Телерадио хабарларын тарату саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 741 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 542 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 тамызда № 11980 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1282 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 844 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 30.12.2015 № 1282 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а 31.12.2015 № 844 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабы 3-тармағына және 15-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1–қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы тәуекел дәрежелерін бағалау критерийлерi;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2–қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік бақылау аясында тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн.
      2. «Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тәуекелдер деңгейлерiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 91 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 17 шілдедегі № 223 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 21 тамызда № 7868 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 26 қыркүйекте № 622-630 (27701) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағының 1)2) және  3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі  Ұлттық экономика министрі
      ______________Ә. Исекешев         ________________Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ______________ С. Айтпаева
      2015 жылғы 24 шілде

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы № 741  
және Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің   
2015 жылғы 20 шілдедегі № 542   
бірлескен бұйрығына       
1-қосымша            

Телерадио хабарларын тарату саласындағы тәуекел дәрежелерін бағалау критерийлері

1. Жалпы қағидалар

      1. Осы Телерадио хабарларын тарату саласындағы тәуекел дәрежелерін бағалау критерийлері (бұдан әрі – критерийлер) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген.
      2. Осы крийтерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
      тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
      тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – телерадио хабарларын тарату саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері;
      телерадио хабарларын тарату саласында тексерілетін субъектілер – телерадио хабарларын тарату операторлары, теле,-радио бағдарламаларын шығарушылар және теле-, радиокомпаниялар – құқық иеленушілер.
      3. Ішінара тексерулер жоғары тәуекел деңгейге жататын бақылау субъектілеріне қатысты қолданылады.
      4. Ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлер объективті және субъективті критерийлер арқылы қалыптастырылады.

2. Объективті критерийлер

      5. Телерадио хабарларын тарату саласындағы тәуекелді анықтау тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы байланысты, заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсiлдермен еркiн ақпарат алу және тарату құқықтарына, сөз бен шығармашылық бостандығына, телерадио хабарларын тарату қызметтерін пайдалану кезінде адамның, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігіне конституциялық кепілдіктерді қамтамасыз етулеумен байланысты жүзеге асырылады.
      6. Объективті критерийлер бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне мынадай бақылау субъектілері жатады: теле-, радиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары және теле-, радиобағдарламары шығарушылар.
      7. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерне қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.
      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілерне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

3. Субъективті критерийлер

      8. Субъективті критерийлерді айқындау:
      дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;
      ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
      9. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманысын бұзатын бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.
      Ақпаратты талдау және субъективті критерийлерді бағалау бақылау субъектісіне қатысты тексерулерді ең жоғары әлеуетті тәуекелмен шоғырландырады. Бұл ретте, талдау мен бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды.
      Субъективті критерийлер бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланады:
      бақылау субъектілерін бұрынғы тексерулер нәтижелері (ішінара, жоспарда тыс және өзге де тексеру нысандары). Бұл ретте, бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі және елеулі емес) тексеру парақтарында көрсетілген заңнаманың талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;
      Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мониторинг нәтижесі;
      тексеру субъектілеріне жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен және расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.
      10. Ақпарат көздерінің негізінде олар бойынша субъективті критерийлер анықталады осы критерийлерге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес тәуекел дәрежесі беріледі.
      11. Субъектівті критерийлер Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының негізінде әзірленіп, тексеру парақтарында атап өтілген, олар үш дәрежеге бөлінген: өрескел, елеулі және елеулі емес.
      Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды өрескел, елеулі және елеулі емес дәрежеге бөлу осы критерийлерге қосымшада келтірілген.
      Өрескел көрсеткіштің бірін орындамаған жағдайда субъекті жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылады.
      Егер өрескел көрсеткіш бойынша сәйкессіздік анықталмаса, тәуекел деңгейін анықтау үшін елеулі және елеулі емес көрсеткіштер бойынша жиынтық мәні есептеледі.
      12. Әр ақпарат көзі бойынша тәуекел дәрежесі мынадай түрде анықталады.
      Елеулі дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
      Р3 = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
      мұндағы:
      Р3 – елеулі дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
      Р1 – тексеруге ұсынылатын тексерілетін субъектіге (объектіге) елеулі дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
      Р2 – елеулі дәрежедегі талаптарды бұзушылықтар саны.
      13. Елеулі емес дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
      Рн = (УР2 х 100/Р1) х 0,3
      мұндағы:
      Рн – елеулі емес дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
      Р1 – тексеруге ұсынылатын тексерілетін субъектіге (объектіге) елеулі емес дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
      Р2 – елеулі емес дәрежедегі талаптарды бұзушылықтар саны.
      14. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (УР) 0 ден 100 дейінгі шәкіл бойынша есептеліп, мынадай формула бойынша көрсеткіштерді жиынтықтау арқылы анықталады:
      Р = Р3 + Рн
      мұндағы:
      Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
      Р3 – елеулі дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткіші;
      Рн – елеулі емес дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткіші;
      15. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъекті мыналарға жатқызылады:
      жоғарғы тәуекел дәрежесіне – 60 тан 100 дейінгі көрсеткіші кезінде оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
      жоғарғы тәуекел дәрежесіне – 0 дан 60 дейінгі көрсеткіші кезінде ішінара тексеру жүргізілмейді.

4. Қорытынды ережелер

      16. Ішінара тексеру жүргізу еселігі бір жылда бір ретті құрайды.
      17. Ішінара тексерулер тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмейтін мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі бойынша уәкілетті органға жіберілетін ақпаратты талдау және бұрынғы жылдың ұқсас кезеңінің жартыжылдық деректерімен салыстырғанда соңғы есептік кезеңнің жартыжылдық деректерді бағалау нәтижелері бойынша (жартыжылдыққа) қалыптастыратын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
      18. Ішінара тексерулердің тізімдері:
      субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар бақылау субъектілерінің басымдығын;
      ең жоғарғы тексерілмейтін кезеңді ескере отырып, жасалады.

Телерадио хабарларын     
тарату саласындағы тәуекел  
дәрежелерін бағалау өлшемдеріне
1-қосымша          

Бұрын тексерулер нәтижелері бойынша субъективті критерийлер (ішінара, жоспардан тыс және өзге де тексеру нысандары)

р/с №

Критерийлер (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды сақталмаған кезде белгіленеді)

Бұзушылық дәрежесі

1.

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Е 18» индексімен индекстелетін фильмдерді жергілікті уақыт бойынша 6.00 дан бастап 22.00 – қа дейін таратылмауы

өрескел

2.

«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келетін жарнаманы таратылуы

өрескел

3.

Теле-, радио хабарларын тарату операторларымен міндетті болып табылатын теле-радиоарналарды таратылуы

өрескел

4.

Уәкілетті органда есепке қойылмаған шетелдiк теле-, радиоарналардың таратылмауы

өрескел

5.

Бір арналық хабар тарату кезінде қазақ тілінде көрсетілетін теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін және уақыт аралығын сақтау/немесе көп арналық хабар тарату кезінде қазақ тіліндегі негізгі дыбыстық сүйемелдеуді пайдаланбау

өрескел

6.

Өзін өзіне қол жұмсауды насихаттайтын ақпаратты таратпауы

елеулі

7.

Қатыгездік пен зорлықтық табынушылықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық артықшылдықты насихаттайтын ақпаратты таратпауы

елеулі

8.

Конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, мемлекеттік қауіпсіздікті бұзып тастауды Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды насихаттайтын ақпаратты таратпауы

елеулі

9.

Экстремизмді немесе терроризмді насихаттайтын ақпаратты таратпауы

елеулі

10. 

Ұлтаралық және конфессияаралық алауыздықты тудыратын ақпаратты таратпауы

елеулі

11.

Порнографиялық және арнайы сексуалды–эротикалық сипаттағы кино-бейне өнімді көрсететін теле-, радиобағдарламалар, теле-, радиоарналардың таралмауы

елеулі

12.

Кабельді телерадио хабарларын тарату операторларымен және теле-, радиокомпаниямен өзара есептесу негізінде міндетті теле-, радиоарналарын трансляцияслау және (не) ретрансляциялау

елеулі

13.

Теле-, радиоарнаның, теле, радиобағдарламаларды таратуға телерадио хабарларын тарату операторы мен құқық иегері – теле-, радиокомпаниялар арасында жасалған шарттың болмауы

елеулі

14.

Теле-, радиоарна меншiк иесiнiң кiретiн есiгi бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оны жалға алуға, оның iшiнде: телерадио хабарларын таратудың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған арнайы үй-жайларды (студиялық, аппараттық, қосымша); шығармашылық персоналын орналастыруға (редакциялық) арналған үй-жайларды; әкiмшiлiк-басқару персоналына арналған үй-жайларды жалға алуға мүлiктiк құқықтарын растайтын құжаттардың болмауы

елеулі

15.

Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар тарату көлемiнде теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемiнен жиырма пайыздан асатын шетелдiк теле-, радиобағдарламаларын тарату

елеулі

16.

Кемінде алты ай трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламалардың жазылуы және сақталуы

елеулі

17.

Егер өзгесі теле, радио хабарларын тарату операторлары мен құқық иегері теле- радиокомпаниялар арасындағы шартта көзделмеген жағдайда, мазмұнына өзгерістерді енгізе отырып, жүзеге асырылған теле-, радиоарналардың теле – радиобағдарламаны ретрансляциялануы

елеулі

18.

Кадр алаңының он бес пайызынан асатын қосымша ақпараттың көлемi

елеулі емес

19.

Телеарнада сурдоаудармамен немесе субтитр түрінде аудармамен қамтамасыз ете отырып, жаңалық сипатының кемінде бір бағдарламаның таратылуы

елеулі емес

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы № 741  
және Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің   
2015 жылғы 20 шілдедегі № 542   
бірлескен бұйрығына       
2-қосымша          

Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік бақылау аясында тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган____________________________
____________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт__________________________________
(№, күні, құқықтық статистика жөніндегі органда тіркелуі туралы мәліметтер)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы_________________________
____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН/, БСН)___________________
Тұрған орнының мекен-жайы: _________________________________________
____________________________________________________________________

Талаптар

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

Телерадио хабарлар тарату операторлары, теле-, радиобағдарлама өндірушілер және теле-, радиокомпания – құқық иелеріне қатысты

1. Жалпы ережелер

1

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Е 18» индексімен индекстелетін фильмдерді жергілікті уақыт бойынша 6.00 дан бастап 22.00 – қа дейін таратылмауы





2

«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келетін жарнаманы таратылуы





3

Өзін өзіне қол жұмсауды насихаттайтын ақпаратты таратпауы





4

Қатыгездік пен зорлықтық табынушылықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық артықшылдықты насихаттайтын ақпаратты таратпауы





5

Конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, мемлекеттік қауіпсіздікті бұзып тастауды Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды насихаттайтын ақпаратты таратпауы





6

Экстремизмді немесе терроризмді насихаттайтын ақпаратты таратпауы





7

Ұлтаралық және конфессияаралық алауыздықты тудыратын ақпаратты таратпауы





8

Порнографиялық және арнайы сексуалды–эротикалық сипаттағы кино-бейне өнімді көрсететін теле-, радиобағдарламалар, теле-, радиоарналардың таралмауы





9

Кабельді телерадио хабарларын тарату операторларымен және теле-, радиокомпаниямен өзара есептесу негізінде міндетті теле-, радиоарналарын трансляцияслау және (не) ретрансляциялау





10

Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар тарату көлемiнде теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемiнен жиырма пайыздан асатын шетелдiк теле-, радиобағдарламаларын тарату





11

Трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды алты айдан кем таспаға басу және сақталуы





12

Егер өзгесі теле, радио хабарларын тарату операторлары мен құқық иегері теле- радиокомпаниялар арасындағы шартта көзделмеген жағдайда, мазмұнына өзгерістерді енгізе отырып, жүзеге асырылған теле-, радиоарналардың теле – радиобағдарламаны ретрансляциялануы





13

Кадр алаңының он бес пайызынан асатын қосымша ақпараттың көлемi





2. Телерадио хабарларын таратушы операторлар үшін

14

Теле-, радио хабарларын тарату операторларымен міндетті болып табылатын теле-радиоарналарды таратылуы





15

Уәкілетті органда есепке қойылмаған шетелдiк теле-, радиоарналардың таратылмауы





16

Теле-, радиоарнаның, теле, радиобағдарламаларды таратуға телерадио хабарларын тарату операторы мен құқық иегері – теле-, радиокомпаниялар арасында жасалған шарттың болмауы





3. Теле-радиокомпаниялар үшін

17

Бір арналық хабар тарату кезінде қазақ тілінде көрсетілетін теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін және уақыт аралығын сақтау/немесе көп арналық хабар тарату кезінде қазақ тіліндегі негізгі дыбыстық сүйемелдеуді пайдаланбау





18

Теле-, радиоарна меншiк иесiнiң кiретiн есiгi бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оны жалға алуға, оның iшiнде: телерадио хабарларын таратудың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған арнайы үй-жайларды (студиялық, аппараттық, қосымша); шығармашылық персоналын орналастыруға (редакциялық) арналған үй-жайларды; әкiмшiлiк-басқару персоналына арналған үй-жайларды жалға алуға мүлiктiк құқықтарын растайтын құжаттардың болмауы





19

Телеарнада сурдоаудармамен немесе субтитр түрінде аудармамен қамтамасыз ете отырып, жаңалық сипатының кемінде бір бағдарламаның таратылуы





Уәкілетті органның лауазымдық тұлғалары:
______________________ ____________ ______________________________
    (лауазымы)            (қолы)      (Т.А.Ә.(болған жағдайда)

______________________ _____________ _____________________________
    (лауазымы)             (қолы)      (Т.А.Ә.(болған жағдайда)

Тексерілетін субъектінің иесі:

______________________ _____________ _____________________________
    (лауазымы)             (қолы)      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады