2015 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 158-202 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 27 ақпанда № 883 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 158-2401 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.12.2015 № 158-2401 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57-баптарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына мынадай санаттар қосымша белгіленсін:
      1) елу жасқа толған тұлғалар;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұлғалар;
      4) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар (бала асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар);
      5) техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының түлектері;
      6) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар.
      7) есірткі тәуелдігінен емделу және оңалту курсынан өткен адамдар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 27.05.2015 № 916 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын жүргізсін.
      3. «Халықтың нысаналы топтарын және 2014 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтiк қорғалуына көмек көрсету жөнiндегi шараларды белгiлеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 158-85 (Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 ақпанда № 800 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 ақпандағы № 18 (3076) «Астана ақшамы» газетінде, 2014 жылғы 15 ақпандағы № 18 (3094) «Вечерняя Астана» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Әкім                                       Ә. Жақсыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады