Астана қаласында жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын айқындау туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 108-2413 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылы 2 ақпанда № 1002 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 108-2294 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 07.11.2017 № 108-2294 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласында жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидалары қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Еділ Нұрланұлы Сүлейменовке осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р.Әлиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім

Ә. Жақсыбеков


      2015 жылғы 31 желтоқсандағы

      № 108-2413

      Астана қаласы

      әкімдігінің қаулысына

      қосымша

Астана қаласында жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды
субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Астана қаласында жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Қағида).

      2. Осы Қағидалары мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеңіл рельсті көлік – жеке бөлінген жолдар бойынша жолаушыларды және багажды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыратын және метрополитен мен темір жолға қарағанда габариттерінің, жүк көтергіштігінің және қатынас жылдамдығының аздығымен сипатталатын қалалық рельсті көлік түрі;

      2) бағдар – көлік құралының бастапқы және соңғы пункті арасындағы жүру жолы;

      3) жолаушы – жол жүру құжаты (билеті) бар және жеңіл рельсті көлікте жүретін жеке тұлға;

      4) компанияның есептеу тарифі – бір жолаушыны тасымалдаудың өзіндік құны;

      5) тасымалдаушы – астананың жергілікті атқарушы органымен айқындалған астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компания;

      6) жергілікті уәкілетті орган – Астана қаласының жолаушылар көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы.

      3. Жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялауға жатады.

      4. Жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалын субсидиялау жергілікті бюджеттен жүргізіледі.

2. Жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау
тәртібі

      5. Жергілікті уәкілетті орган мен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы арасындағы шығыстарды субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеңіл рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдауға шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады.

      6. Тасымалдаушы шарт жасасқаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жергілікті уәкілетті органға кірістер мен шығыстардың ай бойынша бөлінген жылдық жоспарының жобасын бекіту үшін қажетті құжаттарды ұсынады, оны жергілікті уәкілетті орган кірістер мен шығыстардың ай бойынша бөлінген жылдық жоспарының жобасы түскен күнінен бастап 30 (отыз) күн ішінде бекітеді.

      7. Ай сайын есептік айдан кейiнгi айдың 20-на дейiнгі мерзiмде тасымалдаушы тапсырыс берушіге құжаттарды:

      1) орындалған жұмыстар актiсiн;

      2) кірістер туралы есепті;

      3) шығыстар туралы есепті ұсынады.

      8. Жергілікті уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, тасымалдаушының шығындарын субсидиялау сомасын анықтайды және төлем ведомостін қалыптастырады.

      9. Жергілікті уәкілетті орган тасымалдаушының ағымдағы шотына тиесілі соманы аудару үшін төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және бюджеттік бағдарламаға сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге екі данада шот ұсынады.

      10. Тасымалдаушы тасымалдаушының есептеу тарифін қалыптастыру кезінде ескерілетін кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізеді. Тасымалдаушының шығындарын субсидиялауға жіберілетін соманың көлемін айқындау мынадай көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:

      1) жолаушылар тасымалын орындауға кірістер;

      2) жолаушылар тасымалын орындауға кететін шығыстар.

      11. Жолаушылар тасымалының шығыстарына мыналар кіреді:

      1) жұмыскерлердің еңбекақы қоры;

      2) салықтар және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер;

      3) электр энергиясына жұмсалатын шығындар;

      4) майлау материалдарына жұмсалатын шығындар;

      5) доңғалақ жұптарына пайдалану шығыстары;

      6) жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындар;

      7) негізгі қорлардың амортизациялық аударымдары;

      8) пошта-телеграф шығыстары, телефон станцияларын, диспетчерлік, радио, бейне және байланыстың басқа түрлерінің қондырғыларын күтіп-ұстау және пайдалану шығыстары;

      9) есептеу техникасын күтіп-ұстау және пайдалану шығыстары;

      10) баспахана жұмыстарына шығыстар;

      11) жеңіл рельсті көлік ғимараттарын, құрылыстары мен үй-жайларын күтіп-ұстау шығыстары, сондай-ақ жерге ақы төлеуге байланысты шығыстар;

      12) аудиторлық қызметтер төлемі;

      13) банк қызметі төлемі;

      14) міндетті сақтандыру бойынша төлемдер;

      15) кадрларды даярлау;

      16) еңбекті қорғау шығыстары;

      17) әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметін ұстау бойынша шығыстар;

      18) жеңіл рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырумен байланысты несие бойынша шығыстар.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 15.03.2016 № 108-515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Бір жолаушыны жол жүруге тасымалдаудың өзіндік құны (есептеу тарифі) қаржы қаражатын тасымалдауға жоспарланған жолаушылар санына бөлу арқылы айқындалады.

      13. Қызмет көрсетудің өзіндік құнына енгізілген шығыстар құрамын анықтау Қазақстан Республикасының заңнамасына және бухгалтерлiк есеп саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Шығыстардың жекелеген баптары бойынша нормативтер болмаған кезде есеп айырысу өнеркәсіп салалары бойынша бағалар өзгерісінің болжамды индекстерін ескере отырып, өткен кезеңдегі нақты деректерге сүйене отырып жүргізіледі.

      15. Жылдың соңғы күнтізбелік айына бюджеттік субсидиялар төлеу 20 желтоқсаннан кешіктірілмейтін мерзімде нақты деректер бойынша жасалған есепті кейіннен беру арқылы болжамды деректер бойынша 20 желтоқсаннан кешіктірілмей жасалып, ұсынылған тасымалдау жөніндегі есеп негізінде жүзеге асырылады. Мәлімделген болжамды деректер нақты деректерден асқан жағдайда тиісті бюджетке қайтаруға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады