"2015 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 158-202 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 158-826 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 16 маусымда № 916 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 158-158 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 01.02.2017 № 158-158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2015 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 158-202 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) есірткі тәуелдігінен емделу және оңалту курсынан өткен адамдар".
      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзiмдiк баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден жүргізсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Әкім Ә. Жақсыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады