Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 108-2294 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қарашада № 1141 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Астана қаласында жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын айқындау туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 108-2413 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1002 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 ақпанда "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған);

      2) "Астана қаласында жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын айқындау туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 108-2413 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы №108-515 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1006 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 сәуірде "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      2. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде баспа және электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Астана қаласының аумағанды таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады