"Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № А-8/457 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/170 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 сәуірде № 4775 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № А-8/457 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 4430 болып тіркелген, "Акмолинская правда" және "Арқа ажары" газеттерінде 2014 жылы 18 қарашада жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      13-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "13. Миссиясы: өз құзыреті шегінде облыс аумағында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, тұрғын-үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.".
      15-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "15. Функциялары:
      1) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау;
      3) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау;
      4) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруы;
      5) уәкілетті органға облыстың сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсыну;
      6) уәкілетті органға облыстың сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсыну;
      7) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыруы;
      8) тұтынушылардың жылу пайдалану құрылғыларын пайдалануын және олардың техникалық жай-күйін жүзеге асыру;
      9) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;
      10) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізу;
      11) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келісу;
      12) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын беру;
      13) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен кіші станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытындылар беру;
      14) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
      15) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асыру;
      16) тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      17) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілеті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын салу қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын әзірлеу;
      18) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы қаулы жобаларын әзірлеу;
      19) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету;
      20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру;
      21) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;
      22) тауарлық және сұйытылған мұнай газын пайдалану нормаларын әзірлеу;
      23) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын әзірлеу.".
      2. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгертулер қоса ұсынылып отырған мәтіні бекітілсін.
      3. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі енгізілген өзгертулер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша және мерзім ішінде әділет органдарын хабарландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.Н. Нұрмолдинға жүктелсін.
      5. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облысының әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/170
қаулысымен бекітілді

"Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілетін өзгертулердің мәтіні

      13-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "13. Миссиясы: өз құзыреті шегінде облысының аумағында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы, тұрғын-үй саласындағы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.".
      15-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "15. Функциялары:
      1) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау;
      3) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау;
      4) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруы;
      5) уәкілетті органға облыстың сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынуды;
      6) уәкілетті органға облыстың сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынуды;
      7) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыруы;
      8) тұтынушылардың жылу пайдалану құрылғыларын пайдалануын және олардың техникалық жай-күйін жүзеге асыру;
      9) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады;
      10) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізу;
      11) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келісу;
      12) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын беру;
      13) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен кіші станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытындылар беру;
      14) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
      15) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асыру;
      16) тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      17) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілеті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын салу қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын әзірлеу және мәслихатқа бекітуге ұсыну;
      18) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы қаулы жобаларын әзірлеу;
      19) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету;
      20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру;
      21) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;
      22) тауарлық және сұйытылған мұнай газын пайдалану нормаларын әзірлеу;
      23) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын әзірлеу.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады