Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру және кейбір көшелері мен орамдарды қайта атау туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 110-235 қаулысы және мәслихатының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 326/47-IV шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 31 наурызда № 892 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 17 маусымдағы № 28 шешімінің, Қазақстан Республикасын Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 26 маусымдағы қорытындысы негізінде, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Төмендегі көшелерге:
      Астана қаласы «Алматы» ауданы бойынша:
      жобалық атауы № 142 көше – Өзбекәлі Жәнібек көшесі деп;
      Астана қаласы «Есіл» ауданы бойынша:
      жобалық атауы № 199 көше – Шыңғыс Айтматов көшесі деп;
      жобалық атауы № Е-352 көше – Будапешт көшесі деп;
      жобалық атауы № 209 көше – Ұзақ батыр көшесі деп;
      жобалық атауы № 203 көше – Жәмеңке абыз көшесі деп;
      жобалық атауы № 59 көше – Жантай батыр көшесі деп;
      жобалық атауы № Е-487 көше – Зейін Шашкин көшесі деп;
      жобалық атауы № Е-107 көше – Әмина Өмірзақова көшесі деп;
      жобалық атауы № 200 көшеІлияс Омаров көшесі деп;
      Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы бойынша:
      жобалық атауы № 188 көше – Шәймерден Қосшығұлұлы көшесі депатау берілсін.
      2. Төмендегі көшелерге:
      Астана қаласы «Алматы» ауданы бойынша:
      Левон Мирзоян көшесі – Қаныш Сәтбаев көшесі деп;
      Дарабоз бен Асқар Тоқпанов көшелері біріктіріліп – Асқар Тоқпанов көшесі деп;
      Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы бойынша:
      Тұрар Рысқұлов көшесі Бұқарбай батыр көшесі деп;
      Нұрғиса Тілендиев орамы – Аспандияр Кенжин көшесі деп;
      Жерұйық көшесі (3-4 пикет)Рақымжан Дүйсенбаев көшесі деп қайта атау берілсін.
      3. Астана қаласы «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері, «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және Астана қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі
      ______________________                     Ә. Жақсыбеков

      Астана қаласымәслихаты
      сессиясының төрағасы
      _____________________                      Т. Оразақов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы
      _____________________                      С. Есілов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады