"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 ақпанда № 13080 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 431 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 18.05.2016 № 431 бұйрығымен.

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8073 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 қаңтарда № 9-13 (27952) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігн арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің нысаны көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                  Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________________ Е. Досаев
      2016 жылғы 15 қаңтар

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму   
министрінің         
2015 жылғы 30 қарашадағы   
№ 1124 бұйрығына қосымша   

«Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрінің орынбасары 
– Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2012 жылғы 3 қазандағы     
№ 354 бұйрығымен бекітілген»  

Нысан

_____________________________________________________________________
     (аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)

  Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
                 АККДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

№ _____                                 _________ жылғы «___» _______
                                                               (күні)
Куәлік ______________________________________________________________
           (ұйымның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, толық атауы,
                      бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне)

мынадай қызметтерді көрсету құқығына берілді:________________________

Заңды мекенжайы: ____________________________________________________

Куәлік Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

_____________________________   _____________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы)    (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
                                             жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады