РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Н. Нұрмолдинға жүктелсін.
4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С.Кулагин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № А-6/267 қаулысымен бекітілді |
"Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ақмола облысында жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы және мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттігі болған жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретінің мәселелері бойынша басқарма басшысының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89.
9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесін кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттемелері
13. "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:автомобиль жолдары, жол қызметінің және автомобиль көлігінің саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
14. Міндеттері:
1) жолаушылар көлігі мен облыстық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолдарының саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігі саласындағы мониторингі пен заңнамалық актілері және басқада нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына талдауды қамтамасыз ету.
15. Функциялары:
1) тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысаралық) жолаушыларды және жүкті тасымалды ұйымдастыру, оған қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу;
2) жолаушыларда және жүкті тұрақты ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобиль тасымалдарының қозғалыс кестелері мен бағыттарын бекіту;
3) облыстағы автовокзалдар мен автостанциялардың және қызмет көрсету бекеттерінің тізілімін жүргізу;
4) жолаушыларды және жүкті тұрақты ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобиль тасымалдары бағыттарының тізілімін жүргізу;
5) жолаушылар көлігін дамытудың кешендік сызбасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзірлеу;
6) әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық, облысішілік) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру барысында тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асыру;
7) рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;
8) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының құрылысы мен реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;
9) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін басқару;
10) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы мен реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізгенде мемлекеттік бақылады жүзеге асыру;
11) Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссиясы жұмыс органының функцияларын орындау;
12) ондай шешімді тасымалдаушы қабылдаған жағдайларды қоспағанда, ауданаралық (қалааралық облысішілік) қатынастарда және қаламаңы темір жолында жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөніндегі шешімдер қабылдауды дайындау;
13) қызмет көрсету өңірінің шегінде механикалық көлік құралдары мен оның тіркеуіштерін міндетті техникалық тексеруден өткізу кестесін келісу;
14) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол жолағында сервис объектілерін орналастыруға құжаттарды беру;
15) жолаушыларды және жүкті тұрақты қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобильмен тасымалдауын ұйымдастыру шарттарын жасасу;
16) жолаушыларды мен багажды тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішiлiк) автомобильмен тасымалдауға қызмет көрсету құқығына куәлік беру, сондай-ақ белгіленген тәртіпте тұрақты жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыру құқығының әрекетін тоқтата тұру және рұқсат беру құжаттарын (куәліктерді) кері қайтару;
17) мемлекеттік қызмет көрсету;
18) қалааралық, облысаралық ауданаралық (қалааралық облысішiлiк) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты жолаушыларды тұрақты емес тасымалдау, бойынша қызметпен айналасу, сондай-ақ халықаралық қатынастарда шағын автобустармен, автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау үшін лицензия берілгенге дейін рұқсат беру бақылауын жүзеге асыру;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) облыстағы әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарларын әзірлеуге және келісуге, соның ішінде көліктегі жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мен жол саласын дамытуға қатысу;
2) өз құзыретінің аясында нормалар және стандарттар талаптарын сақтауда, кәсіпорындармен жүзеге асырылатын жолаушылар тасымалдары мәселелері және жол саласын ұйымдастыру бойынша келісімдердің және шарттардың орындалуына бақылау жүргізу;
3) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру мәселелерінде жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет ету, көліктік және жол кешенін, автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауды басқару, жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайын бақылау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басқару функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті, меншік нысанынан тәуелсіз, көліктік кәсіпорындарынан және жол саласы ұйымынан қажет болған жағдайда ақпарат сұратып алу.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшылық ету жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшылығы жүзеге асырады.18. "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемеcінің басшысы облыс әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Басшының өкілеттігі:
"Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері басшыларының және өзінің орынбасарларының міндеттерін мен өкілеттіктерін белгілейді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лаузымда тағайындайды және лаузымнаң босатады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, мемлекеттік мекеменің лауазымдық тұлғаларын тәртіптік жазалау мәселелерін шешіп қолданады;
"Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын, штат санын шектеу аясында штат кестесін, басқарма қызметкерлерін лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сәйкес "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесін барлық мемлекеттік органдарда және басқа мекемелерде ұсынады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша жұмыстар жүргізуге міндетті және ол үшін жеке жауап береді;
"Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оны қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа да мекемелерде ұсынады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте басқа да құзырындағы міндеттерін атқарады.
Басқарманың басшысы болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес, "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін оны алмастыратын тұлға атқарады.
20. "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы тағайындалып босатылатын өзінің орынбасарының өкілеттін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сәйкес анықтайды.
Басшы өзінің орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ (ақшалай кірістер көздерін қоса) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.