiретiн есiгi бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға, оның iшiнде: телерадио хабарларын таратудың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған (студиялық, аппараттық, қосалқы) арнайы үй-жайларға; шығармашылық (редакциялық) персоналын орналастыруға арналған үй-жайларға; әкiмшiлiк-басқару персоналына арналған үй-жайларға мүлiктiк құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысаны болуы | елеулі |
Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемдеріне 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы
заңнамасының сақталуына мониторинг нәтижелері бойынша
субъективті өлшемшарттары
№ | Өлшемшарттары | Бұзушылық дәрежесі |
1. | Телерадио хабарларын тарату саласындағы бұзушылық бойынша құжаттамалық фактінің бар болуы | елеулі |
Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемдеріне 3-қосымша |
"Тексеру субъектілеріне жеке және заңды тұлғалардан,
мемлекеттік органдардан түскен және расталған шағымдар мен
өтініштердің болуы" ақпараттық көздері бойынша субъективті
өлшемшарттары
№ | Өлшемшарттары | Бұзушылық дәрежелері |
1. | Телерадио хабарларын тарату саласындағы бір расталған өтініш немесе шағымның болуы | елеусіз |
2. | Телерадио хабарларын тарату саласындағы екі немесе одан көп расталған өтініш немесе шағымның болуы | елеулі |
Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы
заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру
парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт___________________________________
(№, күні, құқықтық статистика жөніндегі органда
тіркелуі туралы мәліметтер)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН/, БСН)____________________
Тұрған орнының мекен-жайы:___________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талап тарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес кел мейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Телерадио хабарлар тарату операторлары, теле-радиобағдарлама өндірушілер және теле-радиокомпания – құқық иелеріне қатысты | |||||
1. Жалпы ережелер | |||||
1 | Кабельді телерадио хабарларын тарату операторларымен және теле-, радиокомпаниямен өзара есептесу негізінде міндетті теле-, радиоарналарын трансляциялау және (не) ретрансляциялау бойынша талаптарды сақтау | ||||
2 | Трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламалардың жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы талаптың болуы | ||||
2. Телерадио хабарларын таратушы операторлар үшін | |||||
3 | Телерадио хабарларын тарату операторлары теле-, радиокомпаниялармен еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды таратуға шарттың болуы | ||||
3. Теле-радиокомпаниялар үшін | |||||
4 | Теле-, радиоарнаның меншiк иесiнiң кiретiн есiгi бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға, оның iшiнде: телерадио хабарларын таратудың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған (студиялық, аппараттық, қосалқы) арнайы үй-жайларға; шығармашылық (редакциялық) персоналын орналастыруға арналған үй-жайларға; әкiмшiлiк-басқару персоналына арналған үй-жайларға мүлiктiк құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысаны болуы |
Уәкілетті органның лауазымдық тұлғалары:
______________________ ____________ _________________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.(болған жағдайда)
______________________ ____________ _________________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.(болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің иесі:
___________________________________ _________________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)