"Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № А-2/57 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 наурызда № 4684 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі–Ереже) бекітілсін.
      2. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді камтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Н.Нұрмолдинға жүктелсін.
      4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы "9" ақпандағы
№ А-2/57 қаулысымен
бекітілді

"Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туризм саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, индексі 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ауэзов көшесі, 177.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттемелері, функциялары, құқықтары
мен міндеттері

      13. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыс аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
      14. Міндеттері: туристік қызметті дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;
      15. Функциялары:
      туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасау және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну;
      облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
      облыс аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу бойынша қызметті үйлестіру;
      балалар мен жастар лагерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өзіндік туризмді дамытуға қолдау көрсету;
      туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
      халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
      туристiк ақпаратты, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi мен туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру;
      туристік ақпарат орталығын құру туралы ұсыныстар енгізу;
      Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
      гидті (аудармашы гидті) кәсіптік даярлауды ұйымдастыру;
      туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
      туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу.
      16. Құқықтары мен міндеттемелері:
      облыстық басқармалар мен ведомстволардан, жергілікті атқарушы органдардан, меншік түріне қарамастан ұйымдардан ақпараттар, мәліметтер сұрату және алу;
      облыстық туристік ресурстарды қорғау бойынша шаралар әзірлеу және енгізу;
      туризм жөніндегі мамандармен конференциялар, семинарлар, оқыту мен тәжірибе алмасудың өзге де түрлерін ұйымдастыру;
      халықаралық, өңіраралық, республикалық туристік іс-шаралар өткізу;
      туристік ұйымдардың қызметкерлерін, облыстық туристік іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапатқа ұсыну және дипломдармен, жүлделермен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау мәселелерін белгіленген тәртіпте жүзеге асыру;
      облыстық туристік іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басқару басшымен жүзеге асырылады және "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты.
      18. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Ақмола облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысына басшылық етеді және ұйымдастырады;
      заңнамаға сәйкес "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және ол үшін дербес жауапкершілік алады;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      аудандық және қалалық әкімдіктердің туризм саласы бойынша қызметтерін үйлестіреді;
      басқарманың құрылымдық бөлімдері мен өз қызметкерлерінің өкілеттіліктері және міндеттерін анықтайды;
      "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға атқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      21. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Ақмола облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады