2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 164-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11821 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Жергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту.";
Аталған бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік–жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
М. Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ" |
|
"КЕЛІСІЛДІ" |
|
Қазақстан Республикасының |
|
2015 жылғы 15 желтоқсандағы |
|
№ 776 бұйрығына |
|
Қазақстан Республикасының |
Жергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдарға арналған
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері,
оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері
мың теңге
р/р № |
Жергілікті атқарушы орган |
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті |
|||||
2015 жыл |
2016 жыл |
2017 жыл |
|||||
ЖАО МЖӘ ММ лимиті |
Қабылдау лимиті |
ЖАО МЖӘ ММ лимиті |
Қабылдау лимиті |
ЖАО МЖӘ ММ лимиті |
Қабылдау лимиті |
||
1 |
Ақмола облысы |
9 835 872 |
9 334 216 |
10 848 266 |
10 346 611 |
11 406 628 |
10 904 973 |
2 |
Ақтөбе облысы |
17 862 459 |
17 862 459 |
21 113 644 |
21 113 644 |
20 721 222 |
20 721 222 |
3 |
Алматы облысы |
23 856 532 |
23 856 532 |
27 651 583 |
27 651 583 |
30 910 832 |
30 910 832 |
4 |
Атырау облысы |
16 694 853 |
16 694 853 |
17 267 904 |
17 267 904 |
16 819 713 |
16 819 713 |
5 |
Шығыс Қазақстан облысы |
16 122 423 |
16 122 423 |
17 951 040 |
17 951 040 |
19 973 984 |
19 973 984 |
6 |
Жамбыл облысы |
7 719 437 |
7 719 437 |
8 162 831 |
8 162 831 |
8 341 749 |
8 341 749 |
7 |
Батыс Қазақстан облысы |
10 637 750 |
10 637 750 |
10 677 011 |
10 677 011 |
11 404 672 |
11 404 672 |
8 |
Қарағанды облысы |
23 127 513 |
23 127 513 |
28 109 160 |
28 109 160 |
29 294 549 |
29 294 549 |
9 |
Қызылорда облысы |
7 747 661 |
7 747 661 |
8 728 640 |
8 728 640 |
8 746 222 |
8 746 222 |
10 |
Қостанай облысы |
11 517 670 |
11 232 870 |
12 586 214 |
12 301 414 |
12 875 778 |
12 590 978 |
11 |
Маңғыстау облысы |
17 274 901 |
17 274 901 |
6 994 112 |
6 994 112 |
8 053 666 |
8 053 666 |
12 |
Павлодар облысы |
16 924 837 |
16 924 837 |
17 842 474 |
17 842 474 |
19 240 527 |
19 240 527 |
13 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
6 142 852 |
4 434 712 |
6 481 594 |
4 773 453 |
6 930 348 |
5 222 208 |
14 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
15 336 907 |
15 336 907 |
16 970 777 |
16 970 777 |
17 431 693 |
17 431 693 |
15 |
Алматы қаласы |
44 692 793 |
31 692 793 |
46 420 026 |
46 420 026 |
47 000 000 |
47 000 000 |
16 |
Астана қаласы |
30 497 853 |
30 497 853 |
30 301 151 |
30 301 151 |
31 104 622 |
31 104 622 |
Барлығы: |
275 992 313 |
260 497 717 |
288 106 426 |
285 611 829 |
300 256 203 |
297 761 606 |
Ескертпе: аббервиатуралардың толық жазылуы:
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
МЖӘ ММ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер