«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2016 жылғы 17 ақпан
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 1084 бұйрығымен бекітілген
Нысан
КК Сериясы/Серия КТ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ПО ИНВЕСТИЦИЯМ И РАЗВИТИЮ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КӨЛІК КОМИТЕТІ
КОМИТЕТ ТРАНСПОРТА КЕМЕ ЭКИПАЖЫНЫҢ ЕҢ АЗ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК СВИДЕТЕЛЬСТВО О МИНИМАЛЬНОМ СОСТАВЕ ЭКИПАЖА СУДНА
Кеменің атауы
Название судна_____________________________________________________
Тіркеу порты
Порт регистрации___________________________________________________
Шақыру дабылы
Позывной сигнал____________________________________________________
Лауазымы |
Адам саны |
Лауазымы |
Адам саны |
Кестеде көрсетілген экипаждың құрамы «Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) белгіленген кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
Состав экипажа, указанные в таблице, соответствуют требованиям к минимальному составу экипажей судов, установленным приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 февраля 2015 года № 134 «Об установлении требований к минимальному составу экипажей судов» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10788).
Берілген күні, қолданылу мерзімі
Дата выдачи, срок действия _________________________________________
Осы куәлік Көлік комитетінің аумақтық органымен берілді
____________________________________________________________________
Настоящее Свидетельство выдано территориальным органом Комитета транспорта
М.О.
М.П
Көлік комитеті
______________ ____________________ аумақтық органының басшысы/
(қолы/подпись) (аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда/ фамилия, имя, отчество (при наличии) Руководитель территориального органа
_________________________________________________ Комитета транспорта