"Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № А-8/394 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № А-3/85 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 1 сәуірде № 4722 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № А-8/394 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 4375 болып тіркелген, "Акмолинская правда" және "Арқа ажары" газеттерінде 2014 жылы 18 қазанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      15-тармақтың бесінші азатжолы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;".
      2. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгерістің қоса ұсынылып отырған мәтіні бекітілсін.
      3. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша және мерзім ішінде әділет органдарын хабарландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.Н. Нұрмолдинге жүктелсін.
      5. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облысы әкімінің
міндетін атқарушы
Қ.Отаров

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 ақпандағы № А-3/85
қаулысымен бекітілді

"Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілетін өзгерістің мәтіні

      15-тармақтың бесінші азатжолы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады